OSI үлгісінің деңгейлері (жалғасы)

Транспорттық деңгей (Transport layer). Жіберушіден қабыл­даушыға барар жолда пакеттер өзгеріске ұшырауы типті жоғалып кетуі мүмкін. Транспорттық деңгей пакеттердің өз адресатына ті­з­бектей, жоғалмай, қайталанбай, қатесіз жетуін қамтамасыз етеді. Бұл деңгейде ұзын хабарламалар бірнеше пакеттерге бөлінеді де, қысқалары бір пакетке біріктіріледі. Бұл пакеттердің желі бойын­ша тиімді жіберілуіне жол ашады. Қабылдаушы компьютердің транспорттық деңгейінде хабарламалар ашылып, алғашқы қалпы­на келеді де олардың дұрыс жеткендігі жайлы сигналдар жібері­ле­ді. Транспорттық деңгей ағындарды басқарады, қателерді тек­середі, пакеттерді жіберу мен қабылдауда туатын проблемаларды шешумен айналысады.

Сеанстық деңгей (Session layer). Бесінші деңгей (Session) әртүрлі компьютерлердегі екі қосымша үшін сеанс деп аталатын қосылысты құрады, пайдаланады және біріктіруді аяқтайды. Бұл деңгейде желідегі екі қосымша арасында байланысқа қажетті ат­ауларды түсіну және қорғау орындалады. Осы деңгейде қолдану­шы­лар тапсырмаларын деректер ағындарының арасына бақылау­шы нүктелер деп аталатын нүктелерді қою арқылы синхрониза­ция­лау жүзеге асырылады. Сонымен, желілік қателік туған жағ­дайда, соңғы бақылау нүктесінен кейін орналасқан деректерді ға­на қайталап жіберу қажет болады. Бұл деңгейде өзара эсерлесетін процестер арасында диалогты басқару, яғни, жіберу қай жақтан орындалып жатқандығы, қашан және қанша уақытқа созылатын­ды­ғын анықтау жүзеге асырылады.

Көрсету деңгейі (Presentation layer). Алтыншы көрсету дең­гейі (Presentation) желілік компьютерлер арасында деректер алма­суға қолданылатын форматтарды анықтайды. Бұл деңгейді аудар­машы десек те болады. Жіберуші компьютердегі қолданбалы дең­гейден түскен деректер бұл қадамда жалпыға бірдей аралық фор­мат түрінде көшеді. Қабылдаушы компьютердегі сэйкес деңгейде ол деректер аралық форматтан сол компьютердің қолданбалы де­ңгейінде пайдаланылатын формат түріне көшіреді. Көрсету дең­гейі хаттамаларды түрлендіруге, деректерді таратуға, оларды ши­фрлеуге, қолданылатын символдар тобын ауыстыруға немесе өз­гертуге (кодтау кестесі) графикалық бұйрықтарды кеңейтуге қа­тысады. Көрсету деңгейі соныымен қатар, жіберілетін биттер са­нын азайту үшін дерекрді сығуға да қатысады. Бұл деңгейде ре­ди­ректор (redirector) деп аталатын утилита жұмыс істейді. Оның қызметі енгізу-қорытындылау амалдарын сервердің ресурстарына бағыттау.

Қолданбалы деңгей (Application layer). Жетінші OSI үлгісі­нің ең жоғарғы деңгейі. Ол қолданбалы процестердің желілік ре­сурстарға енуіне арналган терезенің ролін атқарады. Бұл деңгей қолданушы қосымшаларын тікелей қолдайды және файлдарды жіберуші программалық жабдықтау, мэліметтер қорларын пай­далану, электрондық пошта, гипермэтіндік Web-сияқты қызмет түрлерін көрсетеді. Төменде орналасқан деңгейлер қолданбалы деңгейде орындалатын тапсырмаларды қолдайды. Қолданбалы деңгей желіге жалпы енуді, деректер ағындарын, қателерді өң­деуді басқарады. Қолданбалы деңгейдегі деректер бірліктері әдетге хабарламалар (message) деп аталады.