Желінің негізгі топологиялары (жалғасы)

Анықтама.«Жүлдызша» – компьютерлер кабель сегмент­те­ріне бір нүктеден қосылады

«Жулдызша» топологиясы – компьютерлер кабельдің көме­гімен концентратор (hub) деп аталатын орталық компонентке қо­сылған. Сигналдар жіберуші компьютерден концентратор арқы­лы басқаларына таратылады. Кемшілігі – үлкен желілер жағдай­ын­да кабель шығыны арта түседі және орталық компонент істен шықса, барлық желі жұмысы тоқтатылады. Бірақ қандай да бір компьютер бұзылса, желідегі басқа компьютерлерге оның кері әсе­рі болмайды.

Анықтама.«Сақина» – кабель өзіне компьютерлермен сақи­наға тұйықталған.

«Сақина» топологиясы – сигналдар сақина бойымен бір ба­ғытта жіберіліп, әрбір компьютерден өтеді. «Шина» пассивті то­пологиясынан айырмашылығы мұнда әрбір компьютер репитор­дың рөлін атқарады, яғни сигналдарды күшейте отырып келесі компьютерге жібереді. Сондықтан да егер бір компьютер істен шықса, бүкіл желі жұмысын тоқтатады.

«Сақина» топологиясында деректер маркердің көмегімен жі­беріледі. Адрес қабылдаушының адресімен бірдей болғанша, мар­кер тізбектей жіберіледі. Қабылдаушы компьютер деректердің қа­былданғаны жайлы хабарлайды. Растауды қабылдаған соң, жібе­ру­ші компьютер жаңа маркер құрып, оны желіге қайтарады. Мар­кер­дің «сақина» бойынша қозғалыс жылдамдығы жарық жылдам­ды­ғына пара-пар.

Құрама топология – «жұлдызша-шина» – «шина» және «жұл­дыз­ша» топологияларының қиыстыруы, яғни бірнеше «жұлдыз­ша» топологиясымен қосылған желілердің магистральдық сызық­ты «шинамен» біріктірілуі.

«Жүлдызша-сақина» топологиясының «жүлдызша-шина» то­пологиясынан айырмашылығы концентраторлар бас концентра­тор­дың негізінде жұлдызша құрайды.

Түйін:

Топология дегеніміз – компьютерлердің нақты физикалық ор­наласуы. Барлық желілер базалық үш топология негізінде құры­ла­ды: «шина», «жұлдызша», «сақина». Осы топологиялардың     қиысулары арқылы әртурлі құрама топологиялар, мысалы «жұл­дызша-шина», «жұлдызша-сақина» алынады.

«Шина» – кең қолданылатын қарапайым топология. Бар­лық компьютерлер 6ip кабель бойымен қосылып сызықтық құ­ры­лым құрайды. Сигналдар желінің барлық компьютерлеріне бір­дей жіберіледі. Олардың шағылысуын болдырмау үшін кабель соңына терминаторларды жалғайды. Деректерді 6ip уақытта тек 6ip компьютер жібере алады. Желідегі компьютерлер саны өскен сайын оның өткізу жылдамдығы төмендейді.

«Жулдызша» топологиясында әpбip компьютер концен­тра­тор деп аталатын орталық компонентке тікелей жалған­ған. Егер орталық компонент істен шықса, желі жұмысы тоқтай­ды.

Сигнал немесе маркер әp6ip компьютерден өтiп «сақина» бо­йымен жүріп отырады (сағат тілінің бағыты бойынша). Компью­тер бос маркерді қабылдағаннан кейін деректерді желіге жібереді. Қабылдаушы компьютер деректердің көшірмелерін алып, олар­дың қабылдандығы жайлы белгі жасайды. Деректер ары карай же­­лі бойынша жіберуші компьютерге жетеді, ол деректерді жой­ып бос маркерді желіге қайтарады. Концентратор трафикті 6ip нүктеге орталықтандыру ушін кажет. Егер концентратор орна­тылған желідегі кабель узілсе, онда ол букіл желіге емес, тек осы желі сегментінің жұмысына ғана әсер етеді. Концентраторлар же­лі­нің ұзартылуын жеңілдетіп, әртүрлі кабельдерді пайдалануға мүмкіндік береді.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!