Компьютерлік желілердің негізгі топологиялары

Электрлік байланыстардың топологиясын таңдау желінің көптеген сипаттамасына әсер етеді. Мысалы, қосымша байла­ныстар желінің сенімділігін арттырып, жеке арналардың жүкте­луін теңгеруге мүмкіндік береді. Кейбір топологияларға тән жаңа түйіндерді қосудың қарапайымдылығы желіні үзартуды жеңілде­те­ді. Әкономикалық жағынан тиімді болып есептелетін байланыс жолдарының үлындығы минималды болып келетін топологиялар­ға таңдау түсетіні түсінікті. Жиі кездесетін топологияларға тоқта­лайық.

Анықтама. Желі топологиясы дегеніміз – компьютерлер­дің, кабельдердің және желінің басқа да компоненттерінің физи­ка­лық орналасуы.

Қандай да бір топологияны таңдау келесіге әсер етеді:

  • қажетті желілік жабдықтардың қүрамына
  • желілік жабдықтардың сипаттамасына
  • желіні улғайту мүмкіндігіне
  • желіні басқару тәсіліне

Әртүрлі топологияны қалай пайдалануды түсінсек, түрлі же­лілердің қандай мүмкіндіктері барлығын да түсіну қиын емес. Ба­рлық желілер базалық үш топология негізінде қүрылады:

  • «шина»
  • «жүлдызша»
  • «сақина»

Анықтама. «Шина» — компьютерлер магистраль бойымен бір-біріне тізбектей қосылған.

«Шина» топологиясымен қосылған компьютерлердің әсер­лесуі. Сигналдарды жіберу. Деректер әлектрлік сигналдар түрінде желінің барлық компьютерлеріне жіберіледі; бірақ ақпа­ратты тек адресат қана қабылдайды. Бір уақытта тек жалғыз ком­пьютер ғана беріліске қатыса алады. Желіні құраушы компьютер­лер саны өскен сайын, оның жылдамдығы кеми түседі. Бұл — желі шапшаңдығына әсер етуші факторлардың бірі ғана. Одан басқа да факторлар жеткілікті:

  • желідегі компьютерлердің аппараттық жабдықтарының сипаттамасы
  • компьютерлердің деректерді жіберу жиілігі
  • жұмыс істеуші желілік қосымшалар типтері
  • желілік кабельдің типі
  • желідегі компьютерлердің бір-бірінен қашықтығы.

«Шина» — пассивті топология, яғни компьютерлер желі бой­ынша жіберілетін деректерді тек «тыңдайды», бірақ олардың жі­берушіден қабылдаушыға ауысуын қамтамасыз етпейді. Сондық­тан да бір компьютердің істен шығуы басқалардың жұмысына әсер етпейді. Активті топологияларда компьютерлер сигналдарды қалпына келтіріп, оларды желі бойынша жіберуге қатысады.

  1. Сигналды шағылдыру — сигнал, адресатқа жеткеннен ке­й­ін өшуге тиіс, өйтпесе кабельдің соңына жетіп, шағылысады да бас­қа компьютерлердің деректерді жіберу жолын жауып тастайды.
  2. Терминатор — сигналдарды жүтушы. Ол кабельдің кезкел­ген бос ұшына жалғанады.

Кабель үзілген жағдайда желі жұмысы тоқтатылып әрбір ко­м­пьютер автономды тәртіпте жұмыс істейді.

Кабельді ұзарту

а) кабель баррел-коннектордың көмегімен қосылады (бірақ
бұл тәсілсигналдың әлсізденуіне соқтырады,сондықтан да ба­й­қап қолданған дүрыс)

б) кабель репитордың көмегімен қосылады (сигналды күше­й­т­кіш құрал).