Компьютерлік желілердің негізгі үғымдары

Компьютерлік желілері түралы түсінік.

Ең қарапайым желі (network) өзара кабель аркылы қосылған екі компьютерден түрады. Бұл оларға деректерді ортақ пайдала­ну­ға мүмкіндік береді. Барлық желілер (олардың күрделілігіне қа­рамастан) осы қарапайым принципке негізделген.

Компьютерлік желілер деректерді ортақ пайдалану қажетті­лі­гі­нен туды. Дер­бес компьютер — құжаттарды құру, кестелерді да­ярлау, графикалық деректер мен ақ­паратгардың басқа түрлері­нін өңдеудін таптырмас құралы бола түра, сіз өз ақпара­ты­ңызбен басқа адамдармен бөлісе алмайсыз. Желіге дейін барлығы авто­ном­ды ор­тада жұмыс істеген.

Анықтама. Желі — деректер алмасуын қамтамасыз ететін ар­найы аппаратура­ның көмегімен қосылған компьютерлер тобы.

Анықтама. Желінің атқаратын қызметі — бір фирманың ау­мағында немесе одан тыс ресурстарды ортақ пайдалануды және интерактивті байланыс орнатуды қамтамасыз ету.

Желіге қосылған компьтерлер келесілерді ортақ пайдалана алады:

  • деректер;
  • принтерлер;
  • модемдер;
  • басқа құрылғылар.

Деректерді ортақ пайдаланудың жаңа тәсілдерінің пайда бо­лу­ына байланысты, келтірілген тізім үнемі толықтырылып отыра­ды.

Анықтама. Ресурстар дегеніміз — деректер, қосымшалар, сы­ртқы құрылым­дар (дискжетек, принтер, тышқан тетігі, модем және басқалар).

Алғашқыда компьютерлік желілер оншақты компьютерлерді және бір прин­терді біріктіретін кішігірім жүйе болатын.

Анықтама. Интерактивті байланыс дегеніміз — нақты уа­қыт аралығында хабарламалармен алмасу.

Анықтама. Жергілікті желі — жоғарғы жылдамдықтағы ад­а­птерлер арқылы желіге қосылған өзара жақын (бөлме, ғимарат, жақын ғимараттар) орналасқан ком­пьютерлер тобы.

Анықтама. Ауқымды желі — байланыс жолы ретінде моде­м­дерді және алыс байланыс жолдарын (телефон немесе жерсерік) пайдаланатын, бір-бірінен алыста орналасқан компьютерлердің тобы.

Жергілікті есептеу желісі (ЖЕЖ) шектеулі территорияның ау­мағында, мыса­лы, бір ғимараттың ішінде, өзара кабельдер ар­қылы қосылган бірнеше компьютер­лер мен сыртқы құрылымдар­дан тұрады. Желі ресурстарды ортақ пайдалана оты­рып, интерак­тивті қосымшалармен жұмыс істеуге, мысалы, әлектрондық пош­та қыз­метін пайдалануға мүмкіндік береді.

Компьютерлік желілерді пайдалану көптеген артықшылық­тар­ға қол жеткізеді, соның ішінде:

— деректерді және сыртқы құрылымдарды ортақ пайдалану нә­тижесінде шы­ғын­дарды төмендетуге;

— қосымшаларды стандарттауға;

— деректерді уақытында алуға;

— тиімді өзара әсерлесу мен жұмыс уақытын жоспарлауға.
Қазіргі танда компьютерлік желілер жергілікті есептеу желі­ле­рі­нің (ЖЕЖ) ау­мағынан шығып, елдер мен континенттерді бай­ланыстыратын ауқымды компьютер­лік желілер (АКЖ) дәрежесі­не жетті.