Уитстон “екіленген квадрат ” ширфы

1854ж ағылшын Чарльз Уитстон жаңа биграммалы шифрлау әдісін істеп шықты. Оны “екіленген квадрат” деп атады. Бұл шифрдың екіленген атауы полибиан квадратынан келіп шықты. Уитстон шифрлары криптография тарихын дамытуда жаңа кезең ашады. Полибиан шифрларынан “екіленген квадраттың” айырмасы бір гаризонтал бойында орналасқан екі кестені бірден пайдаланылуы , ал шифрлау Плейфейр шифрларындағыдай биграмма арқылы жүргізіледі.

Шифрлау прграммасын қолданып көріп шығамыз. Орыс алфавитын кездейсоқ орналасуымен жазылған әріптері берілген екі кестені қарастырайық. Шифрлау алдынан бастапқы хабарды биграммаларға бөліп шығамыз. Әрбір биграмманы бөлек-бөлек шифрлаймыз. Бірінші биграмманың бірінші әріпін сол жақ кестесін, ал екінші әріптерін оң жақ кестеден табамыз.Әрі қарай ойша тік төртбұрыштың қарама-қарсы бұрыштарында биорамма әріптерін орналастырамыз. Бұл тік төрт бұрыштың қалғанын екі, үш биграмманың шифр мәтінін белгілеиміз.

Шифрлауға бастапқы мәтіннен И Л биграммасын алайық. И әріпі сол жақтағы кестеден бірінші баған және екінші қатардан табамыз. Л әріпі оң жақтағы кестеден бесінші баған төртінші жолдан табады. Бұл дегені екінші және төртінші қатарлар және де сол жақ кестенің бірінші бағаны оң жақ кестенің бесінші бағанына құралған тік төртбұрыш болады .

Дмек, шифр мәтін биграммасы үшін оң жақ кестенің бесінші бағаны және екінші қатарда орналастырылған.О әріпі және сол жақ кестенің бірінші бағаны мен төртінші қатарда ораластырылған В әріпінен құралатын ОВ шифр мәтін биограммасын аламыз. Егер хабар биограммасы әріптері бірінші қатарда жататын болса,онда шифр мәтін әріптерінде осы қатардан алынады.Шифр мәтін биограммасының бірінші әріпі сол жақ кесте хабар биограммасын екінші әріпіне сәйкес бағанынан алынады.Шифр мәтін биограммасының екінші әріпі болса оң жақ кестеден хабар белгіленген 1-ші әріптеріне сәйкес бағанынан алынады. Сондықтан хабардағы ТО биограммасы шифр мәтінінде ЖБ биограммасына айналады. Соған ұқсас хабардың барлық биограммасы төмендегідей шифрланады.

Хабар ПР ИЛ ЕТ АЮ Ш ЕС ТО ГО

Шифр мәтін ПЕ ОВ ЩН ФМ ЕШ РФ ЕЖ ДЦ

“Екіленген квадрат” әдісі мен шифрлау ашып алуға едәуір тұрақты және қолданылуы қарапайым шифр болып есептелінеді.