Бағалау балы – 3 Терезелер мен шартбелгілер. Қосымша программаларды іске қосу

Терезе- Windows жүйесіндегі ең негізгі ұғым болып саналады, Windows сөзінің нақты аудармасы “терезелер” екені осыны білдіреді.

Терезе-төртбұрышты қоршаулы аумағы, онда әртүрлі программалар орындалады, кез-келген мәліметтер өңделіп түзетіледі және басқару әрекеттері жүргізіледі. Windows терезесінің экранды толығымен, жартылай немесе белгілі бір бөлігін ғана қамтуы мүмкін.

Экран бетінде бір мезетте бірнеше терезе орна ласа береді. Мунда кез-келген программаның өзіне тән жұмыс Істру терезесі болады. Егер терезені жабатын болсақ, дәл сол уақытқа дейін терезе ішінде екпінді күйде болып жұмыс істеп тұрған программаның да жұмысы аяқталады.

Алдағы уақытта Windows ортасының әр түрлі терезелерін қарастырамыз, олардың жұмыс істеуінде айырмашылық болсада, бәрінің кейбір ортақ элементтері, қасиеттері бар. Енді сол элементтермен танысайық.

Терезе шекаралары- бұл терезенің периметрі бойынша өтетін тік және көлденең сызықтар. Терезенің жоғарғы жағында тақырып жолы орналасқан. Тақырып жолының сол жағында жүйелік меню батырмасы орналасқан, ал оң жағында терезенің аймағын өзгертуге арналған батырмалар бар. Тақырып жолынан төменірек меню жолы бар. Ал меню жолынан төменгі төртбұрышты аудан-терезенің жұмыс аумағы деп. аталады. Осы жұмыс аумағында әр түрлі информация болады: орындалатын программа, өңделуге арналған мәліметтер, басқа кішігірім терезелер және т.б.