Ұяшықтармен жұмыс істеу

Ұяшықтардың ішіндегі мәліметтерді форматтау үшін әдеттегі мәтінді форматтау тәсілдерін қолдануға болады. Мысалыға, сіздер шрифт түрін, өлшемін және сызылымын өзгерте аласыз.Формат командасы ұсынатын барлық (бұрыннан таныс ) әрекеттерді пайдалануларыңызға болады. Мысалыға жол аралық интерволды тағайындап, оның шеттерін туралауға және ол үшін контекстік тәуелді менюді пайдалануға мүмкіндік бар. Контекстік менюді тышқанның оң жақ батырмасын басу арқылы шақыруға болады.

Бұдан басқа да тікелей кестені көркемдеу элементтерін кірістіруге болады (Кестені бөлу сызықтары, оны жиектеу және т.с.с. ) Кестені көркемдеуге арналған алдын ала анықталған стилдер жиыны бар, солар арқылы кестені форматтау әдістерін қарастырайық