Операциялық жүйенің жіктелуі

  1. Софронова Н.В. Теория и методика обучения информатика М.; Высш шк. 2004г.
  2. Смайлова У.,Мустафин М. Ақпараттық жүйелерді жобалаудың кейбір сұрақтары. Информатика негіздері. №4 2004ж.

Дербес компьютерлер үшін операциялық жүйелер бірнеше параметрлер бойынша ерекшеленеді. Көп жағдайда операциялық жүйе:

— Бір есепті және көпесепті;

— Бір қолданушылық және көп қолданушылық болып жіктеледі.

Бұдан басқа, операциялық жүйеде командалық немесе графикалық (немесе екеуі бірдей) көп терезелі интерфейс болуы мүмкін.

Бір есепті операциялық жүйе әрбір кезеңде компьютерде адамға бір ғана есепті шешуге, яғни тек бір ғана іспен айналысуға мүмкіндік береді.

Мұндай жүйелер әдетте негізгі режимде бір программаны және фондық режимде көмекші тағы бір программаны іске қосуға мүмкіндік береді. Мысалы, негізгі режимде мәтіндік редакторды, ал фондық режимде басу программасын іске қосуға болады.

Көп есепті операциялық жүйе бір мезгілде бірнеше программаларды іске қосуға мүмкіндік береді.

Бұл программалар бір-біріне кедергі келтірмей, қатар жұмыс істейтін болады. Мысалы, бір программа адаммен шахмат ойнайтын болса, ал тағы бірі басқа компьютерлерменбірге модем арқылы мәліметтерді тексереді.

Біресепті жүйелерқарапайым, шағын, ең аз қуатты компьютерлерде жұмыс істей алады, бірақ жұмыс істеу қолайлылығы жағынан көп есептіден ұтылады, сондықтан оларға жылдам жол беріп, ығыстырылып келеді.

Бір қолданушылық операциялық жүйе компьютерде тек бір ғана адамға жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Әрине, дербес компьютерде кезекпен бірнеше адамға жұмыс істеуіне болады және де олардың әрқайсысы компьютердегі барлық ақпараттармен байланыса алады.

Көп қолданушылық жүйеде әрбір қолданушы барлық ақпараттармен және пароль енгізу арқылы тек өзіне қатысты жеке ақпараттармен байланыса алады.

Кейбір көп қолданушылық жүйелер, мысалы UNIX, бір мезгілде бірнеше қолданушыларға бір компьютерде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бқл жағдайда әрбір қолданушының жұмыс орнында терминал орнатылуы қажет. Терминал қызметтік не арнайы бағытталған құрылғылар (пернетақтасы бар бейнемонитор), не дербес компьютерде жүктелген арнайы программа орындауы мүмкін. өз терминалындағы бірнеше қолданушылар бір-бірін байқамай және кедергі келтірмей, бір мезгілде бір компьютермен ғана жұмыс істей береді.

Терминал компьютерден бірнеше метрде немесе бірнеше мың километрде орналасуы мүмкін. Егер мекеме компьютерінде көп қолданушылық операциялық жүйе және бірнеше модемдер орнатылған болса, онда әрбір қызметкер компьютермен модем арқылы байланыса алады және өзінің дербес (жұмыс орындық немесе тасымалданатын) компьютерін терминал ретінде қолдана отырып, ол өзінің жұмыс орнында отырғандай жұмыс істей алады. Терминал негізгі компьютермен және дүниежүзілік компьютерлік желі арқылы Internet-пен байланыса алады.

Жиырма жылдай бұрын адамның операциялық жүйемен қарым-қатынасы командалық режимде болған: қолданушы жүйеніңшақыруына жауап ретіндекоманданы теретін, жүйе оны орындайтын. Мұндай командалық режим көптеген командалардың пішімдерін білуді және ұзын командалық қатарды қатесіз енгізуді талап ететін.

Тесттер

  1. Шаблонда * (жұлдызша) символының қолданылуы
  2. A) Кез келген символдар тізбегін белгілеу
  3. B) Кез келген 8 симводы белгілеу
  4. C) Кез келген бір символды белгілеу
  5. D) Кез келген 6 симводы белгілеу
  6. E) Кез келген 10 симводы белгілеу
  7. 2. Шаблонда ? (сұрақ белгісі) символының қолданылуы
  8. A) Кез келген символдар тізбегін белгілеу
  9. B) Кез келген 8 симводы белгілеу
  10. C) Кез келген бір символды белгілеу
  11. D) Кез келген 6 симводы белгілеу
  12. E) Кез келген 10 симводы белгілеу
  13. Дұрыс жазылмаған шаблон
  14. A) o?*.bas
  15. B) *.*
  16. C) or*.exe
  17. D) ????.??
  18. E) ???n.???

*.???

  1. Norton Commander -де файлды не файлдар тобын көшіру үшін қолданылатын клавиш
  2. A) F5
  3. B) F6
  4. C) F7
  5. D) F8
  6. E) F4
  7. Norton Commander -де файлды не файлдар тобының орнын ауыстыру не атын өзгерту үшін қолданылатын клавиш
  8. A) F5
  9. B) F6
  10. C) F7
  11. D) F8
  12. E) F4
  13. Norton Commander -де жаңа каталог ашу үшін қолданылатын клавиш
  14. A) F5
  15. B) F6
  16. C) F7
  17. D) F8
  18. E) F4
  19. Norton Commander -де файлды не файлдар тобын өшіру үшін қолданылатын клавиш
  20. A) F5
  21. B) F6
  22. C) F7
  23. D) F8
  24. E) F4
  25. NC-да сол жақ панельде дисклерді ауыстыру үшін қолданылатын клавиштер
  26. A) ALT+F1
  27. B) ALT+F2
  28. C) ALT+F7
  29. D) SHIFT+F4
  30. E) ALT+F5
  31. NC-да оң жақ панельде дисклерді ауыстыру үшін қолданылатын клавиштер
  32. A) ALT+F1
  33. B) ALT+F2
  34. C) ALT+F7
  35. D) SHIFT+F4
  36. E) ALT+F5
  37. NC-да файлды жылдам іздеу үшін қолданылатын клавиштер
  38. A) ALT+F1
  39. B) ALT+F2
  40. C) ALT+F7
  41. D) SHIFT+F4
  42. E) ALT+F5
  43. NC-да текстік файл құру үшін қолданылатын клавиштер
  44. A) ALT+F1
  45. B) ALT+F2
  46. C) ALT+F7
  47. D) SHIFT+F4
  48. E) ALT+F5