Программалау тілдері теориясының негізгі түсініктері мен анықтамалары

  1. Транслятор-қандай да бір программалау тілінде жазылған программалары объектілі тілде бейнеленген жұмыс істейтін программаға айналдыратын арнайы программа. Бұл анықтама трансляцияланатын программалардың барлық түрлеріне қатысты. Мұндай программалардың трансляциялау процесі бойынша өз ерекшелігі бар. Қазіргі уақытта трансляторлар негізгі 3 топқа бөлінеді:
  2. Ассемблер. 2. Компилятор. 3. Интерпритатор.

Ассемблер-символдық құрылымды машиналық тілдің командаларына айналдыратын (жүйелік) қызмет көрсетуші жүйелік программа. Ассемблердің ерекшелігі символдық бір команданы машиналық бір командаға трансляциялайды. Ассемблертілі (автокод депатайды). Жүйенің компьютердің командаларын қабылдауын жеңілдетуге және осы командалар жүйесінде программаларды жеңілдетуге арналған.

Компилятор-программалау тілдерінің бірінде жазылған программаны машиналық тілдегі программаға трансляциялауды орындайтын қызмет көрсетуші программа. Ассемблер сияқты программаның бір тілден екінші тілге айналдыруды қамтамасыз етеді. Берілген тілдің командаларының машиналық тілдің командаларынан әжептеуір айырмашылығы бар. Мысалы: кейбір тілдердің бір командасы машиналық тілдің 7-10 командасына сәйкес келеді. Программалау тілдерінде алдын-ала сипатталатын берілгендердің типтері қолданылады. Себебі, программалау алгоритмдерді кодтауға емес берілгендер мен кластардың мұқият ойластырылған құрылымына сүйенеді. Мұндай тілдерден трансляциялау процесі компиляция деп, ал берілген тілдер жоғары программалау тілдері деп аталады.

  1. Интерпретатор-берілген программаны әрбір оператор бойынша трансляциялайтын және орындайтын арнайы программа немесе құрылғы. Компилятор сияқты программаны машиналық тілге айналдырмайды. Берілген тілдің командасын қабылдаған соң орындайды. Интерпритатордың кемшілігі программаны орындау жылдамдығының төмендігі. Интерпритаторды пайдаланатын программалар машиналық тілде жазылған программаға қарағанда 50-100 есе баяу орындалады.

Эмулятор-кодты немесе операцияны орындау әдістерін пайдаланатын программа. Берілген ЭЕМ-нан басқа ЭЕМ-де программаны қайта құрмай орындауға мүмкіндік беретін программа немесе программалық техникалық құрал. Эмулятор қандай да бір тілде жазылған программаны орындауы жағынан интерпритаторға ұқсас. Бұл екеуі де операция кодын түсініп қабылдаған соң бірден орындалатын екі кодтағы командаларды бейнелейді. Эмулятор әр түрлі мақсатта пайдаланылады. Мысалы: жаңа есептеу техникасын құруда, алдымен әлі құрылмаған компьютер үшін программаларды орындайтын эмулятор құрылады. Бұл командалар жүйесімен базалық қамтамасыздандыру программаларын сәйкес құрылғы құрылғанға дейін анықтап алуға мүмкіндік береді. Эмулятор көбінесе ескі программаларды жаңа есептеу машиналарында орындау үшін пайдаланылады. Әдетте жаңа компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы жоғары және сыртқы құрылғылары сапалы болып келетіні белгілі. Бұл ескі программаларды жаңа компьютерді ескі компьютерге қарағанда тиімдірек орындауға мүмкіндік береді. Эмуляторда интерпритатор сияқты бір ЭЕМ архетектурасынан екіншісіне оңай өте алады.

  1. Перекодировщик (қайта кодтаушы)-бір ЭЕМ- нің машиналық тілінде жазылған программалаудың екінші ЭЕМ- нің машиналық тіліне аударатын программа немесе программалық құрылғы. Перекодировщиктер программалауды бір компьютер архетектурасынан екіншісіне өткізуде пайдалы.

Микропроцессор- бір символдар тізбегін екінші бір символдар тізбегімен ауыстыруды қамтамасыз ететін программа, бұл компилятордың бір түрі. Ол шығатын тексті түрлендіруде берілген тексте орналасқан арнайы қондырғыларды өңдеу жолы арқылы жүзеге асырады. Бұл қондырғылар арнайы белгіленіп микро тіл деп аталатын тіл құрылымына жатады. Микропроцессорлар көбінесе программалау жүйесінің функционалдық мүмкіншіліктерін арттыру үшін қолданылады. Ассемблердің барлығында микропроцессор бар. Олар машиналық программаларды пайдаланудың тиімділігін арттырады. Мұндай программалау жүйесін микроассемблер деп атайды. Микропроцессорлар жоғары деңгейлі программалау тілдерімен де қолданылады. Ол тілдердің функционалдық мүмкіндіктерін арттырады (мысалы:С + + программасы).