Мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ)

  1. Мәліметтер базасымен жұмыс істеу режімі

Әдетте мәліметтер базасымен жұмыс істейтіндерді екі категорияға бөлуге болады:

. 1-категориясы – жобалаушылар. Олардың міндеті тапсырыс берушінің мақсатына сай мәліметтер базасының кестелерінің құрылымын анықтап беру. Жобалаушы мәліметтер базасын нақты мәліметтермен толтырмайды.

. 2-категориядағы мәліметтер базасымен жұмыс атқарушылар – қолданушылар. Олар жобалаушы құрған дайын мәліметтер базасын толтырумен айналысады.

Осыған сәйкес мәліметтер базасымен жұмыс істеудің екі режімі бар: біріншісі мәліметтер базасын құрып, оның құрылымын өзгертіп, оның объектілерін құруға арналған болса, екіншісі дайын мәліметтер базасын пайдалануға арналған.

Бұл оқулық гуманитарлық және заң мамандарына арналғандықтан, оның мақсаты оқырманға мәліметтер базасын құруды үйрету емес. Соған қарамастан біз мәліметтер базасын жобалауды қарастырып кеткенді жөн көрдік. Жоғарыда айтылған ммаман иелері көбінесе мәліметтер базасын қолданушы, мәліметтер базасына тапсырыс беруші рөлін атқарады. Бірақ мәліметтер базасын дайындаудан бұрын жобалаушы мен тапсырыс беруші оны жан-жақты талқылап, өзара тығыз байланыста болуы қажет. Қазіргі кезде ақпараттардың толассыз көбеюі салдарынан мәліметтер базасы технологиясын кез – келген мекеме мен өндіріс орнына пайдалану қажеттілігі туып отыр. Сондықтан қай саладағы маман иесі болмасын ол ерте ме, кеш пе, не қолданушы, не тапсырыс беруші болып табылады.

  1. Мәліметтер схемасын даярлау

Тапсырыс берушінің тұтынатын мәліметтерінің негізгі бөлігін анықтап алып, мәліметтер базасының құрылымын дайындауға кірісеміз. Мәліметтер базасын оның негізгі объектісі – кестелерінің құрылымын дайындаудан бастайды.

  1. Жұмыс негізгі өрістер тізімін құрудан басталады (олардың саны жүздеген өрістерді қамтуы мүмкін).
  2. Әр өріске қандай мәлімет орналасқанына қарай ондағы мәліметтердің типтері

анықталады.

  1. Жалпы тізімдегі өрістерді негізгі кестелерге орналастырады. Егер кестенің

қайсыбір өрісіндегі жазбалар қайталанатын болса, онда бұл кестені екі бөлікке бөледі.

  1. Әрбір кестеде түйінді өріс белгіленеді. Мұндай өріс ретінде мәліметтері

қайталануы мүмкін емес өріс алынады. Мысалы, студенттер туралы кестеде мұндай өріс ретінде РНН-нің номерін алуға болады. Егер өрістер тізімінде мұндай өріс болмаса, оны әдейілеп құруға болады.

  1. Қағаз бен қарындаштың көмегімен кестелер аралығындағы байланысты сызып

көрсетеді. Мысалы, келесі суретте Отырар кітапханасы мәліметтер базасына кіретін кестелердің өзара байланысын қарастырайық. Түйінді өрістер бұл кестелерде майлы қаріппен көрсетілген. Бұл сызба мәліметтер схемасы деп аталады. Кестелер арасындағы байланыс бірнеше типті болады: бірден біреуге және бірден көпке. Бір жағында әрқашан да түйінді өріс тұрады (қайталанбайтын, айрықша мәнді). Көп жағындағы сол өрістің мәні бірнеше рет қайталанады. Мысалы, Кітап авторлары кестесіндегі Тіркелу нөмірі өрісі түйінді болып табылады. Өйткені әрбір кітаптің тіркелу нөмірі қайталанбайды. Ал Студенттер кестесіндегі Тіркелу нөмірі өрісі айрықша емес, себебі бір студент бірнеше рет сол кітапты алуы мүмкін,соншама рет сол кітаптың нөмірі тіркеледі.

  1. Мәліметтер схемасын жасаумен мәліметтер базасын құрудың негізгі қағазға түсірілген сатысы аяқталады. Осы схеманы тапсырыс беруші жобалаушымен келісіп бекітіп алғаннан кейін барып, мәліметтер базасының электрондық нұсқасынқұруға кіріседі.
«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!