Қолданбалы программалық өнімдер

  1. Microsoft Office 2000 пакетінің қолданбалы

программалары мен көмекші саласы.

Microsoft Office 2000-пакетінің құрамында күшті әрі кеңінен қолданылатын бірнеше қолданбалы программалары бар. Оның құрамына төмендегі офистік қосымшалардың соңғы версиялары кіреді.

Word – текстік процессор.

Excel – электронды таблицаларды басқару программасы.

Access – берілгендер қорын басқару жүйесі.

Pover Point – презентациялар құру программасы.

Outlook – информациялық жүйе.

Publisher – баспа өнімдерін дайындау жүйесі.

Office 2000-  пакетінің программаларының деңгейі алдыңғыларына қарағанда жоғары. Олар пайдаланушымен қосымшалар арасындағы ыңғайлы қарым – қатынасы, және интернетпен, басқада желілермен  жұмыс істеуді қалыптастырады.  Office 2000   пакетінің мынандай көмекші саласы бар:

Microsoft  Graph – офистік қосымшалары түрлі диаграммалар құруға арналған программа.

Word Art -текстік графика программасы.

Clip Gallery – сурет, аудио және видеофайлдардың   жинағы.

Барлық программаларда жұмыстың тиімділігін арттыруда септігі бар қысқа түсініктеме беретін Offiсe көмекшісі бар.

Offiсe 2000 пакеті оның қосымшаларының барлығының бірнеше жалпы функциялары болатынымен ыңғайлы. Мысалы Word – та,  Access – те,     Excel –де файлды сақтау үшін сохранит командасы қолданылады.

Office 2000 қосымшаларын  жүктеудің үш  түрлі  тәсілі  бар:

  1. Office панеліндегі  сәйкес кнопкаға  шерту  арқылы.
  2. Негізгі мәзір арқылы.
  3. Негізгі мәзірге программы  мәзірінің ішкі  мәзіріндегі  қосындылар арқылы.

Office  панелі Office 2000 пакетін  орнатқан кезде  автоматы түрде  қойылмайды. Оны  ашу  үшін  Пуск→ Программы→ Средства Microsoft Office→  Панель Microsoft Office командалар тізбегін  орындау керек. Кейін   Windows  жүйесі  қосылғанда бұл панелді  автоматы  түрде  ашу  ашпау керектігін  көрсетсек, панел экранның  оң жақ  шетінде  көрінеді.  Office  панелі  Office 2000  пакетінің  кез-келген қосымшасын жүктеудің ең ыңғайлы  құралы.  Бұл панелді  пайдаланбаған  жағдайда  Office 2000  қосымшаларының  документін ашу  үшін  негізгі  мәзірдің   жоғарғы  жағындағы  открыть документ  Microsoft Office немесе Создать документы Microsoft Office бөлімдерін таңдау  керек. Егер  бірінші қосымшаны жүктеп,  одан  кейін  документті  ашу  үшін  негізгі мәзірдегі  Программы бөлігін  таңдаймыз. Office 2000  программалары   Программы  мәзірінде  жеке-жеке   көрсетілген.  Керектісін  тышқан арқылы  таңдаймыз.

  1. Office интерфейсі.

Office 2000 қосышаларында  бір типті  интерфейс қолданылады. Егер сіз  Excel  терезесімен жұмыс істесеңіз,  Word  терезесімен жұмыс істеу  қиын болмайды. Демек әртүлі  қосымшаларда  ортақ  нәрсе  көп.

Терезенің бірнші   қатарында  тақырыптар  қатары  орналасқан. Оның оң  жағында  –    үш кнопкасы  бар. Бұлар терезенің өлшемдерін  өзгерту,  жабу  үшін қолданылады.

Әрбір қосымшадағы жұмыс істейтін  облыс –документ терезесі деп аталады. Мұнда  берілген прогрммамен  жұмыс істеуге  қажетті барлық құралдар  – айналдыру жолағы, күй қатары, командалар  панелі  орналастырылған.

Командалар  панелінің  екі  типі  бар: мәзір қатары және  құралдар панелі. Мәзір қатарында командалар категорияларға  біріктірліген.

Құралдарда  панелінде  орындайтын әрекетке қатысты  суретпен  белгіленген  кнопкалар орналасқан.  Осы  кнопкалар  арқылы  керекті  командаларды   тез орындауға  болады.

  1. Office көмекшісі.

Көмекші ( помощник ) – пайдаланушы мен  программалар арасында дұрыс қатынасты  орнату үшін  Microsoft  компаниясының  қосқаны. Қосымшалар аралығында  көмекші үшін шекара жоқ, ол  Office  2000 қосымшаларының барлық сұраулары бойынша  анықтама береді.  Бірнеше  көмекшінің ішінен   біреуін оның контекстік мәзірінен таңдауға болады. Көмекші қосымша терезесінің  ішінде емін –еркін қозғалып   мәселені шешудің тиімді әдістерін табуға  септігін тигізетін кеңестер беріп отырады. Сіз қандай да бір жаңа командамен  не  бір қиындыққа кездессеңіз  көмекші көмегін ұсынады. Көмекшіге  тышқанды алып келіп оң жақ кнопкасын басып контекстік мәзірден  Параметры командасын таңдасақ Помощник  диалогтық терезесі ашылады.  Керекті параметрлерімізді өзгертуіміз мүмкін. Параметрлердің өзгеруі көмекшінің кез-келген  қосымшадағы әрекетіне  әсер етеді.

Файлдармен жұмыс істеу.

Жаңа документ құру .

Файлды сақтау.

Файлды жабу.

Файлды ашу.

Алдын ала  көру және қағазға басу.

Редакциялау.

Delete клавиші

Отменить, вернуть.

Правописание.

Белгілеу, орнын ауыстыру, көшіру.

Файлдармен жұмыс істеу, текстерді редакциялау,  белгілеу, орнын ауыстыру, көшіру тәсілдері Offic-тің барлық қосымшаларында бірдей.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!