Алгоритмдік курсқа оқытудың технологиясы

Сөзбен жазылу тәсілі. Алгоритмді үйренудің алғашқы кезінде қолданылады да және ол адамның орындауына арналған. Бұл тәсілде жазудың нақты бір ережесі жоқ, анық түсінікті болса болғаны.

Алгоритмдік тілі – алгоритмдер мен олардың атқарылуынанбірыңғай және дәл жазуға арналған белгілер мен ережелер жүйесі. Алгоритмдік тіл бір жағынан әдеттегітілге жақын. Бұл тілде алгоритмдер әдеттегі текст секілді оқыла да, жазыла да алады. Екінші жағынан алгоритмдік тіл өзіне математикалық символиканың, сандарды, шамалар мен функциялардың белгілерін операциятаңбаларын жақшаларды т.б. қамтиды.

 Алгоритмдік тілдің басқа әрбір тіл секілді өзінің сөздігі бар. Кез-келген алгоритмдегі атқарушының командалар жүйесіне енетін командаларды жазуғақолданылатын сөздеросы сөздіктің негізін құрайды. Мұндай командалар жай еомандалар деп аталады.

 Алгоритмдік тілдемағынасы мен қолданутәсілі біржола берілген санаулы сөздер ғана пайдаланылады. Бұл сөздер қызыметші сөздер деп аталады.

Қызметші сөздер алдын-ала мағынасы анықталған тілдің құрамының бір бөлігі болыптабылатын сөздер.

  1. Алгоритмдік тілде жазылған алгоритмнің ат болуы керек. Алгоритмнің аты берілген алгоритмнің қандай есептің шешуін сипаттайтын айқын болатындай етіп таңдалды.

Алгоритмнің атын көрсету үшін оның алдына алг  деген қызметші сөз жазылады.

Әр алгоритмнің жазылуы оның тақырыбынан басталады. Алгоритм тақырыбының жалпы түрі мынадай:

Алгалг аты

Арг аргменттер аты

Нәтнәтижелер аты

Бірнеше аргумент бірнеше нәтиже болса онда олар үтір арқылы ажыратылып жазылады.

Алгоритмнің басы мен соңын өрсет үшін оның командалары басы мен соңы деген қызметші сөздерінің араларынажазылады. Командалар тізбектеліп жазылады. Бір команданы жазу кезінде егер қажет болса оны екінші жолға жалғастырып жазуға болады. Егер бірнеше команданы бір жолға жазылса онда олар бір-бірінен нүктелі үтір арқылы ажыратылады.

Сонымен алгоритмдік тілде жазылған алгоритмнің жалп түрі мынадай болады.

Алг алгоритмнің аты

Арг

Нәт

Басы

Алгоритм командалары (серия)

Соңы

4-5. Тармақталу, таңдау, қайталану алгоритмдері.

Тармақталу алгоритмі

Алгоритмдік тілде екі негізгі құрамакоманда-тармақталу алгоритмі және қайталануалгоритмі қолданылады. Осы екі команданың жай командадан айырмашылығы мынада: оған құраушы командадалардың орындалуына немесе орындалмауына байланысты болатын шарт енген:

Тармақталу алгоритмібылай жазылады:

Егер шарт

Онда 1-серия

Әйтпесе 2-серия

Бітті

Шартқа тәуелді түрде тармақталу алгоритмі енетін командалар серияларын екеуінің тек біреуі ғана орындалады. Егер шарт сақталатын болса онда 1-ші серияны, ал шарт сақталмаса 2-ші серияны орындау керек.

Бұл жағдайда егер шарт сақталатын болса, орындаушы алгоритмнің онда қызыметші сөзінен кейін жазылған командалар сериясын орындайды., ал қарсы жағдайда серияны аттап өтіп тармақталуалгоритмнен кейінгі(бітті қызметші сөзінен кейінгі) командаларды орындауға кірседі.

Мысалы 1.

Алг Үйге қайту.

 Басы

Егер автобуста орын жоқ.

Онда автобусқа отыру.

Әйтпесе

Егер ақша жетсе

Онда Таксиге міну

Әйтпесе Тіке тұрып қайту

Бітті.

Соңы

Қайталану алгоритмі.

Адам өзінің іс-жүзінде қызыметінде шешуі үшін белгілі бір амалдарды бірнеше рет қайталауға тура келетін есептермен ұдайы кездеседі. Бұл есептерді яғни осындай мәселені шешу үшін қайталану құрама командасы қолданылады.

ЭЕМ-де орындалатын алгоритмдерді құру үшін қайталанукомандасының маңызы зор, себебі бұны пайдалану ЭЕМ-ненаса жоеғары жылдамдықпен керек ететін өте ұзақ амалдар тізбегін орындауға арналған жарлықтарын біршама қысқа алгоритмдер арқылы жазуға мүмкіндік береді.

Қайталану клмандасының мынадай үш түрі бар:

1.Әзір қайталану командасы.

әзіршарт

цб

серия

 цс

Бұл командакөрсетілген шарт сақталудан қалғанша қанша рет керек болса сонша рет орындалады. Егер шарт басынан бастап сақталмайтын болса, онда серия бірде-бір рет орындалмайды.

Мысалы 2 7 литрлік шелекті жылы сумен толтыру.

Алг толтыру

Басы

әзір шелек тола емес

цб

1л суық су құю керек

1л ыстық су құю керек

цс

Соңы

  1. Дейін қайталану командасы:

 цб

серия

цс

дейін шарт

Бұл команда алдымен серияорындалады. Кейіншарт тексеріледі. Шартсақталмаса серия тағы орындалады. Яғни шарт сақталғанға дейін серия қайталанып орындала береді.

Үшін циклі немесе параметрлі қайталану командасы.

Х үшін Х мин бастап Х мах дейін (қадам Р)

Цб

Серия

Цс

Таңдау алгоритмі.

Таңдау

Жағдай 1 шарт 1 серия

Жағдай 2 шарт 2 серия

Жағдай N шарт N серия

Бітті

Таңдау командасы былай орындалады. Алдымен орындаушы 1 шартты тексереді. Егер шарт сақталса онда орындаушы 1 серияға енетін командаларды орындайды. Егер 1-шарт сақталмаса онда орындаушы 2-шартты тексереді.

Мысалы Мектеп бағаларын сөздік атауын жазуға яғни олардың мәндерін литерлік шамалар түрінде көрсетуге мүмкіндік беретін алгоритм жазу керек.

Алг бағалар атауы

Арг х

 Нәт у

Басы

Таңдау

Жағдай х=5;у=»өте жақсы»;

Жағдай х=4;у=» жақсы»;

Жағдай х=3;у=»қанағттанарлық»;

Жағдай х=2;у=»қанағ-сыз»;

Жағдай х=1;у=»нашар»;

әйтпесеу=»мұндай баға жоқ»;

бітті

соңы