Дидактикалық материяалдар пайдалану арқылы оқушыларды өз бетімен білім алуға дағдыландыру

Қазақстан Республикасы орта білім беру жүйесін аақпараттандыру туралы мемлекеттік бағдарламасында былай делінген: “Қазақстан Республикасы дүние жүзінің дамыған елдері сияқты орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың нақты жолына түсуі тиіс, яғни бірыңғай ақпараттық – білім беру кеңістігін жасау қажет. Бұл орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың басты мақсаты болып табылады”.

Қазақстан Республикасындағы білім ақпараттандыру жүйесін ары қарай дамыту процесін оқып үйренудің ақпараттық ресурсы болып табылатын оқытуға арналған программалық құралдарды дайындамай жүзеге асыру мүмкін емес. Олардың ақпараттық қызыметтерінің де ауқымы кең, мысалы, бақылайтын және тест жүргізетін программалар, компьютерлік ойындар, ақпараттық жүйелер, оқыту орталары электрондық оқулықтар және мультимедиалық программалар.

Білім жүйесі ел өміріндегі стратегиялық маңызды сала болып табылатындағы белгілі. Ал, оқу процесіндегі ескі әдістердің озық заман талабына жауап бере алмайтындығы өз – өзінен түсінікті. Бүгінгі уақыт талабына сәйкес білім беруді одан әрі жетілдіру оқу тәрбие процесіне озық тәжірибені, ғылыми жетістіктерді енгізуді талап етеді. Белгілі педагог Ш.А.Амонашвили: “Оқушылардың білімін арттыру, пәнге қызықтыру үшін оқытуда,жалпы алғанда ең бірінші оқушылардың неге қызығатындығтынын анықтап алып, содан соң содан бастау керек”, – дейді. Менің ойым да сол. Информатика пәнін оқыту барысында оқулықтағы материалды құрғақ баяндаудан гөрі қызықты, бейнелі түрде түсіндіруге оқушылардың ойлауына бағытталғаны дұрыс деп ойлаймын.

Компьютерді қосымша оқыту жабдығы ретінде пайдалану білім беру саласында жаңа бір әдістемелік жүйе қалыптастырып келеді. Бұл бағыттағы алғашқы қадам Президентіміздің орта білім жүйесін ақпараттандыру бағдарламасын жүзеге асырып, барлық мектептерді кемдігінде бір компьютерлік сыныппен қамтамасыз етуімен 2002 жылы іске асырылған болатын. Кейіннен қабылданған Қазақстан Республикасы ұлыттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамыту мемлекеттік бағдарламасына

компьютерлік технологияларды білім саласында кең қолдану ісін дамытуға көпкөңіл бөліп отыр. Ендігі бағыт – сол компьютерлік техниканы тұрақты жұмыс істейтін күйде ұстап, білім саласындағы жаңа технологияларды пайдаланып, кез – келген пән мұғалімдерін электрондық оқу құралдарын даярлау, қолдану ісіне жұмылдыру жалғасуы тиіс. Президентіміз бастаған білім жүйесінің ақпараттандыру ісін әрі қарай жалғастыру, дамытубарлық пәндер бойынша компьютерлік оқулықтарды кеңінен оқу процесіне енгізу арқылы оқу жүйесін жаңа сатыға көтеру болып табылады. Сонда ғана білімді ақпараттындыру ісінің нақты экономикалық тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік беретіні анық.

Мен өз шәкірттеріммен бірге “визуал бейсик”-те “Тригонометриялық оқыту ” атты оқулық және тест алу программасын жаздым. Бұл программаларды жазуда әдістемелік әдебиеттермен журналдарды пайдаландым. Тест алу программасын информатикадан оқушылар білімін бағалауда қолданып жүрмін.

1980-ші жылдардан бастап мектептерде “информатика мен есептеуіш техника” пәні жүргізіп келеді. 1990 жылдары ы. Алтынсарин атындағы Қазақстан білім академиясы орта білім және кәсіптік білім институты ұсынған мемлекеттік стандарт бағдарламасы шықты. Жоғарғы оқу орнын жаңа бітірген жас мамандар осы бағдарламаны түпкілікті басшылыққа алып жұмыс істегенді оңай көреді. Онда программалау тілдерінде аз көңіл бөлінген. Программалау тілдерін орта буында тереңдетіп оқытпасақ, оқушылардың жоғары техникалық оқу орындарында оқуы қиын болады және олимпиадаларда да жоғары нәтиже ала алмаймыз. Төл оқулықтарымыздың көпшілігі байқау оқулықтары және олармен мектептеріміз толық Қамтамасыз етілмеген. Атапайтатын болсақ біздің мектеп оқушыларының информатика оқулықтарымен қамтамасыз етілуі 40 пайыздан аспайды. Сондықтан мұғалімдерді көп ізденіп, көп еңбек тиуі қажет. Информатика мұғалімдердің педагогикалық жұмысына қойылатын талаптарының басқа пәндер мұғалімдердің жұмыстарына қойылатын талаптардан гөрі елеулі ерекшеліктері, айырмашылықтары бар. Сол талаптарды іске асыру – мұғалімнің жұмыстарының мақсаттылығын күшейтіп, сабақта және сабақтан тыс уақытында нәтижелі әрі құнды материялдарды ұйымдастыруына мүмкіндіктер туғыздырады. Іс тәжірибеде жинақталған Бейсик тілінен анықтамалық тест сұрақтары жинағын, деңгейлік жеке тапсырмалар жинағынөз сабағында қлданып, жақсы нәтижелерге жетіп жүрмін. Бұл жинақтарды жасауда көптеген әдебиеттерді және “информатика-физика-математика”, “информатика негіздері”, “алгаритм” журналдынан пайдаландым.

Дидактикалық материялдар информатика оқулығының негізінде алған өзіндік, бақылау және тестік тапсырмалардың, пысықтау сабақтарының, қызықты есептердің жиынтығы болып табылады.

Дидақтикалық материялдарға енетін өзіндік жеке жұмыстар тек оқыту сипатына, жаңа өтілген матриялдарды пысықтауға жәе бекітуге арналып беріледі. Ол тапсырмалар оқушылардың біліктіліктерін, дағдыларын қалыптастыруға көмектесуге және олардың білімдерін тексеруге бағытталған. Бақылау және тестік жұмыстарды жүргізуде өзімдік жұмысқа қарағанда уақыт көлемі қатаң есекеріледі.

Дидактикалық матиалдар ұсынылатын тест тапсыпмаларының сұрақтары өте анық, түсінікті, ой тұжырымын жасауға өте ыңғайлы болуы тиіс.

Тест тапсырмаларды пайдаланып, нәтижесінде талдау жасай келе мынадай қорытынды жасуға болады. Тест тапсырмалар оқушылардың қандай материалды игеріп, қай матриалды қандай тәсілмен түсіндіру қажет екенін де анықтауға мүмкіндік береді.

Дидактикалық ойындар – сыныпта жүргізілетін жұмыстардың ең қызықтысы. Ойынның қандай түрі болсада, оқушыларды өзіне тартып әкететіні белгілі. Оқушылрдың пәнге қызығуын шығармашылық пен ойлауын және білім сапасын артыруда сабақта қолданылатын ойын элементтерінің рөлі зор. Ойын элементерін пайдаланудың оқушылар білімін тиянақты етудегі зормүмкіндігін ескере отырып, мен өзіс тәжірибемде бірнеше ойын түрлерін қолданамын. Сабақта ойын элементтерін қолдану оқушылардың жоғарғы көңіл күйін туғызады. Ал мұның өзі оқушының белсенділігін, дербес ойлануын қызығуычн арттырып, қабылдауға, барынша қолайлы ықпалын тигізеді. Ойынның қандй түрі болсда жалқау, енжер балалрдың ынтасын артырып, білімге қызықтырады.

Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті атқарады. Ойынның мақсаты – бағдарламада анықталған білім, білік, дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және бекіту, қайталау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді.

Ойынның міндеті баланың қызығушылығын туғызып, белсенділігін арттыратындай іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады.

Әдістемелік әдебиеттерді берілген және мұғалімдердің тәжірибесінде пайдаланып жүрген дидактикалық ойындар өте көп. Алайда олардың бәрі дерлік бүгінгі күннің талаптарынан туындап отырған білім мазмұнының өзгерістеріне, сондай-ақ оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес кле бермейді. Сондақтан мен белгілі ойын түрлерін сұрыптап, ой иелігінен өткізе отырып, ғылыми тұрғыдан негізделгендидактикалық ойындармен қызықты жаттығулар жүйесін пайдаланамын. Дидактикалық ойындардың шығармашылық пен түрлендіре отырып, оқушылардың психо-физиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кезкелген сәтінде оқыту әдісінің құрамды бөлігіне айналдырамын. Бірақ ойын процесі мен оқыту процесін бір біріне етене ұластырып ұйымдасырған жөн. Оқушы ойын іс әреукеті үстінде қандай да білімді игеріп жатқанын, ал оқу пройесінің өзінде қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармау тиіс. Сонда ғана ойын және оқу ісәрекеті табиғи бірлікте болып, пәндік білік және дағдыны игеруге толық игеруге ықпал жасайды. Осы шарт орындалған жағдайда дидактикалық ойын шын мәнінде оқыту әдісі деңгейіне дейін көтеріледі.

Дидактикалық ойындардың тиімділігі олардың сабақтың әр кезеңіндегі орнымен міндетін және мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясымен практикасын мұғалімнің жетік игеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдардың жиынтығын алдын – ала дайындап алуға, ойын процесіне оқушылардың белсенді қатыстыруға байланысты.

Сабақ материалына лайықталған ойынды алып, тек қана оқушылардың орындай алатын іс әрекеттерімен шектелу жеткіліксіз. Мұнда ойынның ұйыдастырудың және басқарудың сипатымен жолдары да жанжақты ұйымдастырылуы керек.

Дидактикалық ойындардың түрлері өте көп, соның ішінде қолданып жүрген ойындарды атап өтейік:

  1. “Көкпар” ойыны. Ойынның шарты: Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Мұғалім сұрақтар қояды. Қайсы топтағы қол көтерген оқушылар саны көп болса, сол топ оқушылары “Лақты” алды делінеді, яғни жауап береді. Жауап толық болмаса, қайтадан қол көтеріліп толықтырылады. Жауапқа толық жауап берген оқушы лақты мәреге жеткізген болады, ол оқушыға жоғары ұпай қосылады.

“Көкпар” ойыны үшін қойылатын сұрақтар:

  1. Бейсик тілінің стандартты сандық функцияларын атаңдар?
  2. Шартты оператордың жалпы түрін жазыңдар?
  3. Параметрлі цикл операторының жалпы түрін жазыңыз?
  4. Графиктік операторларды атаңдар?

“Көкпар” ойынының тиімділігі: үй тапсырмасына тиянақты дайындалуға, операторларда дұрыс жаза білуге, функциялармен операторларды дұрыс айта білуге, жылдамдыққа дағдыландырып, есте сақтау қабілетін дамытады, пәнге қызығушылығын арттырады.

Әлемде ашық білім беру жүйесіндегі қашықтан оқыту мәселесі 30 жылдан аса уақыт көтеріліп келгенімен оны танымал халықаралық аккредацияланған ұйымдар жақында ғана мойындады. Бүгінгі күнде қашықтан оқыту ұлттық шекарадан асып, халықаралық деңгейге жетті. Ұлыбританиядағы ашық университет әлемнің 44 елімен қатынас құрып отыр. Біздің қоғамда қашықтан оқыту технологиясы білім берудің барлық оқыту формаларында қолданылу қажеттігі жөнінде нақты ой қалыптасқан жоқ. Бұл білім беру жүйесінің тұтас өзөгеруіне әкеледі.

Бүгінгі күнде қашықтан оқытуды іс жүзінде қолдану мәселесі барлық жоғары және орта оқу орындарының мамандарын толғандырып отыр. Қашықтан оқыту оқытушылар мен үйренушілердің арнайы педагогикалық жүйеде оқыту құрылғылары арқылы жүзеге асырылатын интерактивті өзара әсерінің бағытталған процесі болып табылады. Бұл жүйені әрқайсысы өз кезегінде бірнеше компоненттерден тұратын үш жүйенің жиыны ретінде қарастыруға болады.

  1. Дидактикалық жүйе:

Оқыту мақсаты: маман моделі мен білім беру стандартына сәйкес құрылатын білім, білік және дағдылардан тұрады. Мақсаттың өзі бірқатар бұтақ тәріздес құрылымнан тұрады. Оқу пәнінің мақсаты маманды даярлау мақсатының элементтерінің бірі болып табылады. Тақырыпты меңгеру мақсаты оқукпәні мақсатының элементі болып табылады т. с. с. Мақсат – бұл оқу процесін ұйымдастырудың бастамасы және талап етілетін деңгейдегі мазмұнды игеру.

Оқыту мазмұны: Оны әлеуметтік тапсырыстың педагогикалық моделі ретінде қарастыруға болады, оқыту процесі, әдістері мен ұйымдастыру формалары арқылы оқыту мазмұны анықталады. Қашықтан оқыту технологиясында оқыту мазмұнына нақты шектеулер қойылуы мүмкін екендігін ескеру қажет.

Оқытушылар: Қашықтан оқыту технологисы бойынша оқытушының негшізгі міндеті білім алушының келесі түрдегі орындалатын өз бетінше жұмысын басқару болып табылады:

  • Туындайтын мәселелерді қарастыру;
  • Мақсат пен міндеттерді қою;
  • Білім тәжірибелерді беру;
  • Ұйымдастыру қызметі;
  • Білім алушылардың арасында өзара байланысты ұйымдастыру;
  • Оқу процесін бақылау.

Білім алушылар:

Қащықтан оқыту кезінде білім беру процесінің негізін қолайлы уақытта, ыңғайлы орында, тиімді темптегі өз бетінше жұмыс құрайды. Сондықтан білім алушылар өз бетінше жұмыстың техникасы мен әдістемесін, жоғары деңгейде білімді өз бетімен толықтыру негіздерін меңгеруі қажет. Сонымен бірге эффективті түрде оқу бүшін жаңа ақпараттық техноглогияның құралдарымен жұмыс істей іблуі тиіс.

  1. II. Технологиялық жүйе:
  2. Оқыту әдістемелері: Қашықтан оқыту үшін оқытудың жалпы дидактикалық бес әдісін қолдануға болады:
    • Ақпараттық – рецептивті;
    • Репродиктивті;
    • Мәселелік мазмұндау;
    • Эвристикалық;
    • Зерттеу;
  1. Оқыту формалары:
    • Лекциялар;
    • Семинарлар;
    • Телеконференция;
    • Консультациялар.
  2. Лабораториялық жұмыстар. Лабораториялық практикумды қашықтан қатынас құру лабораторияларымен бірге қашықтан және жергілікті қатынас құратын виртуалды лабораториялардың көмегімен жүргізуге болады.
  3. Білімді тексеру. Қашықтан оқытуда алынған білім, білік, дағдыларды экзамен,, бақылау, курстық және диплом жұмыстары сияқты дәстүрлі бағалаумен қатар өзін – өзі тексерумен бірге қорытынды бақылау кеңінен қолданылады.
  • Өз бетінше жұмыс. Бұл қашықтан оқытудың негізгі формасы болып табылады.

 

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!