Объектіге бағытталған программалау технологиясы

Информатика пәнінен оқу үрдісін ұйымдастыруда объектіге-бағытталған программалауға үлкен көңіл бөлінеді. Объектіге –бағытталған программалау (ОБП) қоршаған ортаны моделдеуде сапалы мүмкіндіктерге ие, сезімдік тұрғыдан түсінікті ұғымдар жиынтығы негізінде құрылады, алдын-алажазылып қойылған программа кодын көп рет қолдану мүмкіндігін береді. Delphi және Visual Basic ОБПіске асырудың танымал құралдары болып табылады. Бұл орталар сонымен біргевизуалды программалау құралдары ретіндеұсынылады, яғни объектілерді монитор экранында көру және оларды программаның орындалуына дейін қандай да бір түрде бейнелеу мүмкіндігін береді.

Іс-әркеттердің кез-келген басқа түрі сияқты программалау да- технология, ол бағдарлама құру процессін межелі өндірістік іс-әрекетке айналдыру арқылы жинақталғантәжрибе мен білімді жетілдіреді.

Программалау технологиясы термині көлемді, ауқымды программалық жүйелерді ұжымен жасауға және шағын программаларды дербес құруда қолданылады. Үлкен программалық жобаларда мына әрекеттерге сүйену қажеттігі туындайды:

1) әрбір кезең үшін мақсат, міндет және нәтижелерді анықтау арқылы жалпы жұмысты кезеңдерге бөлу;

2) әрбір кезеңдегі міндетті есептеулерді орындаудың баламалы әдістері мен құралдарын пайдалану;

3) Қорларды жоспарлау, жұмысты атқарушыларға бөліп беру, жұмыстың барысын басқару;

4) кезеңдер бойынша нәтижелерді және құрылған программалық жұйенің сапасын бағалау.

Осыған байланысты шағын программаны құру да программа құрушыдан өз еңбегін, яғни міндет қоюдан құрылған программаның дрыстығын тексеруге дейінгі кезеңдерге бөлуді талап етеді.

Программалық жобаларды үзінділерге бөлуде объектіге-бағытталған тілдер ерекше сипатқа ие болып келеді. Бұл тілдердің орталық ұғымы объект болып табылады. “Өз мағанасы бойынша объект, компьютерде өңдеуге және сақтауға болатын, сонымен бірге басқа объектілерге және есептеуорталарына хабарлар жіберу және оған келіп түскен хабарларға назар аудару арқылы әсерлесуге икемді қандай-да бір нақты объектінің, процесстің, жағдайдың баламасы болып табылады”… Егер объектілер айқын өмірдегі заттың, құбылыстың мағанасына сай келсе, онда ұғым орнына жүретін кластар абстракция болып табылады. Мұрагерлік бірнеше маңызды қызметті атқарады: пән аймағының тұжырымдық құрылымын модельдейді; әртүрлі кластарды тапсыру үшін оларды көп ретнақтылаужолымен ауқымды жүйелерді қадам бойыншапрограммалаудықамтамасыз етеді. Объектінің аты, оқиғасы мен мүмкін тәсілдер жиынтығы болады. Оқиғаайнымалылар жиынымен және олардың белсенді мәндерімен анықталады. Тәсіл – бұл объектінің басқа объектілермен байланысты жолға қойатын жаңаоқиғаны (жағдайды) алу амалдары. Объектімен байланысқа түскенде оның аты, қолданылатын тәсілі және осы ұсынылған тәсіл үшін қажетті мәндердің кейбір жиынтығы көрсетіледі. Объектінің жағдайына (оқиғасына) ену хабарлар жіберу жолы тәсілімен іске асырылады.

Егер объектілер айнымалылар жиыны, әдістер жиынтығы бойынша бірдей қасиеттерге ие болса, онда олар бір класс құрайды. Кластар арасында мұрагерлік қатынасы болуы мүмкін, яғни қандай да бір Б класы осы клас үшін аталық болып табылатын суперкластың немесе кластардың қасиеттерін мұрагерлікке алады.

Педагогикалық іс-тәжрибемізге сүйеніп жазылған программалау практикум Delphi ортасында жұмыс істеуге арналған. Себебі, прграммалау бөлімін оқып-үйренуде студенттерге Turbo Pascal тілінде бағдарламалунегіздері оқылатын еді. Delphi –де программалу жоғары деңгейдегі тілдерді оқып-үйренудің логикалық жалғасы болып табылады. Негізгі алгоритмдеу білуді ықпал етеді жәнедамудың сапалы шыңдарына көтерілу мүмкіндігін береді. Бұл кезде білімгерлердің алғашқа кезеңдерде ОБП оқып-үйренде программаладың жаңа тұжырымдамасына өтудег қиындықтарға кездесетіндігін атан көрсетуге болады.Алғашқыда оларға программалау туралы тсініктерін қалыптастыруға тура келеді.

Бұл лабороториялық жұмысқа арналған практикум 22 лабороториялық сағатқа арналған. әрбір лабороториялық тапсырмаларды орындау үшін қажетті теориялық материалдың қысқашанұсқасынан тұрады. Неғұрлым ауқымды теориялықмағлұматтар дәріс сабақтарында беріледі. Сонымен қатар практикумда ұсынылған өзіндік жұмыс тапсырмаларын орындауда көмек беретін нақты программалардыңмысалдары өзіндік жеке жұмысқа арналған тапсырмалар қиындық деңгейі ойынша топтарға бөлініп беріледі.

Лабороториялық жүмыстарды орындау Delphi ортасын және оның құралдарын оқып үйренуден басталады. Әрбіржұмыссайын белгілер жаңа компаненттермен танысып отырады. Ал кіріспе бөліміне ОБП негізін құрайтын ұғымдар мен Dilphi-дің визуалды программалау құрылымдарымен жұмыс істеуге дайын жба программалау құрылымдарымен жұмыс істеуге, дайын жоба программалар менжеке орындар үшін ұсынылған есептер жүйесінен тұрады.

Лабороториялық жұмыс жеке жоба-жұмыстарды құру және мұғалімге тапсырып-өткізу іскерліктерімен аяқталады. Жоба программамен жұмыс істеу деп-білімгерлердің алған білімдерін меңгеру және оны демонстрациялауды, яғниөздерінің шығармашылық іс-әрекетін толығымен жүзеге асыруды түсінеміз.

Толқынды жоба жасау үшін білімгерлер өзіндік жұмысқа бөлінген уақытты пайдаланады. Delphi – ді одан әрі қарай оқып-үйрену және ОБП қуатты идиологиясын қолдану педагогикалық-прогрммалық құралдарды (электронды оқулықтрды. Логикалық ойындарды және т.б.) құру технологиялары курсында курсжұмыстарын орындаудажалғастырылуы мүмкін.

Қазіргі кезде программалқы жабдықтарды жасау былай сипатталады, яғни ауқымды тұйықталған программалар емес, программалық жүйелердің компаненттері құрылды. Мұның себебін былай түсіндіруге болады.

  • Құрылған компанентерді сақтауға және оны алгоритмнің сипаты және ақпаратты өңдеу тәсілдері жағынан жақын болатын басқа программалық жүйелерде қайта қолдануға ұмтыл;
  • Үлкен ұжыммен жасалатын және оны жасау, өңдеу және икемдеу ұзақ мерзімді қажет ететін ауқымды көлемдегі программалық жабдықты жасау қажеттілігі;
  • Бір есепті емес, өзекті саланың толық бір есебін шешуге арналған қолданбалы программалық жабдықтардың пайда болуы, мынаған алып келеді, яғни саланың нақты бір есебі үшін программа алдын-ала бар компанентерден жиналады және оның орындау реті осы берілген есептен тәуелсіз болады;
  • Программалауға дейін ақпараттық модельді жеткілікті деңгейде еркшелеудің мүмкін еместігінәтижеде ақпараттық модельді нақтылау жәнеқадамдарға бөлуесептеутәжірибесімен бір мезгілде жүргізіледі.

Сонымен программалауға оқытуда мұғалім әрбір нақты оқушыменұтымды қарым-қатынас жасау мүмкіндігіне иеболады. Оқу үрдісіндегікомпьютердің ықпалының белсенділігі, яғни оқушымен де мұғаліммен де өзара әрекетте болғандықтан жоғары екендігі белгілі. Бұл жағдайда оқушының танымды іс-әрекетінің белсенділігі артады. Информатика пәнініңОБП бөлімін оқып үйренуде, ОБП әдіснамасын меңгеру, белгіліпрограммалау тілдеріарқылы ОБП техникалық икемділігін игеру және оқушылардың жалпы білімдік деңгейі іске асырылады.