Презентация даярлау құралы Microsoft PowerPoint

Microsoft PowerPoint – Microsoft Office-тің құрамындағыперзентациялық материалдар дайындауға арналған программа. Бұл программа кодоскоптарға және 35 мм-лік мөлдір қабыршақтарға (пленка) арналған слайдтар, қағазда үлестірілетін материалдар, компьютер экранында анимациялық көріністерді бейнелей алатын презентациялар дайындау мүмкіндігін береді. Microsoft PowerPoint программасында баяндама немесе мекеменің ашылу салтанаты т.с.с әртүрлі материалдарды оның дыбыстық және мультимедиалық мүмкіндіктерін пайдаланып жандандырып жіберуге болады.

PowerPoint программасын іске қосу.

-PowerPoint программасы тапсырмалар тақтасындағы іске қосу батырмасын шерткенде ашылатын бас менюдің Программалар, Microsoft PowerPoint қатарында тышқанды шерту арқылы іске қосылады.

-Менің компьютерім немесе Сілтеуіш программасының терезесінде С дискісінде сақталған Microsoft Officeбумасындағы Microsoft PowerPoint жарлығында тышқанды екі рет шерту арқылы да іске қосуға болады.

 PowerPoint программасы іске қосылған мезетте презентация құрудың тәсілдерін таңдау және бұрын құрылған презентацияны оқу мүмкіндігін беретін сұхбат терезе ашылады. (1.1-сурет).

-Автомазмұн шебері (Мастер автосодержания) ауыстырғышы таңдалса, жаңа презентация, белгілі тақырыпқа сәйкес мәтін және безендіру элементтері енгізіліп сақталған презентациялар тізімінен қажеттісін таңдап, сатылы түрде сұрақтарға жауап бере отырып құрылады.

-Презентациялар шаблоны (Шаблон презентации) ауыстырғышы өз презентацияңызды бұрыннан безендіру элементтері сақталып қойылған шаблон түріне келтіріп дайындау мүмкіндігін береді.

-Бос презентация (Пустую презентацию) ауыстырғышы бұрын-құрылып, сақталып қойған презентацияны оқу мүмкіндігін береді.

-Презентацияны ашу ауыстырғышы бұрын-құрылып, сақталып қойған презентацияны оқу мүмкіндігін береді. Бұл ауыстырғыш қосылғаннан кейін, ашуға қажетті презентация сақталған орынды көрсетуді талап ететін сұхбат терезе ашылады.

Автомазмұн шебері көмегімен презентация құру.

Автомазмұн шебері (Мастер автосодержения) көмегімен:

-Жалпы мәселелер бойынша баяндамалар; (Доклады по общим вопросам)

-Қызмет бабы бойынша баяндамалар; (Доклады по служебнымвопросам)

-Мекеменің жұмыс істеуі жөнінде іс есеп қисаптар; (Сведения о функционировании предприятия)

-Сауда-саттық және маркетинг жөнінде іс есеп қисаптар; (деловые отчеты о продажах и маркетинге)

-Жеке хабарламалар (личные сообщения) сияқты тақырыптарды кеңінен ашуға арналған алдын ала дайындалып қойылған презентациялар ішінен таңдап, өз презентпциямызды құра аламыз. Microsoft Web- программасы іске қосылғаннан кейін пайда болған сұхбат терезеде Автомазмұн шебері өрісін таңдап, ОК батырмасын шертеміз. Осы кезде Автомазмұн шебері іске қосылады (1-2-сурет).

Автомазмұн шебері презентация құру үшін сатылы түрде мынадай сұрақтарға жауап береді талап етеді:

1-ші қадамда Презентация түрі, яғни оның жалпы тақырыптық бағытын таңдаймыз; Келесі қадамға өту үшін қажетті тақырыпты таңдаған соң, Ары қарай (Далее) батырмасын шертеміз.

2-ші қадамда Презентацияны көрсету тәсілдері, презентацияның баяндамашы өзі түсіндіретін болғандықтан тек иллюстративті слайдтардан құралатынын немесе ақпараттықкиоск түрінде дайындалып, көрермендер өз беттерінше қарауға арналатын опцияларының бірін таңдау қажет;

3-ші қадамда Презентацияны шығару материалының форматы, қағазға басылатынын, фотографиялық слайд немесе электрондық презентация болу керектігін көрсету қажет.

4-ші қадамда Қосымша мәліметтер: презентацияның тақырыбы және титулды слайдта жазылатын мәтіндерді теріп жазамыз.

Осы сұрақтардың бәріне жауап алғаннан кейін автомазмұн шебері презентацияны дайындайды. Тиісті мәліметтерді енгізгеннен кейін Дайын (Готово) батырмасын шертеміз.

Дайын болған презентациядағы мәтіндерді өз ыңғайымызға қарай өзгертіп, арнайы эффектілер қосып, көркемдеу элементтерін қолдана аламыз. Автомазмұн шеберін презентациямен жұмыс ісиеп отырған кезде қосу қажет болса, Файл-Құру (Файл-Создать) командасын орындап, ашылған сұхбат терезенің Презентациялар ішкі бетінде автомазмұн шебері шарт белгісінде тышқанды екі рет шерту жеткілікті.

Шаблондар көмегімен және бос презентация құру.

PowerPoint программасында презентация құру әрекетін автомазмұн шебері көмегімен басқа екі түрлі тәсіл арқылы орындауға болады. Оның бірі алдын-ала көркемдеу элементтерін пайдалана отырып құру болса, екіншісі ешқандай көркемдеу элементтері қарастырылмаған бос презентация құрып алып, одан кейін көркемдеу болып табылады. PowerPoint программасының бір ерекшелігі осы екі жағдайда да,құрылған презентацияны, алдын ала көркемдеу элементтері сақталынып қойылған басқа шаблон түрінде алмастыруға болады.

Презентацияны шаблондар көмегімен құру.

PowerPoint программасында көркемделіп, дайындалған презентациялар шаблондар түрінде сақталынып қойылған. Кез келген уақытта осы шаблондарды пайдаланып құруәрекетін PowerPoint программасы іске қосылған мезетте ашылған сұхбат терезеде Презентациялар шаблоны (Шаблоны презентаций) опциясын таңдау арқылы құру мүмкіндігі бар. Осы опция таңдалған кейін Жалпы (Общие), Презентациялар дизайндары (Дизайны презентаций), Презентациялар, Web-парақтар (Web-страницы) астарлы беттерінен тұратын, Презентацияны құру сұхбат терезесі ашылады

Осы сұхбат терезе Файл-құру командасын орындағаннан кейін де ашылады. Сұхбат терезенің оң жақ шетінде орналасқан үш батырма көмегімен презентациялар тізімін ірі шарт белгілер, ұсақ шарт белгілер және кесте түрінде көруге болады.

Презентацияның шаблонын тышқан көмегімен белгілеген кезде шығатын үлгіден қарап отырып, өзімізге ұнағанын таңдап ОК батырмасын шертеміз. Осы мезетте экранға Слайд құрусұхбат терезесі шығады Бұл сұхбат терезеде қажетті слайдтың түрін көрсетуіміз қажет. Экранда таңдалған шаблонға сәйкес бос презентация пайда болады. Осы презентацияға тиісті мәтіндерді енгізіп, арнайы эффектілер қосып, көркемдейміз.