Windows жүйесіндегі Excel програмасы

MS Excel программасы кесте түрінде берілген мәліметтерді компьютерде өңдеу үшін арналған. Сол себептен бұл программа электрондық кесте деп аталады.

Кестелерді өңдеу мынадай іс-әрекеттерден тұрады.

  1. Функциялар мен формулаларды пайдалана отырып әртүрлі есептеулер жүргізу.
  2. Түрлі-түрлі функциялардың құжаттарға тигізетін әсерін зерттеу.
  3. Тиімді ету мәселелерін шешу.
  4. Белгілі бір критерийлерді қанағаттандыратын мәліметтер жиынын таңдап алу.
  5. Графиктер мен диаграммларды тұрғызу.
  6. Мәліметтерді статистикалық талдау.

Excel программасы көптеген математикалық амалдарды күрделі есептеулерді түсінікті етіп жүргізе алады. Кестедегі мәліметтерді пайдалану түрлі диаграммалар тұрғызып, мәліметтер қоймасын жасап, сандық эксперимент өткізуді және басқаларды қамтамасыз етеді. Excel программасы тек электрондық сана-да ғана емес оқып үйренуге, ғылыми зерттеулерде, әкімшілік және жай шаруашылық жұмыстары кеңінен қолданылады. Электрондық кестені жұмыс аймағы қатарлар мен бағандардан тұрады.

Қатарладың максималдық саны 16384,

Ал бағаналар саны 256. Кез-келген бағанмен қатардың қиылысуында тұрған төр— ұя деп аталады.

Excel программаның обьектілері.

Жоғары қатарда терезе тақырыбы жазылады.2-ші қатарда меню қатары болады, 3-4-ші қатарда стандартты және форматтау саймандар қатары болады. 5-шіде енгізу және түзету немесе формулалар қатары. 5-ші қатардан терезе соңына дейін электрондық кестенің жұмыс орны жазылады.Ағымдағы ұяны тіктөртбұрыштар көрсетеді. Ағымдағы ұя кестенің бір тобын ғана белгіленген, келісім бойынша мәлімет енгізу операциясы немесе басқа әрекеттер тек осы торда орындалады.

Егер текст ұяшығының енінен артық болса,онда экрандағы мәлімет көрініп тұрады,ал егер оң жақтағы ұяға басқа мәлімет енгізілген болса, онда оның алдындағы көрінген мәлімет тек өз ұясында ғана бейнеленіпқиылып қалады.

Сандаренгізу.

Электрондық кестеге сандар енгізу “=”,”+”,”-”таңбаларынан немесе цифрдан басталады. Егер енгізілген сандардың ені ұядан артық болса, онда сан экспоненциал түрде жазылады.Мысалы 5000000.5Е+6 немесе ол сандардың орнына ## таңбалар қойылады.

Формулалар енгізу.

Excel-де кез-келген аримметикалық өрнек формула түрінде жазылады. Ол ұя адрестерімен сандардың, функциялардың арифметикалық амалдар таңбасы арқылы біріктірілген жиынынан тұрады. Формула “=” таңбасынан басталуы керек. Ол240 символға дейін енгізе алады және бос орын болмауы керек. Ұяшыққа С1+F5 формуласын енгізу үшін оны =C1+F5 түрінде жазу керек.

Ұядағы мәліметтерді түзету.

  • Мәлімет бұрын енгізілген ұяны түзету үшін кестелік курсорды керекті ұяға орналастырып, түзету режіміне көшу үшін F2 клавишін басамыз немесе тышқан курсорын формула қатар-ғы мәліметке орналастыру қажет. Сонан соң қателерді түзетуге болады.
  • Енгізілген мәлімет-гі қателерді сол тор көздің өзінде жөндеуге болады. Мәліметтер енгізілісімен олар есептеу проц-не араласып, өздеріне қатысты ұядағы нәтижелік мәіметтерді бірдей өзгертетіне назар аударыңыз.

Блоктармен жұмыс істеу.

Блок бірнеше ұядан, толық қатардан, бағанадан тұрады. Блок адресі қос нүктемен бөлінген қарама қарсы бұрыштар координатынан тұрады. Мысалы: В13: D19 блогы – В13

D13 = D19 = B19 = B13 торларымен шектелген ұяшықтар жиыны. Әр түрлі формулалар енгізу кезінде немесе уомандаларды орындау сәттерінде блогты диогональ бойынша қарсы орналасқан торлар адресімен немесе экран бетінде тышқанмен (пернелермен) белгілей отырып енгізуге болады.

Жұмыс парағымен және кітаппен жұмыс істеу.

Excel электрондық кестесі 3 өлшемді құрлымнан тұрады, яғни ол блок парақтардан тұратын кітаптар тәрізді.

Парақтардың төменгі шетінде кітап бетінің номері жарлық ретінде бейнеленеді. Тышқан курсорымен сол көрініп тұрған жарлық номерін талдау арқылы кез-келген бетті ашып көруге болады.

Кестені , блокарды , бағандарды белгілеу.

  • Кестені тышқан көмегімен белгілеу.
  • SHIFT және басқару клавиш көмегімен блоктайды.

Ұяларішіндегімәлімет.

Excel кесте-декезкелген ұя-ғамәліметтің3 түрін енгізугеболады.Олар :текст, сан,формула .Excel енгізілгенмәліметтің формула,сан текст екенін оның1-шітаңбанықарапанықтайды .Егер 1-ші символәріпнемесе опа строф болса ондаұяғатекстенгізілген депесептеледі. Егер 1-ші символщифрнемесе“=” таңбасы енгізілгенін болса ұяға саненгізілгеннемесеформула енгізілгенін білдіреді. Енгізілгенмәліметтер формулақатарындажәнеұя ішінде бейнеленеді. Тексткез-генсимвол дар тізбегі.Егертекст символдарданнемесецифрданбасталатынболса , ондаоны апостроф (*) таңбасыменбастауқажет.