Алгоритмдер туралы түсінік. Алгоритм және оның қасиеттері. Блок-схема

  1. Алгоритм- математикадағы ең  бір  іргелі  ұғымдардың   бірі.

Алгоритм   сөзі  lX   ғасырда  өмір  сүрген,  адамдарды  квадрат  теңдеулерді  жүйелей  құрып  оны  шеше  білуге үйреткен  ұлы   математика  Әл- хорезмидің  атының  латынша  жазлуы  algorithmi  сөзінен  алнған.

Алгоритм  деп  берілген  есепті   шешудегі  жасалатын  әрекетерді дәл   және   қарапайым  етіп    жазуды   айтамыз.  Алгоритм     белгілі   бір  реттілікпен  бірінен   соң   бірі   орындалатын   бірнеше қадамдардан   тұрады.  Алгоритмнің   әр  бір  қадамы   бір  немесе   бірнеше   қарапайым   операцияларды   қамтиды.

Алгоритм  ұғымының   мәнін    аша  түсетін   оның  мынадай   қасиеттері   бар:

  1. Алгоритм  дискретті   информациялармен   жасалатын  әрекеттерді   тағайындайды   және   өрнектейді.  Алгоритмнің    жұмысына    қажетті  материалдар     ретінде    символдық   мәтіндер   және  сандар   пайдаланады.
  2. Алгоритм біздің       қалауымызға    қарай     өзгертуге    болмайтын   нақты  нұсқау.   Алгоритмде  не  істеу   керектігі   алдын   ала  айқын  беріледі.
  3. Бір алгоритмнің   өзін   бірнеше   есептің   шешімін   табу   үшін     пайдалану   мүмкіндігі   яғни  бастапқы  деректер  мәндерінің  жиынына  пайдалану  мүмкіндігі  бар .

4.Әр бір алгоритм  белгілі бір  бастапқы  деректердің  болуын талап  етеді және  іздеген  нәтижені  алуға жеткізеді. Мысалы, екі санды қосу алгоритмінде қосылғыштар бастапқы деректерге, ал қосынды нәтижеге жатады. Осылайша, алгоритмдегі әрекеттердің белегілі бір санының орындалуынан кейін қажетті нәтиже алу мүмкіндігі алгоритмнің  нәтижелігі  деп аталады.

Осы айтылғандарадан алгоритм бастапқы деректерді пайдаланып іздеген нәтижеге қол жеткізетін реттелген әрекеттер  тізбегі деген қортынды жасауға болады. Мұндай әрекеттер  тізбегінің орындалуы алгоритмдік процесс, ал әрбір оның қадамы, әрбір нұсқау алгоритмдік камондасы болып табылады.

Алгоритмнің ең маңызды қасиеті жоғарыда анықталғандық қасиетінде айтылғандай оның орындалу нәтижесінің атқарушыға тәуелсіздігі.

Сонымен алгоритм туралы мына төмендегідей тұжырымдар жасауға болады:

  • Алгоритмдер әр түрлі есептерді шешу үшін пайдаланылады;
  • Алгоритмді құрушыға қарағанда алгоритмді атқарушыдан аз білім талап етілгендіктен есеп шығаруды айтарлықтай оңайлатады;
  • әрбір алгоритм толық аяқталған әрекеттерді орындайтын атқарушыға арналған командалардан тұрады;
  • командалардың атқарылу реттілігін алгоритм анықтайды;
  • атқарушы орындайтын командалардың жиынын атқарушының командалар жүйесі деп атайды;
  • алгоритмдегі командалар атқарушының командалар жүйесінен алынады;
  • алгоритмдегі командалар тізбегінің орындалуы алгоритмдік процесс деп аталады;
  • алгоритмдегі әрбір команда оның қадамы деп аталады;
  • санаулы әрекеттен кейін ғана алгоритмде іздеген нәтижеге қол жетеді;
  • алгоритмдегі әрбір әрекет атқарушыға түсінікті және нақты болуы керек;
  • бірнеше есептің шешімін табу үшін бір ғана алгоритмді пайдалануға болады;
  • құрылған алгоритмді атқару есептің мазмұнына ой жүгіртіп оны талдауды қажет етпейді, тек командаларды формальді орындай береді;
  • алгоритм әрбір атқарушыға арналып құрылады;
  • алгоритмнің командалары атқарушыға түсінікті және орындалатын болуы тиіс;
  • алгоритмді атқаруды тек адамға емес, компьютерге де жүктеуге болатындығы есептеу процесін автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Алгоритмнің құрамы дараланып және оның әрекеттері анықталғаннан кейін алгоритмді жазып көрсету тәсілін және тілін білу керек.

Алгоритмдік тілді пайдалану оны құрушының өзіне ғана түсінікті командаларды көпшілік  қауымның пайдалануына мүмкіндік береді.

Алгоритмді жазудың бірнеше тәсілдері бар. Алгоритмді бейнелеу әдістерінің ішінен біз блок-схема мен мектептік алгоритмдік тілді пайдаланамыз.

  1. Блок – схема.

Блок – схема  компютерге   програмалар   жасау  практикасында   кеңінен   қолданылатын  алгоритмдерді   жазудың    графикалық тәсілі,   басқаша  айтқанда  алгоритімнің   логикалық   құрылымын  график   түрінде   бейнелейтін     тіл   десек   болады.

Есепті шешу алгоритмнің блок-схемасын құрған кезде есепті щығару процесі кезеңдерге бөлінеді. Әрбір кезең есептелетін операцияның сипатына байланысты белгілі конфигурациясы бар бір геометриялық фигурамен (блокпен) белгіленеді. Әрбір блок-схеманың басы және соңы деп аталатын блоктары болады.

Басы, соңы блоктарының басқа әрбір блоктың бір ену және бір-екі шығу сызықтары болады.

Атқаратын қызметі жағынан блоктар негізгі және қосымша болып бөлінеді. Негшізгі блоктар енгізу мен баспаға шығару және информацияларды өңдеу әрекеттерін білдіреді, ал қосымша блоктар блок-схеманы түсіндіру және байланыстарды таңбалау үшін пайдалынады.

Блоктардың анықтайтын әрекеттері, яғни түсініктер блокты бейнелейтін геометриялық фигураның ішіне жазылады.

Деректерді енгізу блокты есептеу есептерін шешуде айнымалылардың сандық мәндерін компьютердің жадына енгізу үшін қолданылады.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!