Ұяшықтарды, жолдарды және бағаналарды кірістіру және жою

1.Жаңаақпараттық технологиялар. Б.Бөрібаев, Е. Балапанов, Г. Мадьярова Р.

Дузбаева.Алматы 2001 ж “ Ғылым” ғылыми баспа орталығы.

2.Информатика М.Қ. Байжұманов Л.Қ. Жапсарбаева Алматы 2004 ж.

3.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Информатика және компьютерлік техника. Алматы,” Мектеп”, 2002, 453 б.

Кесте даярлаған соң, сіз оған жолдар мен бағаналарды, ұяшықтарды қосымша кірістіру немесе кейбірін жоя отырып оның құрылымын өзгерте аласыз. Кесте құрылымынакірістірілетін бірнеше өзгертулерді тек бір команданың –Кесте менюіндегі Кірістіру (Вставить) және Жою опциялары арқылы орындай аласыз.Оның нақты түрі команданы шақырмас бұрын кестенің қандай элементері (ұяшықтар, жолдар немесе бағаналар)таңдап алынғанымен анықталады.

Жолдарды немесе бағаналарды қосымшакірістіру келесі әрекеттердіңорындалуын талап етеді;

-Жолды немесе бағананы таңдап алыңыз (Ол сіз жолдар немесебағаналар қосқыңыз келе ме, жоқ па, соған байланысты);

Кесте менюінен“Жолдарды кірістіру”(Вставить строки) немесе“Бағаналарды кірістіру”(Вставить столбцы) командасын таңдаңыз.

Кесте — Жолдарды кірістіру командасын таңдағандажаңа жол ағымдағы жолдың жоғарғы жағына, ал оның төменгі жағындағы барлық жолдар төмен қарай жылжыйды

Бағананы кірістіру барысында жаңа бағана ағымдағы бағананың сол жағына қосылып,(18.7 -сурет) оның оң жағындағы барлық бағаналар оңға қарай жылжиды (18,8 -сурет) кірістірілгенен кейін осы жаңа жол немесе бағана ағымдағылар болып саналады.

Ұяшықтарды бөліктерге бөлу

Ұяшықтарды бөліктерге бөлу біріктіруге кері операция болып табылады. Оның көмегімен біріктірілген ұяшықтарды бастапқы қалпына келтіруге болады. Мұнда мәтінді ұяшықтарға бөлу символдар санымен анықталады.

Сондай – ақ біріктіру нәтижесінде пайда болмағанұяшықтарды да бөлуге болады. Мұндай бір ұяшықты қанша ұяшықтарға болу керек болса, соншасына теңдей етіп бөледі.

 Сонымен, бөлуге арналған бір немесе бірнеше ұяшықтарды таңдап алыңдар.

Кесте — Ұяшықтарды бөлу(Таблица – Разбить ячейки) командасын таңдасақ нәтижесінде экранда “Ұяшықтарды бөлу” сұқпат терезесі пайда болады. (18.11 сурет) Сол терезенің “Бағаналар саны” енгізу өрісінде бағаналар саны бейнелейтін жаңа сандық мәнді енгізіп, ОК батырмасын басу жеткілікті.

Кестелерді форматтау

Ұяшықтардың ішіндегі мәліметтерді форматтау үшін әдеттегі мәтінді форматтау тәсілдерін қолдануға болады. Мысалыға, сіздер шрифт түрін, өлшемін және сызылымын өзгерте аласыз.Формат командасы ұсынатын барлық (бұрыннан таныс ) әрекеттерді пайдалануларыңызға болады. Мысалыға жол аралық интерволды тағайындап, оның шеттерін туралауға және ол үшін контекстік тәуелді менюді пайдалануға мүмкіндік бар. Контекстік менюді тышқанның оң жақ батырмасын басу арқылы шақыруға болады.

Бұданбасқа да тікелей кестені көркемдеу элементтерін кірістіруге болады (Кестені бөлу сызықтары, оны жиектеу және т.с.с. ) Кестені көркемдеуге арналған алдын ала анықталған стилдер жиыны бар, солар арқылы кестені форматтау әдістерін қарастырайық

Кесте –Автоформат командасын пайдалану.

Кесте –Автоформат (Таблица — Автоформат)командасы кестені көркемдеудің алдын ала анықталған стильдерін пайдалану кестеге кәсіби түр беруге қажетті уақытты едәір қысқартуға мүмкіндік береді. Олардың көмегімен ұяшықтарды жиектеумен іштерін бояуды шрифт түрі мен түсінігін, сондай –ақ ұяшықтардың мөлшерін, олардың ішіндегі мәліметтерге сәйкес автоматты түрде өзгерту параметірлерін жылдам тағайындауға болады.

Сонымен, кестені форматтау үшін курсор кесте ішіне орналасуы тиіс.

Кесте –Автоформаткомандасын таңдасақ, соның нәтижесінде экран бетіне 18.12 суретте көрсетілгендей “Кестені автоформаттау” сұқбат терезесі шығады.

Алдын ала анықталған форматтар тізімінен өз талабыңызға сәйкес келетін форматты таңдаңыз. Ол таңдалынған форматтың сыртқы түрі “Үлгі” (образец) бөлімінде бейнеленеді де таңдауды жеңілдетеді .

Егер пайдаланылатын көркемдеу элементтерінің бір сыпырасын қалдырып, ал кейбірэлементтерін өзгерткіңіз келсе, “Пайдалану” бөліміндегі сәйкес жалаушаларды алып тастаңыз (Жиектеу,Шрифт,Автотаңдау,Ішін бояу,Түсі). Соныңнәтижесінде “Үлгі” бөлімі де өзгертулерге сәйкес форматта көрсетілетін болады.

Ал автоформатты кестенің тек белгілі бір бөлігіне пайдалану үшін, “Көркемдеуді өзгерту” (Изменить оформление) бөлімінде форматты өзгертетін кесте бөлігін атап көрсету қажет. (Мысалы. Тақырып жолы, Бірінші бағана, Соңғы жол, Соңғы бағана т.с.с.)

Ең соңында ОК батырмасын басу керек.

Кестелерді бөліктерге бөлу.

Кестелердіжұмыс істеу барысында бір кестені оның арасында мәтін немесе сурет қосу үшін екі бөлікке бөлу қажет болу мүмкін. Осындай кезде кестені екіге бөлу үшін, курсорды бөліну сызығынан кейінгі жолға орналастырып алып, Кесте—- Кестені бөлу

(Таблица – Разбить таблицу) командасын орындау керек немесе Ctrl+Shift+Enter пернелерін басу керек. Мұның нәтижесінде кесте екі бөлікке бөлінеді, ал екі бөліктің арасына қалыптыформатталған абзац маркері қойылады. Егер де сіз бөлудің тоқтатқыңыз келсе, яғни бұл әрекетті болдырмау үшін абзац маркерін алып тастаңыз

Егер кесте құжат басынан басталатын болса, MS Word кесте алдына абзац маркерін қояды. Абзац маркерін қосудың альтернативтік тәсілі ретінде курсорды бірінші ұяшыққа орналастырып, Enter пернесін басу керек.