Кестелерді даярлау және түзету

Мәтінді редокторлармен жұмыс істеу барысында реттелген информацияны, құжаттарды сақтаудың ең бір қолайлы тәсілі кестелер(таблица) болып табылады.

кестелерді пайдаланудың мысалы ретінде телефондық мекен жайы кітабынан үзінді келтірілген. Сондай –ақкестелер әр түрлітізімдер мен тізбелердіқаржы ақпараттарын көрсетуде және басқа да осындай мәселелердіңкөптеген түрлерін шешудежиі пайдаланылады.Кестелердің ішінде информацияларды қабылдауды жақсартуға арналғанграфикалық иллюстрациялар да тұруы мүмкін.

Кестелерді даярлау.

Кесте құжаттың мәтіннің кез-келген жеріне қойыла береді. Кесте мөлшері қағаз парағынан үлкен болуы да мүмкін, сондықтан ол бір немесе бірнеше беттерде орналаса алады. Кестені алғаш рет даярлау үшін Кесте→Кестені кірістіру (Таблица→Всавить таблицу) командасын немесе стандартты аспаптар тақтасының Кестені кірістіру батырмасын басу керек.

Кестені даярлаудың ең бір қарапайым жолы Кестені кірістіру батырмасын пайдалану. Мұнда бағаналар екі мәтін жолының толық ені мен бағаналар саны негізінде автоматты түрде бірден тағайындалады. Қажет болса, әрбір бағаналар енін мұнан кейін де өзгерте аласыз. Сонымен, алғаш рет кестені даярлау үшін төмендегі әрекеттер орындалады:

-Даярланатын кестенің сол жақ жоғарғы шетіне курсорды алып бару.

-тышқан тетігімен аспаптар тақтасындағы Кестені енгізу батырмасын басып, экранға шыққан кішкене кесте көрінісіндегі керекті торлар ұяларын тышқанмен белгілей отырып, оның батырмасын жібермей ұстап тұру керек.

-тышқан курсорын кестенің қажетті мөлшеріне дәл келетін оң жақ төменгі торына жылжытып апарыңыз. Егер курсорды оңға немесе төменге жылжытатын болсаңыз, ондаторлар саны да соған байланысты өсіп отырады.

-Керекті торлар санын бейнелеп алып, тышқан батырмасын жібереміз. Мәтіннің курсормен көрсетілген жерінде қажетті өлшемдегі кесте пайда болады.

Тор сызықтарын бейнелеу және жасыру.

Тор сызықтары кесте ұяшықтарының мөлшерін белгілеп көрсету үшін арналған. Кесте→Тор (Таблица→Сетка) командасы тор сызықтарын бейнелеп көрсетуге немесе жасруға мүмкіндік береді. Бұл команда ауыстырғыштар тобына жатады, яғни команданы бірінші рет орындау нәтижесінде экраннан тор сызықтары алынып тасталса, команданы қайтаданэкран бетіне шығарады.

Жолдар мен бағаналарды номерлеу.

Ұяшықты номерлеу үшін Формат→Тізім командасын немесе “Форматтау тақтасындағы”

Номерленген тізім батырмасын пайдалану керек. Бұл тәсілмен бағаналарды, жолдарды немесе ерекшеленген ұяшықтар тобын номерлеуге болады.

“Форматтау” тақтасында орналасқан номерленген тізім батырмасы көмегімен ұяшықтардыөте тез номерлеп алуға болады. Алайда, бұл жағдайда номерлеу үшін “Тізім” сұхбат терезесіндегі тағайындалған стиль пайдаланатын болды.

Кестелерді баптау.

Жұмыс кезінде мәліметтер орналасқан кестенің параметрлерін жиі-жиі өзгерту қажеттігітуады. Word –редакторында кестелерді өңдеудің көптеген мүмкіндіктері –ұялардағы мәліметтердің орнын ауыстыру және көшірмелерін алу, торлардың биіктігімен енін өзгерту т.б. бар. Келесі бөлімдерде кестелерді түзетугеарналған мүмкіндіктермен таныс болыңыздар.

Ұяшықтарды таңдау.

Түзету командасын орындамастан бұрын әрекеттер орындалатын жолдарды, бағаналарды немесе ұяшықтарды алдын ала таңдап алу керек. Word бір немесен бірнеше жолдар мен бағаналарды толығымен таңдауға мүмкіндік береді. Таңдап алынған ұяшықтарды бейнелеп көрсету үшін аққара түстіқарама –қарсы кескіндер (инверциялы) пайдаланылады.

Төменде тышқанның көмегімен кесте фрагменттерін таңдаудың әр түрлі варианттары келтірілген:

Символдар – тышқан курсорын бірінші символдың алдына орналастырып, оның сол жақ батырмасын басып алу сол басулы күйінде жібермей ұстап тұрып, курсорды –соңғы символға ауыстырыңыз да, курсор тілсызыққа айналғанда тышқан батырмасын басыңыз;

Ұяшықтар – бірінші ұяшықты немесе ұяшықтың ішіндегісін белгілеп алыңыз да, тышқанды жібермей ұстап тұрып, курсорды соңғы ұяшыққа ауыстырыңыз;

Жол – бір ұяшықты таңдағандай әрекетті орындаңыз, бірақ тышқан батырмасын бір рет емес, екі рет басыңыз.Екінші тәсіл: тышқан курсорын жолдың сол жағындағы бос кеңістікке жеткізіп, курсор қиғаш сызыққа айналдырғанда батырманы басыңыз (кестеден тыс жерде); бірнеше жолды бірге ерекшелеу үшін –тышқан батырмасын жібермей, тышқан курсорын қажетті жолдар санына төмен немесе жоғары орын ауыстырыңыз;

Бағана – таңдап алынған бағананың жоғарғы бос кеңістігіне курсорды апарып, курсор төмен қараған тіл сызыққа айналғанда оның батырмасын басыңыз(кестеден жоғары); Бірнеше бағаналарды бірден ерекшелеу үшін – тышқан батырмасын басулы күйінде жібермей ұстап тұрып курсорды қажетті бағаналар санына оңға немесе солға орын ауыстырыңыз;

Кесте – барлық жолдармен бағаналарды түгел ерекшелеп алыңыз, әйтпесе бірінші жолды толық ерекшелеп алған соң Shift пернесін басып тұрып, соңғы жолды ерекшелеңіз.

Жолдарды, бағаналарды және толығымен кестені ерекшелеу үшін Кесте менюіндегі Жолды ерекшелеу, Бағананы ерекшелеу немесе Кестені ерекшелеу командалары пайдаланылады.