Дамушы елдердегі конституциялық құрылыстың негізі

Қазіргі заманғы мемлекеттердің бәрінде де сайлау құқығы конституциялар бойынша, негізінен, институттандырылған. Сөйтіп, мысалы, Ресей Федерациясының Конституциясы бойынша Ресей Федерациясының азаматтары мемлекеттік басқару органдарына және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлауға және сайлануға құқықты.Бұл елде мемлекет басшысы оның азаматтарының жалпыға бірдей және тікелей сайлау құқығы негізінде дауыс беруі арқылы сайланады.

Сайлаулар өткізуді басқару көптеген елдерде арнайы осы мақсатта құрылатын органдар арқылы жүзеге асырылады (мысалы, Ресейде,Пакистанда, Түркияда, ФРГ-да, Испанияда, Қырғыз Республикасында,Молдава Республикасында). Бірақ, мұндай басқару қызметтері елдегі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға, яғни, сайлау өткізуге арнайы органдар құрмай-ақ, жүктелуі мүмкін.

Сайлаулар (заңмен белгіленген) сайлау округтері бойынша өткізіледі. Округтар бір мандатты (яғни, бір депутат сайланады), көпмандатты (яғни, округтар бірнеше депутаттар сайланады) болады.

Әдетте, округтар сайлаушылардың (немесе тұрғындардың) тең санына орай құрылады. Мысалы, Ұлыбританияда қауымдастық палатасына сайлау өткізу мақсатында ел 650 сайлау округтарына бөлінген. Осы қауымдастық палатасының 650 мүшелерінен 523 мүшесі Англиядан, 72-сі Шотландиядан, 38-і Уэльстен, 17-сі Солтүстік Ирландиядан сайланады.

ФРГ-да қазіргі кезде бір сайлау округі орта есеппен 222 мың сайлаушылардан тұрады. Бундестагқа сайлау туралы федеральдық заңға сәйкес округтегі сайлаушылар санының орташа айырмашылығы барлық Германия бойынша көрсеткіштің 33,35 процентінен аспауы тиіс. Заң шығарушы органның осы көрсетілген заңына сай ФРГ-да сайлау округтары оқтын-оқтын өзгертіліп отырады.

Кейбір жағдайларда бүкіл ел біртұтас сайлау округіне айналып кетеді. Ол тек бір-ақ кандидатура сайланғанда (мысалы, республика президенті) бірмандатты, сол сияқты парламенттің бірнеше мүшелері, болмаса түгел құрамы сайланғанда көпмандатты болуы мүмкін. Мұндай тәртіп, мысалы, Израильдегі бір палаталы парламент сайлау кзінде (кнессетті) қолданылады.

Сайлау округтері, әдетте, сайлау бөлімшелеріне бөлінеді. Бұл сайлау бөлімшелерінің негізгі қызметі: сайлаушылар тізімін жасау; сайлаушылады тркеу; сайлау күні дауысберуді өткізу болып табылады. Бұл арада белгілі бір мемлекеттердің қандай өзіне тән тәжірибелік ерекшеліктері болмақ? Мысалы, сайлаушыларды тіркеудің екі жолы пайдаланылуы мүмкін. Өстіп, АҚШ-та сайлаушы бір тіркелгенннен соң қайта тіркелуге келмеуі мүмкін. Тіркелудің мұндай түрін тұрақты тіркеу дейді. Ал, енді айталық, Ресейде, Түркменстанда, Латвияда, Канадада, Францияда, Болгарияда, тағы да көптегенбасқа елдерде, әдетте кезекті сайлауды (немесе белгілі мерзімнің өтуіне байланысты) өткізуде сайлаушылардың тізімі жаңадан жасалады, нәтижеде сайлаушылар жаңадан тіркеуден өтеді. Мұндай тіркелу түрін оқтын-оқтын тіркеу деп атайды.

 Унитарлық мемлекеттер қатарына: Бельги, Греция, Эстония, Қырғыстан Республикасы, Түркменстан, Украина, Армения, Жапония, Польша, т.б. жатады. Унитарлық елдер төмендегі негізгі сипаттарымен ерекшеленеді: Конституція бірлігі; мемлекеттік биліктің жоғары органдарының бірыңғай жүйесі; азаматтық бірлігі; құқықтық жүйе бірлігі; сот жүйесінің бірлігі; мемлекеттік рәміздерінің бірлігі; унитарлық мемлекет аумағы тәуелсіз мемлекет сипаттарына ие емес әкімшілік-аумақтық жеке бірліктерге (жергілікті басқару органдары мемлекеттің орталық огандарына бағындырылған) бөлінеді.

Сол секілді басқа да унитарлық мемлекеттер (Ұлыбритания Испания, Дания, Финляндия ) бар. Олардың мемлекеттік құрылымы Еліні кейбір аумақтарында автоноиялы әкімшіліктері болуымен ерекшеленеді. Атап айтқанда Ұлыбритания құрамына Шотландия мен Солтүстік Ирландия енеді, олар шектеулі автономиялық құқықтарды пайдаланады. Шотландия өзіне керекгінде өзінің құқықтық және соттық жүйесіне өзі ие әрі өз шіркеуі бар. Ал, Солтүстік ирландия аумақтық жартылай автономиялық құқық берілген, ол өзінің екі палатадан: қауымдық палата (Елу екі мүшесі бар, олар бес жыл мерзімге тікелей дауыс беру арқылы сайланады) және сенаттан (қауымдық палата сайлайтын 26 мүшеден) кабинеттен (Премьер министр бастаған сегіз министр) тұрады. Солтүстік Ирландияда атқарушы би лікті губернатор атқарады.