Парламент. Оның жоғарғы билік органдарының жүйесіндегі рөлі

Ең алдымен бір палаталы, екі палаталы (бикамерикалық), кейде ерекше жағдайларда (мысалы, Оңтүстік Африка Республикасының 1984 жылғы Конституциясы бойынша парламентке ақ түстулер, түрлі түстілер және индиялықтар үші жеке палаталар құрылған) үш палаталы парламенттер бар екенін де ескеруге тура келеді.

Парламенттердің құрылу реттері, әрине, олардың ең алдымен құрылымына байланысты болады. Мысалы, бикамерикалық парламенттердің төменгі палаталаыры мен бір палаталы парламенттер іс жүзінде барлық елдерде тікелей сайлау арқылы, яғни, тұрғындардың тікелей дауыс берулері арқылы сайланады. Ал, жоғарғы палаталардың құрылу тәртібініің біраз ерекшеліктері бар әрі оның төменгі палаталардың құрылу тәсілдерінен өз айырмашылығы бар. Төменде, сол ерекшеліктердің негізгілері жайлы айтып өтейік.

  1. Көптеген елдерде парламенттің жоғарғы палатасы тікелей сайлау арқылы құрылмайды. Осының дәлелі ретінде идиялықтардың парламентінің штаттар Одағы мүшелері екі стылы сайлау жолымен сйланады. Осындай екі сатылы сайлау арқылы Норвегия парламенті де (сотрингтер) құрылады. Сайлаушылар парламент депутатарын палаталарға бөлмей сайлайды. Кейін барып, стортингтер депутаттары жоғарғы палатаны (лагтинг) сайлайды. Олар барлық депутаттардың төрттен бір бөлігінен тұрады. Ал, қалған депутаттардың төрттен үш бөлігі төменгі палатаны (одельсинг) құрайды. Ал, енді Францияның Жоғарғы палатасы (сенат) үш сатылы сайлау арқылы сайланды.
  2. Парламенттердің жоғарғы палатасы тікелей сайлау арқылы сайланады. Бірақ ,төменгі палаталардың құрылу барысында қолданылтын реттерден белгілі бір айырмашылықтар болады. Мысалы, АҚШ-та бір сайлау корпусы конгрестің екі палатасының да (жоғарғы палатны –сенатты және төмнгі палатны- өкілдері палатасын) депутатаырн сайлайды. Алайда, есте тұратын бір жағдай жоғарғы палата құрамы палата өкілдерінің сайлауындай аумақтық бір мандатты сайлау округі бойынша сйланбайды, олар әрбір штаттан екі сенатордан сайланады. Дауыс беру нәтижелері мажоритарлық жүйе бойыша көпшілік даусымен анықталады.

Италияның екі парламентінің палатасы да тікелей елдің тұрғындары арқылы сайланады. Алайда, сенат  сайлауында (жоғарғы палата)мажоритарлық та, тепе-теңдік те сайлау жүйелері қолданылады. Бұл елдің қолданыстағы заңдарына байланысты сенат  мүшелері обылыстарға бөлінген сайлау округтары бойынша сайланады. Ең көп дауыс алумен бағалау арқылы өткен депутат сайланады деп саналады.

Жапония парламнтінің жоғарғы палатасына (кеңестер палатасы) 152 депутат префектуралық 47 сайлау округтернен, ал қалған 100 депутат саяси партиялар тізімі бойынша сайланды.

   3.Тікелей сайлау арқылы жоғарғы палаталардың құрылуы. Дәл осы жолмен ФРГ парламенттінің (Бундесрат) жер өкілдігі палатасы құрылады. Ол 16 жер өкілдігі мүшелерінен тұрады. Бұларды ФРГ өкіметі тағайындап, кері шақыра алады. Бундесратқа жер өкілдерінің санына байланысты тағайындалады. Оның үстіне Бундесрат мүшелері жер өкіметі шешімімен тағайындалғандықтан, жер өкілдіі палатсыан сайлау өткізілмейді. Бундесрат (мәңгілік) орган болып табылып, жерлерде болатын сайлаулар нәтижелерінде оқтын-оқтын өз құрамын өзгертіп, соның әсерінен өкімет құрамын да өзгерістерге ұшыратып отырады. Бундесрта жер өкілдері арасынан белгілі кезекпн бір жыл мрзімге өз президентін сайлайды. Бундесрат президенті Федералдық президент қызметін, егер ол қызметін атқаруға қабілетті болмаса, атқарады.

  1. Кейбір елдерде парламенттің жоғарғы палаталары аралас жолдармен құрылады. Мұндай реттер барысында сайланатын және тағайындалатын, сол секілді мирасқорлық (оған Бегия мен Ирландия сенатын мысалға айтуға болады) элементтер қатар жүреді. Италия сенаты құрамына өмірлік сенаторлар, құқықтық қақы барлар (республиканың бұрынғы президенттері), сол секілді ел президентің өзі тағайындайтын еңбегі сіңген , абыройлы бес азамат енеді.

Венесуэлада Республика Президенті қызметін халықтық сайлауда дауыс беру нәтижесінде немесе президентін міндетін Конституциялық мерзімінің жартысынан көп мезгілінде атқарушы (егер ол әрине, президеттік қызметін атқарған кезінде еш қандай құқық бұзушылық жасамаса) әрбір азамат сенатор болуға құқығы бар. Индия парламентінң штаттар Одағының 12 мүшесін президент тағайындайды (олар әдебиет, ғылым, өнер және қоғамдық қызметтен тәжрибесі бар немесе арнайы атақтары барлардан алынады).

  1. Парламенттің төмнгі палатасы санына қарағанда жоғарғы палата санының аз болуы. Оғын мысал ретінде Францияның 577 депуттардан тұратын төменгі палатасына (ұлттық жиналыс) қарағанда жоғарғы палатасы (сенат) 318 сенаторлардан тұратынын айтуға болады. АҚШ-тың сенаты – 100 сенаторлардан, ал өкілдік палтасы 435 мүшелерден тұрады. Ал ,Жапония парламенті 250 кңесшілерден және 511 өкілдерден құралады.
    • Әдетте, Жоғарғы палата мүшелерінің өкілеттік мерзімі ұзағырақ болады. Мысалы ,Жапонияда Жоғарғы палата мүшлеріңн (кеңсшілер палатасы) өкілеттігі – 6 жыл, ал төменгі палата мүшелері (өкілдік палатасы) – 4 жыл ғана, АҚШ- та төменгі палата 2 жылға сйланса, ал сенаторлар 6 жылға сайланады.
    • Парламенттердің жоғарғы палаталары құрылымына ішінара жаңарту тәртібін енгізу Мысалы, әрбір үш жыл сайын Франция сенатының үштен бір бөлігі қайта сайланады; әрбір екі жылда АҚШ сенатының үштен бірі жаңартылады; әрбір үш жылда Жапония палата кеңесшілері қђрамының жартысы жаңартылады.
  1. Кейбір елдерде жоғарғы жѕе тљменгі палаталарға сайлаулар бір мезетте өткізілмейді. Франция сенатқа және ұлттық жиналысқа сайлауды бір кезеңде өткізбей, әртүрлі уақытта өткізеді. Жапонияда да осындай тәртіптен өткізіледі.

  Шеттелдер тәжірибесінде Жоғарғы палатаның феодалдық тәсілінен құры түрі де кездеседі. Мысалы, осы тәілде қолданылатын Ұлыбританияда лордтар палатасы құрамына төмендегілер кіреді:

  • мұрагерліктер пэрлер, яғни, бароннан төмен емес титулдарды иеленген мұрагерлікті дворяндар династиясы бұлар титулммен бірге парламенттің жоғарғы палатасына мұрагерлікті сақтай ала отырып, оның мұрагерлеріне бере де алады.
  • өмірлік пэрлер, яғи, ерекше ееңбкетері үшін барон немесе баронэсса деген , мұрагерлікке беру құқы берілммммеген, дворян титулдарына ие болғандар.
  • 26 рухани лордтар (контербери және иорктк архипскоптар, лондон, Дарен және Уинчестер епископтарымммен ағылшын шіркеулері бас епископтарының 21 өкілі), бұлар шіркеулік лауазымдарда қызмет етіп жүрген кезде ғана палат мүшелер болып саналады.

Шағым арыз бойынша 20 лорд корльдік актімен өмірлікке тағайындалып, ерекше жалақы алады. Лордтар палатасының сандық мөлшері заңмен анық көрсетілммеген сондықтан да монрхкерлер титулын беру құқығын пайдалана отырып ,олардың құқықтарн үздіксіз толықтырып жоғарғы палата құрамын шексіз ұлғайта алады.

Шетелдердің конституцияларын құқықтық-салыстырма тәсілімен талдай отырып, белгілі бір өзіне тән ерекшелік сипаттарына қарамай, бәрінде де парламент мемлекеттік биліктің жоғары өкілеттік органы болатынын көреміз. Сондай-ақ Парламенттің, сайып келгенде, заң шығарушылық қызметіне, мемлекеттік бюджетті қабылдауда, мемлекет басшыларын және одан да басқа мемлекеттік билік органдарын құруда, сол сияқты заңдарды орындау барысы жайлы үкіметті бақылауда шексіз құқыққа ие болатыны анықталды.

Мысал ретінде АҚШ Конституциясын алайық. Оның 1-бабына көз жүгітсек, АҚШ-тың конституция заңдарына байланысты барлық заңдық өкілеттік сенат пен палаталар өкілдерінен  тұратын Құрама Штаттары Конгресіне берілетініне куә боламыз. Сол сияқты Жапония Конституциясының 41-бабында да: “Мемлекеттік биліктің  жоғары органы және мемлекеттің бірден-бір заң шығарушы органы Парламент болып табылады”,-деп жазылған.

Эстония Республикасы Конституциясында заң шығарушылық билігі Мемлекеттік жиналысқа тиесілі(59-бап) екені жазылған. Осы Конституцияның 65-бабында Мемлекеттік жиналысқа негізгі өкілеттік құқық бекітіліп, осыған орай Мемлекеттік жиналыс; заңдарды қабылдайды;  Президентті сайлайды: Премьер-министрге немесе министрлерге сенімсіздік жайлы шешім қабылдайды; мемлекеттік бюджетті қабылдап, оның орындалуы жайлы есепті бекітеді: Президенттің ұсынысымен  Мемлекеттік сот төрағасын, Эстония банкі кеңесінің төрағасын, мемлекеттік бақылаушыны, әділет канцлерін, Қорғаныс күштерінің қолбасшысын немесе Бас қолбасшысын тағайындайды, сондай-ақ елдің Конституциясына сәйкес, Мемлекеттік өмірдің басқа да мәселелерін шешеді.

Туркия Республикасы Конституциясының: 7-бабында: “Түрік ұлты атынан заң шығарушылық міндеті Туркияның Ұлы ұлттық жиналысына тиесілі. Бұл міндет еш уақытта ажыратылмайды”, -деп жарияланған. Осы Конституцияның 87-бабында Ұлы ұлттық жиналыс міндетіне: заңдарды шығару, өзгерту, жою, Министрлер Кеңесі мен министрлерді бақылау; Министрлер кеңесіне белгілі бір мәселелер бойынша заң күшіне ие қарарлар қабылдауға өкілеттік береді; Мемлекеттік бюджет жайлы заң жобаларын қарап, әрі оның орындалуын бекітеді, тағы басқа да конституцияда қарастырылған мәселелерді шешеді. Сондықтан мемлекет басшысын да Ұлы ұлттық жиналыс сайлайтыны жайлы ескерте кетеміз.

Қырғыз Республикасында, Конституцияның 54-бабына сәйкес “Қырғызстан Республикасында Жоғарғы Кеңес тұрақты жұмыс істейтін жоғары өкілетті орган. Жоғарғы Кеңес заң шығарушылық бөлікті жүзеге асырып, сондай-ақ бақылау қызметтерін де орындайды”, -деп жазылған. Міне, осы ұқсас ережелер дүние жүзіндегі барлық жазылған конституциялардың бәрінде де бекітілген.

Депутаттардың  құқықтық жағдайы конституцияның, конституциялық және де басқа заңдар, регламент пен әдет-ғұрып арқылы анықталады.

Парламент депутаты әдетте тұрақты негізде жұмыс істейді, яғни, ол уәсіби парламентари болып есептеледі. Басқаша айтқанда, депутаттық қызмет ешқандай мемлекеттік немесе басқада қызметпен сиыспайтын тек бір ғана заңды депутаттық жұмысымен айналысуды талап етеді.

Алайда, кейде өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, Түркменстанның 1992 жылғы 30 қыркүйектегі “ халық өкілдері мәртебесі туралы” атты заңына сәйкес Халық өкілі Түркменстанның халқ билігінің жоғары өкілетті органы-халық маслихатына тікелей халықтың өзі сайлайтын мүшесі болып табылады.

Халық өкілі өзінің өкілетттігін тегін, яғни, өнеркәсіптегі орнынан, қызметінен немесе қоғамдық қызметінен қол үзбей атқарады.

Аралас шетел мемлекеттерінің мемлекеттік тәжірибелерін зертттеу барысында парламент депутаттары өзінің сайлаған округтің сайлау корпусын ғана емес, бұл ұлттық өкілі болып табылатынына көзіміз жетеді. Мұны депутаттарға бұйрықты мандат беріліп әрі кері шақырып алуына тиым салынғанынан –ақ көреміз. Сондай-ақ, Италия конституциясы бойынша: парламенттің әрбір мүшесі барлық ұлттың  өкілі болып табылады, әрі өз қызметін міндетті мандатсыз атқарады. Ал, Франция конституциясына сай: кез келген бұйрықты мандат заңды емес. ФРГ –ның негізгі заңында төмендегіше: Германия Бундестагының депутаттары ешқандай жарлық пен тапсырмаға жүгінбейтін, тек өз ар-ожданы үшін ұштасатын бүкіл халықтың өкілі.

Алайда, мұндай бұйрықты мандат пен  кері қайтарып  алу құқығына тәуелсіз парламент депутаттарын толығымен тәуелсіз деп те айтуға болмайды. Мұндай тұжырымға айтар нақтыдәлеліміз бар. Сонымен, әдетте, депутат бір партияның мүшесі болып, партиялық тәртіпке саналы түрде бағынады, сайып келгенде, депутат сайлау кампаниясында өзін қаржыландырғандарға  тәуелділіктен шыға алмайды; сондай-ақ болашақ депутат өзі дауысқа түсетін округтік сайлау корпусына да тәуелді келеді. Өйткені, оның тағдыры ақыр соңында дауыс беру арқылы шешілетіні анық.

Депутаттық мандатқа төмендегі екі негізгі құрам: индемнитет және иммунитет кіреді.

Индемнитетке келсек, депутат парламенттік қызметі үшін, оған кететін қаржылық шығындарды қоса есептегенде, лайықты сыйлық алады.

Мысалы, американ конгрессменінің бір жылдық депутаттық индемнитеті 133.600 доллардың үстінде.

Германия Бундестагы депутатарының қаржылай тәуелсіздігі  оның Бундестагтағы депутаттық орнына сәйкес келетін қаржылай жалақымен(диета) қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, ФРГ парламенті құрамында кемінде 8 жыл істеген депутаттар зейнетақы жасына жеткен кезде зейнетақымен қамтамасыз етіледі.

Канада парламенті қауымдастық палатасының депутаты, мысалы, 1987 жылы бір жылда 56.100 канада доллары (1Канада доллары-0,77 АҚШ доллары) көлемінде жалақы алған. Оның үстіне жыл сайын салық салынбайтын  18.700 доллар көлемінде жәрдемақы берілген. Сондай-ақ, депутат өз резиденциясын, Оттавадағы және өз сайлау округіндегі штатты қызметкерлерін ұстап тұру үшін жылына 100.400 доллар көлемінде дотация алған, тағы да депутаттың сапарларға жүріп-тұру, телефонмен сөйлесу, почталық және т.б. щығындарын қазына көтеретінін айтуға болады.  Сөйтіп, қауымдастық палатасының бір депутатына бір жылда орташа есеппен кеткен шығын 300 мың долларға түскен (Канада адам басына шаққанда орташа табыс 15 мың долларды құрайды).

Литва Республикасының (1992 жылғы 19 қараша) “Литва Республикаы Жоғарғы Кеңесі депутаттары мен Үкіметі мүшелерін әлеуметтік тұрғыда қамтамасыз ету туралы” заңына сәйкес   “Литва Республикаы Жоғарғы Кеңесі депутаттары мен осы жоғары кеңес ұйымдастырған үкіметтің мүшелеріне, олардың өкілеттік мерзімі мөткеннен соң, олар қызметтен босағанғанда орташа қызметкерлер жалақысының 6 айлық көлемінде жәрдемақы төленеді. Сондай-ақ, Жоғарғы Кеңес депутаттарына 6 айлық пайдаланылмаған демалыс ақысы төленген.

Егер Жоғарғы Кеңес депутатының немесе Үкімет мүшесінің өкілеттік мерзімі әйелдер үшін – 52, ерлер үшін – 57 жаста немесе әйелдердің жұмыс стажы 30 жылдан, ал ерлердің жұмыс стажы 35 жылдан кем болмаған жағдайда тоқтатылса, онда оларға алыпжүрген еңбек ақы мөлшерінің 75 проценті көлемінде зейнетақы тағайындалады.

Ұлыбританияда қауымдастық палатасының мүшелері алатын жалақының бір жылдық мөлшері 37.854ф. ст. Оның үстіне жылына офис ұстауға, жүріп-тұру шығындарын төлеуге, Лондонда жалдап тұратын үй үшін және т.б. жағдайларға бөлінеді. Қауымдастық палатасының мүшелері сонымен қатар Вестминстер сарайы мен өзінің сайлау округтері аралығына, Вестминстер мен үйі арасында, Құрама корольдіктің кез келген жеріне, егер бұл  сапар тікелей қызметтік міндеттеріне байланысты болса, тегін жүріп-тұруға құқы бар. Оның үстіне парламент депутатына кеңселік-хатшылық шығындар: хатшы немесе көмекші жалдауға, кеңсеге қажетті құрал-жабдықтарға, қызметкерлерге жалақы төлеу мен жалдап алынған жұмыскерлерді қамсыздандыруға қаржы бөлінеді.

Ал, лордтар палатасы мүшелері парламентте істегені үшін ешбір ақы алмайды. Оларға тек парламент қызметіне байланысты болған көлік және тағы басқа шығындар ғана төленеді.

Жапония Парламенттінің қатардағы депутаттары ай сайын 1 млн. иен мөлшерінде айлық алады (жапондардың жалдамалы жұмысшының орташа айлық табысы 350-400 мың иен), ал екі палатаның төрағаларын қаржылап қамтамассыз ету үшін 1 млн. 835 мың иен белгіленген. Оның үстіне палата төрағалары, олардың орынбасарлары, парламент комиссияларының арнайы және тұрақты басшылары жұмыс істеген кезінде (жұмыс күні конституцияда белгіленгендей 150 күн), бір күнге есептегенде, 4500 иеннен қосымша сыйлық ретінде жалақы алады. Оларға темір жол мен ұшақтарды пайдаланғаны үшін жарым-жартылай шығындары өтеледі. Ай сайын депутаттарға көлік, почта шығындары үшін мемлекеттік қазына 750 мың иен қаржы төлейді. Токиодан алыс префектурадан келген барлық парламентарийлар қазыналық пәтерлер мен қамтамассыз етіледі. Парламент депутаттары жұмысқа екі хатшы жалдауға құқылы. Оларға әр айда 280-400 мың иен жалақыны мемлекет қазынасы төлейді. Оның үстіне белгілі бір жағдайларға орай парламентарий мемлекеттік қаржылдандырудың қосымша көзі есебінен өз хатшыларының немесе көмекшілерінің қосымша санын 10 адамға дейін жеткізе алады. Парламент депутаттарына автомобильдер берілмейді, бірақ парламент жанында әрбір депутатқа қызмет көрсететін арнайы автопарк бар. Әрбір парламент фракциялары өзіне енетін депутаттар санына байланысты белгілі бір мөлшерде жеңіл машиналарды пайдалануға құқылы. Ерекше тәртіп ретінде парламенттік қызмет стажы 25 жылдан асқан адамға автомобиль беріледі.

Парламент депутаттарына нақты бір мемлекеттерде берілген иммунитетке сәйкес, олардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін, бірқатар құқықтар мен артықшылықтар беріледі. Сонымен қатар: сөз және дауыс беру бостандығы, депутаттың дербес құқығы. Сонымен, ФРГ-де депутат парламентте айтқан сөзі үшін ешқандай қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Ал, депутаттық дербес құқықты алсақ, депутат қылмыс үстінде ұсталғаннан басқа жағдайларда, парламенттің немесе оның тиісті палаталарының санкциясынсыз оны қылмыстық қудалауға немесе қамауға алуға болмайды. Иммунитетінен айыру тек депутаттың өз палатасы шешімімен ғана жүзеге асырылады.

Депутаттық мандаттың әрекет ету мерзімінің тоқтатылуы: парламенттік өкілеттік мерзімі аяқталғанда; депутатқа сайланған мерзімі өткенде; депутаттың өлуі нәтижесінде; депутатты мандатынан айырған жағдайда; сайлауды заңсыз деп тапқан кезде. Парламент әдетте өз депутаттарының өкілеттігіне жоғарғы сот іспетті болады. Сондықтан да, ол депутатты депутаттық иммунитетінен ғана айырып қоймай, сондай-ақ оның мандатын заңсыз деп тануға да құқығы бар.

Парламент қызметін ұйымдастыру. Франция Парламентінің  Ұлттық жиналысы өзінің төрағасын  өзінің өкілеттілігінің барлық мерзіміне сайлайды. Парламент төрағасы  мемлекетте ресми түрдегі төртінші адам болып саналады (Республика Президенті, Премьер-министрі, Парламенттің жоғарғы палатасы – Сенатының төрағасынан кейінгі). Ол палаталар қызметінде үлкенде нақты рөлге ие. Жарыс сөздерді дайындап және ұйымдастырады, пікір-таласты басқарады, регламенттің сақталуын қадағалайды, тәртіпті қамтамасыз етеді; отырысты кез келген кезде үзуге, тоқтатуға құқықты (бірде бір депутат төрағадан рұқсат алмай сөйлеуге құқығы жоқ); Ұлттық жиналыстың дұрыс жұмыс істеуіне жауап береді. Ол сондай-ақ Ұлттық жиналыстың Бюро отырысына төрағалық етеді. Оған Конституциялық кеңестің тоғыз мүшесінің үшеуін тағайындау құқы берілген. Ол бұл Кеңеске не ол, не бұл заң, не келісім  констиитуцияға дұрыс келмейді деп тапса, онда қалаған кезінде өтінішпен баруға құқылы.

Сенат төрағасы әр 3 жылда, Сенат жаңартылғаннан кейін қайта сайланады, әр Ұлттық жиналыс төрағасы иеленген құқықтарды иеленіп, пайдаланады.

АҚШ Конгресі өкілдері палатасының спикері – Конгрестің бірден-бір өте беделді қайраткері. Бұл орынға кандмдатураны палатадағы ең көп фракция ұсынады және палата отырысында бекітіледі. Палата спикері палата жұмысына төрағалық жасайды, ең көп фракцияны басқарады, заң жобаларын қарау тәртібін белгілейді, қабылданған заң жобаларын комитеттерге жібереді, реттік мәселелердің бәріне соңғы шешім шығарады. Оған палата мүшелеріне сөз беру не сөз бермеу құқығы берілген. Конгрестегі оның ықпалымен, салмағымен санаса отырып елдің Президенті, кабинет мүшелері спикермен іскерлік байланыс жасайды және саяси мәселелер жайлы оны хабардар етіп отырады. Спикердің рөлі әсіресе әкімшілікпен қарым-қатынаста, егер президент басқа партияға тиісті болып, ал өкілдер палатасын басқа партия бақылайтын кезеңде күшейе түседі.

Сенат төрағасы болып АҚШ-та президент саналады. Вице-президент сенат төрағалығы міндетін оқтын-оқтын атқаратындықтан, көпшіліктен тұратын фракция ұсынысымен Сенат өз қатарындағы көпті көрген, құрметті қайраткердің бірін уақытша төраға етіп сайлайды. Ол өзіне бұл фракцияны қабылдап алып, Сенат қуаттаған заң жобаларына қол қояды. Әрине, Сенат төрағасының қызметі мен өкілеттік аумағы өкілдер палатасының спикері қызметі мен өкілеттік аумағына қарағанда маңыздылығы жағынан кемшін жатады.

Ұлыбританияның лордтар палатасына лорд-канцлер – Үкімет мүшесі төрағалық етеді (ол пэр болмаса, онда бұл палата құрамына енбейді, ал пэр болса, онда жарыссөздерге де, дауыс беруге де қатысады) Лорд-канцлердің лорд палатасының отырысын жүргізудегі рөлі онша емес: ол лордтарға жарыссөзде сөз бере алмайды, тәртіп жөніндегі билікке де ие емес. Лорд-канцлер жоқ кезінде палата отырыстарын оның орынбасары (комитеттердің лорд-төрағасы. Оны әрбір сессия басталғанда тағайындайды. Ол жоғарғы палатаның барлық комитеттерінде төрағалық етеді). Лорд-төраға және оның бірінші орынбасары лордтар палатасының қызметкері болып есептелініп, жалақы алады. Сондай-ақ, лорд палатасының тұрақты қызмет адамдарынан палата хатшысын ерекше айта кеткеніміз жөн. Хатшы палата отырысының күн тәртібін әрі монарх жолдауын оқып, таныстырады, қауымдастар палатасына жіберілетін заң жобаларына қол қояды, екі палата қабылдаған заң жобаларын сақтайды. Одан соңғы тұрақты қызмет атқаратын – герольдмейстер (“Қара желз”, “аса таяқ”). Ол палата мүшелерін монархтың таққа арналған сөзіне шақырады, парламент этикасын бұзушы – кінәлі адамдарға берілген бұйрықты орындайды. Вестминстер сарайының лордтар палатасы жайғасқан бөлігінің тәртібі мен қауіпсідігіне жауап береді. Лордтар палатасы заң шығарудың мемлекеттік тетігін, бюджет-қаржылық және сот салаларын жетілдіруде, сондай-ақ үкімет қызметін қадағалау ісінде айтарлықтай рөл атқарады. Сонымен қатар лордтар палатасы жоғарғы апеляциялық саты болып табылады.Жапония парламенті депутаттары  жайлы статистикалық деректерге жүгінгенде, төменгі палатаның 511 депутаттарының 170-іне жуығы әулетімен саясаткерлер екеніне көз жеткіземіз. Сондықтан болар,  қазіргі кезде төменгі палата депутаттарының 30 проценттейі бұрынғы жергілікті дәрежедегі саяси қайраткерлерден тұрады. Парламентария арасында одан кейінгі орынды- бұрынғы кәсіподақ қайраткерлері мен мемлекеттік қызметкерлер иеленеді. Сондай-ақ төменгі палата мүшелері арасында бұрынғы хатшылар, парламентарийлердің жеке көмекшілері (76 депутат) бар. Парламентария арасында 16 журналист, 28 заңгер,  22 кәсіпкер, саяси партиялардың штаб-пәтерінің 29 қызметкері бар.

Ал, әйелдер саны қазіргі жұмыс істеп жатқан төменгі палата құрамында небәрі 14-ақ адам (бұрынғы құрамда да небәрі 12 адам, яғни, 2,3 проценттей ғана болған). Соған қарамастан соғыстан кейінгі Жапонияда бұл көрсеткіш ең жоғары көрсеткіш болып отыр.

Қазіргі төменгі палатадағы депутаттардың орташа жасы-53,9, парламенттегі ең қарт депутат –86 жаста, ал ең жас депутат жасы –26. Барлық депутаттардың универстеттік дипломдары бар.

 

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!