Сайлауды өткізудің ұйымдасуы мен тәртібі

Қашан да, қай елде сайлау заңмен белгіленіп көрсетілген мерзімде өткізіледі. Мысалы, Президенттік республикаларда парламент сайлауы белгілі бір уақыт кесімінде, қатаң белгіленген мерзімде өткізіледі. Мысалы, Ақш-та жұп жылдарының қараша айының бірінші дүйсенбісінен кейінгі бірінші сейсенбісінде өкілдік палатасының түгел құрамы және сенаттың үштен бір бөлігі қайта сайлаудан өтеді.

Ал, парламенттік республикалар мен парламенттік монархияларда сайлаулар,әдетте, жалпыұлттық өкілетті органдардың өкілетті мерзімі аяқталғаннан кейін ғана өткізіледі. Мұндай сайлаулар кезекті сайлаулар деп аталады. Ал, кезектен тыс сайлаулар парламентті мерзімінен бұрын таратқанда, лауазымнан айырғанда, ел басшысының және т.б. сайланушы тұлғалардың отставкаға кетуіне не өлуіне байланысты өткізіледі.

Жайшылықта сайлау мемлекеттік-құқықтық актілерге сай жарияланады. Әрі осы мемлекеттік-құқықтық актілерде қарастырылғандай мерзім ішінде сайлау кампаниялары басталып, дауыс беру басталардың алдында аяқталады.

Сайлаулар өткізуді басқару көптеген елдерде арнайы осы мақсатта құрылатын органдар арқылы жүзеге асырылады (мысалы, Ресейде,Пакистанда, Түркияда, ФРГ-да, Испанияда, Қырғыз Республикасында,Молдава Республикасында). Бірақ, мұндай басқару қызметтері елдегі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға, яғни, сайлау өткізуге арнайы органдар құрмай-ақ, жүктелуі мүмкін.

Сайлаулар (заңмен белгіленген) сайлау округтері бойынша өткізіледі. Округтар бір мандатты (яғни, бір депутат сайланады), көпмандатты (яғни, округтар бірнеше депутаттар сайланады) болады.

Әдетте, округтар сайлаушылардың (немесе тұрғындардың) тең санына орай құрылады. Мысалы, Ұлыбританияда қауымдастық палатасына сайлау өткізу мақсатында ел 650 сайлау округтарына бөлінген. Осы қауымдастық палатасының 650 мүшелерінен 523 мүшесі Англиядан, 72-сі Шотландиядан, 38-і Уэльстен, 17-сі Солтүстік Ирландиядан сайланады.

ФРГ-да қазіргі кезде бір сайлау округі орта есеппен 222 мың сайлаушылардан тұрады. Бундестагқа сайлау туралы федеральдық заңға сәйкес округтегі сайлаушылар санының орташа айырмашылығы барлық Германия бойынша көрсеткіштің 33,35 процентінен аспауы тиіс. Заң шығарушы органның осы көрсетілген заңына сай ФРГ-да сайлау округтары оқтын-оқтын өзгертіліп отырады.

Кейбір жағдайларда бүкіл ел біртұтас сайлау округіне айналып кетеді. Ол тек бір-ақ кандидатура сайланғанда (мысалы, республика президенті) бірмандатты, сол сияқты парламенттің бірнеше мүшелері, болмаса түгел құрамы сайланғанда көпмандатты болуы мүмкін. Мұндай тәртіп, мысалы, Израильдегі бір палаталы парламент сайлау кзінде (кнессетті) қолданылады.

Сайлау округтері, әдетте, сайлау бөлімшелеріне бөлінеді. Бұл сайлау бөлімшелерінің негізгі қызметі: сайлаушылар тізімін жасау; сайлаушылады тркеу; сайлау күні дауысберуді өткізу болып табылады. Бұл арада белгілі бір мемлекеттердің қандай өзіне тән тәжірибелік ерекшеліктері болмақ? Мысалы, сайлаушыларды тіркеудің екі жолы пайдаланылуы мүмкін. Өстіп, АҚШ-та сайлаушы бір тіркелгенннен соң қайта тіркелуге келмеуі мүмкін. Тіркелудің мұндай түрін тұрақты тіркеу дейді. Ал, енді айталық, Ресейде, Түркменстанда, Латвияда, Канадада, Францияда, Болгарияда, тағы да көптегенбасқа елдерде, әдетте кезекті сайлауды (немесе белгілі мерзімнің өтуіне байланысты) өткізуде сайлаушылардың тізімі жаңадан жасалады, нәтижеде сайлаушылар жаңадан тіркеуден өтеді. Мұндай тіркелу түрін оқтын-оқтын тіркеу деп атайды.

Дауыс беру мәселесін сөз ететін болсақ, әдетте оны әркім жеке өзі жүзеге асырады. Сол секілді, көптеген елдердің заңдары (мысалы, Ұлыбритания, АҚШ, ФРГ) кейбір жағдайларда дауыс беруді почта , сенімхат арқылы ұйымдастыруды сондай-ақ өкілінің дауыс беруін (сауатсыздар, аурулар үшін) қамтамасыз етеді. Ал, көптеген елдерде міндетті дауыс ережесі қарастырылған. Осыған орай Италия Конституциясында дауыс беруге әркімнің жеке қатысуы азаматтық борыш саналса, Лукцембургте дауыс беруден бас тартушыларға қаржылық айып жазасы (штраф) кесілетінін айта кеткеніміз жөн.Дәл осындай жағдайда Австрия онституциясы төрт апталық түрмеге отырғызу не мың шиллинге дейін айп салуды көрсеткен.

Сайлаудың нәтижесі сайлауға қатысқан барлық сайлаушылардың дауысын есептеп шығарғаннан кейін анықталады.

Әрине, сайлау кампаниясының ең маңызды кезеңі депутаттыққа кандидаттар ұсыну болып табылады. Мысалы, Ұлыбританияда сайлау округтеріне ұсынылатын кандидаттардың саны шектелмейді. Кандидаттарды ұсыну (номинация) сатысы өте қарапйым. Кандидат сайлау жөніндегі шенеунікке номинация туралы құжаттарын өткізуі тиіс. Бұл құжатты кандидаттың өзі толтырып адам қол қойса болғаны. Сол секілді сайлау жөніндегі шенеунікке номинацияға келісім жайлы арызын беріп сайлау кепілдігін (150фунт стерлинг мөлшеріндегі сайлау кепілдігі, егер оған дауыс берушілер саны 12,5 проценттен аз болса кандидатқа қайтарылмайды) төлеуі тиіс.

Швейцарияда депутаттыққа кандидатты тіркеу үшін тиісті ресми органға 15 адамнан аз емес сайлаушылар қол қойған петиция (арыз) тапсыруы қажет. Мұндай ұсыныстар саяси партиялардың (мысалы, Ресейде, Литвада) атынан енгізілуі мүмкін.

Шетел заңдары сайлау кампанияларын жүргізу тіртібімен шарттарын әр түрлі көлемде анықтайды. Бұл жөнінде Англия заңдарына көңіл қоюға болады. Олар кандидаттардың мінез-құлқын және олардың сайлаудағы тараптастарын жан-жақты реттейді. Заң сайлау кезінде теңдей мүмкідіктер қамтамасыз ету үшін кандидаттарға белгілі құқықтар береді. Әрі онда кандидатқа берілген арнайы құқықтар ерекше көрсетіледі. (мысалы, әрбір сайлаушыға сайлау алдындағы үндеуін тегін таратуға сайлау алдында жиналыстар өткізу үшін муниципальдық мектептер үйін жалдауға т.б.). мұнымен бірге заңда кездесіп қалатын әртүрлі құқық бұзушылықтар да қарастырылған. Ондай құқық бұзушылықтар негізіне сайлау кампанияларын жүргізуде және сайлау кезіндегі әділетсіздік пен заңсыздықтарға байланысты өрбитіні жасырын емес. Әділетсіздік әдістері: параға сатып алу, сайлаушыларға түскі ас есебінде қабылдаулар жасап сый көрсету, көңілдерін көтеру, күш көрсету, қорқыту, мәжбүрлеу арқылы әсер ету сайлаушыларды сапырылыстыру сайлау шығындарын өтірік бекіту, кандидат не оның өкілі (агент) рұқсатынсыз сайлау шығындарын төлеу т.б. сияқты болады. Сол секілді заң кандидаттыңнемесе сайлау жөніндегі оның агенттігінің рұқсатынсыз, жұрт алдында ашық жиналыста өткізуге, жарнамалық хабарландырулар бастыруға немесе сайлаушыларалдында пікір ойларды білдіруге басқа да мүмкіндіктерді пайдалануға кандидаттың шығын шығаруға тыйым салады. Сонымен қатар өздігінен жазалауға жатпайтын бірақ сайлау жөніндегі заң ұйымдарына нұқсан келтіретін іс-әрекеттер де заңсыз деп саналады. Оған заң бойынша көрсетілген сайлау шығындары мөлшерін әдейі шамадан тыс көтеру дауыс беретін жерге сайлаушыларды әкелгені үшін сый көрсету сайлаушыға плакаттарды көтеріп жүріп көрсеткені үшін төлем төлеу үшін сайлау барысында әсер ету мақсатында елден тыс жерлерде хабарлағыш, таратқыштарды пайдалану сияқты іс-әрекеттермен тәсілдер жатады. Сот кандидатты сайлауды әділетсіз және заңсыз іс-әрекеттермен тәсілдерді пайдаланған деп тапса, онда ол сайлауды жарамсыз деп жариялауға құқылы.

Демократияның тікелей әрі маңызды түрі референдум болып саналады. Осыған орай Өзбекстан Республикасының Конституциясының 9-бабында “Қоғамдық және мемлекеттік тұрғыдағы ең маңызды да көкейкесті мәселелер халықтың талқылауына шығарылып жалпы дауыс беруге ұсынылады (референдум) делінген.

Референдумды өткізу тәртібі заңмен белгіленеді. Қырғыз Республикасы Конституциясының 1-бабы бойынша “ халықтың еркін анықтап алу үшін заңдар мен соған ұқсас мемлекет өміріне қатысты мәселелер референдумға қойылуы мүмкін. Референдум өткізу негіздері мен тәртібі заңдар мен белгіленеді”

Референдум басты мақсаты жалпы мемлекеттік тұрғыдағы ең маңызды мәселелерді (мысалы, мемлекет басшысының не парламенттің елге үндеуі не болмаса жергілікті маңызды мәселелерді жергілікті басқару органдарының жергілікті сайлау корпусына таратып шешуді білдіреді. Мысалы, Эстония Республикасы Конституциясының 105-бабына сәйкес мемлекеттік жиналыс мемлекет өміріне қатысты заң жобаларын не соған ұқсас мәселелерді референдумға қоюға құқылы. Осы көрсетілген Констиуцияның 106-бабында: референдумға бюджет, салық, мемлекеттің қаржылық міндеттемелері мәселелерін, шетел мемлекеттерімен болған келісім-шарттарды бекіту не оны бекерге шығару, төтенше жағдайларды енгізумен және оны жою, сондай-ақ мемлекеттік қорғанысқа тиісті мәселелрді қоюға болмайтыны айтылған.

Ресей Федерациясы Конституциясының 84-бабына сәйкес референдумды бұл елде Ресей Федерациясының Президенті тағайындайды.

Референдумда қойылатын мәселерді өз мәніне қарай төмендегіше бөліп көрсетуге болады:

Конституциялық (өзгертулер мен толықтырулар енгізу үшін ұсынылатын жаңа конституция жобасы);

 Заң шығарушы (жаңа заңның жобасы немесе күші бар заң.);

Консультациялық (мысалы, нақты бір елдің халықаралық қатынасына тікелей тиісті маңызды бір мәселе бойынша жұртшылық пікірін білуді ұйымдастыру. Осындай референдум Швейцарияда оның БҰҰ-ға мүше болып кіруі алдында өткізілді);

Міндетті (референдум өткізуді конституция бекіткен. Мысалы, Жапония Конституциясының 96-бабында парламенттің екі палатасы қуаттаған елдің Негізгі заңына жасалған өзгертулер жобасын референдумға қою міндеттелген; сол секілді Өзбекстан Республикасы Конституциясының 74-бабына сәйкес Қарақалпақстан Өзбекстан Республикасы құрамынан қарақалпақ халқының жалпыға бірдей референдумы негізінде шыға алады).

Факультативтік (кейбір мәселерді референдумға өткізу, әдетте өкіметтің немесе сайлау корпусының еркіне беріледі. Кейде, мысалы, Литва Республикасы Конституциясының 9-бабына сәйкес референдум сайлау құқығына ие 300 мыңнан кем емес азаматтардың талабымен де өткізіледі.).

Осы арада сайлаудың да, референдумның да бір-біріне ұқсас жақтары көп екенін айта кеткеніміз жөн: олардың екеуіне бірдей дәл сол сайлау корпусының өзі қатысады; оны әдетте дәл сол органдар өткізіп, дауыс беру нәтижелерін де солар жүзеге асырады. Алайда, бір-біріне ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктері де бар. Ол жайлы айтар болсақ, әуелі сайлауда еркін білдірудің негізгі объектісі болып әрдайым адам саналса, (депутаттыққа, президентке және т.б.), ал референдумда қандай да бір нақты мәселе (конституция жобасы немесе аса маңызды ішкі саяси немесе халықаралық мәселелерді қамтитын және т.б. заңдар) қаралады. Екіншіден, сайлауларда дауыс беру нәтижелері мажоритарлық, тепе-теңдік, араласжүйелермен анықталатын болса, ал дауыс берудің нәтижелері референдумда тек мажоритарлық жүйемен жүзеге асады. Сонымен қатар, референдум өткізгенде әдетте, сайлау округтері құрылмайды. Шетелдердің мемлекеттік тәжірибелерінде одан да басқа өзгешеліктердің болуы ықтимал.