Шет елдердегі Парламент. Парламент депутаттарының құқықтық мәртебесі

Парламенттердің құрылу реттері, әрине, олардың ең алдымен құрылымына байланысты болады. Мысалы, бикамерикалық парламенттердің төменгі палаталаыры мен бір палаталы парламенттер іс жүзінде барлық елдерде тікелей сайлау арқылы, яғни, тұрғындардың тікелей дауыс берулері арқылы сайланады. Ал, жоғарғы палаталардың құрылу тәртібініің біраз ерекшеліктері бар әрі оның төменгі палаталардың құрылу тәсілдерінен өз айырмашылығы бар. Төменде, сол ерекшеліктердің негізгілері жайлы айтып өтейік.

  1. Көптеген елдерде парламенттің жоғарғы палатасы тікелей сайлау арқылы құрылмайды. Осының дәлелі ретінде идиялықтардың парламентінің штаттар Одағы мүшелері екі стылы сайлау жолымен сйланады. Осындай екі сатылы сайлау арқылы Норвегия парламенті де (сотрингтер) құрылады. Сайлаушылар парламент депутатарын палаталарға бөлмей сайлайды. Кейін барып, стортингтер депутаттары жоғарғы палатаны (лагтинг) сайлайды. Олар барлық депутаттардың төрттен бір бөлігінен тұрады. Ал, қалған депутаттардың төрттен үш бөлігі төменгі палатаны (одельсинг) құрайды. Ал, енді Францияның Жоғарғы палатасы (сенат) үш сатылы сайлау арқылы сайланды.
  2. Парламенттердің жоғарғы палатасы тікелей сайлау арқылы сайланады. Бірақ ,төменгі палаталардың құрылу барысында қолданылтын реттерден белгілі бір айырмашылықтар болады. Мысалы, АҚШ-та бір сайлау корпусы конгрестің екі палатасының да (жоғарғы палатны –сенатты және төмнгі палатны- өкілдері палатасын) депутатаырн сайлайды. Алайда, есте тұратын бір жағдай жоғарғы палата құрамы палата өкілдерінің сайлауындай аумақтық бір мандатты сайлау округі бойынша сйланбайды, олар әрбір штаттан екі сенатордан сайланады. Дауыс беру нәтижелері мажоритарлық жүйе бойыша көпшілік даусымен анықталады.

Италияның екі парламентінің палатасы да тікелей елдің тұрғындары арқылы сайланады. Алайда, сенатсайлауында (жоғарғы палата)мажоритарлық та, тепе-теңдік те сайлау жүйелері қолданылады. Бұл елдің қолданыстағы заңдарына байланысты сенатмүшелері обылыстарға бөлінген сайлау округтары бойынша сайланады. Ең көп дауыс алумен бағалау арқылы өткен депутат сайланады деп саналады.

Жапония парламнтінің жоғарғы палатасына (кеңестер палатасы) 152 депутат префектуралық 47 сайлау округтернен, ал қалған 100 депутат саяси партиялар тізімі бойынша сайланды.

3.Тікелей сайлау арқылы жоғарғы палаталардың құрылуы. Дәл осы жолмен ФРГ парламенттінің (Бундесрат) жер өкілдігі палатасы құрылады. Ол 16 жер өкілдігі мүшелерінен тұрады. Бұларды ФРГ өкіметі тағайындап, кері шақыра алады. Бундесратқа жер өкілдерінің санына байланысты тағайындалады. Оның үстіне Бундесрат мүшелері жер өкіметі шешімімен тағайындалғандықтан, жер өкілдіі палатсыан сайлау өткізілмейді. Бундесрат (мәңгілік) орган болып табылып, жерлерде болатын сайлаулар нәтижелерінде оқтын-оқтын өз құрамын өзгертіп, соның әсерінен өкімет құрамын да өзгерістерге ұшыратып отырады. Бундесрта жер өкілдері арасынан белгілі кезекпн бір жыл мрзімге өз президентін сайлайды. Бундесрат президенті Федералдық президент қызметін, егер ол қызметін атқаруға қабілетті болмаса, атқарады.

  1. Кейбір елдерде парламенттің жоғарғы палаталары аралас жолдармен құрылады. Мұндай реттер барысында сайланатын және тағайындалатын, сол секілді мирасқорлық (оған Бегия мен Ирландия сенатын мысалға айтуға болады) элементтер қатар жүреді. Италия сенаты құрамына өмірлік сенаторлар, құқықтық қақы барлар (республиканың бұрынғы президенттері), сол секілді ел президентің өзі тағайындайтын еңбегі сіңген , абыройлы бес азамат енеді.
  2. Парламент депутаттарының құқықтық мәртебесі.

Венесуэлада Республика Президенті қызметін халықтық сайлауда дауыс беру нәтижесінде немесе президентін міндетін Конституциялық мерзімінің жартысынан көп мезгілінде атқарушы (егер ол әрине, президеттік қызметін атқарған кезінде еш қандай құқық бұзушылық жасамаса) әрбір азамат сенатор болуға құқығы бар. Индия парламентінң штаттар Одағының 12 мүшесін президент тағайындайды (олар әдебиет, ғылым, өнер және қоғамдық қызметтен тәжрибесі бар немесе арнайы атақтары барлардан алынады).

  1. Парламенттің төмнгі палатасы санына қарағанда жоғарғы палата санының аз болуы. Оғын мысал ретінде Францияның 577 депуттардан тұратын төменгі палатасына (ұлттық жиналыс) қарағанда жоғарғы палатасы (сенат) 318 сенаторлардан тұратынын айтуға болады. АҚШ-тың сенаты – 100 сенаторлардан, ал өкілдік палтасы 435 мүшелерден тұрады. Ал ,Жапония парламенті 250 кңесшілерден және 511 өкілдерден құралады.
  2. Әдетте, Жоғарғы палата мүшелерінің өкілеттік мерзімі ұзағырақ болады. Мысалы ,Жапонияда Жоғарғы палата мүшлеріңн (кеңсшілер палатасы) өкілеттігі – 6 жыл, ал төменгі палата мүшелері (өкілдік палатасы) – 4 жыл ғана, АҚШ- та төменгі палата 2 жылға сйланса, ал сенаторлар 6 жылға сайланады.
  3. Парламенттердің жоғарғы палаталары құрылымына ішінара жаңарту тәртібін енгізу Мысалы, әрбір үш жыл сайын Франция сенатының үштен бір бөлігі қайта сайланады; әрбір екі жылда АҚШ сенатының үштен бірі жаңартылады; әрбір үш жылда Жапония палата кеңесшілері қђрамының жартысы жаңартылады.
  4. Кейбір елдерде жоғарғы жѕе тљменгі палаталарға сайлаулар бір мезетте өткізілмейді. Франция сенатқа және ұлттық жиналысқа сайлауды бір кезеңде өткізбей, әртүрлі уақытта өткізеді. Жапонияда да осындай тәртіптен өткізіледі.

Шеттелдер тәжірибесінде Жоғарғы палатаның феодалдық тәсілінен құры түрі де кездеседі. Мысалы, осы тәсілде қолданылатын Ұлыбританияда лордтар палатасы құрамына төмендегілер кіреді:

  • мұрагерліктер пэрлер, яғни, бароннан төмен емес титулдарды иеленген мұрагерлікті дворяндар династиясы бұлар титулммен бірге парламенттің жоғарғы палатасына мұрагерлікті сақтай ала отырып, оның мұрагерлеріне бере де алады.
  • өмірлік пэрлер, яғи, ерекше ееңбкетері үшін барон немесе баронэсса деген , мұрагерлікке беру құқы берілммммеген, дворян титулдарына ие болғандар.
  • 26 рухани лордтар (контербери және иорктк архипскоптар, Лондон, Дарен және Уинчестер епископтарымммен ағылшын шіркеулері бас епископтарының 21 өкілі), бұлар шіркеулік лауазымдарда қызмет етіп жүрген кезде ғана палат мүшелер болып саналады.
  1. Парламент – шет елдердегі жоғарғы өкілді орган.

Шағым арыз бойынша 20 лорд корльдік актімен өмірлікке тағайындалып, ерекше жалақы алады. Лордтар палатасының сандық мөлшері заңмен анық көрсетілммеген сондықтан да монрхкерлер титулын беру құқығын пайдалана отырып, олардың құқықтарын үздіксіз толықтырып жоғарғы палата құрамын шексіз ұлғайта алады.

Шетелдердің конституцияларын құқықтық-салыстырма тәсілімен талдай отырып, белгілі бір өзіне тән ерекшелік сипаттарына қарамай, бәрінде де парламент мемлекеттік биліктің жоғары өкілеттік органы болатынын көреміз. Сондай-ақ Парламенттің, сайып келгенде, заң шығарушылық қызметіне, мемлекеттік бюджетті қабылдауда, мемлекет басшыларын және одан да басқа мемлекеттік билік органдарын құруда, сол сияқты заңдарды орындау барысы жайлы үкіметті бақылауда шексіз құқыққа ие болатыны анықталды.

Мысал ретінде АҚШ Конституциясын алайық. Оның 1-бабына көз жүгітсек, АҚШ-тың конституция заңдарына байланысты барлық заңдық өкілеттік сенат пен палаталар өкілдерінентұратын Құрама Штаттары Конгресіне берілетініне куә боламыз. Сол сияқты Жапония Конституциясының 41-бабында да: “Мемлекеттік биліктіңжоғары органы және мемлекеттің бірден-бір заң шығарушы органы Парламент болып табылады”,-деп жазылған.

Эстония Республикасы Конституциясында заң шығарушылық билігі Мемлекеттік жиналысқа тиесілі(59-бап) екені жазылған. Осы Конституцияның 65-бабында Мемлекеттік жиналысқа негізгі өкілеттік құқық бекітіліп, осыған орай Мемлекеттік жиналыс; заңдарды қабылдайды;Президентті сайлайды: Премьер-министрге немесе министрлерге сенімсіздік жайлы шешім қабылдайды; мемлекеттік бюджетті қабылдап, оның орындалуы жайлы есепті бекітеді: Президенттің ұсынысыменМемлекеттік сот төрағасын, Эстония банкі кеңесінің төрағасын, мемлекеттік бақылаушыны, әділет канцлерін, Қорғаныс күштерінің қолбасшысын немесе Бас қолбасшысын тағайындайды, сондай-ақ елдің Конституциясына сәйкес, Мемлекеттік өмірдің басқа да мәселелерін шешеді.

Туркия Республикасы Конституциясының: 7-бабында: “Түрік ұлты атынан заң шығарушылық міндеті Туркияның Ұлы ұлттық жиналысына тиесілі. Бұл міндет еш уақытта ажыратылмайды”, -деп жарияланған. Осы Конституцияның 87-бабында Ұлы ұлттық жиналыс міндетіне: заңдарды шығару, өзгерту, жою, Министрлер Кеңесі мен министрлерді бақылау; Министрлер кеңесіне белгілі бір мәселелер бойынша заң күшіне ие қарарлар қабылдауға өкілеттік береді; Мемлекеттік бюджет жайлы заң жобаларын қарап, әрі оның орындалуын бекітеді, тағы басқа да конституцияда қарастырылған мәселелерді шешеді. Сондықтан мемлекет басшысын да Ұлы ұлттық жиналыс сайлайтыны жайлы ескерте кетеміз.

Қырғыз Республикасында, Конституцияның 54-бабына сәйкес “Қырғызстан Республикасында Жоғарғы Кеңес тұрақты жұмыс істейтін жоғары өкілетті орган. Жоғарғы Кеңес заң шығарушылық бөлікті жүзеге асырып, сондай-ақ бақылау қызметтерін де орындайды”, -деп жазылған. Міне, осы ұқсас ережелер дүние жүзіндегі барлық жазылған конституциялардың бәрінде де бекітілген.

Депутаттардыңқұқықтық жағдайы конституцияның, конституциялық және де басқа заңдар, регламент пен әдет-ғұрып арқылы анықталады.

Парламент депутаты әдетте тұрақты негізде жұмыс істейді, яғни, ол уәсіби парламентари болып есептеледі. Басқаша айтқанда, депутаттық қызмет ешқандай мемлекеттік немесе басқада қызметпен сиыспайтын тек бір ғана заңды депутаттық жұмысымен айналысуды талап етеді.

Алайда, кейде өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, Түркменстанның 1992 жылғы 30 қыркүйектегі “ халық өкілдері мәртебесі туралы” атты заңына сәйкес Халық өкілі Түркменстанның халқ билігінің жоғары өкілетті органы-халық маслихатына тікелей халықтың өзі сайлайтын мүшесі болып табылады.

  1. Парламент – шет елдердегі жоғарғы өкілді орган ретінде.Халық өкілі өзінің өкілетттігін тегін, яғни, өнеркәсіптегі орнынан, қызметінен немесе қоғамдық қызметінен қол үзбей атқарады.

Аралас шетел мемлекеттерінің мемлекеттік тәжірибелерін зертттеу барысында парламент депутаттары өзінің сайлаған округтің сайлау корпусын ғана емес, бұл ұлттық өкілі болып табылатынына көзіміз жетеді. Мұны депутаттарға бұйрықты мандат беріліп әрі кері шақырып алуына тиым салынғанынан –ақ көреміз. Сондай-ақ, Италия конституциясы бойынша: парламенттің әрбір мүшесі барлық ұлттыңөкілі болып табылады, әрі өз қызметін міндетті мандатсыз атқарады. Ал, Франция конституциясына сай: кез келген бұйрықты мандат заңды емес. ФРГ–ның негізгі заңында төмендегіше: Германия Бундестагының депутаттары ешқандай жарлық пен тапсырмаға жүгінбейтін, тек өз ар-ожданы үшін ұштасатын бүкіл халықтың өкілі.

Алайда, мұндай бұйрықты мандат пенкері қайтарыпалу құқығына тәуелсіз парламент депутаттарын толығымен тәуелсіз деп те айтуға болмайды. Мұндай тұжырымға айтар нақтыдәлеліміз бар. Сонымен, әдетте, депутат бір партияның мүшесі болып, партиялық тәртіпке саналы түрде бағынады, сайып келгенде, депутат сайлау кампаниясында өзін қаржыландырғандарғатәуелділіктен шыға алмайды; сондай-ақ болашақ депутат өзі дауысқа түсетін округтік сайлау корпусына да тәуелді келеді. Өйткені, оның тағдыры ақыр соңында дауыс беру арқылы шешілетіні анық.

Депутаттық мандатқа төмендегі екі негізгі құрам: индемнитет және иммунитет кіреді.

Индемнитетке келсек, депутат парламенттік қызметі үшін, оған кететін қаржылық шығындарды қоса есептегенде, лайықты сыйлық алады.

Мысалы, американ конгрессменінің бір жылдық депутаттық индемнитеті 133.600 доллардың үстінде.

Германия Бундестагы депутатарының қаржылай тәуелсіздігіоның Бундестагтағы депутаттық орнына сәйкес келетін қаржылай жалақымен(диета) қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, ФРГ парламенті құрамында кемінде 8 жыл істеген депутаттар зейнетақы жасына жеткен кезде зейнетақымен қамтамасыз етіледі.

Канада парламенті қауымдастық палатасының депутаты, мысалы, 1987 жылы бір жылда 56.100 канада доллары (1Канада доллары-0,77 АҚШ доллары) көлемінде жалақы алған. Оның үстіне жыл сайын салық салынбайтын18.700 доллар көлемінде жәрдемақы берілген. Сондай-ақ, депутат өз резиденциясын, Оттавадағы және өз сайлау округіндегі штатты қызметкерлерін ұстап тұру үшін жылына 100.400 доллар көлемінде дотация алған, тағы да депутаттың сапарларға жүріп-тұру, телефонмен сөйлесу, почталық және т.б. щығындарын қазына көтеретінін айтуға болады.Сөйтіп, қауымдастық палатасының бір депутатына бір жылда орташа есеппен кеткен шығын 300 мың долларға түскен (Канада адам басына шаққанда орташа табыс 15 мың долларды құрайды).

Литва Республикасының (1992 жылғы 19 қараша) “Литва Республикаы Жоғарғы Кеңесі депутаттары мен Үкіметі мүшелерін әлеуметтік тұрғыда қамтамасыз ету туралы” заңына сәйкес “Литва Республикаы Жоғарғы Кеңесі депутаттары мен осы жоғары кеңес ұйымдастырған үкіметтің мүшелеріне, олардың өкілеттік мерзімі мөткеннен соң, олар қызметтен босағанғанда орташа қызметкерлер жалақысының 6 айлық көлемінде жәрдемақы төленеді. Сондай-ақ, Жоғарғы Кеңес депутаттарына 6 айлық пайдаланылмаған демалыс ақысы төленген.

Егер Жоғарғы Кеңес депутатының немесе Үкімет мүшесінің өкілеттік мерзімі әйелдер үшін – 52, ерлер үшін – 57 жаста немесе әйелдердің жұмыс стажы 30 жылдан, ал ерлердің жұмыс стажы 35 жылдан кем болмаған жағдайда тоқтатылса, онда оларға алыпжүрген еңбек ақы мөлшерінің 75 проценті көлемінде зейнетақы тағайындалады.

Ұлыбританияда қауымдастық палатасының мүшелері алатын жалақының бір жылдық мөлшері 37.854ф. ст. Оның үстіне жылына офис ұстауға, жүріп-тұру шығындарын төлеуге, Лондонда жалдап тұратын үй үшін және т.б. жағдайларға бөлінеді. Қауымдастық палатасының мүшелері сонымен қатар Вестминстер сарайы мен өзінің сайлау округтері аралығына, Вестминстер мен үйі арасында, Құрама корольдіктің кез келген жеріне, егер бұлсапар тікелей қызметтік міндеттеріне байланысты болса, тегін жүріп-тұруға құқы бар. Оның үстіне парламент депутатына кеңселік-хатшылық шығындар: хатшы немесе көмекші жалдауға, кеңсеге қажетті құрал-жабдықтарға, қызметкерлерге жалақы төлеу мен жалдап алынған жұмыскерлерді қамсыздандыруға қаржы бөлінеді.

Ал, лордтар палатасы мүшелері парламентте істегені үшін ешбір ақы алмайды. Оларға тек парламент қызметіне байланысты болған көлік және тағы басқа шығындар ғана төленеді.

  1. Парламенттің мемлекеттік органдар жүйесіндегі орны.

Жапония Парламенттінің қатардағы депутаттары ай сайын 1 млн. иен мөлшерінде айлық алады (жапондардың жалдамалы жұмысшының орташа айлық табысы 350-400 мың иен), ал екі палатаның төрағаларын қаржылап қамтамассыз ету үшін 1 млн. 835 мың иен белгіленген. Оның үстіне палата төрағалары, олардың орынбасарлары, парламент комиссияларының арнайы және тұрақты басшылары жұмыс істеген кезінде (жұмыс күні конституцияда белгіленгендей 150 күн), бір күнге есептегенде, 4500 иеннен қосымша сыйлық ретінде жалақы алады. Оларға темір жол мен ұшақтарды пайдаланғаны үшін жарым-жартылай шығындары өтеледі. Ай сайын депутаттарға көлік, почта шығындары үшін мемлекеттік қазына 750 мың иен қаржы төлейді. Токиодан алыс префектурадан келген барлық парламентарийлар қазыналық пәтерлер мен қамтамассыз етіледі. Парламент депутаттары жұмысқа екі хатшы жалдауға құқылы. Оларға әр айда 280-400 мың иен жалақыны мемлекет қазынасы төлейді. Оның үстіне белгілі бір жағдайларға орай парламентарий мемлекеттік қаржылдандырудың қосымша көзі есебінен өз хатшыларының немесе көмекшілерінің қосымша санын 10 адамға дейін жеткізе алады. Парламент депутаттарына автомобильдер берілмейді, бірақ парламент жанында әрбір депутатқа қызмет көрсететін арнайы автопарк бар. Әрбір парламент фракциялары өзіне енетін депутаттар санына байланысты белгілі бір мөлшерде жеңіл машиналарды пайдалануға құқылы. Ерекше тәртіп ретінде парламенттік қызмет стажы 25 жылдан асқан адамға автомобиль беріледі.

Парламент депутаттарына нақты бір мемлекеттерде берілген иммунитетке сәйкес, олардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін, бірқатар құқықтар мен артықшылықтар беріледі. Сонымен қатар: сөз және дауыс беру бостандығы, депутаттың дербес құқығы. Сонымен, ФРГ-де депутат парламентте айтқан сөзі үшін ешқандай қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Ал, депутаттық дербес құқықты алсақ, депутат қылмыс үстінде ұсталғаннан басқа жағдайларда, парламенттің немесе оның тиісті палаталарының санкциясынсыз оны қылмыстық қудалауға немесе қамауға алуға болмайды. Иммунитетінен айыру тек депутаттың өз палатасы шешімімен ғана жүзеге асырылады.

Депутаттық мандаттың әрекет ету мерзімінің тоқтатылуы: парламенттік өкілеттік мерзімі аяқталғанда; депутатқа сайланған мерзімі өткенде; депутаттың өлуі нәтижесінде; депутатты мандатынан айырған жағдайда; сайлауды заңсыз деп тапқан кезде. Парламент әдетте өз депутаттарының өкілеттігіне жоғарғы сот іспетті болады. Сондықтан да, ол депутатты депутаттық иммунитетінен ғана айырып қоймай, сондай-ақ оның мандатын заңсыз деп тануға да құқығы бар.

Парламент қызметін ұйымдастыру. Франция ПарламентініңҰлттық жиналысы өзінің төрағасынөзінің өкілеттілігінің барлық мерзіміне сайлайды. Парламент төрағасымемлекетте ресми түрдегі төртінші адам болып саналады (Республика Президенті, Премьер-министрі, Парламенттің жоғарғы палатасы – Сенатының төрағасынан кейінгі). Ол палаталар қызметінде үлкенде нақты рөлге ие. Жарыс сөздерді дайындап және ұйымдастырады, пікір-таласты басқарады, регламенттің сақталуын қадағалайды, тәртіпті қамтамасыз етеді; отырысты кез келген кезде үзуге, тоқтатуға құқықты (бірде бір депутат төрағадан рұқсат алмай сөйлеуге құқығы жоқ); Ұлттық жиналыстың дұрыс жұмыс істеуіне жауап береді. Ол сондай-ақ Ұлттық жиналыстың Бюро отырысына төрағалық етеді. Оған Конституциялық кеңестің тоғыз мүшесінің үшеуін тағайындау құқы берілген. Ол бұл Кеңеске не ол, не бұл заң, не келісімконстиитуцияға дұрыс келмейді деп тапса, онда қалаған кезінде өтінішпен баруға құқылы.

Сенат төрағасы әр 3 жылда, Сенат жаңартылғаннан кейін қайта сайланады, әр Ұлттық жиналыс төрағасы иеленген құқықтарды иеленіп, пайдаланады.

АҚШ Конгресі өкілдері палатасының спикері – Конгрестің бірден-бір өте беделді қайраткері. Бұл орынға кандмдатураны палатадағы ең көп фракция ұсынады және палата отырысында бекітіледі. Палата спикері палата жұмысына төрағалық жасайды, ең көп фракцияны басқарады, заң жобаларын қарау тәртібін белгілейді, қабылданған заң жобаларын комитеттерге жібереді, реттік мәселелердің бәріне соңғы шешім шығарады. Оған палата мүшелеріне сөз беру не сөз бермеу құқығы берілген. Конгрестегі оның ықпалымен, салмағымен санаса отырып елдің Президенті, кабинет мүшелері спикермен іскерлік байланыс жасайды және саяси мәселелер жайлы оны хабардар етіп отырады. Спикердің рөлі әсіресе әкімшілікпен қарым-қатынаста, егер президент басқа партияға тиісті болып, ал өкілдер палатасын басқа партия бақылайтын кезеңде күшейе түседі.

Сенат төрағасы болып АҚШ-та президент саналады. Вице-президент сенат төрағалығы міндетін оқтын-оқтын атқаратындықтан, көпшіліктен тұратын фракция ұсынысымен Сенат өз қатарындағы көпті көрген, құрметті қайраткердің бірін уақытша төраға етіп сайлайды. Ол өзіне бұл фракцияны қабылдап алып, Сенат қуаттаған заң жобаларына қол қояды. Әрине, Сенат төрағасының қызметі мен өкілеттік аумағы өкілдер палатасының спикері қызметі мен өкілеттік аумағына қарағанда маңыздылығы жағынан кемшін жатады.

Хатшы палата отырысының күн тәртібін әрі монарх жолдауын оқып, таныстырады, қауымдастар палатасына жіберілетін заң жобаларына қол қояды, екі палата қабылдаған заң жобаларын сақтайды. Одан соңғы тұрақты қызмет атқаратын – герольдмейстер (“Қара желз”, “аса таяқ”). Ол палата мүшелерін монархтың таққа арналған сөзіне шақырады, парламент этикасын бұзушы – кінәлі адамдарға берілген бұйрықты орындайды. Вестминстер сарайының лордтар палатасы жайғасқан бөлігінің тәртібі мен қауіпсідігіне жауап береді. Лордтар палатасы заң шығарудың мемлекеттік тетігін, бюджет-қаржылық және сот салаларын жетілдіруде, сондай-ақ үкімет қызметін қадағалау ісінде айтарлықтай рөл атқарады. Сонымен қатар лордтар палатасы жоғарғы апеляциялық саты болып табылады.

Жапония парламенті депутаттарыжайлы статистикалық деректерге жүгінгенде, төменгі палатаның 511 депутаттарының 170-іне жуығы әулетімен саясаткерлер екеніне көз жеткіземіз. Сондықтан болар,қазіргі кезде төменгі палата депутаттарының 30 проценттейі бұрынғы жергілікті дәрежедегі саяси қайраткерлерден тұрады. Парламентария арасында одан кейінгі орынды- бұрынғы кәсіподақ қайраткерлері мен мемлекеттік қызметкерлер иеленеді. Сондай-ақ төменгі палата мүшелері арасында бұрынғы хатшылар, парламентарийлердің жеке көмекшілері (76 депутат) бар. Парламентария арасында 16 журналист, 28 заңгер,22 кәсіпкер, саяси партиялардың штаб-пәтерінің 29 қызметкері бар.

 Ал, әйелдер саны қазіргі жұмыс істеп жатқан төменгі палата құрамында небәрі 14-ақ адам (бұрынғы құрамда да небәрі 12 адам, яғни, 2,3 проценттей ғана болған). Соған қарамастан соғыстан кейінгі Жапонияда бұл көрсеткіш ең жоғары көрсеткіш болып отыр.

Қазіргі төменгі палатадағы депутаттардың орташа жасы-53,9, парламенттегі ең қарт депутат –86 жаста, ал ең жас депутат жасы –26. Барлық депутаттардың универстеттік дипломдары бар.

Әлемдік тәжірибе бойынша парламенттерде дәстүрлі жүйелеу құрылысы –бикамерализм (яғни, екі палаталы құрылымнан) болып табылады. Мұндай екі палаталы парламент төмендегі федеративтік мемлекеттерде бар: АҚШ (сенат, өкілдер палатасы), ФРГ (Бундестаг, Бундесрат), Ресей (Федерация Кеңесі Мемлекеттік Дума), Канада (Сенат, Депутаттар палатасы), Бразилия, (Сенат Депутаттар палатасы), Швейцария (Кантондар Кеңесі, Ұлттық Кеңес), т.б. екі палаталы парламенттер төмендегі (Унитарлық) мемлекеттерде бар: Ұлыбритания (лордтар палатасы, қауымдастық палатас), Нидерландия ( бірінші және екінші палата), Италия (Сенат, Өкілдік палатасы) және т.б.

Анықтама үшін. Парламанттердің ең күшті әрі әрі ықпалды жоғарғы палаталары — АҚШ-тың сенаты. Жапонияның кеңесшілер палатасы, Италияның сенаты және т.б. Бұлардыңбәрі де тікелей сайлау жүргізу нәтижесінде құрылады. Бұлардың “әлсіз” жағын сөз етсек, ең бастысы (мысалы, немістердің Бундесраты, Ұлыбританияның Лордтар палатасы, Индияның Штаттар Кеңесі), заң әдебиеттеріне сүйенсек, сайлау корпустарының қатысуынсыз құрылады.

Қазіргі кезде көптеген парламенттер бір палаталы. Өйткені ерте дамыған елдер өздерінің тәуелсіздігін алулары нәтижесінде бикамерализм әдісінен бас тартқанын айта кеткен жөн.

Оның үстіне, басқаша айтқанда, парламенттердің эволюциялық құрылымында бикамерализм әдісінен бас тарту бағыты жандануда. Мысалы, 1950 жылы Жаңа Зеландия Парламентіндегі Заң шығарушы Кеңес таратылған: 1953жылы Дания Конституциясы бір палаталы парламент түзді (фолькетинг), 1917 жылы Швейцария парламентінің жоғарғы палатасы жойылды; 1976 жылы Португалия Конституциясы бір палаталы Республика Ассамблеясын қарастырды; 1975 жылдан бастап Грецияның парламенті бір палаталы болды. Ал осыған қарамастан, керісінше, Польша, Румыния, Чехияның заң шығарушы органдарында жоғары палата қайта құрылып (ұйымдастырылып), жұмыс істеуде. Дәл қазіргі кезде АҚШ –тың 49 штатында екі палаталы парламент жұмыс істейді. Сондай-ақ, Кентуккиштатының заң шығарушыжиналысында 138 мүшесінің (тұрғындар саны-3,8 млн) 38-і 4 жылға сайланатын сенат мүшесі, ал қалған 100-і екі жылда қайта сайланатын өкілетті палата мүшелері.Заңдарды қабылдау бойынша дайындық жұмыстары комитеттерде жүргізіледі. Заң шығарушы жиналыс құрамы 246 адам. Парламентарий жұмыстарын сессиялық түрде –жылына 60күн істейді.

Парламент өкілеттігін конституцияландыру барысында оларды төмендегі үш топқа бөлінеді:

-абсолютті белгілі міндеттері бар парламенттер. Мысалы, АҚШ, Франция конституциялары осы елдердің парламенттерінің заң шығарушылыққызметі объектілеріне нақты да айқын мәселелер тізімін береді;

  • айқын да нақты міндеттер жоқ парламенттер, яғни, олар кез келген мәселелер бойынша заң актілерін шығаруға құқықты (Ұлыбритания, Жаңа Зеландия, Италия, Ирландия т.б. елдердің парламенттері);
  • біршама белгілі міндеттері бар парламенттер. Олар әрекет ету шеңберінен қозғалмалылығымен ерекшеленеді. Өз шеңберлері төңірегінде өздерінің заң шығару қызметін жүзеге асырады (мысалы, Индия парламенті);

парламенттер депутаттары өздерінің әлеуметтік құрамы бойынша әлеуметтік –топтық және кәсіби сипатынан гөрі партиялық бірлігіне қарай көзге түседі. Міне, осытұрғыдан алғанда парламенттерді екі негізгі топқа бөлуге болады.

  • әлеуметтік бірыңғай партиялар фракциясына тұратын парламенттер (мысалы, АҚШ конгресі);
  • әлеуметтік бірыңғай емес партиялар фракциясына тұратын парламенттер (мысалы, Греция, Италия, Франция, Швеция, Индия, Финляндия, Жапония).

Енді партиялық фракциялардың ұйымдастыру тәртібі жайлы аздап айта кетейік. Мысалы, Францияда (1959 жылғы 3 маусымдағы ) ұлттық жиналыс тарапынан қабылданған регламент бойынша депутаттар өздерінің саяси бағыты бойынша фракция құра алатын болған.Фракция 20 депутаттан бола алады. Ал, егер де депутат бірде-бір фракция мүшесі болмаған жағдайда өз қалауы бойынша әрі сол фракция бюросының келісімімен кез келген фракцияға мүше бола алады.

1956 жылғы 7 мамырдағы сайлау жайлы федералдық Заңға сәйкес бір саяси партияға тиесілі Германия Бундестагының депутаттары белгілі бір мақсаттарына жету мен бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында белсенді топтардан фракциялар құра алады. Фракция партия органы болып табылмайды, қайта парламенттің конституциялық бір органы болып саналады. Депутаттар тобы фракция деп тек құрылатын топтағы депутаттар саны Бундестагтағы барлық депутаттардың бес процентінен кем болмаған жағдайда ғана саналады. Оның үстіне депутаттардың бәрі бір партиядан, не болмаса федералдық ешбірінде өздерінің саяси мақсаттары жағынан бірінен бірі бәсекелеспейтін партиялардан болуы керек. Кімде-кім өз партиясы қатарынан шықса, онда бір мезетте өз фракциясын тастап кетуі тиіс. Ең кемі 26 депутаттан тұратын “топ” деп аталатын бірлестікке ұйымдастыруға болады. “Топ” деп аталатын мәртебе алу үшін Бундестаг келісімімен алу керек. Осындай талаптар қойылғанына қарамай кейде тәжірибеде өз функциялары мен партияларына белгілендігімен қатар әрі депутаттардың көзқарастарына байланысты талас-тартыс туып жатады. Депутаттар бүкіл тұрғындардың өкілі болып табылады. Сондықтан да олар тек тұрғындардың бір бөлігі болып табылатын топтың жеке мақсат мүддесіне емес, барлық қоғамның мақсат мүддесіне қызмет етулері қажет. Егер де депутат өз партиясы қатарынан щақырылса онда ол тиісті фракциясында тастайды. Бірақ, мұндай жағдайда ол депутаттық мандатынан ажыратылмайды.

Белгілі бір мемлекеттің мемлекеттік билік жүйесіндегі парламенттің нақты рөлін дәл бағалай білу үшін, алдымен оның негізгі қызметі мен іс-әрекеттерінің бағыттарын анықтап алу орынды.

Парламенттің еңбасты қызметі-заңдар қабылдау болып табылады. Сондай-ақ Парламенттіңмаңызы қызметтерінің қатарына Үкімет пен оның мекемелері жұмысын бақылауды жүзеге асыру ісін жатқызуға болады.

Мына әдістер бірден-бір нәтижелі деп саналады. Мысалы, “сұрақтарға-сағат” деп аталатын тәртіппен Ұлыбританияда парламенттің әрбір отырысы басталады. Мұнда министрлер мен өкіметтің басқа да мүшелері ауызекі немесе жазбаша түрде депутаттардың әр түрлі сауалдарына жауап береді.

Бұл жауаптар көпшілік жұртшылыққа жарияланады. Сөйтіп, жоғарғы дәрежелі шенеуніктердің өздеріне лайықты имиджі қалыптасады. Осындай тәсілді көп елдердің парламенттері өте жиі қолданылады.

Өзінің басқару нысанына қарамастан, дүние жүзі елдерінің бәрінде де парламент іс жүзінде өздерінің комитеттері мен тексеру комиссияларын құрады. Мұндай комитеттермен комиссиялардың рөлі мен саяси-құқықтық маңызы ең алдымен олардың жариялы түрде жұмыс істеуі әрі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қалың жұртшылыққа насихатталып, қоғамға ашық жетуінде.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, көп елдердің парламентіне соттық реттерді (импичмент) жүргізуге құқық беріледі. Онда лауазымды адамдардың істері қаралады.

Омбудсмен  деп аталатын институт парламент тарапынан өкімет қызметі мен лауазымды адамдарды үздіксіз қадағалауды қамтамасыз етуде ерекше рөл атқарады. Қазіргі кезде омбудсмен институты әлемдегі 40-тан астам елдерде кеңінен қолданылады. Бұл институтттың жүзден астам түрлері бар. Бір елдерде омбудсмен инститиуы (Скандинавия елдерінде) деп аталса, басқасында (Франция)-аракар (сарапшы (медиатор) деп, ал үшінші бір елде (Ұлыбрритания)-парламанттік өкілеттік және т.б. деп аталады.

Бұл арада, ерекше айта кеткен жөн омбудсмендер өздерінің барлық қызметтерінің, болып жатқан оқиғалардың қалың жұртшылыққа ашық жетіп жатуын аса көздейді. Алдымен, омбудсмен жұртшылыққа өз қызметі төңірегіндегі істердің хал-ахуалын, әсіресе, белгілі бір басқару органдары мен лауазымды адамдардың азаматтар құқығын бұзғандығы жайлы кеңінен хабардар етеді. Ол бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыса отырып, оны азаматтардың бұзылған, кемсітілген, не шектелген құқықтарын қайта қалпына келтіру үшін (тиісті органдар мен лауазымды адамдарға әсер етіп), мемлекеттік басқару органдары жұмыстарында анықталған жетіспеушіліктер мен теріс құбылстары көпке жеткізу мақсатында пайдаланады. Екіншіден, әрбір жылдың қорытындысы бойынша омбудсмен парламентке арнайы баяандама тапсырады.

Алайда, омбудсмендер институтының әр елде әр түрлі өзіндік ерекшеліктерге ие екенін де айтпай кетуге болмайды. Әлбетте, олардың бақылау аясы, қызметі, өкілеттігі бірдей емес. Оның үстіне омбудсмен қызметіне кандидаттар тағайындау реттері мен оған қойылатынталаптар да әр алуан;омбудсмендер аппаратының саны, құрамы мен құрлысы да бір-бірімен ұқсамайды. Әртүрлі елдердің азаматтардың құқығы мен бостандығын, заңды мүдделерін мемлекеттік басқару мен лауазымды адамдардың бұзуынан қорғаудың заңдық тетіктері де әр алуан. Сонымен, кәзіргі елдердің көпшілігінде елдегі құқықтық тәртіп пен заңдылықтарды қадағалау мен бақылаудың әлемдегі ең жетілген, күшті де тиәмді органдары жүйесінің қалыптасқанына қарамастан азаматтардың құқығын қорғап, оларды өмірде іс жүзіне асырап парламенттік омбудсмен аса маңызды да белсенді қызмет атқарады.

Сол үшін де омбудсмен институты тарихына көз жіберіп, оны білуден, әлемдік тәжірбиенің ең маңызды да тиімділігін пайдаланудан ешкім де ұтылмайды деген оймен, осы институттың қызметіне азырақ тоқтап өтейік.

Алғаш, омбудсмен институты Швеция құрылған болатын. 1809 жылы риксдаг (елдің парламенті) арнайы құжаттар мен парламентке арнайы парламент комиссарын (омбудсмен) сайлауға, оған соттар мен тағы да басқа билік органдары тарапынан парламенттік заң актілерінің сақталу-сақталмауын қадағалауды тапсыруды міндеттеген еді. Сөйтіп, омбудсмен-мемлекеттік –құқықтық тұрғыдан: “ Барлық мемлекеттік лауазымдар мен өкілдері үстінен кең көлемді парламенттік бақылау ұйымдастыратын, жеке азаматтардың құқығын қорғайтын,алайда, парламент қабылданған заңдарды өзгертуге құқығы жоқ, сенімге лайықты, тәуелсіз, парламент өкілдік берген адам”.

Ақыры келіп, осындай институттар басқа да көптеген елдерде құрылады. Зерттеущілердің тұжырымдамаларына қарағанда, мұндй институттар қажеттілігі алдымен мемлекеттік құрлымдардың өздері азаматтардыңқұқықтарын мемлекеттік басқару органдары мен лауазымды адамдардан толық қорғауға күштері жетпегендігі себепті туындаған. 1949 жалы омбудсмен институты Финляндия Конститутциясында бекітілді. 1952 жылы осындай институт Норвегияда құрылды. 1953 жылы омбудсмен қызметі Данияда енгізілді. 1962 жылы осындай институт Жаңа Зеландияда, 1967 жылы Канаданың бірқатар провинцияларында ұйымдастырылады. Сол секілді омбудсмен институты АҚШ, Ресей, Австралия, Португалия, Испания, Швейцария, Бельгия, Италия, Ұлыбритания, Франция, Польша, Венгрия және т.б. көптегенЕуропа, Америка, Азия, Африка, Мұхиттық елдерде былайша айтқанда унитарлық та, федералдықта мемлекеттерге енгізіледі.

Сондай-ақ, бақылаудың басқа да әдістері негізіледі.

Сенім жайлы мәселенің қойылуы. Мұндай әдіс өз қызметі жайлы үкімет парламент алдында жауап беретін тек парламентарлық елдерде қолданылады (көбіне төменгі палата алдында). Бұл әдіс онша тиімді де, маңызды да болмағандықтан, көп қолдау таппаған әрі көп таралмаған. Өйткені,сенім жайлы мәселенің өзін үкімет өз мүддесі үшін қоюы тиіс. Егер де үкімет парламентке сенімсіздік көрсету вотумын шығарса, онда ол парламентті таратып, жаңадан сайлау тағайындай алады.

Ұялы революциясы. Сенімсіздік көрсету вотумын өзгешелігі үкімет ынтасымен емес, парламент ұсынысымен енгізіледі. Ұялы резолюциясының құқықтық салдары сенімсіздік көрсету вотумына ұқсас.

Интерпелляция (үкіметке парламентке жазбаша түрде қойылатын сұау, тілек)-үкіметтің қызметіне байланысты белгіліде нақты сұраққа тұсінік беруді міндеттейтін үкіметке арналған үндеу. Интерпелляция мысалы, Бельгияда, Данияда, Италияда, Норвегияда, Финлендияда Жапонияда жиі қолданылады.Интерпеллятция салдары,егер үкіметтің қызметі қанағаттанғысыз деп таныса, үкіметті отставкаға кетуге дейін апаруға мүмкін.

Шетелдерде заң шығару процесі төмендегі негізгі сатылардан тұрады:

Заң шығару ынтасын жүзеге асыру. Заң шығару ынтасының құқықтық субъектілері: парламент депуттары, палатакомитеттері, мемлекет басшысы, үкімет және атқарушы өкіметтің орталық органдары болып табылады. Заң жобаларын заң шығару ынтасы субъектілеріне қарай үкіметтік және днпутпттық деп бөлуге болады. Өз мазмұнына сай заң жобалары төмендегі түрлерге бөлінеді:

  • көпшіліктік ( мемлекеттік немесе қоғамдық тұрмыстың белгілі бір саласын реттеуге шақыратып) ;
  • қаржылық; жеке ( азаматтардың не заңды тұлғалардың нақты жеке басына тиіс).

Жаңа заңдар мен заңдық қосымшаларды қабылдау қажеттілігі, әдетте, заң жлшбалау жұмыстарының тиісті жоспарларына байланысты қарастырылады.

Мысалы, Германдық парламентке 1949-1990 жылдар аралығында, шамамен 6700 заң жобалары негізілген болатын ( бұлардың 4400 –і қабылданды). Мұндағы заң жобаларының ( билаллар)басым көпшілігі федеральдық үкімет тарапынан енгізілді.

Парламенттегі жалпы жарыссөздер заң жобаларын өзіне тиісті комитеттерде қарау алдында, болмаса оны талқылауға шығарғаннан кейін жүргізіледі. Көп парламенттердің пеалаталары осы кезеңде “ барлық палатаның комитеттеріне” айналып кетеді. ( әрине, бұл, парламеттік пікір-таластарды азайту тұрғысынан жасалады.) Көптеген елдерде ( АҚШ, Ұлыбритания, Франция, т.б) парламенттік пікір таластелевидения мен радиодан тікелей беріліп, сондай-ақ басқада бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен қамтылады.

Заң жобаларын парламент комитеттерінде қарау заң шығару процесінің ең маңызды кезеңі болып табылады. Алайда, парламенттік комитеттердің ролі бұл процестерде көп жағдайда мемлекеттік басқару нысанына байланысты болады. Сайып келгенде, парламенттік республикаларда мұндай комитеттердің ролі айтарлықтай емес, сондықтан заң шығарушылық ісін үкімет пен оның мекемелері қолына алып өздері жүзеге асырады.

Ал президенттік республикаларда парламент комитеттерінің ролі өте күшті болады. Олар іс жүзінде заң шығару қызметіне байланысты мәселелерді әр түрлі атқарушы өкімет органдарымен бірлесе отырып өздері шешеді.

Заң жобаларын палатада қабылдау. Заң жобаларын енгізіп, өздері қарағанда, әдетте, әр бабын жеке дауысқа салып барып, ол заңды (билл) палата қабылдайды. Бұл сол заңды (билл) басқа палатаға берер алдындағы қорытынды саты болып табылады. Плата биллді (заңды) өздері енгізіп, қуаттанғаннан кейін, заң жобасы енді қарау үшін басқа палатаға жіберіледі.

Әрине, бұл арада біз заң жобаларын басқа палатаға беру, онда оны қарау тек бикамералық парламентке ғана қатысты екенін айтқанымыз жөн (өйткені, бір палаталы парламентте билл қабылданған соң, парламент санкция және промульгация алу үшін мемлекет басшысына жібереді (яғни, мемлекет басшысының қол қоюымен ресми органда жариялау үшін).

Ал, басқа палатада (бикамералық парламентте) заң жобасы алғашқы палата енгізіп, қарағандай сатыда өтеді.

ФРГ-да, мысалы, заңдар, әсіресе, жерге қатысты заңдар, Бундесрат тарапынан келісім алынбй өз күшіне ене алмайды. Бундесраттың конституциялық-саяси мәні ең алдымен өзінің келісімі талап етілетін заңдар бойынша оның шешім қабылдау құқына саяды. Бұл Бундесратқа сонымен қатар жерге байланысты да құқық беріп, заң шығару процестеріне феодалдық дәрежедеәсер етуге мүмкіндік әпереді. Сөйтіп, іс жүзінде, барлық федеральдық заңдардың жартысына осы Бундесрат келісімі керек. Былайша айтқанда, әрбірекінші заң Бундесрат пікірін есепке алмайБундестаг тарапынан қабылданылмайды. Әсіресе, Бундестаг пен Бундесраттағы партиялық-саяси құрам мен арақатынас күші әр түрлі болса, онда ерекше саяси мағынаға ие болуы да мүмкін. Осындай текетірес кезінде Бундесрат өз қарсылығын білдіруіне болады, бірақ оның бұл қарсылығы Бундетаг атынан айтылған тек табанды ескерту құқығы ғана болып табылады. Бундестаг бұнддай жағдайда Бундестарттың қарсылығын абсалютті көпшілік дауыспен қабыл алауға құқылы. Яғни, Бундестаргтыңтабанды қарсылығына қарамастан Бундестаг тарапынан бұл заң қабыладнуы мүмкін.

Көптеген шеттеелдерде Парламент тарапынан заң жобасы (билл) түпкілікті қабыдануы үшін бұл жобаны парламенттің екі палатасы бірдей мақұлдауы тиіс. Ал , егер , екі палата арасындағы келіспеушіліктер себебінен заң жобасы (билл) қабылданбаған жағдайда, оны реттудің әртүрлі әдістері бар.Олардың арасынан төменгі әдістер пайда болары хақ.

Желқайық (чельнок) әдісі. Бұл әдіс бойынша таласты заң жоббасы билл 1 палатадан екіші палатаға, олар өзара ті табысып, бірінің пікіріне екінші тарапы қосылғанша ,не болмаса заң жобасы түпкілікті кері қайтарылғанша, қайта-қайта жіберіле береді. (Аргентна, Баливия, Венесуэла).

Келтіруші комиттер әдісі. Бұл әдіс бойынша консесуссқа жету реттері таласты заң жобасы (билл) бойынша палаталарда жүзеге асырмайды, бірақ оларды ерекше пікірлерін еске ала отырып, өздері құрған келістіруші органдар арқылы шешіледі. (Мысалы, АҚШ-та екі палата төрағаларытепе-теңдіік негізде келістіруші комиттет құрады).

Жоғары палатаға бастауды ұстап тұрушылық ролші берілген парламенттерде оны қарсылығынан өту реттері қолданылады. Сөйтіп, бірінде таласты биллді төменгі палата қайталап қуаттап, жоғарғы палатаның қарсылығын жеңсе (мысалы, Ұлыбритания, Франция), екіншісінде биллді парламенттің екі палатасы бірлескен отырысында шешім қабылдаумен шешеді. (мысалы, Индия).

Заң шығару процеісін қорытынды сатысына парламент қаблдаған заңдарды снкциялау мен проулкациялау жатады.Бұл реттер мемлекет басшысы тарапынан заңменкөрсетілген мерзім ішінде жүзеге асырылады. Егер де парламент өздері қабылдаған заңды шұғыл деп тапса, онда бұл процестің жылдамдатылуы мүмкін. Мұндай жағдайда әдетте , қабылдаған заңның, қашан күшіне енетінін заңның өзі анықтайды. Көптеген шетелдерде қаржылық заңдар парламент қабылдаған күннен бастап ақ күшіне енеді.

Сөзімізге дәлел ретінде Италия контитуциясының 73-бабын мысалға келтірейтік. Онда мұндай (басқа да көптеген шетелдерге де тән) ереже бар: заңдар рспублика Президенті тарапынан бекітілген күнінен бір ай ішінде қол қойылып, күшіне енеді. Егер палата (өз мүшелерінің абсалютті көпшілігінң ) заңды шұғыл деп жарияласа, онда ол заң көрсетілген мерзімінде қол қойылып, бекітіледі. Сөйтіп, ол заң тоқтаусыз жарияланады. Егер заңның өзі басқа мерзімді көрсетпесе, онда он күн өткендде күшіне енеді.

Франция конситуциясына сәйкес заң 15 күн ішінде қол қойылып, бекітілуі тиіс. Мұндай ереже төменгі жағдайларда жарамсыздық көрстеді: 1Президен өз құқығынветоға пайдаланғанда; 2.Парламент тарапынан қабылданған конституцияға қайшылығы жайлы іс қозғалса.