Парақорлықты терегу

“Сыбайлас жемқорлық” термині заңдылық, оның ішінде қылмыстық – құқықтық ұғым болып табылмағандықтан оның құқықтық анықтамасы белгілі бір қиындық туғызады. Сыбайлас жемқорлықтың халықаралық атауы – “коррупция” терминінің этимологиясы латынныңпаралап сатып алу ұғымын білдіреді. Бірақ 1978 жылғы 17 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясында қабылдаған кодексте: Коррупция ұғымы лауазым иелерінің құқықтық мінез құлқы, лауазым иелерінің істеген немесе істеуі мүмкін іс әрекеттері үшін заңсыз салық алуы, уәде берулері ұлттық құқық нормаларымен анықталуы қажет делінген.

Лауазымдық өкілеттілікті асыра пайдалану барысында заң лауазым иесінің өзінің өкілеттігінен туындайтын әрекеттерді қызмет бабына байланысты құқықтары мен міндеттері шеңберінде жүзеге асырады. Ал пара алуда белгілі бір мүліктік игілік, пайда үшін лауазымды тұлға қызметтік жағдайларына байланысты өз әрекеттері арқылы әр-түрлі мүмкіндіктерге жол беретін әрекет немее әрекетсіздікке жол береді, яғни қызмет шегінен шығып кетеді.

Егер пара алу арқылы қызметтегі жалпы қамқорлықпен қызметі бойынша жол бермеуге келсек, бұл да мүліктік сипаттағы пайда табудың салдары болып табылады және кінәлі адам іс-әрекеті пара алу ретінде сараланады.

Пара алуды лауазымдық өкілеттілікті асыра пайдаланудан ажырату барысында лауазым иесінің қызметтік өкілеттігін пайдаланып алған пайдасының мазмұнын анықтаудың маңызы зор.