Тергеу экспирементінің тактикасы

Тергеу эксперименті дегеніміз, ол қылмысты оқиғаның кейбір мән-жайларын осы оқиғаға ұқсас және сәйкес жағдайда әр түрлі сынақ тәжірибелер жүргізу арқылы осы жағдайдың, құбылыстың болу мүмкіндігін тексеру үшін жүргізілетін тергеу әрекеті.

Бұдан туындайтын негізгі қағидалар. Біріншіден, басқа тергеу әрекеттерін жүргізу үстінде алынған, іске қатынасы бар деректердің, мәселелердің шындығын тексеру үшін жүргізіледі. Екіншіден, \мұндай тексеру, осы тексерілетін құбылыс қылмысты оқиға болғанда қандай жағдайда өтсе, соған сәйкес, не ұқсас жағдайда арнайы сынақ тәжірибелерін жүргізу арқылы өткізіледі. Жүргізілетін сынақ тәжірибелердің қорытындысының обьективтігі, оның сол тексерілетін оқиға болған жағдайға сәйкес жағдайда өткізілуімен тікелей байланысты. Әрине, тәжірибе жүргізілгенде тура болған жағдайдың өзін, тексерілетін іс-әрекетті бұлжытпай қайталауға болмайды себебі ондай жағдайда жаңа қылмыс жасалған болар еді. Сонымен қатар, тәжірибе арқылы болған оқиға толық қайталанбайды, тек оның кейбір негізгі бөлігі, көріністері ғана саны қайталанады.

Тергеу эксперименті – өз алдына дербес, өзіне тән міндеттері бар іс жүргізу әрекеті.

Тергеу эксперименті шешетін сұрақтарына орай үш түрге бөлінеді.

Тергеу экспериментін жүргізгенде қолданылатын тактикалық  тәсілдер.

Дайындық жұмыстары толық аяқталғаннан кейін, тергеуші осы тергеу әрекетіне қатынасатын адамдарға олардың міндеттерін, кімнің не істейтінін түсіндіріп, әрқайсысын өз орындарына орналастырады. Тәжірибе екі жерде жүргізілсе екі топтың бір-бірімен қалай, қандай белгімен байланыс жасайтыны, тәжірибе қайталанған кезде екі жақты басқару әдістері айтылады.

Эксперимент тергеушінің берген белгісі бойынша басталады.Осы белгі берілгеннен кейін тәжірибенің барысын бақылаушы топ зер салып бақылап, арнайы белгімен тәжірибе-сынақтың дұрыс жүргізілуін басқарып отырады.

Әр-түрлі тергеу экспериментін өткізудің өзінше тактикалық ерекшеліктері бар.

Сонымен қатар осылардың бәріне тән жалпы тактикалық нұсқау, ұсыныстар да бар. Атап айтсақ:

  1. Тәжірибе өткізуге тым көп адам қатыстырмау керек, сеьеьі артық адамдар бір-біріне бөгет жасап, эксперименттің нәтижелі өтуіне кедергі келтіреді; тергеу эксперименті сол тексерілетін оқиға болған жағдайға ұқсас жағдайда өткізілуі тиіс.Олүшін:

а) эксперимент тексерілетін оқиға болған уақытта, сондай көріну, естілу жағдайында өткізілуі қажет:

ә) эксперимент егер мүмкіншілік болса сол оқиға болған жерде өткізілуі тиіс, ал егер бұл жердің көрінісі және басқа жағдайлары өзгеріп кеткен болса, оны бұрынғы қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуі керек;

  1. Тәжірибе бірнеше рет қайталанып жүргізілуі қажет.

                                        

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!