Тергеулік қарау және куәләндіру тактикасы

Тергеу қарауының мақсаты — іздер мен заттай дәлеледемелерді талдау арқылы қылмысты тіркеп, ашуға мүмкіншілік беретін дәлелдемелерді табу және бекіту.

Заттай дәлелдемелер — бұл тергеудегі оқиға туралы ақпаратты қамтитын материалдық дүниенің объектілері. Олардың мазмұны, табылу орны және басқа да белгілері қылмыстың жасалу мән-жайлары туралы мәлімет беруі мүмкін әдетте оларды қылмыстық «тілсіз куәгерлер» деп атайды. Қандай да болмасын қылмыстық істе заттай дәлелдемелер болады және олардың біреуі де алдын ала қараусыз іс материалдарына тіркелмейді. Тергеудің нәтижелері оның криминалистік жағынан сауатты жүргізілгеніне байланысты болады. Сондықтан криминалистер оқиға орнын және сонда табылған объектілерді қараудың аса маңыздылығына ерекше көңіл бөледі.

Қараудың шынайылыгы (объективтілігі) барлық объектілерді табылған қалпында зерттейді және бекітеді, сонымен қатар тергеушінің немесе басқа да тергеу әрекетіне қатысушылардың тұжырымдары мен пікірлерін хаттамада көрсетуді көздейді.

Қараудың толықтылыгы мен жан-жақтылығы қылмысқа қатысты оқиға орнында табылған бүкіл заттар мен іздер табылып, зерттеліп, хаттамада егжей-тегжей көрсетіліп, фотосурет немесе бейнежазба арқылы бекітілуін қамтамасыз етуі. Сонымен қатар, тергеудің толықтылығы деп алғашқы қараудың жеткіліксіздігінен оны қайталау қажеттілігін тудырмауын айтады.

Қараудың жоспарлылыгы нақты әрекеттердің шеңберімен кезектілігін анықтаудан, қолда бар күш пен құралды бөлуден тұратын тергеушінің және басқа да қарауға қатысушылар әрекетінің кезектілігін дұрыс анықтауды қамтиды. Ол бүкіл қажетті әрекеттерді толық және сапалы орындауды және ақырында тергеулік қараудын мүмкіндігінше тиімділілігін қамтамасыз етеді.

Оқиға болған жерді қарау тактикасы.

Оқиға болған жерді қарау қылмыс іздерін басқа да заттай дәлелдемелерді табу мақсатымен, оның жасалу жағдайын және қылмыстық іс үшін маңызы бар басқа да мән-жайларды анықтау мақсатымен жүргізіледі.

Дайындық сатысы оқиға туралы хабар алынғаннан кейін қаратуға дайындалады және нақ сол жерге жүзеге асырылатын дайындық әрекеттерін қамтиды. Оқиға туралы хабарланған бойда, тергеуші:

— не және қайда болғанын анықтап, оқиға орнындағы жабдықтарды қорғауды қамтамасыз ету үшін оқиға орнын қорғау туралы нұсқау жергілікті әкімшілік немесе полиция органы арқылы беруге;

— қорғауды ұйымдастырушы қызметкерлерге мәліметтерді аса пайдалы болатын оқиғаны өз көзімен көрген тұлғаларды анықтау қажеттілігі туралы ескертуге;

—егер жәбірленушілер болса, оларға медициналық көмек көрсету туралы нұсқау беруге;

—полиция қызметкерлері сезікті тұлғаларды ұстауға және болған оқиғаның зиянды зардаптарын болдырмауға шара қолданған — қолданбағанын анықтауға;

— тергеу портфелінің, фотоаппараттарының және қарау жүргізуге қажет басқа да құралдардың толық жинақталуын оқиға орнына шығу алдында тексеруге және қажетті мамандарды шақыруға міндетті.

Тергеулік қараудың басқа түрлерін жүргізу.

Мекен жерлерді қарау олар оқиға орны болғанда жүргізіледі. Қарауды ұйымдастыру аумақ көлеміне байланысты болады: мәселен, ол үлкен болған сайын, оған қатысушылар саны да көбейеді. Қарауға көп қызметкерлер қатысқанда қарауды сапалы жүргізу үшін оларды белгілі арақашықтық, сан тізбектеп қою керек. Қарауға қатысушылар мен тергеуші арасында жедел байланыс болу қажет, ол тергеушіге оқиға туралы хабардар болуға мүмкіндік береді.

Үй жайды қарау. Криминалистік маңызы бар деректер үй-жайды, қызмет орнын, сауда, қойма және өндіріс орындарын көрме залдарын, павильондарды және т.б. қарау барысында алынуы мүмкін. Оларды қараудың негізгі мақсаты — жұмыстың бағыты мен тәртібін айқындау объектіні сипаттайтын жеке белгілерді табу және жалпы жағдайда зерделеу; қозғау белгісін беретін жабдық жүйесімен танысу, т.б. жайларда қараудың оқиға орнын қарау ережелерін ескере отырып сағат тілімен периметр бойынша жүргізген жөн.

Заттарды қарау дербес тергеу әрекеті ретінде келесі жағдайларда жүргізіледі: а) олар оқиға орнын, жерін, жайды қарау, тінту барысында табылып, оларды қарау үшін ұзақ уақыт пен арнайы жағдайлар қажет болғанда (ҚР ҚІЖК-нін 223-бабы); ә) заттай дәлелдемелер ретінде танылуы мүмкін заттарды тергеушілерге жәбірленушілер, куәгерлер, сезікті немесе басқа да тұлғалар ұсынғанда (ҚР ҚІЖК-нің 222-бабы) тергеуші оларды сараптық зерттеу үшін сақталуын қамтамасыз ете отырып оларды өзінің жұмыс бөлмесінде қарайды.