Криминалистикалық фотография және бейнетаспаға жазу

Криминалистика әдістерінің ішінде айырықша орын алатын әдістердің бірі — техника — криминалистік зерттеу тәсілімен атап айтқанда оқиға болған жерді суретке түсіру, түстерді бөлу суретке түсіру, қарама-қарсы түстерді күшейту арқылы суретке түсіру, саусақтардың папиллярлық өрнектерін жіктеу, атылған оқ пен гильзаны мылтық пен сәйкестендіру тесілдері, тергеу әрекетін жүргізуде қолданылатын тактикалық әдістер, т.б. Арнаулы әдістердің екінші бір тобы басқа ғылымдардан алынып, криминалистік объектілерді зерттеуге бейімделген. Олар: микроскопиялық зерттеу тәсілі, спектрдің көзге көрінбейтін; инфрақызыл, ультракүлгін сәулелерін зерттеу, рентген сәулесін зерттеу, спектрлік талдау.

Сот фотографиясында қолданылатын тәсілдер мен әдістері өздерінің қолдану міндеттеріне байланысты сот-оперативті және сот зерттеу фотографияларының тәсілдері болып екіге бөлінеді.

Криминалистік фотография дегеніміз тергеу іс-әрекеттерінде, жедел-іздестіру және сот сараптамасында пайдаланылатын фотосуретке түсірудің ғылыми негізде анықталып айкындалған әдістер мен тәсілдер жүйесі.

Криминалистік фотография қылмысты ашу және тергеу үшін қажетті мәліметтерді беруде: құжаттылығымен, көрнектілігімен, жоғары дәлділігімен, шынайылығымен және жағдайды тез бекітуімен ерекшеленеді. • Криминалистік фотография жалпы фотографияға негізделгенімен, оның өзіндік бірқатар ерекшеліктері бар. Олар:

а) түсіретін нысанның өзіндік міндеттемесі, яғни тергелетін қылмыстың оқиғаларымен байланыстылығы (заттай айғақтар, орын, мәйіттер, т.б.);

ә) криминалистік фотографияны қолданатын арнайы субъектілердің болуы (тергеуші, анықтаушы, жедел қызметкер, учаскелік инспектор, маман-криминалист, сарапшы);

б) фотосуретке түсіру мақсаты қылмыстық істерді тергеу және ашу үшін маңызы бар фактілерді табу, бекіту, жинау және пайдалану;

в) арнайы құралдарды, құжаттарды қолдануы. Мәселен, кезекші камерасы, С-64 құралы, микрофотонасадка МРКА және т.б.

г) суретке түсірудің арнайы тәсілдерін қолдануы ерекшеліктері (мысалы: қан іздері, аяқкиім іздері);

д) суреттерді қолдан қосымша өзгертуге болмайтындығы (мәселен, ретуші — бұл фотобейненің механикалық түзетудің тәсілі; қателерді карындаштармен, бояулармен, қырғыш скальпельдермен дұрыстау. Ретуші суретке бейнеленген детальдардың мінездемесін, суретке түсірудің объектілерінің ерекшелігін өзгертеді, ал сот және тергеу үшін объектілер туралы айқын көріністі бейнелейді).

е) заңға және нормативтік актілерге негізделген ерекше тәртіппен толтырылған фотосуреттер мен фотокестелер.

Криминалистік фотография қолданылатын тәсілдер мен әдістер өздерінің қолдану міндеттеріне байланысты жедел-іздестіру, сот-тергеуі және сот зерттеуі фотографиясы болып үш топқа бөлінеді.

Қылмыстық іс жүргізу әрекеттерін фотосуретке түсіру.

Оқига болган жерді фотога түсіру. Оқиға болған жерді фотоға түсіру, ондағы заттарды, табылған іздерді, қылмыс қаруын мәйітті табылған күйінде көрсету мақсатында қолданылады. Жақсы бейнелер алу үшін суретке түсіру орны жарық қажет негативтік фотоматериал тауып жарық фильтрін қолдану қажет.

Ашық күндері түске дейінгі және түстен кейінгі сағаттар фотосуретке түсірудің ең тиімді уақыты. Бірақ, тергеуші өз қалауынша фотосуретке түсіру уақытын таңдау мүмкіндігіне ие болмағандықтан кез келген уақыт фотоға түсіру шарттарын білген жөн. Сөйтіп, ашық күндері күн бұлттың астына кіріп, заттар үкілген жарықта болғанда фотоға түсіру қажет. Аппаратты күн сәулесі оптикалық оське 45 градус бұрыш жасап бағытталатындай етіп құрады. Күнге қарсы түсіруге болмайды, өйткені ол негативке ахау келтіріп, бейнеге зақым келтіреді. Егер ондай жағдайдан күтілмеген сәтте, сәулелердің жолында бір тосқауыл қойып түсіреді. Олар: ғимарат, ағаш, дауыл болуы мүмкін. Көлеңкелеу үшін картон, фанера, портфель қолдануы мүмкін. Түсірген кезде негативтің жарықсезгіштігін ескереді, жағдайға байланысты жарық фильтрін алады: панхромат материалдар болғанда орташа – сары жарық фильтрі танғы және кештің алдындағы уақытта жақсырақ, тұманды күні – қызыл сары: өзен, көл, теңіз жағасында – сары, қыста – сары фильтр; күзде немесе жаңбырлы күні – жарық фильтрінсіз.

Тінту барысында суретке тусіру. Фотоға түсіру тінтудің нәтижесін бекітетін құралдардың бірі болып табылады және де тінту жүргізілген жерді, табылған құпия орындарды, тінту барысында алынған заттарды сол күйінде фотоға түсіру бөлмеде өткізілетіндіктен, жарық заттарға біркелкі түспейді. Сондықтан заттарды терезеге жақынырақ қояды. Бүкіл бөлмені құпия орынды суретке түсіру үшін, қосымша жарық көзін қояды.

Зерттеу эксперименті барысында суретке түсіру. Фотоға түсіру зерттеу эксперименті өткен жерді немесе оның жеке кезеңдері мен нәтижесін көрсету үшін қолданылады.

Атап айтқанда ғимаратқа кіру мүмкіндіктері, үйдің үсті, балкон, жүк автомобилінің кузовы және т.б. бекітіледі.

Тірі ағзаларды фотога түсіру. Қылмыскерлерді қылмыстық тіркеу кезінде, оларды таныту үшін, эксперименттік теңестіру үшін, сондай-ақ куәландыру нәтижесін бекіту үшін суретке түсіреледі.

Өлікті фотога түсіру. Фотоға түсіру арқылы өліктің орнын, күйін, түрін және киімін бекітеді. Танылмаған өліктерді тіркеу үшін өліктің бетін сондай-ақ таныту жұмыстарын жүргізу үшін суретке түсіреді.

Панорамалық фотога түсіру — объектіні толық көрсете алмаған жағдайда, сондай-ақ объектіден алыс қашықтыққа бара алмаған жағдайда қолданылады.

Панорамалық фотоға түсіру арнайы аппарат көмегімен де, қарапайым фототаспа арқылы да жасалады. Мұндай жағдайда объектінің бөліктерін түсіріп, тұтас фотосурет құрастырады. Әрбір келесі сурет алдынғы суретте көрсетілген объектінің шамамен 10%-ы аудандық шетін қамту қажет. Барлық түсіру бірдей жағдайда өтеді. Аппараттың орналасу дұрыстығы түр іздегіш (видеоискатель) көмегімен анықталады. Осымен бірге белгілі бір бағдар болу қажет. Керек жағдайда жасанды бағдар қолданылады (қағаз, т.б.). Алынған негативтерден бірдей жағдайда фотодақ жасайды.

Панорамалық фотоға түсіру тігінен де, көлденеңінен де жүргізілуі мүмкін. Бірінші жағдайда кеңістік немесе объектінің биіктігі бойынша фотоға түсіреді. Көлденеңі панорама ұзын учаскелерді түсіруде қолданылады. Сот-жедел фотографиясында көбінесе түсірудің көлденең көрінісі қолданылады.

Өлшемді фотога түсіру объектілердің көлемін, олардың арақашыктығын есептеу үшін қолданылады. Ол масштабты және метрикалық болып бөлінеді. Масштабты түсіру заттың көлемін анықтауға көмектеседі.

Масштабты фотога  түсіру барысында фотографиямен бірге масштабты сызғыш та қоса түсіріледі. Масштабты түсіруде кішірейту бір мөлшерде болу үшін екі шартты орындау қажет:

– масштабты сызғышты тек объектінің жанымен ғана емес, объектінің жазықтығымен бірдей түсіру қажет.

Фотоаппаратты объективтің оптикалық осі суретке түсірілетін жазыққа перпендикуляр етіп орналастыру қажет.

Фотоға түсірілетін объектіні өлшеу үшін циркуль-өлшегіш қолданылады, оны объектінің көрінісінің ұлғаюына байланысты жылжытып, сосын сызғыштың бөліктеріне сәйкестендіріп, объектінің нақты өлшемін табады.

Метрикалық тусіру тек ірі объектілердің мөлшерін ғана емес, олардың ара қашықтығын да өлшеу үшін қажет. Метрикалық түсіру көріністі және тораптық түсіру кезінде қолданылады. Метрикалық түсіру түрлі тәсілдермен жүзеге асырылады. Тергеушілер қолданатын аппараттарда тереңдік масштабында фотоға түсіру қолданылада.

Тереңдік масштабындағы фотосуреттер бейне бойынша фотоға түсірілген объектінің өлшемін анықтауға мүмкіндік береді. Ол үшін объекті орналасқан көлденең жазыққа сәйкес, тереңдік масштабының бөліктерінің нөмірін алады. Бөлік нөмірін көрсететін сандардан бірлікті есептеп алады. Алынған сан кішірею коэффициентін көрсетеді. Фотосурет бойынша қажет үлкендікті өлшеп оны кішірею коэффициентіне көбейтіп оның нақты үлкендігін алады.

Репродуктивті фотосуретке түсіру үшін құжатты тегіс жазықтыққа орналастырады. Ол үшін әйнекпен бастыру ұсынылады. Репродуктивті фотоға түсіруде екі қажетті шартқа көңіл бөлу қажет:

а) аппараттың артқы әйнегі құжат түсірілетін жазықтыққа параллель болуы қажет;

ә) құжатқа бір қалыпты жарық түсу қажет.

Репродуктивті фотоға түсіру кез келген аппаратпен жүзеге асырылуы мүмкін. Бірақ, аталған шарттар арнайы репродуктивті фототаспаларды қолданғанда ерекше тиімді болады. Репродуктивті құрылым құжат орналасатын экранмен жабдықталады. Экранның екі жағына интенсивті және бірқалыпты жарық түсіру үшін жарық көздері (софиттер) бекітеді.

Фотоға түсірілген объектіні көрнекті елестету үшін, тергеуші бірнеше фотобейне жасауы керек, олар объектілердің қамтылуы және кішірейтілуі бойынша ажыратылады. Ол үшін фотосуретті әр түрлі қашықтықтан, нүктелерден жасайды.

Жоғарыда айтылғандай, фотосуреттің келесі түрлері бар: бағдаршы, шолу, негізгі және бөлшектік фотосуреттер.

Бағдарлық фотосурет белгілі бір объектіні немесе учаскені оны қоршаған ортамен бірге түсіру үшін қолданылады. Мәселен, бағдарлық фотосуретте оқиға болған жердің аумағы, оны қоршаған құрылыстар, аумақ бедері, кіру, шығу жолдарының көрінуі қажет.

Оқиға болған жерді қоршаған орта (үйлер, ғимараттар, көшелер) туралы нақты көрінісі бере отырып, бағдарлық фотосурет кейін зерттеу барысында оқиғаның кімнің қайдан көре алатынын анықтауға мүмкіндік береді. Бағдарлық фотосуретті түрлі болған жерден қашықтықта орналасқан орындардан (қырдан, биік ғимараттардан) түсірген тиімді болады.

ІІолу фотосуретінде учаскенің және объектінің қоршаған ортасыз бейнесі түсіріледі. Мәселен, шолу суретінде оқиға болған жер немесе үй ішіндегі заттарымен бейнеленуі қажет. Шолу фотосуретін бағдарлық суретпен салыстырғанда жақын жерден түсіреді.

Негізгі фотосурет ең маңызды учаскелерді, объектілерді, қылмыстық әрекеттің іздерін бекіту үшін қолданылады. Түсірілетін объекті жасалған қылмыстың ерекшелігін ескере отырып тандалады.

Бөлшектік фотоға түсіру заттай дәлелдемелер мен іздердің сыртқы белгілерін бекіту үшін қолданылды. Оған қаруды, оқты, қылмыс құралдарын және олардың ізін, қол-аяқ іздерін және  басқада криминалдық мәні бар заттарды бекіту жатады.

Тергеу іс-әрсксттерінің және сарапшы қорытындысының хаттамаларына қосымша ретінде тіркелетін фотосуреттер тиісті тәртіпте ресімделуі тергеу іс-әрекет хаттамасының қорытынды бөлімінде немесе қорытындының зерттеу бөлімінде:

–     қандай объект суретке түсірілгені;

–     қандай әдіспен және тәсілмен түсірілгені;

– тергеу іс-әрекеті барысында қай жерден суретке түсіргені;

– оны кімнің (тергеуші, маман, зерттеуші) суретке түсіргені;

– суретке түсіру жағдайы (мысалы, фотоаппараттың моделі, жарықтың сипаты, негативтік материалдың түрі және оның сипаты, диафрагма, экспозиция, жарық фильтрінің қолдануы) көрсетілуі тиіс. Алынған фотосуреттерді арнайы бланктерге немесе тығыз ақ қағазға жабыстырады. Кестенің жоғарғы жағында қандай тергеу әрекетінің хаттамасына немесе сарапшының қандай қорытындысына қосымша болып тіркелгені көрсетіледі. Әр фотосуретке нөмір қойыльш, қысқаша түсініктеме беріледі. Фотосуреттер нөмірі хаттамадағы нөмірлеуге сәйкес келуі тиіс.

Егер фотосуретте белгілер жасалса (объектінің орнын көрсету, т.б.) кестеге белгілері жоқ дәл сондай фотосуреттер енгізіледі. Хаттамаға тіркелетін фотосуреттер тергеуші мөрімен сарапшы қорытындысына тіркелетін фотокестеге фотосуреттер сарапшы мөрімен бекітіледі.

Сонымен бірге мөрдің жартысы фотобейнеде, екіншісі кағазға тусуі қажет. Хаттамаға тіркелетін фотосуреттерге тергеуші, маман, мүмкіндігінше айғақтар қол қояды. Сарапшы қорытындысына тіркелетін фотосуретті сарапшы бекітеді. Хаттамаға салынған фотосурет істе сақталады.

Қылмысты тергеу барысында криминалистік бейнежазбаны қолдану іс бойынша орнату үшін маңызы бар белгілі бір іс-әрекет, оқиғаның не құбылыстың даму динамикасын жазып алу үшін қажет.

Соңғы жылдары бейне жазба бекітудің электрондық әдістемелері қарқынды жетілдіріліп келеді. Олардың барлығы бейнені теледидарға немесе мониторға шығарумен қатар, оның сезгіш фотоматериалда бекітілуін де қамтамасыз етеді. (Сондықтан оларды фотографиялық әдістемелерге жатқызады). Фотографиялық бейнені арнайы құралмен немесе тікелей телеэкраннан суретке түсіру арқылы алуға болады. Сонымен қатар электрондық тәсілмен объектінің ұсақ детальдарының сапалы бейнесін алуға болады. Осының негізінде жеделдікпен, технологиялық икемділікпен және жоғары ақпараттық көлемімен ерекшеленетін криминалистік бейнежазбасы қалыптасты.

Объектінің бейнежазбасын магниттік тасымалдаушыға кадр-кадр бойынша түсіретін цифрлық фотоаппаратар да кең қолдану табуда. Олар кең тараған жіңішке пленкалы айналы камералар негізінде құрастырылған, сондықтан тұтынушы электрондық жетістіктерін бүкіл мүмкіндіктерін пайдалана алады.

Арнайы компьютерлік бағдарлама арқылы суреттерді өзгертуге болады, мәселен керек емес бөлшектерді алып тастауға немесе басқа суреттің фрагменттерін қосуға болады. Сондай-ақ, түстерді түзетіп араластыру, бейненің анықтылығын күшейту немесе бәсендету, суретті өңдеу, бояу, түстерді ажырату, бейнеге бедер беру, т.б. мүмкіншіліктері мол.

Қазіргі танда тергеу тәжірибесінде шетелде шығарылатын ҮН8 пішіндегі цифрлы бейнеаппаратура қолданылады. Соңғысы өте нашар жарықта да түсірілген кезде сапалы түрлі түсті бейнені алуға мүмкіндік береді. Жақсартылған бейнеаппаратураны НО белгісімен, жоғары сапалы бейнені қамтамасыз ететін таспалы кассетаны 8 (супер) белгісімен белгілейді.

 

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!