Ұйымдасқан қылмыстылықтың себептері, пайда болу шарттары және дамуы

19.1. Ұйымдасқан қылмыскерліктің бар екендігі және оның етек алғандағы жайына тұжырымды криминолгтер жан жақты зерттеулер негізінде 80 жылдардың басында жасады. 70 жылдардың аяғында қылмыс жасаған, не, қалайда онымен байланысты, оған тәуелділікке түскен адамдар көлеңкелі экономиканы түгелдей өз бақылауына алды. Ал айқындалған қылмыскер-лерде отандық ақшалар емес, көбіне валюталар, алтын, платина, асыл тастар табылатын. Олар тиімсіз жұмыс істейтін социялистік шаруашылық тетігін “майлау” керек екендігі және заңсыз экономикалыққызметті іс жүзінде заңдастыру қажет екендігі туралы пікір тарата бастады. Аса ірі мөлшердегі ұрлықтары, қианаты үшін сотталғандар жарамсыз ресми эканомиканың “құрбандары” қайта құрудың көш бастарлары нағыз талантты әрә ынталы шаруашылық басшысы-экспериментаторлар, “алтын бастылар”, оларсыз ел эканомикасынқұлдырап кететін адамдар деп жарияланды.

1988-1995жылдарындағы қорқытып алушылық туралы істер бойынша сот практикасын жинақтап қорту Қазақстан Республикасында қорқытып алушылық үшін барлық сотталғандардың 40-41%-ы қылмыстытоптасып жасаған көрсетті. Бұл қылмысты ең көп топтасып жасаушылыр: 1999жылы Алматы қаласында-44%, 1999 жылы Қарағанды облысында –43,2000жылы оңтүстік Қазақстан облысында –46,5 ,2000 жылы Қызылорда облысында-51,5, 2002 жылыАлматы облысында –52,5% болды.

Қайта құрудың аяқ кезінде қылмыстық капиталдың иелері оның біршама заңдастырып молайтты, қоғамда беделі артып, елдегі эканомикалық және саяси өзгерістергеықпал ете бастады. Нарыққа өту кезеңінде экономикалық қылмыскерлікпен күресте мороторий енгізу жөнінде 1990 жылы ұсыныс енгізілді, ол біртіндеп іске аса бастады. 1994 жылы ақпанда 1993жылғы қазан оқиғаларына қатысушылар үшін жасалған саяси рақым-шылдықтың қарымтасы ретінде КСРО –да 1991жылдыңжелтоқсанында дейін экономикалыққылмыс жасағандарға рақымшылық ету жөнінде ұсыныс жасалды,ол іске асырылды. Экономикалық қылмыскерліктетүгелдей ұйымдасқандық сипат болды, ол қайта құрудың бастапқы кезінде жалпы сипаттағы қылмыстармен араласып кетті. 1991 жылдың басынан бастап Қылмыстық кодексте шаруашылық қылмыстарының қатары сиреді, ал қылмыс қатарынан шығарылған іс-әрекеттер бәрібір қоғамға қауіптілік төндіріп тұрады.

Криминологиялық зерттеулер көрсеткендей экономикалық қылмыстық әрекеттердің негізгі ұйымдастырушылары және қылмыстық капиталдың иелері лауазымды адамдар емес, сол ұрпаққа ынта білдіргендер жәнеоның идеологтері болған. Олар, әдетте, ресми құрлымда онша биік дәрежеде емес, не тіптен “бөтен” адамдар болған. Лауазымдыадамдардың сатып алуға 80 жылдардың басында ұрпақ дүниенің үштен біріндейі ғана жұмсалған. Ал, 80 жылдары құқық қорғау органдары негізгі соққыны ұйымдасқан экономика-лық қылмыскерліктің нағыз ұйымдастырушыларына, лауазымды адамдардың сатып алушыларға емес, ұйымдасқан жемқорлықтығы лауазымды адамдарға бағытталған.

Экономикалық қылмыскерлермен олардыңкапиталдары, бұл Қазақстан-дағы әлеуметтік жағдайды криминалдық тип бойынша дамытудың, ұйымдас-қан қылмыскерліктің етек алуы және оған өркениетті, ұтымды қарсы әрекет жасаудың бірінші көзі. Екінші көзі- және партия номенклатурасының сыбайлас жемқорлыққа бой алдырған өкілдері. Үшінші көзі-кәсіби жалпы сипаттағы қылмыскерлік. Олардың табыстары экономикадағы әлеуметтік бақылау жүйесі әлсіреген сайын және елде аса бақуатты адамдар саны көбейген сайын өсті. Мысалы, көлеңкелі экономиканың өкілдеріне, экономи-калық және лауазымдық қылмыскерлерге қатысты алаяқтық, қорқытып талап ету бұрыннан да бар болатын, ал олар құқық қорғау органдарына мұндай актілер жайында айтпағанда жөн көретін. Екінші жағынан,экономикалыққылмыскерлер өздерінің ұрлыұ іздерін жасыруүшін өрт болды немесе ұрлық жасалды деген пікір қалдыру, куәлердің зәресін алу, жалғанг құжаттар жасау және т.б. мақастында қылмыстық ортаның көмегіне жүгінді. Бас бостандығынан айыру орындарында, әсіресе 70-80 жылдары экономикалық және лауазымдық қылмыскерлікпен күрес жанданғаннан кейін жалпы сипаттағы және экономикалық, лауазымдық қылмыстар арасындағы одақ нығайды. Ол елде жаңа криминалдық жағдайдың және ұйымдасқан қылмыс-керліктің жаңа сипаттамаларының пайда болуына ықпал жасады.

Халық қайта құруды да, реформаны да құптады. Қоғамдағы дағдарысты жағдай ешкімге құпия емес еді, сондықтан елдің мұндайұстанымын түсінуге болады. Бірақ, көлеңкелі және қылмыстық экономикалық әрекет жөніндегі “идеалистік-романтикалық” ұғым, сондай-ақ криминалдық мүддені тікелей қорғаштау Қазақстандағынақты өзгеріс процестерінің жемісі еді.

Нарыққа көшу бағдарламасының авторлары 1990 жылы былай деп жазды: (көлеңкелі экономиканың ауқымы осыБағдарлама контексінде ерекше маңызды болып табылады, себебі нарыққа көшу логикасы көлеңкелі капиталы халық игілігі үшін пайдалануын көздейді. Бұл реформаны ресурстық қамтамасыз етудің маңызды факторларының бірі).

Бірақ капиталдары, негізінен, көлеңкелі экономиканың криминалдық секторында тек өз басының мүдделеріне жаратуды көздеген және оданда көп ақша жасауды армандаған, өздеріне тән іс қимыл стереотипі, құндылық бағдары бар адамдар табады.

Олар өз капиталын өндіріске салмайды, мүмкін болса шетелге аударады, немесе үлкен табыс әкелетін және жақсы сақталатын салаларға орналас-тырады.

Мамандар дұрыс болжам жасады: біріншіден меншікті иелену және қайта бөлу үшін криминалдық шайқас өршіді, екіншіден, капитал тек жеке мақсатта ғана пайдаланылды. Солай болды да: капиталдар бұрыңғы мем-лекеттік қоғамдық мүліктерді басқада байыған азаматтардың, шетелге кеткен азаматтардың мүліктердің иемденіп қалу үшін пайдаланылды. Ал, меншік қайда болса, билік сонда. Билік ешқашанда меншіктен бөлек болмайды.

Жағдай бұданда бетер нашарлауы мүмкін,себебі криминалдық капитал молаюда және ол өзіне бақылау жасауға және оларды заңды иелеріне қайтаруға жан ұшырап қарсылық көрсетуде. Қылмыстық табысты заңдас-тырумен күресті көптеген ел жүргізіп келеді, алҚазақстандағы сыбайлас жемқорлықпен, қылмыстық табыстарды жуып-шаюмен күресті күшейту жөнінде әңгіме ғана бар.

Мұның барлығы: біріншіден, қылмыскерлікпен күрестің жалпы ұйымдастырылуын жетілдірудің (мысалы, тек заң жобаларын ғана емес, әлеуметтік-эканомикалық қайта құру жобаларын дакриминалогиялқ сараптау),екіншіден, ұйымдасқан қылмыскерлікпенкүресте жалпы алдын алудың, себебі онда қоғамдымүлде бүлдіретіндей қабілет бар, үшіншіден, күшті арнайы алдын алу бағдарламаларын енгізудің, төртіншіден, жоғары білікті, арынды құқық қорғау қызметін қамтамасыз етудің қажеттігін көр-сетеді.Әрине, заң шегінде.

Қоғамды, мемлекетті түбірімен жалпы сауықтырмайынша арнайы заңдар қабылдау істің жайын өзгерте алмайды. Дегенмен ондай заңдарды қабылдау да қажет. Заңдарда бастапқы ұғымдар анықталады және ұйымдас-қан қылмыскерлікпен өзара байланыста болып келе жатқан аса қауіпті құбылыстарға кешенді шабуыл жасаудың құқықтық негізі қаланады. Сондықтан да салалық заңнама ұйымдасқан қылмыспен, сыбайлас жемқор-лықпен, терроризммен, қылмыстық табысты заңдастырумен (жуып-шаюмен) күрес туралыкешенді заңдармен толықтырылуы керек.

19.2. Ұйымдасқан қылмыскерлікпен күрестің жүйесін құру қажет. Күрес субъектісі, сөзсіз, барлық қоғам: мемлекет, азаматтыққоғамның мемлекеттік емес институттары, заңды және жеке тұлғалар болуы тиіс. Бұлретте, заңға сүйене отырып, құқық қорғау органдарының ұйымдық –кадр мәселесі шешілген, мамандандырылған бөлімшелерін құру керек.Ұйымдасқан топтар-мен күресті прокуратураның,ішкі істер, қауыпсіздік, кеден, салық политция-сыоргандарының, басқа құқық қорғау органдарының барлық оперативтік болімшелері; ылмыстық ұйымдармен және қылмыстық бірлестіктермен- мұндай органдардың мамандандырылған бөлімшелері жүр-гізуге тиіс.

Экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани сипаттағы шараларды біртіндеп,ешқандай “төтеншесіз”,кешенді, мұқият ойластырып қолдану керек. Төтенше шаралар қылмыстық құрамаларды қатардағы мүшелерін және олардың әрекеттерін қалайда қамтиды, ал басшылары “әліптің аяғын” күтіп шетелде немесе басқа бір ыңғайлы жерде жүреді, жағдайды ол кейін өз пайдасына айналдыруы да мүмкін.

Мұндай ұйымдасқан қылмыскерлікпен күрес қоғам мүшелерінің экономикалық, өзге де мүдделері мен құқықтырын қалайда қоғзайды. Бұл жерде әрқашанда адамның және азаматтың құқығы, әр түрлі құқықтар мүдделердің, әр түрлі субъект құқықтарының бәсекелестік, құндылықтардың иерархиясын анықтау, басымдылықтар таңдау, сол құқықтардың шегі және шектеудің негіздері проблемалары туындайды. Жақсы жері сол – мұндай шектеулер үшін құқықтық негіз бар. Шетелдік тәжірбие де бұл тұрғыда жақсы бағдар бола алады.

Күрестің басты бағыты –ұйымдасқан қылмыстылық құрамының өзін және де оның әрекетін, қайта тууының экономикалық, ұйымдық және басқа негіздерін жою. Бұл тұрғыдан алғанда мына шаралар аса маңызды болып табылады: а) ұйымдасқан қылмыстық құрамалардың лидерлерін әшкерелеу және заңда көзделгенжауаптылыққа тарту; ә) қылмыстық тартыстар мен капиталдардың қозғалыс және пайдаланыс жолдарын жабу, олардың заңдастырылуына және молаюына жол бермеу; б) ұйымдасқан қылмыстық құрамалардың қатарындағы мүшелеріне өзінше жекелей қарау және олар ұйымдасқан қылмыстық әрекеттің бетін ашуға еркімен көмектесе оларға тиісті әлеуметтік көмек көрсету, жұмыстық-тұрмыстық мәселелерін, басқа да

Мұқтаждықтарын шешуге жәрдемету; в) ұйымдасқан қылмыстық құрамалар-ды әшкерелеуге қатысқандардың, куәлердің, қылмыстық іс жүргізу әрекеті-нің басқа да қатынасшыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету; г) сыбайлас жемқорлықпен, терроризіммен күрес туралы батымды шараларды бірге қабылдау; д) ұйымдасқан құрлымдардың қылмыстарынан зиян шеккендердің залалын өтеуді қамтамасыз ететін тиімді шаралар қабылдау. Ұйымдасқан қылмыстық әрекеттің жаңа түрі пайда болған сайын Қылмыстық кодекске түзетулер енгізу керек. Қылмыстық іс жүргізу кодексінде жедел-іздестіру қызметінің нәтижелерін, оның ішінде АҚШ –та Италияда және басқа бір-қатар елдерде кеңінен қолданып жүрген жедел-іздестіру шаралары мен қылмыстық табысты заңдастыру (жуып-шаюдың) алдын алу жөніндегі шараларды қылмыстық сот ісін жүргізуге енгізу рәсімдерін қарастыру керек.

Қылмыстық табысты заңдастыумен және молайтумен күрестің кешенді шаралары, қылмыстық-құқықтық шаралармен қатар, өзінде арнайы, алдын алу сипаты бар және қылмыстық табыстармен заңсыз операцияларды дер кезінде айқындауға, тыюға бірден мүмкіндік беретін қаржылық және өзге де бақылау шараларын қамтуы тиіс.

Желел-іздестіру, қылмыстық –іс жүргізу және өзге сипаттағы арнайы шараларды енгізу сезіктілердің, айыпталушылардың, басқа адамдардың заңда көзделген құқықтыры мен заңды мүдделерін сот тәртібінде не прокурорға жүгіну жолымен қорғаудың бірқатар кепілдіктерімен қалайда үйлесуі керек. Ұйымдасқан қылмыскерлікпен күресетін мамандандырылған органдардың сезіктілерге, айыпталушыларға, куәлерге күш қолдануды, психикалық қысым жасауды, басқа да заң бұзушылықты пайдалануына жол бермеу жөніндегі шаралардың да маңызы артуда. Сонымен қатар, заңға сүйене отырып қылмыстарды ашудың және тергеудің өзін ақтайтын жаңа тәсілдерін қыл-мыстық іс жүргізу қызметіне енгізу керек.

Заңдылықтың бұзылуына жол бермеудің кепілдігі, ол прокурорлық қадағалау режимін немесе сот бақылауын қатайту ғана емес, ұйымдасқан қылмыскерлікпен күресетін мамандандырылған органдардың әр түрлі бағыныштылығы және есеп берушілігі, бұл жағдай олардың біріне-бірі және бақылаушы бір органға тәуелсіз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Нәтиже-сінде осы органдардың өздеріндегі сыбайлас жемқорлықты, басқадай қылмыстырдыашуға және оларға тосқауыл қоюға мүмкіндік ашылады, өзара бақылаудың нәтижелілігі артады. Ұйымдасқан қылмыскерлікпен күрестің мүддесін ойластырсақ, қылмыстарды ашатын және сезіктілер мен айыптау-шыларды қамауда ұстайтын органдарды біріктіруге болмайды, себебі қылмысты қалайда ашу мақсатында қамауда отырған адамдардан заңсыз көрсетулер алу тәсілі қолданылуы мүмкін. Екінші жағынан ондай адамдар-дың ұйымдасқан қылмыстық құрлымдармен байланысты тергеушілердің, басқа да қызметкерлердің құрлымдарымен қылмыстық әрекетіне ұшырауы ғажап емес. Ұйымдасқан қылмыскерлер үшін арнайы оқшауланған орынның болуы өзін-өзі ақтайды. Ұйымдасқан қылмыстық құрлымдарға қатысы бар адамдардың ерекше назарда болуы, мұқият оқшаулануы, керексіз куәлерден арылу мақсатында олардың көін жою әрекетіне қорғалуы тиіс.