Қылмыстылықтың біліктілік себептері және талаптары

7.1. Қылмыстылықтың себептері мен шарттары – қоғамдық экономикалық қауымдастыққа және сол мемлекеттің өзіне тән салдары ретінде сәйкес келетін қылмыстылықты анықтайтын теріс жүйе.

Қылмыстылықтың себептері мен шарттарыөзінің пайда болу тегі мен мәні бойынша әлеуметті. Олар қашанда қоғамдағы әлеуметтік қайшылықтар арасынан орын алады. Мазмұны жағынан бұлар теріс бағытты, адамдардың, қоғамның мемлекеттің мүдделері мен санаспайды. Позитивті, яғни, оң пиғылды әлеуметтік құбылыстар алдын алу шаралары жүйесі қатарынан орын алады.

Себептер -қылмыстылық пен қылмысты тікелей туғызатын, жаңадан өндіретін заңды салдары ретіндегі әлеуметтік-психологиялық детерминанттар. Қоғам мен заңнан алшақтаған қауымдастық пен тұлғаның әлеуметтік және құқықтық психологиясы қылмыстылықтың себептер жүйесін құрайды. Қылмыстылықтың себептері арасынан дәлелсіз агрессивтілікті, ұлтшылдықты, қоғамды елемей жек көруді,құқықтық негализмді ерекше атап көрсетуге болады. Қылмыстылық себептерінің жүйесі әлеуметтік-психологиялық құбылыс болып табылады. Дегенмен, осындай жүйелі нақты қылмыстың дәлелін қылмыстылықтың әлеуметтік криминогенді дәлелі мен қарама-қарсы қою мүмкін емес, өйткені жүйенің барлық элементтері өзара әрекеттес.

Шарт – бұл өзі қылмыстылық пен қылмыс тудырмайтын, бірақ себептің әрекетіне жағдай туғызатын, жеңілдететін, өршітетін кері әлеуметтік құбылыс. Мысалы, бақылау-ревизиялық қызметтің жеткіліксіздігі материалдық құндылықтарды сақтау, есеп жүргізу және пайдалануда бақылаусыздық туғызып, меншікке қол сұғушылыққа жағдай жасайтын шарт болып саналады.

7.2. Қылмыстылық себептерін көбіне экономикалық қатынастардан оның қарама қайщылықтары мен шаруашылық механизімінің теңсіздігінен, экономикалық жоспардың жетіспеушілігі мен кемшілігі және осыларды бөліп тұратын қатынастар жүйесінен іздеуіміз қажет.

Кез-келген экономикалық қатынастардан оның қарама қайшылықтарынан қылмыстылық туады.

Нарықтық қатынастарда бақталастық басым. Онда әрбір адам жетістікке өз маңдай жетпейді. Яғни бұл жұмыссыздықтың көп болуына әкеп соқтырады.Нарықтық экономиканың жағымсыз нәтижелері жоғарғы дәрежедегі қылмыстылық. Бұл экономикалық дамыған елдерде дәленденген шындық. Егер біз алып қарайтын болсақ әрекет ететін әкімшіл-әміршіл экономикалық жүйе кезінде де қылмыс туындаған.Қылмыс барлық уақытта өзінің жағымсыз әсерін туғызып келген.Экономикалық қатынас бұл тек нарықтық товар мен қызмет көрсету ғана емес,ол жұмысшы күшінің рыногы,яғни жұмыссыздық.

Мысалы,әкімшіл-әмірпшілжүйеде жұмыссыздар ашық түрде болып жатыр.

Жұмыссыздық бұл адамзаттың тарихи дамуында дәлелденген қылмыстылық резерві.

7.3. Әлеуметтік қатынастар көбіне және тұлғаның өзін басқамен теңсанамауы, қысымдылық көруі өз әрекетіне наразы қарауы салдарынан қылмысқа әкеп соқтыруы мүмкін.

Практикада өзінің жағдайына толық қанағаттанатын адам аз кездеседі. Адамның әлеуметтік қатынастары макро және микро деңгейде болады.

Макро деңгей бұл толық мемлекетпен қоғамдағы адам,оның өндірістік қатынастары (яғни білімдімамандығы,жұмысы,қоғамдық қызметі т.б.) қосқанда және оның жағдайы жеке тұлға ретінде адам құқықтары мен түсііндіріледі. әлеуметтік қатынастардыңедәір икемдігі проблемалары ұлттық қатынастар және теңдік проблемасы болып табылады.

Криминологияда ұлттық қарама-қайшылықтар қылмыстылықтың бір себебі болып табылады. Ал қылмыстардың түрлері адам өміріндегі ұлттық ерекшіліктерді бейнелейді.

Дұшпандылық өшпенділік кекшілдік көптеген ауыр қылмыстардыңСебептеріне айналды. Мысалы, тероризм, кісі өлтіру, қару қолдану т.б. Мұндай кезеңдерде адамдардың әлеуметтік өмірі төзгісіз болады. Бұл тек қана қарсы қылмысты емес, сенбеушілікті, қолайсыздықты үрей мен психикалықауруларды тудырады. Көбіне ұлтшылдықжеке тұлға мен мемлекетке қарсы ауыр қылмыстардың себебіболып келеді.

Қылмыстылықтың себептеріндегі төменгі топ жеке тұлғалар арасындағы қатынастар,яғни жанұя мүшелері,туысқандар арасындағы қақтығыстар болып табылады.

Бұл кезде адамдар осы қақтығыстарды жоюдың қылмыстық жолдан өзге шешімін таппайды.

Статистика мұндай қылмыс түрлеріжеке адамдар арасындағы толқуларға әкеп соқтыратындығын көрсетіп отыр. Жеке адамдар арасындағы қақтығыстар адамдардыңәлеуметтік өмірге қанағат еместігі салдарынан күннен күнге төзгісіз халге жетіп соңында қылмыс жасауға әкеп соқтыратындығымен қауіпті.

Адамдардың әлеуметтік өмірді бойына терең қабылдауы , макро деңгеидегісияқты микродеңгейде де әлеуметтік жағдайлардың адам өміріне оның ішіндеқылмыстық тәртіпкетигізетін ықпалынтүсінугеқиыншылықтар тудырады. Микро-әлеуметтік және жеке адамдар арасындағы шиеленістерхалықтың әлеуметтік өмірінің жағымсызжағының бейнесіболып табылады. Сондықтан да қылмыстардың көп бөлігі осы шиеленістерге негізделеді.