Қылмыснамалық зерттеудің бағдарламасын түсіну

3.1.Криминологиялық зерттеулердің әдістемесі.

Өткен параграфтарда аталған барлық әдістер практикада жиынтықталып қолданылады. Ал олардың жиынтығы зертеудің пәніне, объектісіне және мақсатына байланысты. Зерттеу бағдарламасы жасалғанда сұрақтардың мынадай топтары бөлініп алынады: 1) зерттелуге жататын проблемаларды баяндап жазу; 2) әдебиеттің және алдыңғы зерттеулердің нәтижелерінің талдамасын ескерне отырып оның күйін суреттеу, онеы зерттеудің қажеттігін негіздеу; 3)жорамалдау; 4) зерттеу әдістемесі мен алынған мәліметтернді жинақтап қорыту әдістемесі.

Мысалы, жеке адамның өмірі мен денсаулығына қарсы нақты жасалған қылмыстар туралы мәліметтерді ресми қылмыстық саттистика қаншалықты толық көрсететіндігін зерттелгенде әдістерінің мынадай жиынтығы пайдаланылады: статистикалық мәліметтерді зерттеу; сот-медициналық сараптаманың Республикалық орталығының тірі адамдарды куәландыру және мәйіттер сараптамасының нәтижелері туралы материалдарын зерттеу; азаматарға сауал қою; ауруханалардың, травматология пунктерінің материалдарын зерттеу; денсмсаулық сақтау, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін сұрау; сақтандыру компанияларының материалдарын зерттеу және олардың қызметкерлерінен сұрау.

Кәмелетке толмаған құқық бұзушылардың жеке басының ерекшеліктерін зерттегенде және олардың көзқарастары мен нанымдарынан өзгеше ме деген мәселені анықтағанда анкетаменсұрау әдісі,ал олардың нәтижелерін өңдегенде- бейнелердің тану әдісі пайдаланылады. Атап айтқанда, ЭЕМ жадына сұралғандардыңқандай да бір құқықтық жағдайды қалай бағалайтындығы, өмірде жетістік деп нені санайтындығы, ол жетістікке жетудің қандай маңызды жолдары бар екендігі туралы мәліметтер енгізілген болатын. Анкетадағы сұрақтарға берілген жауаптар негізінде ғана ЭЕМ жібі түзу құрбылары арасынан кәмелетке толмаған қылмыскерлерді 80 жағдайда дұрыс анықталады. Сонан соң зорлық – зомдылық қылмыс жасаған кәмелетке толмағандардан 86 пайыз жағдайда бас пайдасы үшін қылмыс жасаған кәмекелтке толмағандарды дұрыс ажыратты.

«Жас өспірімге теріс ықпал жасаған не?» деген сұрағына мынадай жауап алынған: туыстарымның жасаған қылмысы – 7,05 пайыз, отбасы мүшелерінің ішімдікке салынуы — 14,01, үйдегі жанжал, көзге шөп салу – 2,3, көшенің ықпалы – 73,06 пайыз. Сұралғандардың 3,1-і ғана әке-шешенің беделін сыйлаған, мұғалімнің ұстаздың белеін – 2,3 пайыз, жаттықтырушының,үйірме жетекшісінің беделін -4,0 пайыз, жұмыс істеген не оқыған ұжымның беделін -3,07 пайызы сыйлаған. Ата-аналардың – 37,05 пайызы жас өспірімдер ең алдымен құрбыларының беделін сыйлайды деп, ал 7,05 пайызы қылмысты ұйымдастырушы немесе оған әз-әзіл болған ересек адамдардың беделін сыйлайды деп пайымдайды.

Әлі қалыптасып жетілмеген жас өспірім өз әке-шешесінің мінез-құлқындағы жақсы- жаман қасиеттері тез қабылдап алады. Әсіресе, теріс өнеге тезірек қабылданады.

3.2.Кримнологияда бақылау тобы әдісі қолданылады.

Қылмыс жасамаған, өзін тыйанақты ұстайтын адамдар зерттеледі. Бұл қылмыскерлер сипаттамасының басқа адамдар сипаттамасынан айырмашылығын білу үшін жасалады. Санадағы немесе «періште»адамның емес, нақты сол ортада қалыптасқан және әрекет етуші адамдардың сипаттамасынан.

Көмегі арқасында мәліметь алынатын әдістемелер ғана емес, қорытып жинақтау, сондай мәліметтерге баға беру әдістемесі де маңызды.

Жинақты қорыту, әдетте, мына схема бойынша жүзеге асырылады:

  1. Статистикалық мәліметтерді немесе сауалнаманы зерттеу нәтижесінде алынған деректер өндіріледі.ү
  2. Алынған мәліметтер негізінде эмпириялық факт бөлініп алынады.

Біріншіден эмпириялық факт әр түрлі әдістерді қолданудың нәтижелерін жинақтайды. Олар сенімділік және шындық тұрғысынан бағалануға жатады:

Бұл эмпириялық фактіні басқада зерттеушілер анықтай алады деген оң жауап алынуы тиіс. Бөлек-бөлек мәліметтерден эмпириялық фактіге көшу, салыстыру, топтасыру және типологизация жолымен жүзеге асырылады, екіншіден алынған нәтижелер ғылымның теориялық қағидалары мен,бұрынғы зерттеулердің нәтижелерімен салыстырылады.

Эмпириялық факт – кез келген хабар емес, ол сол ғылымның немесе теорияның контексімен үйлесетін факт.

  1. Эмпириялық фактіден кейін теориялық факт келеді. Мысалы, азаматтар мен ұйымдардың өкілдеріне саул қойғанда олардың едәуір бөлігінің пайда күнемддік қылмыстық әрекеттерден зардап шеккендігі анықталды. Қылмыстық статистиканың цифрлары көрсетіп отырғандай, азаматтар айтқан сол кезеңдде тіркелген пайда күнемдік қылмыстардың саны азайған. Азаматтар мен заңды тұлға өкілдеріне қойған соңғы сауалнаманың мәліметтерін алдыңғы салаунаманың нәтижелерімен салыстыру жәбірленушілер санының өскендігін көрсетіп отыр.

Сақтандыру компанияларының мәліметтері ұрлыққа байланысты сақтандыру соммасының ұлғайғандығын көрсетіп отыр. Азаматтардың арыздарын қарау туралы материалдардың талдамасы бұл арыздардың көпшілігінің дұрыс шешімін таппағандығын көрсетеді.Пайдақорлық қылмыстарды туындататын мән-жайларды зерттеу еш қандай жақсы өзгерістің жоқ екендігін көрсетті, ал, бұл – ұрлықтың азаюына ешқандай әлеуметтік алғышарт болмады деген сөз. Көрсетілген мәліметтердің жиынтығын негізінде мына эмпириялық фактілер анықталады: пайдақорлық қастандықта саны ұлғайған, бірақ олардың бір бөлігі қылмыстық статистикада көрініс таппаған. Сонымен, бұл ретте эмпириялық факті деп қылмыстық статистиканың тікелей мәліметтерін емес жоғарыда көрсетілгенді санау керек. Криминологтар қылмыскерліктің өзгеруіне берген бағаларын ұдайы жариялап тұрады.