Қылмыснамалық ақпарат жинау әдістері: бақылау, жауап алу, құжаттарды талдау, тәжірибе

2.1. Қылмыснамалықақпарат жинау әдістері, бақылау, жауап алу, құжаттарды талдау.

Нақты – социологиялық әдістер, яғни әлеуметтік құбылыстардың орын мен уақыттың нақты жағдайларында және олардың нақты көрініс табуында зерттеу әдістері криминологиялық зерттеулерде маңызды орын алады. Бұл әдістер кешені мыналарды қамтиды:

  1. Құжаттарды зерттеу;
  2. Анкета және сұхбат түрінде сұрақ беру;
  3. Байқау жүргізу (тікелей немесе сырттай);
  4. Эксперимент.
  5. Құжаттарды зерттеу. Криминологиялық зерттеу жүргізгенде әр түрлі құжаттарды зерттеуге тура келеді, олар: статистикалық есептер, істердің материалдары, қылмыстар туралы арыздар мен оларға қайтарылған жауаптар, шағымдар, бақылаушы органдардың материалдары, сот – медициналық сараптама орталығының, бұқаралық ақпарат құралдарының материалдары. Сонымен қатар, аймақтардың төлқұжаттары, әлеуметтік – экономикалық талдаудың жинаққтап қорытылған нәтижелері, қылмыскерлікке және онымен байланысты құббылыстарға бұрын жүргізілген зерттеулердің нәтижелері және басқа да құжаттар зерттеледі.

Қылмыстық істерді немесе өзге құжаттарды зерттеудің бағдарламасы жасалынады. Зерттеудің тиісті нәтижелері өңделудің бағдарламасы жасалынады. Зертеудің тиісті нәтижелері өңделеді және олардың негізінде қандай да бір заңдылықтың бар екендігі туралы тұүжырым жасалады.

2.2. 2. Сауалнама не сырттай (анкета арқылы), не бетпе – бет (сұхбат арқылы) жүргізіледі. Бірінші жжағдайда сұрақтар көрсетілген анкета жасалынады. Егер сұрақтарда «жабық» сипат болса, онда оларға «ия», «жоқ», немесе «білмеймін» деген жауаптар беріледі. Ал, «ашық» түрдегі сұрақтарға кез келген нысанда жауап беріледі. Мұнедай сұрақ-жауаптарды өңдеуде қиындық туындайды. Оларды, негізінен, зертеудің алғашқы кезеңінде, жауаптардың қандай болатындығын алдын ала болжау қиын болған жағдайда пайдаланады, онда алдымен жауаптардың болуы мүмкін ваианттарын анықтау және анкетаның «жұмыс қабілеттеілін» тексеру үшін: сұрақтар түсінікті ме, оларға жауап берілген бе, әлде жалтарып кеткен бе және т.б. анықтау үшін «пилотажный» деп аталатын сұрақ-жауап жүргізіледі. Немесе «ашық» сұрақтарға берілуі мүмкін жауаптар «тізбегі» ұсынылып, «еске салудан» қашу керек болған жағдайда қойылады. Мысалы, кейбір сотталғандарға сұраққойылғанда, егер мәселе ашынғаннан болса, олар моральдың көпшілік қабылдаған нормаларына өздерінің теріс көзқараста екендігін ашық айтқан. Егер жауаптардың «тізбегі» берілсе ондаолар «дұрысырақ» жауап беруге тырысады. Бірақ барлығы ондай емес.

Ұсынлған жауаптар «тізбегінің» артында жауаптың ұсыынлғаннан басқа нұсқасын таңдау керек болса және ол нұсқаны айқындауға өтініш болса, онда жауаптар «тізбегі» «ашық» болады. «Жабық тізбекте» жауап нұсқаларының барлығы түгел беріледі.

Анкетада бірін – бірі толықтыратын қосымша сұрақттар болады. Сол себепті кейде «ашық» және «жабық» сұрақтар жиынтығы пайдаланылады.

Әдетте, криминологиялық зерттеулерде сұралатын адамның аты-жөні мен мекенжайы көрсетілмейтін анонимдік деп аталатын сұраулар да болады. Бұл анкетада «шағын төлқұжаттың» болуы қарастырылған, яғни онда жасы, жынысы, жұмысы туралы сұрақтардың және сұралғанды сипаттайтын басқа да мәліметтердің болуы мүмкін.

Анкетаны құрастырғанда оның артынан ЭЕМ-де өңделетінін ескеру керек. Сұхбаттасусыз дегеніміз – қылмыс жасаған адаммен, немесе оның туыстарымен, немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен, сондай – ақ басқа адамдармен әңгімелесу.

 2.3.Криминологиялық зерттеулерде сотталғанымен жеке сұхбаттасу, анкеталық сұрақтарғақарағанда, толығырақ нәтиже береді, қылмыстық іс-әрекеттің ссебептері мен мақсатын, оның тәрбиесі мен өмір салтын анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, сұралаушы өзінің жеке ұстан,ымымен жария еткісі келмесе, оны анкета арқылы білуге болады. «Ұжымдық сұхбат» деген де өзін жақсы жағынан көрсетті, мысалы, оларға зертеуші өздері байқап жүрген қылмыскерліктің жайы, ондағы өзгерістер, қабылданған шаралардың нәтижелілігі, қылмыскерліктің өсу немесе азаюы себептері жайында айтуды өтінеді. Мысалы, мұндай сұхбат қандай да бір ұйыымның бір топ қызметкерлерімен, немесе белгілі бір ауданның немесе үйдің бір топ тұрғындарымен, немесе колониядағы сотталғандармен, немесе прокуратураның, полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен жүргізіледі. Егер зертетуші алдын ала сұрақтарды құрастырып, оларды қандай ретпен қою керектігін жоспарласа ғана ондай сұхбаттан жақсы нәтижеге күтуге болады. Ол сұрақтар оқылмайды, еркін әңгімелесу арқылы беріледі. Сұхбат нәтижелері, әдетте, артынан жазылып алынады, сонан соң өңделеді.

  1. Байқаудың бірнеше түрі бар.

Социологиялық зерттеулердегі байқауларға қарағанда криминологияда байқау өрісінің және оның нұсқауларының біршама ерекшеліктері бар.

Мысалы, байқаудың үш негізгі рөлін алуға болады: 1) байқаушы – қандай да бір қызметке қатысушы (қызметті және оған қатысушыларды байқап жүреді); 2) шындығында байқаушы (ол өзін қызметін байқауы тиіс субъектілермен қатынаста байқаушы ретінде сезінеді); 3) қамтылған байқаушы (жұмысқа орналасады не өзін бақылаушы ретінде көрсетпей бір жерлерде жүреді, бақылауы тиіс қызметке қатыспайды, бақылауды сырттай жүргізеді).

Қылмыстық қызметті алатын болсақ, онда қылмыстық топқа, ұйымға кірген криминологті көзге елестету керек. Бірақ мұндай топқа кіру қылмыс жасауға міндетті түрде қатысумен байланысты. Қатыспаған жағдайда зертеуші әшкереленіп, одан ауыр зардап шегуі мүмкін. Заң кримнолог-зерттеушіні қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатуды қарастырмайды. Зерттеу тиісті іс-әрекетті қылмыс деп танымау үшін де негіз бол алмайды, мысалы, аса қажеттілік және қажетті қорғаныс жағдайларында.

Жаза өтеу орындарында қамтылған байқау, көбіне, көрсетілген қиындықтармен, сондай –ақ сотталғанның мәртебесін жасырын алудағы қиындықтармен байланысты.

Қамтылған байқауда құқық қорғау органдарының оперативтік қызметкері, тергеуші, прокурор, судья, адвокат, еңбекпен түзеу мекемесінің қызметкері ретінде болған пайдалы. Бұл тұғыдан алғанда криминолог үшін оның құқық қорғау органдарында, соттарда жұмыс істеп алған тәжірибесінің маңызы зор.

Байқаудың басқа да түрлі пайдаланылады. Мысалы, қалалардың бірінде кәмелетке олмағандар қылмыскерлігін зерттегенде оған қатысушылар ретінде заң оқу орындарының студентері қамтылған. Олар зерттелгендердің құрдастарындай еді. Дискотекаларға, басқа да сауықтыру орындарында барғанда олардың басқалардан айырмашылығы болмады, сондықтан құқық бұзушылардың демалу кезіндегі әрекеттерін, әр түрлі топтар арасындағы өзара байланысты, олардың жүріс – тұрысын байқауға мүмкіндік болады.

  1. Эксперимент. Профессор Дюверженің айтуынша, «эксперимент жасауды арандатылған байқау деуге болады». Отандық әдебитте экспериментке «эксперимент жасаушының басқаурындағы кейбір факторлардың ықпалымен объектінің өзгеретін жағдайына бақылау жасау және дәйекті тіркеу болатын зерттеу әдісі» деген анықтама беріледі.

Криминологияда эксперимент аясы екі қатынаспен шектелген. Бір жағынан, қылмысты арандатуға жол берілмейді. Зерттеуші қылмысқа арандатушы, көмектесуші ретінде немесе басқадай рөлде қатысқаныы үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды. Екінші жағынан, қылмыскерлікпен күрес жөніндегі шаралар заңға, моральдің көпшілік қабылдаған нормаларына нгеізделуге, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін, ұлттық және діни сезімдерді бұзуға тиіс емес.

Болжаулау әдістерін де бөліп алуға болмайды. Әдебиетте олар фондық және профильдік болып бөлінеді. Фондық әдістер осы тарауда айтылған әдістер кешенін пайдалана отырып қажетті ақпараттық база құрады. Профильдік әдістер дегеніміз – экстрапологияция, модельдеу, эксперттік бағалау әдістері. И.В.Бестужев – Ладаның орынды көрсеткеніндей, болжаулау, ол – «болашақ жайында айтпау, қандай да бір құбылыстың және процестің даму перспективасын қазіргі ғылым құралдарының көмегімен ұдайы зертеу».