Қылмыснаманың түсінігі, әдісі және жүйесі

1.1. Криминология деген сөз латын тілі крим – қылмыс, грек тілі логос- ғылымды оқу деген мағына береді.

Криминология қылмыс туралы оқытатын ғылым.

Криминология пәні 19ғ. ІІ жартысынан бастап өз алдына жеке ғылым әрі пән ретінде қолданыла бастады.

Криминология ертеден қылмыс туралы оқыта отырып қылмыскерлердің жеке басына олардың қылмыс жасау туралы ойлары және қылмыс жасаған уақыттағы себептері жағдайлары туралы оқытып келген.

Сонымен криминология қоғамдық ғылым ретінде қоғамдық әлеуметтік өмірді қылмыс процесін обьективті түрде толарға қарсы күрес жүргізу және қыл мысқа қарсы тәртіп шараларын теориялық және болжамдау түрде қолдана отырып оқытады.

Кез келген басқа ғылым сияқты криминология да заңдылықты зерттейді. Криминологияның айрықша пәні – заңдылықтар: а) қылмыскерліктің барлық көріністері; ә) қылмыскерліктің детерминациялары мен себептілігі; б) қылмыскерліктің әр түрлі ықпалға ұшырайтындығы.

 Қылмыскерліктің әр түрлі көрініс табуы мыналарды қамтиды: қылмыс немесе жеке қылмыстық әрекет; қылмыскерліктің әр түрлі негіздер бойынша бөлініп алынатын жекелеген түрлері (экономикалық, мемлекеттік, кәмелетке толмағандардың, әйелдердің және т.б.); мемлекеттің белгілі бір аймағындағы, мемлекеттегі, адамзат қоғамының әр түрлі кезеңіндегі қылмыскерлік.

1.2. Криминология пәнінің әдісі деп қылмыстылық туралы түрлі ақпараттарды олардың себептері мен жағдайларын, қылмыскердің жеке тұлғасын және қылмыстың құрбанын болжау және қылмыстың алдын алу шараларын талдайтын нақты тәсілдердің жиынтығы.

Криминология пәнінің статистикалық әдісі – бұл құқық бұзушы тұлғалардың және қылмыстылықтың санды және сапалы көрсеткіштері арқылы зерттеледі.

Анкеталық әдіс – алдын ала дайындалған сұрақтар бойынша бірнеше адамдардан жауап алу арқылы одан шыққан мәліметтерді талдау жасай отырып жеке проблемаларды зерттейтін тактикалық және техникалық тәсілдердің жиынтығы.

Криминология пәнінің жүйесі басқа пәндер секілді 2 бөлімнен тұрады. Жалпы және ерекше бөлімнен.

Жалпы бөлімге криминология пәнінің түсінігі, жүйесі және криминологияның даму жағдайы, әдісі, қылмыстылық оның себептері, қылмыскердің жеке тұлғасы, нақты қылмыстың жасалу тұлғасы, нақты қылмыстың жасалу механизмі, жәбірленушінің жеке тұлғасы, қылмыстылықтың алдын алу, және олармен күресуді жоспарлау кіреді.

Ал ерекше бөлімге: Рецедивтік қылмыстылық және оның алдын алу, кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы оның алдын алу, кәсіпқой қылмыстылық оның алдын алу, әйелдер қылмыстылығы оның алдын алу, экономикалық жасалған қылмыс және оның алдын алу туралы оқыту кіреді.

Криминология ғылымы қылмыстық құқықпен тығыз байланысты криминологияның анықталған белгілері қылмыстың алдын алу үшін бағытталған барлық мүмкіндіктегі әдістермен қылмысқа қарсы күрес және басқа да әдістер мен шаралар жүйесін дайындауды зерттейді.

Криминология пәні сонымен қатар қылмыстық істер жүргізу (кодексі) және криминалистика, қылмысты атқару, пәндерімен сонымен қатар статистикамен тығыз байланыста оқытылады.

Сондай-ақ криминология заңды емес ғылымдармен де байланысты. Әлеуметтік психология және педогогика.

Олар жеке қылмыстық тәртіптің механизмін зерттеу барысында үлкен көмек көрсетеді.

1.3. Криминологиялық зерттеуде танымның мынадай жалпы ғылыми әдістері пайдаланылады:

  • абстрактіден нақтыға көтерілу;
  • жорамал;
  • жүйелік-құрылымдық талдама (жүйелік амал);
  • тарихи әдіс;
  • салыстыру;
  • динамикалық және статистикалық әдістер.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!