Ерекше қорғалатын табиғи обьектілердің құқықтыұ режимі

  1. 1. Мемлекеттік табиғи-қорық қорының түсінігі.

Қазақстан Республикасында қорғау реттеулері және пайдалану ерекшелектері мынадай ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен түрлері құралады:биосфералық қорықтарды ьқоса, мемлекет табиғи қорықтар жатады.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұғымы мен жалпы сипаттамасы.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен қоршаған ортының салаларда орналасқан экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды обьектілерді Қазақстан Республикасының ұлттық байлығы болып табылады.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар – ерекше құқықтық қорғау режимі бар не мемлекеттік табиғи – қорық қорын сақтау мен қалпына келтіруді қамтамасыз ететін шаруашылық қызметі режимімен реттелетін жер, су, орман және жер қойынау учаскелері.

Мемлекеттік табиғи — қорық қоры – қоршаған ортаның табиғи эталондар, уникумдар мен реликтер, ғылыми зерттеулерге, ағарту, білім беру ісіне, туризмге және рекреацияға арналған зат – болмыс ретінде экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынғанобьектілердің жиынтығы.

Мемлекеттік табиғи – қорық қорына мына обьектілер енгізіледі:

Зоологиялық обьектілер – жануарлардың сирек кездесетін және құрып төнген түрлері, жануарлардың құнды түрлері, жануарлардыңтиптік, бірігей жәнге сирек кездесетінтобы;

Ботаникалық обьектілер — өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қауіпі төнген түрлері, өсімдіктердің құнды түрлері, өсімдіктердің типтік, бірігей және сирек кездесетін тобы;

Орман обьектілері – ерекше қорғанатын табиғи аумақтардағы, орман – дақылдық өндірісі мен егістікті қорғайтын орман өсірудің бірігей үлгілері;

Дендрогологиялық обьектілер – ғылыми және мәдени-тарихи маңызы бар жекелеген ағштар немесе олардың топтары, бау-парк дақылдарының бірігей үлгілері;

Гидрологиялық обьектілер – ерекше мемлекеттік маңызы бар немесе ғылыми жағынан ерекше құнды су қоймалары;

Иологиялық, геоморфологилық және гидрологиялық обьектілер – жер қойнауының экологиялық ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды учаскелері;

Топырақ обьектілері — әр түрлі топырақ аймақтарындағы типтік, бірігей және сирек кездесетін топырақтар;

Ландшафтық обьектілер – типтік, біоігей және сирек кездесетін ландшафтар, ту табиаттың эталондық учаскелері, ерекше рекрециялық маңызы бар ландшафтар.

Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдары мемлекеттік табиғи – қорық қорын қорғау мен қалпына келтіру, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру мен ұтымды пайдалану, осы салада заңдылықты нығайту мақсатымен қоғамдық қатынастарды реттейді.

Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар аласындағы заңдарды Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және“Қоршаған ортаны қорғау туралы” ҚР Заңынан, осы заңнан, басқа да заң актілері мен өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.

Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдары мынадай прнциптерге негізделеді:

Мемлекеттік табиғи – қорық қорын, биологиялық алуан түрлікті және табиғи экологиялық жүйелерді сақтау;

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды нысаналы пайдалану;

Ғылымды, мәдениетті, ағарту мен білім беру ісің дамыту мақсатында ерекше қорғалатын табиғи аумақтардыұтымды пайдалану;

Әлеметтік – экономикалық факторларды және жергілікті халықтық мүдделерін ескере отырып, туризм мен рекрецияны дамыту;

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану және қорғау жөніндегі шараларды мемлекеттік қолдау;

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік реттеу мен бақылау;

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ақы төлеп пайдалану;

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды туралы заңдарды бұзушылықпен келтірген залалды өтеу;

Халықтың және қоғамдық бірлестіктердің ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласына қатысуы;

Мемлекеттік табиғи – қорық қоры мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жай-күйі туралы ақпаратпен еркін танысу;

Халықаралық құқық негізіндегі халықаралық ынтымақтастық.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мемлекеттік меншігінде болады.

  1. Мемлекеттік органдардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы құзіреті.

Азаматтар мен қоғамдықбірлестіктердің ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы ққықтары мен міңдеттері және мемлекеттік өкілет органдарының ерекше қорғалаын табиғи аумақтар саласындағы құзіреті.

Азаматтардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы құқықтары мен міңдеттері:

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды белгіленген тәртіппен пайдалануға, мемлекеттік табиғи – қорық қорын қорғау және қалпына келтіру жөніндегі шараларға қатысуға;

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қоғамдық бірлестіктері мен қоғамдық қорларын құруға;

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту мен орналастыру схемаларын әзірлеу, оларды құру жөніндегі ұсыныстар енгізуге;

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша қоғамдық сараптамаға қатысуға;

Мемлекеттік органдар мен ұйымдарға ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері жөнінде хат, шағым, арыз жазуға және ұсынытар жасауға, олардың қаралуын талап етуге құқығы бар.

Азаматтар табиғатты қорғауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарды сақтауға міңдетті.

Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында, егер Конституцияда, заңдарда және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, ҚР –ның азаматтары үшін белгілінген құқықтары пайдаланады және солар сияқты міңдетті болады.

Қоғамдық бірлестіктердің ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы құқытары мен міңдеттері:

  • Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша бағдарламаларды әзірлеп насихаттауға, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, оларды қорық ісі саласындағы белсенді қызметке ерікті негізде тартуға;
  • Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту мен орналастыру схемасын, оларды құру жөніндегі негіздемелер әзірлеу ісінде ұсыныстар енгізіп, оған қатысуға;
  • Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша мемлекеттік сараптамалар жүргізуді талап етуге және қоғамдық сараптама жүргізуге;
  • Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мемлекеттік табиғи – қорық қорын қорғау, қалпына келтіру мен пайдпалану жөніндегі жұмыстарға белгілінген тәртіппен қатысуға;
  • Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша қоғамдық бақылауды жузеге асыруға;
  • Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қоғамдық қорларын құруға;
  • Мемлекеттік орган дар мен ұйымдардан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы ақпаратты белгілінген тәртіппен алуға;
  • Айыпты ұйымдарды, лауазымды адамдар мен азаматтарды жауапқа тарту туралы мәселелер қоюға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарды бұзу салдарынан аумақтарға келтірілген зиянды өтеу жөнінде сотқа талап – арыз беруге;
  • Өздерінің зандарда және өзге де нормативтік — құқықтық актілерді көзделген басқа да құқықтарын белгілінген тәртіппен іске асыруға құқығы бар.