Ормандардың құқықтық режимі

  1. Ормандардың құқықтық режимінің түсінігі және жалпы сипаттамасы.

Қазақстан орманы 26 млн гектар жерді қамтиды. Оның 11 млн. гектары тұтас ормандар. Бұл Англия, Италия, Норвегия, Франция мемлекетінің орманын қосып санағандағы көлемге тең. Қазақстан Республикасы 17 облыс орман, шаруашылық бақармасы, 141 орман шаруашылығы, 467 орманшылық, 20 орман мелиорациялық станциясы және 51 өндірістік бөлімшелер бар.

Қазақстанда Тянь-Шань тауында шыршалы, Алтайда қылқан жапырақты, Көкшетауда, Баянауылда, Қарқаралыда, Аманқарағайда қайың қарағайлы ормандар Батыс Қазақстанда емен, терек, Оңтүстік Қазақстанда жаңғақ, арша, ормандары кездеседі.

Орман жері — орман қорының ағаш өсіруге арналған жері. Орман — ол белгіленген тәртіппен шектелген аймақта өсетін және мемлекет меншігін құрайтын ағаш өсімдіктерінің жиынтығы. Оны анықтау үшін 3 жағдай негіз болады:

  1. Ағаштың орман үшін берілген жер аумағында табиғи өсіп тұруы;
  2. орман болып жетілмеген бірақ орман үшін берілген жердегі көшеттер немесе табиғи өсіп келе жатқан ағаш өскендерінің болуы;
  3. аталған орман мен өскіндердің тек қана мемлекет меншігінде болуы.

Орман ресурстары — орман сүректік және сүректік емес, өнімдегі қорының сондай-ақ оның табиғи пайдалы қасиетінің жиынтығы.

Орманның құқықтық ережелері – оның меншік иесінің ормандарды қорғау, сақтау, пайдалану және көлемін арттыру мақсатында, оның табиғи ортаға, мемлекетке, қоғамға, адамның денсаулығы мен өміріне атқаратын қызметінескере отырып, іске асыратын шаралардың жиынтығы.

Орман – мемлекет меншіші, сондықтан орман учаскелері тұрақты иелік етуге мемлекеттік орман шаруашылықтарына, кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдарға, сондай-ақ құқықтар мен ұлттық парктерге орман шаруашылығын жүргізу үшін бері леді.

Орман пайдалану құқығы – орманды пайдалануды реттеуге бағытталған заңдық ережелердіңжиынтығы. Орман ағаштарын және өнімдерін пайдалану құқық алған уақыттан бастап орман пайдаланушылар орман пайдалану құқығының субъектісі бола алады.

Орман қорының учаскелері арнайы рұқсат құжаттарының: лицензияның, ағаш кесу билетінің, ордердің, орман билетінің, ордердің, орман билетінің негізінде пайдалануға беріледі.

Орманның жай-күйіне, ұлғайтіп өсірілуіне, сақталуына, қорғалуына және пайдалануына, мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Үкіметі белгілейді.

Сүрекдің – екпе ағаштардың негізгі құрамы болатын ағаштардың жиынтығы.

Орманды, сондай-ақ ағаш өспеген, бірақ орман шаруашылығының қажеттеріне жер учаскелері орман қорының жері деп танылады.

Орман қорының жері мемлекеттік және жекеше орман қоры жерінен тұрады. Табиғи өскен орманы бар және мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен отырғызылған жасанды орманы бар жер, сондай-ақ орман шаруашылығын жүргізетін мемлекеттік ұйымдарға тұрақты жер пайдалануға берілген ормансыз жер мемлекеттік орман қорының жеріне жатады.

Жекеше орман қоры жеріне жеке және заңды мемлекеттік емес тұлғалар қаражаты есебінен отырғызылған және олардың жеке меншігіне берілген жасанды орманы бар жер жатады.

Орман қоры жеріндегі орман шаруашылығының қажеттеріне пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы алқаптары Қазақстан Республикасы орман заңдарына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін жеке және заңды тұлғаларға берілуі мүмкін.

  1. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік басқару және бақылау.

Орман қорының жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына, пайдаланылуына, ормандардың молықтырылуы мен орман өсiруге мемлекеттiк бақылау барлық жеке және заңды тұлғалардың орман қорын пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiбiн, орман шаруашылығын жүргiзу, оның iшiнде ормандарды күзету, қорғау мен молықтыру, олардың есебiн жүргiзу ережелерiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орман заңдарында, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарында көзделген өзге де ережелер мен нормаларды сақтауы мақсатында жүзеге асырылады.

Орман қорының жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына, пайдаланылуына, ормандардың молықтырылуы мен орман өсiруге мемлекеттiк бақылауды уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары, өзге де мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленген құзыретi шегiнде жүзеге асырады.

Орман қорын күзету, қорғау, оны пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы мемлекеттiк бақылауды уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары:

1) орман қорын күзету, қорғау, оларды пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы келеңсiз салдарды растайтын мемлекеттiк орман қорын ғылыми зерттеулер мен мониторинг нәтижелерi бойынша;
2) уәкiлеттi және аумақтық органдардың жұмыс жоспарына сәйкес жылына бiр реттен аспайтындай етiп;

3) мемлекеттiк орман қорындағы орман өрттерi фактiлерi бойынша;

4) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi бойынша;

5)жоспарлы тексеру нәтижесiнде анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын нұсқамаларда көрсетiлген мерзiмде бақылау мақсатында жүзеге асырады.

Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi және аумақтық органдардың лауазымды адамдары.

Уәкiлеттi органның басшысы лауазымы бойынша бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк бас орман инспекторы болып табылады.
Уәкiлеттi орган басшысының ормандарды, жануарлар дүниесiн күзету, қорғау, молықтыру және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерiмен айналысатын орынбасарлары лауазымы бойынша бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк бас орман инспекторының орынбасарлары болып табылады.

Уәкiлеттi органның құрылымдық бөлiмшелерiнiң ормандарды, жануарлар дүниесiн күзету, қорғау, молықтыру және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерiмен айналысатын басшылары лауазымы бойынша бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк аға орман инспекторлары болып табылады.

Уәкiлеттi органның ормандарды, жануарлар дүниесiн күзету, қорғау, молықтыру және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерiмен айналысатын мамандары лауазымы бойынша бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк орман инспекторлары болып табылады.

Аумақтық органдардың басшылары лауазымы бойынша бiр мезгiлде тиiстi облыстардың Мемлекеттiк бас орман инспекторлары болып табылады.

Аумақтық органдар басшыларының ормандарды, жануарлар дүниесiн күзету, қорғау, молықтыру және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерiмен айналысатын орынбасарлары лауазымы бойынша бiр мезгiлде тиiстi облыстардың Мемлекеттiк бас орман инспекторларының орынбасарлары болып табылады.

Аумақтық органдардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң ормандарды, жануарлар дүниесiн күзету, қорғау, молықтыру және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерiмен айналысатын басшылары лауазымы бойынша бiр мезгiлде тиiстi облыстардың Мемлекеттiк аға орман инспекторлары болып табылады.

Аумақтық органдардың ормандарды, жануарлар дүниесiн күзету, қорғау, молықтыру және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелерiмен айналысатын мамандары лауазымы бойынша бiр мезгiлде тиiстi облыстардың Мемлекеттiк орман инспекторлары болып табылады.