Еңбек рыногының статистикасы

Еңбек статистикасы экономикалық және әлеуметтік статистиканың ең маңызды бөлігі болып табылады. Оның көрсеткіштері, сандық және еңбек сипаттамалары, еңбек өнімділігі, жұмыс уақыты, жұмыспен қамту көрсеткіші және жұмыссыздық бойынша ақы төлеу шарты, экономиканың даму көрсеткіштері статистикалық жүйеде жетекші орвнға ие бола отырып , ел ішіндегі тұрмыстық жағдайларға , қоғамның өмір сүруіне , біршама еңбек жағдайларына қызмет етеді.

Еңбек статистикасы басқада статистикалық бөлімдермен тығыз байланыста: өндіріс құрлымы статистикасымен, ұлтық есептеулер жүйесімен, демогравиямен, мәдени статиатика, денсаулық сақтаумен және т.б. Соцалистік құрлымдар кеністігінен өткен елдердің еңбекпен қамту көрсеткіштері саласында біршама қайта құру істері байқалады.

Жалпыға бірдей еңбек ету міндетеменің орнына, пайдалы қоғамдық ерікті еңбекке шақырулар, еңбек етуге қабілеті бар азаматтардың еңбек ету мүмкіндіктері, жұмыссыздық қарастырылуда. Сондықтан да өзгерістер жайы тек сөз жүзінде емес, іс жүзіндегі еңбек ету түрлерінің, еңбек қуатының пайдалану әдістерін, ұстанымдарын көрсетеді.

Еңбеке ақы төлеудің қарқынды даму қыйыншылықтары, жұмыссыздық жүйелі өсу — әкімшілік -әміршілік жұмыс тәртібі байланысы мен өндірісіздігі кадырларды қатаң бектулер рыноктық еңбекке орнын ауыстыруда.

Ресми жұмысыздық деңгейі ТМД бойынша 1992 жылдың айяғында 1 пайызда 1998 жылдың басында 3 пайызға өсті. Жұмысздардың жалпы саны өз бетінше жұмыс істушілерді қоса отырып 1999 жылдың басында достық елдерінің ТМД бойынша 15 млн., немесе белсенді қалықтың 11 пайызы, соның ішінде Ресейде 9,7 млн., яғни 13 пайыз деп есептелді.

Еңбекпен қамтамасыз ету жөніндегі жаңа стратегиялық бағыттар, статистикалық тәжірибеге шұғыл өзгерістерді енгізуді талап етті, ол ондаған жылдар бойы жоспарға, еңбек ресурстарын жоспарлауға және еңбек ақысын төлеу қорына бағыталған болатын. Жоспарды бағдарлау ақпаратты жинау тәртібін анықтауды, яғни барлық кәсіп орындар мен ұйымдардың есеп беруі қатаң белгіленген көрсеткіштер жүйесіне негізделген болатын. Қалыптасқан көрсеткіштер жүйесі және оларды жинақтау әдістері қазіргі уақытқа дейін әлі де сақталып отыр. Алайда, жеке кәсіпорындар секторының дамуы, жаңа еңбек түрлерінің пайда болуы, есптеу бірліктерінің ұлғаюуы, статистикалық еңбекке жаңа ақпаратық каналдардың пайда болуын талап етеді.

90-шы жылдары еңбек статистикасының жаңа әдістері өңделді, ақпараттарды алу бұлақтары ұйымдастырылды :

— көтеріліске шығу қозғалыстары туралы мәліметтерді үздіксіз алып отыру.

— экономиканың жетекші салаларындағы кейбір мамандарының еңбек жалақысына және жұмыс уақытына жүйелі ішінара бақылау жүргізді.

— жұмыс күшіне жұмсалған соманы жыл сайын зерттеп отыру.

— жұмыс күшінің миграциясына статистикалық бақылау жасауды өңдеу және енгізу.

— толық емес жұмыспен қамтамасыз етілуді жыл сайын бақылапотыру.

Еңбек рыногының саяси мақсаттарына бағытталған қосымша көрсеткіштері ағымдағы есеп беру жүйелеріне енгізу жетілдірілді.Есеп беру жүйесі жұмысшылар саны мен еңбек ақысы көрсеткіштерімен қоса кдрлар қозғалысы мен жұмыс орны, саны, қысқарту жоспары мен кәсіпорын келешегі туралы мәліметтерді қамтиды.

Экономикалық іс-әрекетпен шұғылданатынлардың қатарына келесі жұмыскерлер жатады:

  • Мемлекеттік кәсіпорындар және ұйымдардың .
  • Фермерлік шаруашылықтардың .
  • Жекеменшік кәсіпорындар мен меншікті аралас түріндегі кәсіпорвндарының .
  • Кооперативтің барлық түрлеріндегі.
  • Жеке жанұйя кәсіпорындарының.
  • Діни қызметкерлер.
  • Әскери қызметкерлер.

Экономикалық белсенділік деңгей экономикалық белсенді тұрғындардың жалпы тұрғындарға қатынасымен өлшенеді.

Ал, жұмыссыздар деңгейі – жұмыссыздар санының жалпы экономикалық белсенді тұрғындардың санына пайыздық қатынасымен анықталады.

Әлеуметтік қорғау қатарына еңбекке жарамсыз, мүгедектер, жалғыз басты аналар, көп балалы аналар т.б. жатады. Жергілікті үкімет жұмысқа орналастыру шартарын белгілеп, заң жүзімен орналастыруды бақылауға алады.

Жүмыс істеу барысы бойынша бөлу Халықаралық жіктеу стандарты бойынша жүргізіледі. Жалпы жұмыс істейтін қауым үлкен екі топқа бөлінеді – жалданушы жұмысшылар және жалданбайтын жұмысшылар.

Жалданушы жұмыскерлер саны ең көп, олар – жалдау келісім – шарты, ұжымдық келісім – шарты, бірлескен қызмет туралы келісім – шарт бойынша қызмет істейтін жұмыскерлер.

Әскери және діни қызметкерлері жалданбалы жұмыскерлер қатарына жатады.

Жалданбайтын жұмыскерлер — өз кәсіпорындары бар, өндірістік шешімдерді өзі қабылдайтын, өндірістің өркендеуіне жауапты адамдар.

Өндірістік кооператив мүшелері – бұл топқа белсенді кооператив мүшелері кіреді. Әрбір мүшесі сол кооперативтің гүлдеп, өркендеуі үшін ат салысып шешім қабылдауға құқылы.

Жанұя жұмыскерлері – үй шарушылығының басқарушысы (туысқан) белгілеуімен, бақылауымен қызмет жасаушы жұмыскерлер.

Формалды емес сектор – тауар өндіру жүйесімен қызмет ету жүйесі, тұрғындарды қосымша жұмыс орнымен қамтамассыз етеді.

Жұмыспен қамтудың бұл түрі ұлттық экономикаға қосымша үлес қосады.

Формалды емес секторға: көшедегі майда сауда – саттық, аяқ — киімтазалау, киім тігу, машина жөндеу, үй салу, жөндеу, т.с.с. кішігірім кәсіпорындар жатады.

 Негізгі белгілері:

  • тіркеуде болмауы.
  • кішігірім ұйымдар.
  • Ұйымдастырудың төмен деңгейі.
  • Еңбек шарттары – жеке бас шарты.