Халықтың өмір деңгейінің жалпылама көрсеткіштері

Ағымдағы  бағадағы  табыс  көрсеткіштері  негізінде  жеке  адамдар  мен  үй  шаруашылығының  табыс  мөлшері  бойынша  бөліну  қатары  құрылады.  Бұл  қатар  белгілі  бір  табыс  деңгейіне ие  адамдар  (үй  шаруашылығы) санының  проценттік  бөлінуін  көрсетеді.

Халықтың  жинағы  мен  ақшалай  табыс,  шығын  құрылымы  мен  көлемі  туралы  негізгі  мәліметтер  көзінің  бірі – халықтың  ақщалай  табысы  мен  шығынының  балансы  болып  табылады.  Баланстың  кіріс  бөлімінің  мәліметтері  негізінде  халықтың  ақшалай  табысының  сомасын  алуға,  табысты  алу  көзі  бойынша  оның  құрылымы   мен  өсуін  талдауға  болады.

Елдердің  қысқаша  статистикалық  анықтамаларында   халық  табысының  негізгі  көрсеткіштерінің  бірі  болып – халықтың  ақшалай  табыс  көрсеткіштері  жарияланады.  Бұған  жататындар: еңбекақы,  зейнетақы,  жәрдемақы,  стипендия,  сондай-ақ  ақшалай  түрдегі  әлеуметтік  трансферттер,  салым  проценті,  бағалы  қағаз  түріндегі,  меншіктен  түскен   табыс,   кәсіпкерлік  қызмет,  ауыл шаруашылығы   өнімін  сатудан  түскен  түсім  және  т.б.

Қазақстан  халқының  ақшалай  табысы

(орташа  1 адамға  шаққанда,  тг.)

    1994ж   1995ж  1996ж  1997ж
Ақшалай табыстар, барлығы.

Соның ішінде:

–         еңбекақы;

–         ағымдық трансферттер;

–         барлық сату түрлерінен түскен  табыстар;

–         басқа ақшалай түсімдер.

   7572

 

5550

559

 

639 824

  20646

 

15146

1679

 

1723

2098

  28450

 

20517

2621

 

2308

3004

 34187

 

25347

3927

 

2209

2704

  Қазақстан  халқының  ақшалай  табыс  құрылымы (%-пен)

   1994ж 1995ж 1996ж 1997ж
Ақшалай табыстар, барлығы.

Соның ішінде:

–         еңбекақы;

–         ағымдық трансферттер;

–         барлық сату түрлерінен түскен табыстар;

–         басқа ақшалай түсімдер.

  100

 

73

8

 

8

11

 

100

 

73

8

9

10

 

100

 

72

9

 

8

11

100

 

74

11

 

7

8

   Халықтың  ақшалай  табысы  мен  шығыны  балансынан  алынған  бұл  мәліметтер  статистикалық  және  бухгалтерлік  есептеулеріне  үй  шаруашылығы  бюджетін  ішінара  бақылауға  салық  инспекциясы  мәліметтеріне  және  т.б. мәліметтер  көздеріне  негізделген.

   Халықтың  өмір  деңгейінің  өсуін  талдауда  табыс  көрсеткіштерін  пайдаланудың  тек  номиналды  түрінде  ғана  емес,  сонымен  бірге  нақты  түрде  де  қарастырады. Нақты  түрдегі  табыс  деңгейі  осы  кезеңдегі  бағаның  өзгеруін  есепке  алады,  яғни  халықтың  қолға  тиген  табыстарына  сатып  ала  алатын  тауарлар  мен  қызмет  көлеміне  бағаның  өзгеру  әсерін  ескеруді  талап  етеді.

   Халықтың  табысын  талдауда  әдетте  нақты  табыстың  абсолютті  көлемі  емес,  оның  қатысты  шамасы,  яғни  нақты  табыс  индексі  есептелінеді.  Мысалы,  үй  шаруашылығының  нақты  қолда  бар  индексі :

мұндағы  J- номиналды  қолда  бар  табыс  индексі,  J-тұтыну  баға  индексі ,  бұл  ақшаның  сатып  алу  қабілетінің  индексіне  (J) кері  шама.

   Осылайша,  нақты  қолда  бар  табыс  индексін  былай  жаза  аламыз :

                                     J=JJ

     Аймақ,  экономикалық  сала  және  әлеуметтік  топ  бойынша  халықтың  табысын  салыстыра  талдауда  табыстың  бір  адамға  шаққандағы  көрсеткішін  пайдаланған  жөн. Осылайша, тек  табыс  көрсеткіштері  бойынша  орташа  мәнді  ғана  емес,  сонымен  бірге  оны  құрайтын – орташа  жалақы, зейнетақы  және  т.б.  орташа  көрсеткіштерді  есептеуге  болады.

     Төмендегі  кестеде  өмір  деңгейін  бағалау  және  оның  өсуін  талдау  үшін  қолданылатын  Қазақстан  халқының  табысының  көрсеткіштері  берілген.

Көрсеткіш 1995 ж 1996 ж 1997 ж
Ақшалай табыстар (орташа 1 адамға шаққанда, 1 айдағы, теңге)

Бір жұмысшының орташа айлық жалақысы, теңге.

Белгіленген зейнетақының орташа мөлшері (1айда, тг).

Нақты қолда бар 1 адамға шаққанда орташа ақшалай табыс (алдыңғы жылмен салыстырғанда %-пен).

Бір жұмысшының нақты орташа айлық жалақысы (алдыңғы жылмен салыстырғанда %-пен).

Белгіленген орташа айлық, зейнетақы (алдыңғы жылмен салыстырғанда %-пен)

 

1721

 

4786

 

997,8

 

 

170,1

 

 

173,0

 

512,3

 

2371

 

6841

 

1876

 

 

107,1

 

 

111,0

 

146,1

 

2849

 

8550

 

3283

 

 

108,1

 

 

112,4

 

157,4

Қазақстан  халқының  табысының  өсуі

ҰШЖ-де  ақырғы  тұтыну  шығыны  мен  нақты  ақырғы  тұтыну  көлемі  бөліп  көрсетіледі.

Үй  шаруашылығының  ақырғы  тұтынуға  кеткен   шығындары-на  кіретіндер :

  • тұтыну тауарларын  сатып  алуға  кеткен  шығындар (үй  мен  пәтерден  басқа);
  • тұтыну қызметін  төлеуге  кеткен  шығындар ;
  • үй шаруашылығының  ақырғы  тұтынуы  үшін  өндірілген  натуралды  түрдегі  азық-түліктердің  түсімі;
  • үй шаруашылығының  еңбекақы  ретінде  алынған  натуралды  түрдегі  өнімдерді  тұтынуы;
  • жеке меншік үйлерінде  тұруы  бойынша  қызметтер.

Үй  шаруашылығының  нақты  ақырғы  тұтынуы – бұл  қолда  бар  табыспен  қоса  үй  шаруашылығына  қызмет  көрсететін  коммерциялық  емес  ұйымдар  және мемлекеттік  басқару  органдарының  халыққа  берген  натуралды  түрдегі  әлеуметтік  трансферт  арқылы  алынған  ақырғы  тұтынудың  нақты  мөлшері.

Үй  шаруашылығының  тұтыну  тауарларын  сатып  алу  шығындарын  анықтауда  ішінара  бюджеттік  зерттеулер,  халықтың  ақшалай  табысы  мен  шығынының  балансы,  сауда  статистикасы  негізгі  мәліметтер  көзі  болып  табылады.

1990  жылға  дейін  үй  шаруашылығының  ақырғы  тұтынуына  кеткен  шығындары  туралы  негізгі  мәліметтер  көзі – халықтың  табысы  мен  шығынының  балансы  болған. Қызмет  пен  тауарды  сатып  алу  туралы  мәліметтер  бұл  баланста.Мемлекеттік  банк  көрсететін  кассалық  қолдағы  ақша  туралы  мәліметтерге  негізделген  болатын.

Халықтың  ақшалай  табысы  мен  шығынының  балансы

                         Табыстар Шығындар  және  жинақталу
1.Еңбекақы 1.Тауарды  сатып  алу  мен  қызметті  өтеу
2.Еңбекақыдан  басқа  жұмысшылар  мен  қызметкерлердің  кәсіпорындар  мен  ұйымдардан  алған  табыстары 2.Міндетті  түрдегі  төлемдер  мен  өздерінше  төлемдер
3.Девиденттер 3.Бағалы  қағаздар  мен  салымдағы  жинақтың  өсімі
4.Ауыл  шаруашылығы  өнімін  сатудан  түскен  түсім 4.Тұрғын  үй  сатып  алу
5.Зейнетақы  және  жәрдемақы 5.Шетел  валютасын  сатып  алуға  кеткен  шығындар
6.Стипендия 6.Аудару  арқылы  жіберілген  ақшалар
7.Қаржылық  жүйеден  түскен  түсім Барлық  ақшалай  шығындар
8.Шетел  валютасын  сатудан  түскен  түсім  
9.Басқалай  түсімдер  
10.Аудару  арқылы  алынған  ақшалар.

Табыстардан  шығынның  асып  түсуі

Шығындардан  табыстың  асып  түсуі
   Баланс    Баланс

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!