ТОПТАУ БЕЛГІЛЕРІНЕ ЖӘНЕ ТОПҚА БӨЛУ ПРИНЦИПТЕР1 (НЕГІЗДЕРІ)

Статистикалық, топтау әдісі қарастыратын күрделі де, негізгі мәселелердің 6ipi алдын-ала жасалынған бағдарлама 6ойынша топтау белгілерін анықтау, яғни қанша топқа бөлу керек екендігін шешу және олардың көрсеткіштерін әрбір топ бойынша жеке қарастыру болып табылады. Сондықтан, топтау әдісін жүргізбес бұрын жалпы жиынтық бірліктерін сандық, және сапалық белгілері бойынша ретке келттірп зерттелетін көрсеткіштердің мәні мен мақсатына және оның негізіне басым көңіл бөлу қажет. Себебі, топтау бөліктері неғұрлым көп болатын болса, онда жиналған мәліметтер де соғұрлым дұрыс бөлінеді. Бірақ, әрбір топтағы жиынтық көрсеткіштері ұсақталып кетеді де, оларды статистикалық кесте арқылы көрсету, талдау, қорытынды жасау кездерінде біршама қиыншылықтар кездесу мүмкін.Олай болса, топтау дәлдігіне аздап нұқсан келетініне қарамастан, қайткенде де үлкен топтар құруымызга тура келеді.

Статистикалық мәліметтерді топқа бөлу кезінде әpбip топқа көптеген сандық, бірліктердің енгізілуі керек. Және оның мағынасы анық көрсетілуі тиіс. Мұның барлығы топтау көрceткіштерінің; сандық және сапалық белгілеріне қатысты.

Егер топтау негізі сапалық белгілеріне қapaй 6ерілген болса, онда топтар саны сол белгілердің санына сәйкес келеді. Мысалы, халықтың жыныстық құрамы екі топқа — еркектер мен әйелдерге бөлінсе, ал ұлттық құрамы — сол жерде қанша ұлт тұратын болса, сонша топқа бөлінеді т.с.с. Кейбір жағдайларда сапалық белгілер өздерінің нышандары бойынша бip-біріне әр түрлі айырмашылықтарына қарай ерекшелінетін болса, онда оларды типтеріне, түрлеріне немесе сыныптарына қарай топтық жіктерге бөлу арқылы жүргізіледі.Мысалы, халық шаруашылығы салаларының материалдық өндіріс және материалдық өндіріс eмec өріске(сфераға) бөлінуін алуға болады.

Егер топтау негізінде сандық белгілер алынатын болса, онда топтар саны сол белгілердің мөлшеріне(көлеміне) және олардыі өзгермелілігіне айланысты болады. Сонымен, сипатталатын топтау өздерінің өзгермелі мәндеріне сәйкес бүтін және деңгейі аралықты топтауға бөлінеді