СТАТИСТИКАЛЫҚ БАҚЫЛУДЫ ЖҮРІГІЗУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ OHЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Статистикалық бақылауды ұйымдастырудың мәні. Статистикалық бақылауды жүргізбес бұрын оның ұйымдастыру жоспары жасалынады. Мұндағы негізгі қарастырылатын мәселе бақылаудың мәні мен маңызын, міндетін және алдына қойған мақсатына байланысты бастапқы мәліметтерді жинаудың формаларын, түрлерін, тәсілдерін, орнын анықтау болып табылады. Сондықтан бұларды нәтижелі шешу үшін алдын ала бағдарлама жасалуы тиіс. Бipaқ алдымен статистикалық бақылаудың мақсаты мен міндеті анықталады да, соңынан оның бағдарламасы жасалынады.

Ұйымдастыру жұмыстарының ішіндегi ең нeгiзгici — cтaтистикалық бақылауды жүргізудең алдына койылған мақсаты, оның өзі сол жүргізетін зерттеудің мәні мен маңызы на байланысты. Бұл дегеніміз бақылауды не үшін және қайда жүргізетінімізді, кандай мәліметтердің жиналатындығын, алалай өңдеу керек екендігін, қолданылатын кестенің пішінін және есептеу тәсілдерін анықтау болып табылады. Сол себебті статистикалық бақылауды ұйымдастыру және оның бағдарламасының жасау мағынасы жағынан өтe күрделі жұмыс болып есептелінеді.

Статистикалық бақылау зерзаты (объектта). Статистикалық бақылаудың бағдарламасында зерзаты мен бақылау бірліктері дұрыс анықталуы тиіс. Статистикалық бақылау зерзаты дегеніміз — зерттеуге жататын әлеуметтік құбылыстар мен процестер жиынтығы. Мысалы, өнеркәсіпті зерттеу керек болса, онда бақылау зерзатына Казакстан Республикасындағы өнеркәсіп орындары, ал ауыл шаруашылығын зерттеу қажет болса, онда ұжымшарлар мен кеңшарлар жиынтығы жатады. Ал халық санағын жүргізу қажет болатын болса, онда бақылау зерзатына республикамызда тұратын белгілі бір шекті мезгілдегі бүкіл халық жатады.

Статистикалық бақылау жұмыстарын ғылыми жүйеде ұйымдастыру кезеңінде ең бастысы — бақылау зерзатының шегін дұрыстап анықтау. Егер бақылау зерзатының шегі дұрыс анықталмаған болса, онда оның кейбір бөліктерінің зерттеуден тыс қалуы немесе зерттеуге жатпайтын мүлде басқа

зерзаттардың кipiп кетуі де мүмкін. Сондықтан бақылау зерзатының шегін дұрыс анықтап алу зерттеу кезіндегі мәліметтердің анық та, қанық болып шығуына әcepi өте зор. Мысалы, өнеркәсіптің бақылау зерзатын анықтау үшін оның кұрамына жататын өнеркәсіп орындарды басқа салаларға жататын кәciпopындардан айыратын, өздерінің өндіретін өнімдерінің түрлеріне карай білуге болады.

Статистикалық бақылаудың зерзаттары бөлек элементтерден тұрады және оны нышандарына карай бір-бipiнeн ) ажыратуға болады. Сондықтан, ол статистикалық бақылаужүргізудің негізгі көзі болып саналады. Оны статистикалықбақылау бірлігі деп атайды.

Бақылау бірлігі деп, бастапқы статистикалық мәліметтер жиынтығын зерттеуге жататын зерзат кұрамының белгілі бір бөлгін айтады. Бақылау бірлігін анықтау — зерттеуге жататын жиынтық құрылымына, оның алдына қойған мақсатына, атқаратын міндетіне байланысты. Мысалы, ауыл шаруашылығын зерттеу керек болса, бақылау бірлігі репнде эрбер ужымдар мен кецшар немесе жеке шаруа қожалығы алынады. Егер еңбек өнімділігін зерттеу керек болса, бақылау бipлігi ретінде өндірілген өнімнің көлемі, ал жалақы қорын зерттеу керек болса, бакылау бірлігі ретінде жұмысшылардың тізі|мдік саны алынады. Сонымен, бақылау бірлігіне әрбір кәсіпорын, мекеме, ұжым, оқу орны немесе әpбip жұмысшы, қызметкер, ұжымшар мүшeci, оқушы жатады, яғни ол қандай зерзаттардың зерттеуге жататындығына байланысты.

Кейбір жағдайларда бақылау бірліктері біреу немесе бірнешеу болуы мүмкін. Мысалы, халық cанағын жүргізген кезде бақылау бірлігі ретінде не отбасы, не әрбір тұрғын немесе eкeyi де берге алынады. Егер адамның өзін, олардың жастық, жыныстық құрамын, білімін, мамандығын және т.б. зерттейтін бoлсақ, онда бақылау бipлігi ретінде адам алынады. Ал егер зерттеуге отбасы мүшeci, ондағы баланың саны, жұмыспен камтылған отбасы мүшесі отбасының табысы, тұрағы туралы деректер кажет болса, онда бақылау берлігі peтiнде отбасы алынады. Егер республикамызда халықтың құрамын зерттеу керек болса, онда бақылау бірлігі болып отбасы саны мен жеке тұрғындар алынады.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!