Ұлттық шоттар жүйесінде қолданылатын экономикалық көрсеткіштер және негізгі тұжырымдамалар

Ұлттық шоттар жүйесі экономиканы өзара экономикалық операциялар арқылы байланыстыратын институтционалдық бірліктер түрінде көрсетеді. Институтционалдық бірліктер – бұл өз бетінше дербес шешім қабылдай алатын шаруашылық бірліктері немесе шаруашылық субъектілері. Ол өздерінің атынан активтерге ие бола алады, міндеттеме қабылдайды, экономикалық іс әрекеттер жүргізеді және басқа бірліктермен операцияларды жүзеге асырады.

Егер заңды және жеке тұлғалардың экономикалық мүддесі елдің экономикалық территориясымен байланысты болса, онда олар осы елдің резидеттері болып саналады.

Экономикалық территория – бұл елдің әкімшілік жолымен басқарылатын және адамдары, ақшалары, тауарлары еркін қозғалыста жүретін территория.

Резидент еместерге, осы елге бір жылға дейінгімерзімге келген адамдар, шетелдік өкілеттер және басқа елдің әскери бөлімше құрамдары жатады.

Ұлттық экономика резиденттердің іс- әрекетін қай мекенде, тұрған жеріне байланыссыз қамтиды. Резиденттермен резидент еместердіңосы ел территориясындағы іс- әрекеттерін ішкі экономика қамтиды.

Сала-мекемелер жиынтығы, бұл белгілі бір мекенде өндірістік жұмстың бір түрімен айналысатын кәсіпорындар немесе олардың бөлімі сондай – ақ негізгі жұмыс үлесіне үлкен бөлігі тиетін объект. Сала құрамына нарықты және нарықсыз қызметтерді өндіретін мекемелерде кіреді.

Жалпы өнім шығару:

  • нарық тауарлары және қызметтері
  • нарықтан тыс тауарлар және қызметтер.

Нарықтық қызметтер дегеніміз, нарықта жүзеге асырылатын экономикалық тиімділігі жоғары қызметтерді айтамыз.

Нарықтан тыс қызметтер дегеніміз, мемлекеттік бюджет, бюджеттен тыс қорлар кәсіпорын қаржысы және коммерциялық емес ұйымдар есебінен толық емес жартылай қаржыландыратын қызметтер.

Аралық тұтыну – басқа тауарлар мен қызметтерді өндірупроцесіндебелгілі бір кезең аралығында тұтынылған тауарлар мен нарықтық қызметтердің құны.

Негізгі капиталдытұтыну аралық тұтыну құрамына кірмейді. Қызмет және тауар шығарумен аралық тұтынудың айырмасы жалпы қосылған құн болып табылады ( ЖҚҚ )Жалпы деген термин бұл көрсеткіштің өндіріс процесіне тұтынылға негізгі капиталдыңқұрамына кіретіндігін көрсетеді. Сол себептен, өндіріс әдісімен есептеу кезінде ЖІӨ сала және экономиканың секторлары бойынша біріккен, барлық өндіріс бірліктері,резиденттер бірліктерінің жалпы қосылған құндарын қосу жолымен есептеледі.

Тауарлар және жеке тұтынулар деп, нарықта сатылатын және сатып алынатын тауарлармен қызметтер сондай- ақ формада трансферт түрінде берілетіндерді айтамыз.

Каллективтік қызмет көрсету- бір уақыттақоғамның барлық мүшелеріне немесе оның бөліктеріне ( мемлекеттік басқару, қауіпсіздікті қамтамасыз ету т.б.) көрсетілетін қызмет.

Жалпы қор жинау мыналрдан құралады: негізгі қорлардың жалпы қорлануы, айналмалы материалдық қаржылар запасымен құндылықтары таза иемденуге өзгеруі:

Жалпы пайда және жалпы аралас табыс өндірушілердің жұмысшыларға еңбек ақы төлегеннен кейінгі немесе өндірістік импортқа кеткен шығыстарын алып тастағанда қалғанжалпы қосымша құнның бөлігі болып табылады.

Қолда бар ұлттық табыс барлық институтционалдық резидент бірлктерінің қолдағы табыстарының жиынтығына тең.Ақырғы тұтыну – үй шаруашылығын қамтамасыз ететін үй щаруасының мемлекеттік мекемелердің және коммерциялық емес ұйымдардың ақырғы тұтынуға кеикен шығыстарынан құралады. Үй шаруашылығының ақырғы тұтынуы деп олардың қолнда бар тұтыну тауарларымен қызметтерін айтамыз.

Жалпы қор жинау – тұтастай экономикада резидент бірліктерінің ағымдағы кезеңде өндірген немесе импорттан түскен бірақ қолданылмаған тауарлармен қызметтерді таза сатып алу. Жалпы қор жинауға мыналар кіреді: негізгі капиталдың жалпы қорлануы, айналмдағы материалдық құралдар запастарының өзгеуі және құндылқтарды таза иемдену.