Халықаралық статистиканы ұйымдастыру

Ұлттық статистикалық қызмет дегеніміз, статистикалық жұмыс пен айналысатын барлық үкіметтік ұйымдар. Қазақстанда мұндай жұмыс пен айналысатындар: Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі аненттігі және облыстық статистикалық ұйымдар, қалалық статистикалық ұйымдар. Бұл органдардың ұсынатын мәліметтеріресми статистика болып табылады. Ресми емес статистикаға кәсіпорындар, жекелеген ғылми мекемелер, сауда палаталары, партиялар,ұйымдар, т.с.с. арқылы алынған статистикалық мәліметтер жатады.

Мемлекеттік (ресми) статистиканың ұйымдастырылуыстатистикалық органдардың құқығы, мақсаты, қызметтері және міндеттері анықталған статистика туралы заңмен қадағаланады. Ресми емес статистикалық ұйымдар мүддесіұйымдар және жеке тұлға үшін міндетті емес.

Дамыған елдерде ресми статистиканы ұйымдастырылу құрлымы орталықтанған және орталықтанбаған деген 2 түрден тұрады.

БҰҰ сарапшыларының анықтамасы бойынша, “ұлттық статистикалық қызмет ”, егер оның статистикалық бағдарламамен байланысты операциялары мен басқарылуы елдің басты статистикалық органы арқылы басқарылатын біртұтас үкіметтік мекеменің қызметі болып табылса, онда ол орталықтанған болып табылады. Орталықтанбаған ұлттықстатистикалыққызмет деп, статистикалық бағдарламалар мен оның жүзеге асырылуын біршеше үкіметтік органдар арқылы басқарылуын айтады. Мұндай жағдайда — бір жеке мекеме статистикалық стандарттарды өңдейтін, қадағалауды жүзеге асыратын, жұмысты ұйымдастыратын және үйлестіруші орган болып табылады.

Статистиканы ұйымдастырудың орталықтанған жүйесі Батыс Еуропа елдерінде, сонымен бірге Канадада қолданылады. Ұйымдастырудың орталықтанбаған түрі АҚШ, Жапония, Францияда орын алған. Ұлыбританияда орталықтанбаған жүйесі басым келетін аралас жүйе пайдаланылады. Отандық статистика орталықтанған болып табылады. Шетелдік статистикалық орталықтанған жүйесінің біздің елдің статистикалық қызметінен ерекшелігі, ел үшін біртұтас статистика есеп жүйесі дегенді білдірмейді және есепке алуда бір форма мен әдістердің біртектілігін тудырмайды. Мысалы, жекелеген аудандардағы статистикалық органдар жергілікті басқару органының мүддесіне қарай өз бетінше статистикалық бақылау жүргізе алады.

Көптеген батыс елдерінде, мысалы, Италияда, ресми статистикалық мәліметтерді мемлекеттік статистика арқылы жинау ұйымдары мен жеке тұлға сұранысымен қаржыландыруы бойынша жүргізілуі мүмкін.

Жалпылай алғанда отандық және шетелдердегі статистикалық жинақтардың түрлері көп. Олар шолу жинақтары және арнайы жинақтар болып бөлінеді:

  • шолу жинақтары, яғни мұнда жалпы мемлекет бойынша маңызды әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштер көрсетіледі;
  • арнайы, жеке экономикалық сала бойынша материалдарды қамтиды.

Бұл жариялама түрінің ішінде бөлінетіндері: цифрлық, яғни тек сандықмәліметтерді қамтиды, ал, аналитикалық түрінде цифрлық материалдарды талдау арқылы жеке көрсеткіштерді есептеуде әдістемелер талқыланады.

Мәліметтерді жинаумен қатар оларды талдаумен айналысатын отандықстатистикалық қызметтен шетелдердегі статистикалық қызметтің ерекшелігі –мәліметтерді талдау оларды жинау мен өңдеуден бөлек болуында.Көптеген елдерде статистикалық қызмет міндетіне статистикалық мәліметтерді талдау кірмейді. Мұндай жұмыстарменкөбнесе, ғылыми зерттеу институттары, мемлекеттік жоспарлау комиссиялары, сонымен бірге ресми емес статистикалық ұйымдары айналысады. Сондай-ақ мұндай талдау жекелеген ұйымның бақылау мәліметтері негізінде жүзеге асуы мүмкін. Мұндай әрбір мекеменің зерттеу жұмысында жалпы ішкі өнім және оның компаненттерін бағалау, коньюктураныталдау және жоболау, “шығын- шығарылған өнім ” кестесін құру, экономикалық салалыққұрлымын талдау және тағы сондай сияқты өзінің арнайы бағыты болады.

Егер әр түрлі елдердегі статистикалық қызметтің ұйымдастырылуы туралы айтатын болсақ, Францияда статистикалық мәліметтерді жинау орталықтанбаған. Әр түрлі мемлекеттік органдар өздерінің өкілеттілігіне қарай өздері статистикалық мәләметтерді жинап жарыққа шығарады. Францияда мәліметтік статистикалық қызметін қаржы және экономика министрлігіне қарайтын статистика және экономикалық зерктеу институты (СЭЗИ) басқарады.

Мәліметерді жинастыру институттың қызметіне кірмейді. Бұл институт әдістемелік жұмыстар жүргізеді және мемлекеттік мекемелерге статистикалық бақылауды жүргізу бағдарламасын жасауда кеңес береді, статистикалық стандарт, есеп беру формаларын өңдейді, баспаға мәліметерді дайындайды. Осылай ету арқылы барлық Франция әкімшіліктерінің статистикалық жұмысын үйлестіріп отырады. Францияның статистикалық жұмыстарының негізгі принциптері: өзінің маманданған қызметінде статистикалық мәліметтерді дайындау мен баспаға беруде үкіметке тәуелді болмау, респонденттерден алынған жеке мәліметтердің конфиденциялдығын қамтамассыз етеді. СЭЗИ – да бір тұтас жүйе құрайтын және елдің территориясындағы барлық тұтынушылардың қолы жететін мәліметтердің жиынтығы ұлттық және аймақтық деңгейлерде құрылған. Институт басқару бөлімі және бөлімшелерден тұрады. Жалпы статистика бөлімі арнайы бақылау нәтижелері арқылы алынған мәліметтерді экономикалық талдаумен айналысыда, әдістемелік жұмыс жүргізеді,статистикалық жұмыстарды жүргізуді жүзеге асырады.

Экономикалық талдау бөлімі Франциядағы және басқа елдердегіэкономикалық жағдайларды талдап және зерттейді.

Аудандық статистика бөлімшелеріжергілікті басқару органдарына жұмыс істеп, өэдерінің аудандары бойынша экономиакалық баяндама жасайды.

Орталық аймақтық бөлімше азаматтардың тізімін құрастырып, жалпы мемлекет бойынша мәліметтерді жинау жұмысын жүргізеді. Статистикалық мәліметтерді жинау мен өңдеуде СЭЗИ алдыңғы орынға ие.

Гермарияда статистиканыұйымдастыру ерекшелігі, онда статистика туралы заң бойынша статистикалықоргандардың рұқсатынсыз, құқықтық негізсіз елде бірде бірстатистикалық зерттеу жүргізіле алмайды. Германияның федералды статистикалық басқармасы Ішкі істер министрлігіне қарасты және мемлекеттік статистикалық орталық орган брлып табылады. Германияда әсіресе, әр жеке статистикалық жер басқармасы арқылы әлеуметтік және экономиаклық салаларда барлық статистикалық жұмыстарды жүргізу принципі қатаң қадағаланады. Осылайша, бұл елдегі статистика басқа елдердені сияқты әр түрлі министрліктерге бөлінбей статистикалық жер басқармасына негізделген.Сонымен қатар ресмистатистикамен бірге, әлеуметтк саладакөптеген статистикалық жұмыстар ғылыми- зерттеу институттары арқылы жүргізіледі. Статистикалық әдістемелік мәселелерімен екі ғылыми қоғам айналысады: неміс статистикалық қоғам және неміс қалалықстатистиктер одағы.

АҚШ-та мемлекттік статистика орталықтанбағандықтан статистикалық мәліметтерді, ведомствалар және штаттардағы құзырлы орындар айналысады. Бірақ, сонда да міліметтердің негізгі көлемі Сауда министрлігіқарамағындағыСанақ бюросы, Ауылшаруашылық министрлігіне қарасты ауылшаруашылық өнім түрлерімен қамтамачыз ету қызметі, Денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі қарамағындағыхалықтың табиғи өсім статистикасы арқылы алынады.

Статистиканың барлық саласындағы үйлесімділік жұмысын АҚШ президентініңбасшылығымен Бюджет бюросы қарамағында құрылған статистикалық саясатбөлімі арқылы жүзеге асырылады. Бұл бюро әдістемелік кеңес беру жұмыстарымен айналысалы,статистикалық ұйымдардың бюджетін қарастырып, есеп беру формасын бекітеді және бөлімшелердің жұмыс жоспарын жасайды.

Статистикалық мәліметтерді талдаумен айналысатын органдар: АҚШ президентінің атқарушы аппаратына қарасты Экономикалық кеңесшілеркомитеті, Экономикалық талдау бюросы, Федералды зерттеу жүйесін басқаратын бюролар, Отандық және халықаралық жұмыстарды басқару, Тұтыну және тамақтану институты.

Жапонияда статистиканы ұйымдастыру саласында екі заң бар: статистика туралы заң және статистикалық есеп берулерді үйлестіру туралы заң. Бұл заңдар орталықтанған және жергілікті басқару органдарының статистикалық қызметін реттеуге шақырады, мәліметтерді жинайтын және ұсынатын тұлғалардың құқықтары мен міндіттерін анықтайды.

Жапониядағы статистикалық жүйеАҚШ-тағысияқты орталықтанбаған. Әр министрлікте статистикалық қызмет жұмыс жасайды. Нгізгі статистикалық мәселелер: премьерминистр кеңесіне қарасты Статистика бюросы, Статистикалық кеңес және Кәсіпорындардың статистикалық комитеті.Сонымен бірге ұлттық шоттар, жіктеу, экономикалық индикатор және статистикалық мәліметтерді өңдеу салаларында тұрақты жұмыс жасайтын 13 статистикалық комитет бар. Осылайорталықтанбауға байланысты әр түрлі ведомостволар жинаған статистикалық мәліметтерді өзара салыстырумүмкін болмағандықтан жүйесіздік мәселесі туындайды. Бұл біртұтас статистикалық әдістің болмауын көрсетеді. Мұндай жағдай әр бағыттағы көрсеткіштерді үйлестіруде ведомствоаралық комитет құруды қажет етеді.

Англияда орталық статистикалық басқармасы премьерминистрге бағынады және тек мемлекттік статистикалық қызметтердің үйлесімділігімен айналысады.

Канадада жалпы мемлект бойынша статистикалық мәліметтерді жинау, өңдеу, талдау мен жарыққа шығару және статистикалық жұмыстарды үйлестірумен Канаданың Статистикалық бюросы айналысады.

Шет елдердегі ұлттық статистикалық басылымдар.

Шет елдердегі маңызды үкіметтік статистикалық басылымдар:

-АҚШ- тағы “ The statistical abstract of theUnited States ” АҚШ Сауда министрлігінің жылнамасы және “ Surveyof current business ” атты сауда бойынша айлық басылым; “ Federal Reserve Bulletin ” атты федералдық резерфтік басқармасының айлық журналы. Бұларда АҚШ экономикасы бойынша статистикалық мәліметтер жарыққа шығады.

  • Жапонияда: “Ұлттық Табыс жылнамасы”;

— Англияда: Орталық статистика басқармасының «Monthly Digest of Statistics»

Айлық журналы және « Annual Abstract of Statistics »жылнамасы.

— Канадада: « Canadian Statistical Review » айлық журналы және “ Canada Yearbook ” жылнамасы.

  • Арнайы статистикалық басылымдар туралы жеке тарауларда толығырақ айтылады.