Сақтандыру агенттері және сақтандыру брокерлері

  1. 1. Сақтандыру агенті – берілген өкілеттігіне сәйкес сақтандыру ұйымының атынан және тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.

 Сақтандыру агентінің қызметі.

Сақтандыру агентiнiң сақтандыру рыногында делдалдық қызметтi жүзеге асыруға өкiлеттiгi сақтандыру ұйымының тиiстi құжаттарымен белгiленедi.
Сақтандыру агентiнiң өкiлеттiгi болмаған жағдайда оның сақтандыру агентi ретiндегi қызметiне жол берiлмейдi.

Сақтандыру ұйымы, өзiнiң атынан сақтандыру агентi сақтандыру ұйымынан алған өкiлеттiк шегiнде жасаған сақтандыру шарты бойынша қабылдаған мiндеттемелердi сақтандыру ұйымының өзi тiкелей қабылдаған мiндеттемелер ретiнде орындайды.

Сақтандыру агентi сақтауға мiндеттi талаптар, оның iшiнде сақтандыру құжаттамасы бланкiлерiнiң есебiн жүргiзу мен сақтау, қолма- қол ақшамен жұмыс жүргiзу мәселелерi жөнiндегi талаптар Қазақстан Республикасы заңдарының талаптары ескерiле отырып, сақтандыру ұйымының iшкi құжаттарында белгiленедi.

Сақтандыру ұйымы сақтандыру делдалдығы операцияларын жүргiзуге өзi уәкiлдiк берген сақтандыру агенттерiнiң тiзiлiмiн жүргiзiп отыруға мiндеттi.

Сақтандыру брокері – сақтандыру және қайта сақтандыру мәселелері бойынша консультациялыққызметі, өз атынан және сақтанушының тапсыруымен сақтандыру шарттарын немесе өз атынан және цедент тапсыруымен қайта сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға.

Сақтандыру брокерінің қызметі.

Сақтандыру брокерiнiң қызметi ерекше қызмет түрi болып табылады және оны уәкiлеттi мемлекеттiк орган лицензиялауға тиiс.

Сақтандыру брокерiнiң өзi қатысып жасалатын сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша өкiлеттiгi мен жауапкершiлiгi сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының тараптарымен жасалатын тиiстi шарттармен белгiленедi.
Сақтандыру брокерiнiң жарғылық капиталының ең аз мөлшерiне және оның қызметiнiң өзге де жағдайларына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.

Сақтандыру брокерi, уәкiлеттi мемлекеттiк органға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзi анықтаған төлем қабiлетсiздiгi фактiлерi туралы дереу хабарлауға мiндеттi.

  1. 2. Актуарийлiк қызметтi жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттiк орган берген лицензиясы бар жеке адам актуарий болуға құқылы.
    Актуарийлiк қызмет осы Заңға және уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес, сондай-ақ актуарийлiк қызметтi жүзеге асырудың халықаралық принциптерi (стандарттары) ескерiле отырып жүзеге асырылуға тиiс.

Актуарийлiк есептеулер мынадай негiздер бойынша:

1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бастамасы бойынша — бастамашылық актуарийлiк есептеулер;

2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда — мiндеттi актуарийлiк есептеулер жүргiзiледi.

Актуарийлiк есептеулер жүргiзу кезiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мiндеттi актуарийлiк есептеулер мен қорытындыларды жасау және дайындау үшiн қажеттi, актуарий талап еткен қолда бар құжаттар мен мәлiметтердiң бәрiн беруге мiндеттi. Актуарий өзiнiң қарауына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы табыс еткен құжаттар мен мәлiметтердiң толықтығы мен дұрыстығы үшiн жауап бермейдi.

Актуарий өзi жасаған актуарийлiк есептеулер мен қорытындылардың дұрыстығы мен дәлдiгiне Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген тәртiппен жауап бередi.

Актуарий, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру резервтерiн қалыптастыру жөнiндегi талаптарды сақтамағандығы туралы өзi анықтаған фактiлердi уәкiлеттi мемлекеттiк органға дереу хабарлауға мiндеттi.

  1. Пайда алушы.

Пайда алушы – сақтандыру шартына немесе міндеттіне сақтандыру туралы Заң актілеріне сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға.

Заңды тұлға да, азамат та пайда алушы бола алады.

Пайда алушы жеке де, мүліктік те сақтандыру бойынша тағайындала алады.

Сақтандырудың міндетті түрі бойынша пайда алушы сақтандырудың осы түрін реттейтін заң актілерімен айқындалады, ерікті түрі алушы болып табылады.

Егер міндетті сақтандыру туралы заң актілерінде немесе өз еркімімен сақтандыру туралышартты өзгеше көзделмесе, сақтанушы пайда алушы болып табылады.

Егер сақтанушы сақтандырылған адам болып табылмаса, пайда алушы сақтандырылған адам болуы тиіс не ол сақтандырылған адамнаң жазбаша келісімі бойынша тағайындалады.

Егер пайда алушы сақтандыру шартында көрсетілмесе, ол сақтандырылған адам деп ұйғарылады.

Кәсіпкерлік тәукелді сақтандыру шарты бойынша бір мезгілде сақтандырылған адам болып табылуыға тиіс сақтанушы ғана пайда алушы бола алады.(ҚР АК Ерекше бөлім. 810 – бабы.).Азаматтық – құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде (ҚР АК Ерекше бөлім.811 және 812 баптары), сақтандыру шартымен сақтанушының өзі не басқа тұлға пайда алушы деп аталсане ол мүлде көрсетілмесе де, сақтанушы олардың алдында жауапты болатын тұлғалар пайда алушылар деп танылады.

  1. Сақтандырылған адам бір мезгілде пайда алушы болып табылатын жағдайда соңғысының ҚР АК-тің 815 бабында көзделген ережелер қолданады.

Сақтандырылған адам болып саналмайтын пайда алушы қайтыс болған жағдайда не ол пайда алушының құқықтарынан бас тартса, соңғысының құқығы сақтанушы ауысады.

Сақтандырылған болып табылатын пайда алушы қайтыс болған жағдайда ҚР АК 815 бабының 8 тармағында көзделген зардап туындайды.

Егер сақтандырылған адамның қайтыс болуы, сақтандыру шартына көзделген жағдай болып табылса, онда бұл сақтандырылған адам сақтанушы болмаған күнде де, болған күнде де, бірақ шартта пайда алушы көрсетілмесе, сақтандырылған адамның мұрагерлері пайда алушылар деп танылады.

Сақтандыру жағдайы басталған кезде пайда алушы тікелей сақтандырушыға сақтандыру шартында көзделген сақтандыру төлемін төлеу туралы талап қоюға құқылы.

Пайда алушының пайдасына шарт жасау сақтанушыны осы шарт бойынша міндеттерді орындаудан босатпайды.

Сақтанушы сақтандыру жағдайы басталғанға дейін сақтандырылған адам болып табылмайтын, сақтандыру шартында аталған пайда алушыны, бұл жөнінде сақтандырушыны жазбаша хабардар етіп, басқа адаммен ауыстыруға құқылы.

Пайда алушыны оның сақтанушымен жасаған келісіммен туындайтын белгілі бірміндеттерді сақтандыру шарты бойынша орындағаннан немесе сақтандырушыға сақтандыру төлемін жузеге асыру жөніндегі талап қоғамнан кейін басқа адм мен ауыстыруға болмайды.

  1. Шетелдiк азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдiк заңды тұлғалар, оның iшiнде өз қызметiн Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратындар сақтандыру арқылы қорғалу құқығын Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен бiрдей пайдаланады.
    Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан заңды тұлғалардың немесе оның оқшауланған бөлiмшелерiнiң мүлiктiк мүдделерiн және Қазақстан Республикасының резидентi болып табылатын жеке тұлғалардың мүлiктiк мүдделерiн сақтандыруды тек қана Қазақстан Республикасының резидентi — уәкiлеттi мемлекеттiк органның тиiстi лицензиясы бар сақтандыру ұйымы жүзеге асыра алады.