ҰОС АРДАГЕРЛЕРІН, ҚАТЫСУШЫЛАРЫН, МҮГЕДЕКТЕРІН ЖӘНЕ ОЛАРҒА ТЕҢЕСТІРІЛГЕН ТҰЛҒАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОЛАРҒА БЕРІЛЕТІН ЖЕҢІЛДІКТЕР

  1. Ардагерлердің құқықтық мәртебесінің мәселесі күрделі әрі әрқилы болып келеді. Ардагерлердің құқықтық мәртебесінің негізін адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтары құрайды.

Ардагерлердің мәртебесі қарапайым азаматтың мәртебесінен бірқатар ерекшеліктермен ерекшеленеді. Бұл ерекшеліктер азаматтарды соғыс, еңбек немесе әскери қызмет ардагері деп тану негіздерінен және олардың әлеуметтік қорғалуының тәсілдерінен көрініс табады. Ардагер мәртебесіне ие азаматтың әлеуметтік қорғалуы адамның материалдық және рухани қажеттіктерін қанағаттандыратын маңызды құқықтар мен бостандыктарды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін мемлекетгік жеңілдіктер мен кепілдіктердің, құқық нормаларының жүйесін білдіреді.

Әлеуметтік қорғау туралы заңнамада ардагерлердің — соғыс мүгедектері мен қатысушыларының және еңбек ардагерлерінің құкықтық мәртебесін реттейтін бірқатар арнайы нормативтік құқыктық актілер бар. Аталған мәселеге қатысты мынадай заңдар қабылданған: ҚР «¥лы Отан соғысының қатысушыларын, мүгедектерін және оларға теңестірілген тұлғаларды әлеуметтік қорғау және оларға берілетін жеңілдіктер туралы» заңы, ҚР «Әскери қызметшілердің және олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы» заңы, ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңы, ҚР «Ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» заңы және т.б. Әлеуметтік қорғау туралы зандар ардагерлердің екі санатын ажыра-тады: соғыс ардагері және еңбек ардагері.

Соғыс ардагерлері ретінде Отанды қорғауға немесе өзге мемлекеттердің аумағындағы соғыс әрекеттеріне қатысқан түлғалар танылады. Мұндай тұлғаларға соғыс әрекетгерінің қатысушьшары, соғыс мүгедектері, соғысқа қатысушылар жатады.

¥лы Отан соғысынын мүгедектері ретінде бірінші дүниежүзілік, азаматтық және ¥лы Отан соғысы кезінде әскер мен флоттың, партизандар мен жасырынып жұмыс істеушілер қатарында болған тұлғалар, сонымен қатар бірінші дүниежүзілік, азаматтық және Ұлы Отан соғысы кезеңдерінде әскери әрекеттер аумағында, соғысқа жақын темір жол учаскелерінде, қорғаныс жерлерінде, әскери-теңіз базаларында және аәродромдарда алған жарақаттары, контузиялары, зақымдары немесе аурулары салдарынан мүгедек болған және зейнетақылық қамсыздандыруы бойынша әскери қызметшілерге теңестірілген, тиісті санаттар қызметкерлері мен жұмысшылары танылады.

  1. ¥лы Отан соғысының мүгедектеріне тенестірілген түлғалар болып мыналар табылады:

— бұрынғы КСРО-ны қорғау кезінде, әскери қызметтің өзге де міндеттерін орындау кезінде және өзге де кезеңдерде орын алған жарақаттардан, контузиялардан, зақымнан немесе соғыста, сонымен қатар Ауғанстанда не әскери әрекеттер орын алған өзге де мемлекеттерде болуымен байланысты аурудан мүгедек болған әскери қызметшілер;

— соғыста болуымен байланысты немесе әскери әрекеттер орын алған мемлекеттерде кызметтік міндеттерді орындауымен байланысты аурудың салдарынан немесе кызметтік міндеттерді орындау кезінде алған жарақаттары, контузиялары, зақымдары салдарынан мүгедек болған, бұрынғы КСРО-ның ішкі істер органдары мен мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшылық және қатардағы құрамындағы тұғалар;

-1944 жылгы 1 қаңтардан 1951 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде Украина КСР-нің, Латын КСР-нің, Литва КСР-нің, әстония КСР-нің аумақтарында халықты қорғау взводтары мен отрядтарының, жойғыштар батальонындарының құрамында болған, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік міндеттерді орындауы кезінде жарақаттар, контузиялар немесе зақымдар алуы салдарынан мүгедектер болған жауынгерлер және командирлер қатарындағы тұлғалар;

— өзге елдердегі әскери контингентке қызмет көрсетуші және соғыс әрекеттерін жүргізу кезінде алған жарақаттары, контузиялары, зақымдары немесе аурулары салдарынан мүгедек болған, тиісті санаттардың қызметкерлері мен жұмысшылары;

— Чернобыль АәС-дегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі өзге де радиациялық аппаттардың, ядролық қару сынақтарының салдарынан мүгедек болған тұлғалар және мугедектігі ата-анасының біреуінің радиациялық сәулелерге ұшырауымен генетикалық тұрғыдан байланысты балалары.

¥лы Отан соғысына қатысушылар ретінде бірінші дуниежүзілік, азаматтық және ¥лы Отан соғысы кезінде, сонымен қатар бұрынғы КСРО-ны қорғауға байланысты өзге де әскери операциялар кезінде әскер мен флоттың құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда және мекемелерде әскери қызметте болған әскери қызметшілер, азаматтық және ¥лы Отан соғысының партизандары мен жасырынып жұмыс істеушілері танылады.

¥лы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген тұлғалар ретінде мыналар танылады:

— ¥лы Отан соғысы кезінде әскери қызметтің қорғанысына катысу 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін әскери қызметшілер үшін жеңілдетілген жағдайда зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдары ретінде саналған қалаларда өткізген, бұрынғы КСРО-ның ішкі істер органдары мен мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшылық және қатардағы құрамындағы тұлғалар;

-¥лы Отан соғысы кезінде әскердің құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдарды иеленген немесе әскери қызметтің қорғанысына қатысу 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін әскери қызметшілер үшін жеңіддетілген жағдайда зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдары ретінде саналған қалаларда өткізген, бұрынғы КСРО-ның ішкі істер органдары мен мемлекеттік қауіпсіздік органдарының, Кеңес Әскерінің, Әскери-Теңіз флотының, әскердің ерікті жадданбалы құрамында болған тұлғалар;

— ¥лы Отан соғысы кезінде әскер мен флоттың құрамына кірген әскери бөлімдердің, штабтардың және мекемелердің құрамында полк ұлдары (тәрбиеленушілері) және юнгалар ретінде болған тұлғалар;

— екінші дүниежүзілік соғыс кезінде шетел мемлекеттерінің аумағында партизандық отрядтардың, жасырын топтардың және өзге де фашистерге қарсы құррылымдардың құрамыңда фашистік Германияға қарсы соғыс әрекеттеріне қатысқан тұлғалар;

— ¥лы Отан соғысы кезінде әскери қызметшілер жағдайына ауыстырылған және әскер мен флотттың мүдделері үшін майдандар шеңберінде, флоттардың жедел аймақтарында міндеттерін орындаған Жол байланысы жөніндегі халық комиссариатынан, Байланыс жөніндегі халық комиссариатынан, өнеркәсіптік және көлік кемелерінің жүзушілерінен және авиацияның ұшушы құрамынан, бұрынғы КСРО-ның Балық онеркәсібі жөніндегі халық комиссариатынан, Теңіз және өзен флотынан құралған арнайы құрылымдардың жұмысшылары, сонымен қатар Ұлы Отан соғысының басында өзге мемлекеттердің порттарында жинақталған көлік флоты кемелерінің әкипажының мүшелері