ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУДАҒЫ ӨТЕМАҚЫЛАРМЕН ЖӘРДЕМАҚЫЛАР

  1. Әлеуметтік жәрдемақыларды өтемақылык төлемдерден ажырата білген жөн, себебі өтемақылар оған тәуелсіз жағдайлар бойынша әлеуметтік қолдау мен көмекті қажет ететін тұлғалардың тар шеңберіне арналған.

Өтемақылар – бұл азаматтарға олардың жалақысы немесе өмір сүрудің өзге де көзінің бар-жоқтығына қарамастан, заңдарда көзделген жағдайларда қосымша материалдық көмек көрсету үшін тағайындалатын ақшалай төлемдер. Өтемақыларды әлеуметтік жәрдемақыларға қосымша ретінде қарастырған жөн.

Өтемақыларға мыналар жатады:

– еңбекке жарамсыз азаматтарды күтуді жүзеге асыратын тұлғаларға берілетін өтемақылар;

– отбасылық типтегі балалар үйіндегі балаларға берілетін өтемақылар;

– бастауыш және орта арнайы оқытумен айналысатын мемлекеттік мекемелерде оқитындардың тамақтануына берілетін өтемақылар.

Еңбекке жарамсыз азаматтарды күтетін тұлғаларға берілетін өтемақылар.

Өмірде еңбекке жарамды азаматтардың емдеу мекемесінің қортындысы бойынша тұрақты түрде бөтеннің көмегін қажет ететін I топ мүгедегін немесе қарт адамды немесе 80 жастан асқан қарт адамды, сонымен қатар 18 жасқа толмаған мүгедек-баланы күтуіне байланысты жұмыс істемейтін кездері болады. Мұндай азаматтарға төлеу тәртібі заңдарда анықталған өтемақылык төлемдер төленеді. Аталған өтемақылар еңбекке жарамсыз азаматтар санаттарының зейнетақыларына қосу арқылы жүргізіледі, бұлар еңбекке жарамсыз азаматтарды іс жүзінде күтуші, жұмыс істемейтін еңбекке кабілетті тұлғаға олардың туыстық қатынастарына және бірге түру-тұрмауына қарамастан төленеді.

Өтемақылардың бұл түрін тағайындау үшін келесі кұжаттарды ұсыну кажет:

  1. еңбекке жарамсыз тұлғаны күтуші азаматтың жеке куәлігі;
  2. еңбекке жарамсыз тұлғаны күтуші азаматтың кутуді бастаған күнін көрсеткен өтініші;
  3. еңбекке жарамсыз түлғаны күтуші азаматтың еңбек кітапшасы;
  4. еңбекке жарамсыз тұлғаны күтуші азаматтың түрғылықты жеріндегі халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі органның аталған тұлғаның зейнетақы алмайтыны жөніндегі анықтамасы;
  5. аталған тұлғаның атаулы әлеуметтік көмек алмайтыны туралы анықтама;
  6. еңбекке жарамсыз азаматтың еңбек кітапшасы;
  7. МӘСК-ның мүгедектіктің І-тобьш белгілеу туралы анықтамасы, 18 жасқа дейінгі баланы мүгедек деп тану туралы медициналық қорытындысы, емдеу мекемесінің еңбекке жарамсыз тұлғаның бөтен адамның көмегіне тұрақты түрде мүқтаж екендігі туралы қорытындысы;
  8. еңбекке жарамсыз тұлғаның өзін күтуші түлғаның күтетіндігін растайтын өтініші.

Бұл кұжаттар еңбекке жарамсыз азаматқа зейнетақы төлейтін органға беріледі. Ай сайынғы ақшалай өтемақыны тағайындаудан бас тартқан жағдайда, мұндай шешімді қабылдаған орган бас тартудың себептерін және шешімге шағымдану тәртібін көрсете отырып, өтініш берушіні жазбаша хабарландырды. Ай сайынғы ақшалай өтемақыны тағайындау туралы мәселе шешілген соң өтініш берушіге еңбек кітапшасы мен жеке куәлігі қайтарыла-ды, олардың көшірмелері іске қосылады. Ай сайынғы ақшалай өтемақыларды төлеу келесі жағдайларда тоқтатылады:

– еңбекке жарамсыз азамат не оны күтуші тұлға қайтыс болған жағдайда;

-еңбекке жарамсыз тұлғаны күтуші тұлғаға зейнетақының (оның түріне қарамастан) немесе жәрдемакының кандай да бір түрінің тағайьндалуы;

– не еңбекке жарамсыз тұлғаның, не оны күтуші тұлғаның жұмысқа тұруы;

-еңбекке жарамсыз адамды күтудің тоқтатылуы, бұл еңбекке жарамсыз азаматтың немесе оның заңды өкілінің тиісті өтінішімен расталуы қажет;

– мүгедектіктің I тобы белгіленген мерзімнің етуі;

– мүгедек-баланың 18 жасқа толуы, егер бұл балаға осы жасқа толғанда I топ мүгедектігі белгіленбесе;

– еңбекке жарамсыз азаматтың толығымен мемлекеттік қамсыздандырылуға ауысуы;

– мүгедек-баланы 18 жасқа дейін күтуші ата-анасының ата-аналық кү-кықтардан айырылуы;

-еңбекке жарамсыз азаматтың тұрғылықты жерін ауыстыруы, бұл оған зейнетақы төлейтін органның ауысуына әкеп соғады.

Еңбекке жарамсыз азамат тұрғылықты жерін ауыстырған жағдайда оның жаңа тұрғылыкты жерінде зейнетақы төлейтін тиісті орган еңбекке жарамсыз азаматты күтуші тұлғаның не оның өзінің өтініші бойынша ай сайынғы акшалай өтемақыны төлеуді оны төлеу тоқтатылған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап жалғастырады. Бүл ретте аталған орган қажет болған жағдайда еңбекке жарамсыз тұлғаны күтуші азаматтан немесе оның өзінен жекелеген немесе барлық кұжаттарды қайтадан беруді талап ете алады.

Уакытында алынбаған ай сайынғы өтемакының сомасы бүкіл өткен уақыт үшін, бірақ оны алуға өтініш берген күнге дейінгі үш жылдан аспайтын уақытқа төленеді. Ай сайынғы ақшалай өтемақы оны тағайындайтын не төлейтін органның кінәсі бойынша уактылы төленбесе, онда ол бүкіл өткен уақыт үшін қандай да бір мерзімдік шектеусіз төленеді.

Бастауыш кәсіптік және орта кәсіптік білім беру жөніндегі мемлекеттік мекемелеріиде оқитын тұлғаларға төленетін өтемақылық төлемдер. Бұл төлемдер бастауыш кәсіптік және орта кәсіптік білім беру жөніндегі мемлекеттік мекемелерінде тамақтану кұнының қымбаттауынішінара өтеуге бағытталған ақшалай сомаларды білдіреді.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!