ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ ЖӘРДЕМАҚЫЛАР

  1. Әлеуметтік қамсыздандырудағы жәрдемақылар –бұл заңдарда көзделген жағдайларда берілетін, азаматтарға мемлекеттік көмек көрсету сипатына ие мерзімдік ақшалай әлеуметтік төлемдер.

Жәрдемақылар әлеуметтік көмек сияқты, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінде маңызды орынды иеленген. Біздің мемлекетіміздің тарихында жәрдемақылардың кейбір отбасылардың өмір сүруінің жалғыз көзі болып табылады.

Жәрдемақылар ақшалай нысанда беріледі, олар көмекке мұқтаж отбасылар мен азаматтардың табыстарын реттеуге бағытталған. Жәрдемақылардың негізгі мақсаты отбасылар мен азаматтар заңдарда көзделген кезеңдерде, мұқтаждыққа ұшыраған кездемемлекеттің оларға материалдық көмек көрсетуінен тұрады.

Жәрдемақылардың түрлерінің көптігі оларды белгілі бір белгілері, мақсаттары және міндеттері бойынша түрлерге бөлу, топтастыру қажеттігін туғызады. Жұмыс істеуіне байланысты әйелдергедің жүктілігіне байланысты жәрдемақылар еңбек демалысының бүкіл уақытына беріледі. Жүктілігіне және босануына байланысты еңбек демалысының күндері, босанғаннан кейінгі еңбек демалысының күндерімен бірге жинақталып есептелінеді. Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақылардың түсінігіне мыналыр кіреді: Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақылар- азаматтарға бала туған кезде берілетін жәрдемақылардың бір түрі, әйелге жүктілігі және босануы бойынша, еңбек демалысы кезінде төленетін ақшалай соманы білдіреді

Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақыларды алу құқығын, жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұрған барлық әйелдер ұйымда істеген жұмысының ұзақтығына қарамастан иеленеді.

Жәрдемақылар бірқатар айырықша белгілерге ие бұл белгілер оларды зейнетақылардан, өтемақылардан, материалдық көмектен ерекшелендіреді. Мұндай белгілерге мыналар жатады:

  • жәрдемақы алуға құқылы тұлғалар шеңбері. Егер зейнетақы алу құқығын негізінен жұмыс істемейтін азаматтар иеленсе, жәрдемақылар барлық тұлғаларға бағытталған
  • жәрдемақылардың мақсатты бағыттылығы. Жәрдемақылар уақытша жоғалтылған жалақыны толығымен, не ішінара орнын толтыру немесе заңдарда көзделген жағдайларда отбасының қосымша шығындарының орнын толтыру мақсатында төленеді.
  • Жәрдемақыларды төлеу мерзімдері. Жәрдемақылар, жоғарыда атап өткеніміздей, уақытша жоғалтылған жалақының немесе қосымша шығындардың орнын толтыру үшін тұрақты түрде емес, уақытша төленеді. Ал зейнетақы, мысалы, тұрақты түрде төленеді. Жәрдемақылардың түрлерінің көптігі оларды белгілі бір белгілері, мақсаттары және міндеттері бойынша түрлерге бөлу, топтастыру қажеттігін туғызады.
  1. Біздің көзқарасымызша, жәрдемақыларды топтастырудың басты белгісі болып, жәрдемақыларды берудің әлеуметтік –құқықтық негіздері және мақсатты бағыттылығы табылады. Бұл белгі жәрдемақылырдың мақсатты бағыттылығын ғана емес, сонымен қатар оны алуға құқылы тұлғалардың құрамын және оны төлеудің ұзақтығын анықтағандықтан да, біз оны басты деп атап отырмыз. Осы саладағы заңдарға талдау жасау, жәрдемақылардың келесі түрлерін анықтауға мүмкіндік береді.
  • жәрдемақылардың бірінші тобының негізіне еңбекке уақытша жарамсыздық жатқызылған. Оларға мыналар жатады: ауырған жағдайдағы, отбасының науқастанған мүшесін күту қажеттігімен байланысты, туберкулезбен немесе кәсіптік аурумен науқастануға байланысты, басқа жұмысқа ауысумен байланысты, пртездік- ортопедтік стационарға жатқыза отырып, протездеумен байланысты жәрдемақылар. Жәрдемақылардың бұл түрлерінің барлығы құжаттық куәландыру кезінде беріледі, жәрдемақының өзі де осыған орай төленеді. әдетте, бұл жәрдемақылардың мөлшері жалақынынң мөлшеріне байланысты болады және жалақыдан айырылған бүкіл кезең бойы жүзеге асырылады.
  • Жәрдемақылардың екінші тобына бала туыумен және кәмелетке толмаған балалармен байланысты жәрдемақылар жатады. Бала туу балалар мен аналарға материалдық көмек көрсету қажеттігін туғызады. Мұндай жағдайда қатысты жәрдемақылар түрлі болып келеді: жүктілігіне және бала тууына байланысты жәрдемақылар, бала туу кезіндегі бір жолғы жәрдемақылар және т.б.
  • Жәрдемақылардың үшінші тобына жалақыдан айрылған кезеңдегі кезеңде өмір сүру көзін қамтамасыз етуі тиіс. Бұл топтың жәрдемақылары ҚР 2001 жылға 12 шілдесінде “Мемлекеттік атауы әлеументтік көмек туралы” заңына сәкес төленеді. Бұл жәрдемақұының мөлшері жәрдемақыны алуыш нақты тұлғларға қарай түрлі болуы мүмкін
  • Жәрдемақылардың төртінші тобына ерекше жағдайларда отбасы мүшесі қайтыс болған жағдайда оны жерлеу қажеттігі туған кезде, табиғи апаттан орын алған жағдайда және т.б кезеңдерде отбасы материалдық қолдау көрсету мақсатында беліленетін жәрдемақылар жатады. Бұл жәрдемақылардың мөлшері маңызды белгісі болып олардың төлегін ұзақтығыда табылады. Жәрдемақылар осы белгі бойынша бір жолғы, мерзімдік және ай сайынғы.