ӘЛЕУМЕІТІК ЗЕЙНЕТАҚЫЛАР

  1. Әлеуметтік зейнетақылар – бүл еңбек зейнетақысьн алуға құқығы жоқ тұлғалардың өмір сүруінің негізгі көзі ретінде мемлекеттік бюджеттен төленетін ай сайынғы ұзақ мерзімдік төлемдер.

Әлеуметтік зейнетақылар әлеуметтік қамсыздандыру туралы заңдарға алғаш рет 1991 жылғы 1 қаңтардағы «КСРО азаматтарын зейнетақылық қамсыздандыру туралы» заңымен енгізілді.

Әлеуметгік зейнетақы зейнетақылардың мемлекеттің бюджеттен қар-жыландырылатын кепілденген түрі болып табылады. Әлеуметтік зей-нетақыны енгізудің негізгі мақсаты еңбек стажының жоқтығына байла-нысты еңбек зейнетақысына құқықты иеленбеген тұлғаларды мемлекетпен кепілденген ең төменгі ақшалай көмекпен қамсыздандыру болып табылады. Осы себепті әлеуметтік зейнетақылар еңбек стажына және жалақаның мөлшеріне қандай да бір талаптарды қоймастан тағайындалады.

Әлеуметтік зейнетақыларды берудің құқықтык режимі зейнетақы алушылардың санатына қарай, субъективтік белгіге қарай түрлерге бөлінеді: зейнетақы жасындағы тұлғалар, барлық топтағы мүгедектер, туғанынан мүгедек жандар, сонымен қатар еңбек зейнетақысын алу құқығын қандай да бір себептермен иеленбеген өзге де түлғалар.

Әлеуметтік зейнетақыны тағайьндау үшін негіз болып, еңбекке жарам-сыздық және еңбек зейнетақысын алу құқығьшың болмауы табылады.

Әлеуметтік зейнетақы алатын тұлғалар

Әлеуметтікзейнетақы алу құқығын келесі еңбекке жарамсыз тұлғалар иеленеді:

  1. мүгедектер, мүгедек балалар, туғанынан мүгедек жандар;
  2. ата-анасының біреуінен не екеуінен де айырылған 18 жасқа толмаған балалар;
  3. еңбек стажының болмауына байланысты еңбек зейнетақысын алу құқығын иеленбеген тұлғалар.

Әлеуметтік зейнетақының мөлшері. Еңбек зейнетақымен салыстырғанда әлеуметтік зейнетақы жалақыдан есептелмейді, бұл зейнетақы еңбекке жарамсыз азаматтардың әртүрлі санаты үшін түрліше қатаң бекітілген сомада тағайындалады.

Әлеуметтік зейнетақының мөлшері өмір сүру деңгейінің ең төменгі мөлшерінің кем дегенде 80 %-ын құрауы тиіс. Бұл зейнетақыны зейнетақылық жасқа толған, бірақ қандай да бір себептермен жұмыс істемеген не қажетті еңбек стажын иеленбеген және зейнетақы қорларында жинақталған зейнетақы қаражаты жоқ тұлғалар алуы тиіс. Әлеуметтік зейнетақы мұрагерлік жолымен берілмейді.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!