Сот сараптамасы пәніне кіріспе

  1. Сот сараптамасы заң білімінің саласы ретінде: түсінігі, пәні, және мәселелері.

“Сараптама” деген сөз латынның “expertus” сөзімен байланысты, бұл “тәжірибелі”, “хабардар” дегенді білдіреді. Сараптама жөнінде жалпы айтсақ, қандайда бір арнаулы саладағы білімді тартуды қажет ететін сұрақтарды шешу үшін хабардар адамның (сарапшының) жүргізетін зерттеуін айтамыз.

Сот сараптамасы – жеке іс жүргізу әрекеті, оның мәні мән-жайларды шешу үшін маңызы бар жағдайаттарды белгілеу мақсатында арнаулы ғылыми білім-білік негізінде жүргізілетін іс материалдарын зерттеуболып табылады. Дәл осылайша “сот сараптамасы” ұғымы Қазақстан Республикасының “Сот сараптамасы туралы” Заңының 1-бабында белгіленген.

Сот сараптамасы қылмыстық сот ісін жүргізудегі арнаулы білімдерді падаланудың еңбілікті нысаны болып табылады.Ол іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында және оның сот қарауында барлық ғылыми танымныңқұралдарының арсеналын пайдалануға мүмкіндік бере отырып, сот пен алдын ала терегеу органдарыныңтанымдық мүмкіндіктерінедәуір кеңейтеді.

Сараптаманың негізгісипаттарын анықтай отырып, сараптама арнаулы ғылыми білімдерді тартуды қажетететін қылмыстықісті тергеу немесесот қарауы барысындатуындайтын проблемалықтанымдық ситуацияныжеңунысаны болыптабылатындығын білу керек.

Мұндай шешім кезінде  сараптаманың сипаттамасыретінде оны тағайындау мен жүргізудің мақсаты мен шарттарын бөліп алуға болады.

Мақсаты сарапшы қортындысының жаңа дәлелдерін алу, қылмыстық істңжаңа мән-жайларынанықтау болып табылады.

Шарттарына мыналар жатады:

  • арнаулы ғылыми білім негізінде зерттеу жүргізу. Сараптамаға қатысты “арнаулы ғылыми білім” терминің пайдалануға баса назар аудару керек;
  • сараптаманы аранйы іс жүргізудің тұлғасы, қылмыстық процеске қатысушы өзге адамдардан оны айрықшалайтын құқықтары мен міндеттерініңжеке жиынтықтарыбар сарапшыныңжүргізуі;
  • заңмен реттемеленген сот сараптамасының іс жүргізу нысаны, оған оны тағайындау, жүргізу, зереттеунәтижелерін рәсімдеужәне оларды бағалау, сондай-ақ сараптамаға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері жатады. Сарапшылық зерттеунәтижелерін белгілеудіңіс жүргізу нысаны бойынша дәлелдеме болыптабылатын сарапшының қорытындысы болады;
  • зерттеушінің белгілі бір теориялық принциптері мен тәжірибесіне сүйенетін бағалаумен фактілерді түсіндіру негізінде тұжырымды зерттеунәтижесіндегі қалыптастыру. Сарапшылық зерттеудің нәтижесі фактілерді анықтау, табу емес, ол оның өмір сүруі туралы тұжырым, ой қорытындысы.Соңғысы сарапшының өзінің арнаулы ғылыми білімдерінегізінде жүргізген объектілерде аныталғанбелгілер мен байланыстардыжиынтықты бағалаужолымен белгіленеді. Сарапшының тұжырымы фактілерді өзгеше түсіндірудің, даласудың принципті мүмкіндіктерінежол бере отырып, сол арқылы пікір ретінде қалыптасады.
  1. Сот сараптама жүйесі.

Сотсараптамасы ұғымының анық анықтамасыныңпрактикалық аса маңызы бар, ойткені онгың болмау сараптамалардыжүргізу практикасының іс жүргізужәне ұйымдастырушылық сәттеріндекелеңсіз көрініс табады да,сөйтіп сараптаманыжүргізуден бас тартудың, сараптаманы өзге іс жүргізу әрекеттеріменауыстырудың, сарапшының құзретінентыс сұрақтарды қоюдың негізделеген себебі болады.

Әдебиеттерде сот сараптамасының тақырыбын анықтаудың әр түрлі жолдары бар. Әр авторлар сараптаманың тақырыбын анықтаға жататынмән-жайлар, сарапшылық міндеттер, сараптама объектілер ретінде анықтайды.

В.Д. Арсеньев ұсынған сот сараптамасыныңтақырыбын анықтамасы еңтолықтауы болып табылады: “сот сараптамасының тақырыбы тараптар,оның объектісініңқатысы( негізгі және қосалқы), олар іс үшінмәні бар және тиісті білім саласыаясына кіретін сұрақтардышешу мақсатындасараптаманың осы саласымен зерттеледіжәне оның құралдарымен (әдістерімен, әдістемелерімен) танылады”.

Осы анықтаманың мәні оның философиялық мағынадағы танымзатын дұрыс түсінугенегізделгенінде болады. Егер оған дейінбарлық анықтамалартаным процесініңбір жағын ғана қамтыса, В.Д.Арсеньевтің анықтамасы сараптама тақырыбының толық үш жақты “формуласын” – танымның субъектісін, міндеттерімен әдістерін көрсетеді.

Алайда, көбіне практикада, сарапшылық зертте негізінде анықталатын, оны шешу үшін мәні бар нақты деректер ретінде (іс мән-жайлар) сараптама тақырыбының ықшамдалған анықтамасы жиі пайдаланылады.

Әдебиеттерде нақты сараптама тақырыбымен тектік (түр) тақырыбы түсінігі ажыратылады.

Сараптаманың тектік (түр) тақырыбы белгілері бір мамандықтағысарапшының құзіреті, осы тектік (түр) сараптаманың мүмкіндіктерін анықтайды.

Қылмыстық іс бойынша тағайындалатын нақты сараптаманың тақырыбы сарапшының алдына қойылған сұрақтардың ауқымымен анықталады. Ол сараптаманы тағайындау кезінде қажетті ғылыми құзіреттілікке сәйкес сарапшының таңдауымен себептеледі.

Сарапшылық білім саласының сипаттамасы ретіндегі сот сараптамасытақырыбының ұғымытиісті сарапшылық міндеттерді анықтау мен жіктеу үшін негізболып табылады.

Сарапшылық міндет – сарапшының алдына қойылған сұрақтағы тапсырманы сарапшының қабылдауы. Гносеологиялық тұрғыдан қарағанда ол оның түпкі мақсаты (ізделінетін факт) мен оған жетудің шарттарын, яғни сараптаманың тағайындау кезіндесарапшыға ұсынылған алғашқы мәлметтерді сиппаттайды.

Сараптаның міндеттері ұғымыкөбінші сарапшығақойылған сұрақ ұғымына ұқсас. Белгілі мағнада міндет олбелгілі бір үлгідегісұрақтардың мағынасын ғылымиқорытын түсіндіру деген сөз.

Сараптама міндеті дегеніміз тергеу-сот практикасның қажеттілігіне және сот сараптамаларының жетістіктері мен әдістеріне сәйкессот сараптама тақырыбы мақмұның қорытындылап тарататын нақты деректерді анықтаудың мүмкіндіктері.

Криминалистік сарапшылық міндеттерді жіктеу ментұрпаттандыру мәселелеріне келсек, қазіргі күндер сот сараптамасытеориясында көрінген осымәселедегі жолдарға қысқаша талдау жасау керек.

Сарпшылық міндеттерді жіктеумәселелеріне А.Р.Шляхов жұмыстарында көп назар аударылған. Автор жіктеу үшін көптеген негіздердіңбар екендігін, атап айтқанда, “сот сараптамасы міндеттерін дифференциалауды дәлелдеуге жататын (немесе қызыметшілерді азаматтық іс бойынша шешім шығару үшін) қылмыстық с мән-жалары топтарын ескере отырыпжол берген жөн және пайдалы деп көрсетеді. Олардың дифференциясынқылмыс құрамының төрт белгілерінің элементтері бойынша жүргізген қызықты болмақ (одан әрі істердің жеке санапттар бойынша, ал мұны ешкімде әлі жасаған жоқ). Оларды сот сараптамасы объектілерінің негізгі топтары бойынша бөлуге болады, осы негіз бойынша бөлу тергеушілер мен судьялар үшін біріншіге қарағанда мәні төмен болса да, бірақ сарапшылар үшін ол қызықты болуы мүмкін. Міндеттерді олардың шешу дістерібойынша бөлу – сараптама әдістерін іздеумен әдістемелерінәзірлеу процесінде зерттеу мәніне ие болады” деп көрсетеді.

А.И.Винберг пен Н.Т.Малаховский ұсынған диагностикалық, жіктеушілік, тендестірушілік, ситуациялық деңгейлер міндеттерін бөліп шығаруға әкелетін сарапшылық міндеттерді жіктеудің “деңгейлік” амалыкең түрде танымал болды.

Диагноситкалық сарапшылық зерттеудің мақсаты объектілерді танып білуболып табылады. Олар объектінің табиғатын, олардың қасиеттерімен күйін, белгілі бір сипаттан ауытқуын, осы өзгерулердің себептерін және оларды қылмыстық оқиғамен байланысын анықтауға бағытталған .Диагностикалық деңгейдегі міндеттердіңмысалдары затты оқпен атылатын қаруға жатқызу, адамды теңдестіру үшін саусақ таңбаларының жарамдылығын анықтау болып табылады.

Жіктеушілік сарапшылық зерттеудің мақсаты объектілердің белгілі бір кластарға, соның ішінде стандартталғандарға қатыстылығын анықтау болып табылады. Осы міндеттердің мысалдарыретінде биологиялық текті объектілердің, лакты бояу материалдарының, есірткілердің жіктеушілік қатыстылығын анықтауды айтуға болады.

Теңдестірушілік сарапшылық зерттеудің мақсатыжекелей белгілі объектілердің тепе-тендігін немесе материалдық белгілер көріністері бойынша олардың шығу көздерін анықтау болып табылады. Теңдестірушілік міндеттердішешу екі кезенде жүзеге асырылады: 1-тендестірілетін және тендестіруші объектілердегі жалпы (толық) белгілердің сәйкес келуін анықтау, 2-дараланатын объектілердің сәйкес келетін және белгілерінің жиынтығы бойынша жекелей — белгілі объектілердің тепе-теңдігін анықтау. Егер объектіні дараландыруға сәйкес келетін жеке белгілер жеткіліксіз болса, онда тендестірушілік міндетті шешуобъетінің топтық қатыстылығын анықтаукмен аяқталады. Тендестірушілік мндеттердің мысалдары жазуы бойыншақолжазба мәтінінің орындаушысын, атылған оқ-дәрілері бойынша атыс қаруының нақты данасын, бөліктердің бір құжатқа қатыстылығып анықтау болып табылады.

Ситуалогиялық (ситуациялық) зерттеудің мақсаты жеке оқиғаларды анықтау блып табылады, олардың негінде қылмыстық іс ауқымындағы жалпы оқиға механизміне қайта құру жүргізіледі. Ситуологиялық міндеттерге, мысалы, нақты жағдайларда мылтықтың өздігінен атылып кетумүмкіндігінанықтау, суық қарумен зақымдар салушарттарын анықтау жатады.

Бүтіндей, деңгейлік амалды мойындайотырып, көптеген авторлар жіктеу деңгейлерімен негіздері тізбесінің өз нұсқаларын ұсынады. Бұл тәсіл сарапшылық таным деңгейі туралы көз-қарас пен сарапшылық технологияға бағдарланған.

Н.Т.Малаховская диагностикалық, жіктеушлік, тенестірушілік және ситуологиялы деңгейлертуралы айта отырып, “бұл -сарапшылық зертеудің негізгі әдістерінің деңгейлері… олардың негізінде жеке әдістер және нақты сараптамалардызерттеудің әдістемелері әзірленеді, басқаша болса, олар методологиялық деңгейлер болып табылады” деп шынайы көрсеткен.