XIX ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырддың басындағы Қазақстандағы саяси және құқықтық ойлар

  1. Қазақстандағы XIX ғасырдың орта кезі мен XX ғасырдың басындағы саяси және құқықтық ойларға жалпы сипаттама.

XIX ғасырдың орта кезі мен XX ғасырдың басында қазақ даласында халықтың жанашырлары бұрыннан да көп ойлар айтқан және нақты әрекеттер де жасаған. Солар арасында Абай Құнанбаев пен Шоқан Уәлихановтың орны ерекше. Ұлы Абай ақын ретінде де, саяси-философиялық ойшыл ретінде де терең ойларды айта кеткен. Сонымен бірге орыс ақындарының  (әсіресе Пушкинның «Евгений Онегин» поэмасын) талай шығармаларын қазақ тіліне аударып қалын бұқараға жеткізген. Ал Ш.Уәлиханов бірталай ғылыми зерттеулерін қалдырған.

  1. Әлихан Бөкейханов пен Мұстафа Шоқайдың саяси ойлары

Өз ұлтына талай қызмет көрсеткен тұлғалар арасында Әлихан Бөкейхан мен Мұстафа Шоқайдың орындары да айрықша. Әлихан Бөкейхан 1866 ж. Семей облысының Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Балалық кезінен еркіндік пен теңдікті жоғары бағалаған ортада өскен. Омбы қаласында техникалық училищеде оқыған. Бірақ оның шын мәніндегі үлкен саясаттың не екендігін түсінген кезі, әрине, Санкт-Петербургте орман-техникалық институтында оқып жүрген жылдары. Институттан кейін Омбыда “Степной край” деген газетте қатысады. Бірінші Мемлекеттік Думаның депутаты болып сайланды. Алдымен марксистерге жақын болғанымен, кейін конституциялық демократтарға қосылады. Ұлттық мемлекет құру Ә.Бөкейхан және басқа демократтар өкілдерінің түпкі мақсаты болды. Ә.Бөкейхан 1917 ж. мемлекеттік еркіндікке жетудің түрлі жолдарын қарастырады. Сөйтіп Орынборда 1917 ж. желтоқсанында жалпықазақ съезі өткізілді. Негізгі мәселе – қазақ мемлекетін ұйымдастыру. Съезд бұл мәселе бойынша қарар қабылдап, онда ұлт Кеңесін құрып, оның аты “Алашорда” болсын деді. Он бес адамнан тұратын бұл өкіметтің төрағасы Ә.Бөкейхан сайланды. Бірақ имерияның саясаты “Алашорданың” қызметіне жол бермеді… 1937 ж. Жоғары Соттың негізсіз үкімі бойынша ату жазасына кесілген…

Қазақ жерінде патшалық империяға қарсы шын мәніндегі мақсатты, ұлттық күштерді біріктірген саяси қозғалыс 1917- жылғы ақпан төңкерісінен кейінгі кезеңде басталды. Осы жылдың ортасында Алаш партиясының, ал соңына қарай Түркістан автономиясының (Қоқанда), ал оның артын ала Алашорда өкіметінің (Орынборда) құрылуы бұл қозғалыстың нақты нәтижелері болатын. Мұстафа Шоқай есімін ауызға алғанда еріксіз ойға оралатын мәселе – ол “Түркі елі” идеясы. М.Шоқай үшін Түркістан тұтастығы мен Түркістан еркіндігі – егіз ұғымдар. Ол – 20-ғасыр басындағы ұлт азаттық және әлеуметтік қайта жаңғыру үшін басталған қозғалыстың көш бастаушыларының бірі еді. 1917 ж. Қоқан автономиясы үкіметіне басшылық еткен. Сонымен бірге Орынборда өткен екінші жалпықазақ съезіне қатынасып, съезд сайлаған Алашорда үкіметінің құрамына енді. Сөйтіп, ол жаңа құрылған екі үкіметтің де мүшесі болған…

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!