Көне Грециядағы саяси және құқықтық ілімдер. Көне Римдегі саяси-құқықтық ілімдер

Ежелгі Грециядағы саяси-құқықтық идеяларға жалпы сипаттама

Ежелгі Грециялық саяси-құқықтық ойлардың шығу және даму тарихы үш кезеңге бөлінеді. Ерте кезең /б.э.д. IX – VI ғ.ғ./ ежелгі грек мемлекетінің пайда болуымен байланысты. Бұл кезеңде саяси-құқықтық ойлардың рационализациялануы анық байқалады /Гомердің “Жеті дана” шығармасында/ және мемлекет, құқық мәселелеріне философиялық жол қалыптасады /Пифагоржәне пифагорлықтар, Гераклит/.

Екінші кезең /б.э.д. V – IV ғ./ Демокриттің, софистердің, Сократтың, Платонның және Аристотельдің ілімінде көрініс тапқан, ежелгі гректік саяси-құқықтық және философиялық ойдың даму кезеңі б.э.д. IV – II ғ. қамтиды. Бұл уақыт эллиндік кезең деп аталады, ежелгі грек мемлекетінің құлдырауының басталу уақыты, грек полистерінің алғашында Македонияның, кейін Рим билігіне түсуі. Бұл кезеңнің көзқарастары Эпикурдың, Сократтың, Полибийдің еңбектерінде көрініс тапқан.

Ежелгі гректік саяси-құқықтық ілім даму процесінде ерте кезеңде көбінесе аңыздық сипатта болса /Гомер, Гесиод/, ол бертін келе қалыптасушылық философиялық жолға /даналар – Пифагор, Гераклит, Демокрит рационалистік интерпретацияға/, софистер – логика түсініктік анализге /Сократ, Платон/ орын берді және соңында эмпирика-ғылыми нысандарға /Аристотель/ және мемлекет пен құқық зерттеудің тарихи-саяси /Полибий/ көзқарасымен аяқталды.

 Сократ және Платон саяси идеялары

Еуропадағы саяси-құқықтық идеялар Көне Грекия ойларына негізделген. Ежелгі ойшылдар арасында ерекше орын алатындар – бірімен-бірі уақыт кезегімен байланыста болған үш алып – Сократ, оның шәкірті Платон және Платонның шәкірті Аристотель болатын.

Адамзаттың рухани тарихындағы қызықты және танымал тұлғалардың бірі – Сократ /б.э.д. 469 – 399 ж./. Ол тірі кезінің өзінде дельфилік пифия яғни барлық адамнан данышпан деп танылған болатын. Сократ өзінің анықтаушы бағытын адамгершілік, саяси, құқықтық құбылыстардың саналы табиғатын бейнелеуге және құруға ұмтылды. Осы жолда ол саналының, әділдіктің, заңдылықтың билеуі туралы қорытындыға келді. Сократтың саяси идеалын келесі қағида түрінде көрсетуге болады: белсенділер билеуі қажет. Оның өзі бұл туралы былай деп айтты: “Патшалар мен билеушілер -скипетр кигендер емес, сайланған адамдар да емес, жеребе және күштеу арқылы билікке қол жеткізгендер емес, билік жүргізе алатындар” – деді.

Әділдік, заңдылық саналы басқару туралы өзінің идеяларын ұстануда Сократ оның ықпалды оппозициясын және сынын тоқтатуға ұмтылған билікпен қақтығысып отырды. Бірақ өзінің бір кесе уын ішуге тура келді. Б.э.д. 399 ж. Демократияның өкілдері белгілі қайраткер, жетпіс жастағы Сократқа қарсы құдайы жоқ, отан заңдарын бұзды және жастарды дұрыс жолдан тайдырды деген айып тақты. Өлімге кесілген Сократ заңды бұзбау, әділетсіздікке әділетсіздікпен жауап бермеу деген өзінің қағидаларын сақтады, және достарымен ұйымдастырылған түрмеден қашудан бас тартты. Сократ ілімі, оның өмірі мен өлімі тек оның замандастарымен оқушыларынан ғана емес философиялық және саяси ойдың келесі тарихына да үлкен із қалдырды. Сократ ықпалы грек саяси-құқықтық ойларының жоғары деңгейіне, Платонның саяси философиясы және Аристотельдің саяси ғылымына ықпал етті.

Платон /б.э.д. 427 — 347/ — антикалық қана емес, философиялық, саяси-құқықтық ілімдердің бүкіл тарихының ұлы ойшылы.

Идеалды мемлекет Платон бойынша, ойлардың жүзеге асырылуы және жердегі қоғамдық саяси өмір, полисте саяси идеяның таралуы. Платон полисті ортақ қажеттілікке негізделген ортақ мекен ету ретіндеретінде анықтай келе, ол осы қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетте азаматтар арасында еңбектік бөлінуін талаб етеді деген ережеге негіздейді. Күзетшілер өз тапсырмаларын дұрыс орындау үшін олардың тұрмысы және бүкіл өмірі ынтымақтастыққа, ортақтыққа, ұйымшылдыққа негізделеді. Ең алдымен – деді Платон, егер ешқандай қажеттілік болмаса ешкім жеке меншікті иеленуі керек емес. Сонымен бірге ешкімнің ешкім кете алмайтын үйі немесе қор жинайтын орны болмауы керек. Күзетшілерге қажетті қормен үшінші сословие қамтамасыз етеді. Күзетшілер бірге тұрады, бірге тамақтанады. Оларға алтынды және күмісті ұстауға және пайдалануға тиым салынды.

Платон бойынша идеалды мемлекеттік құрылымдар үшін күзетшілерге ортақ әйелдер мен балалар болудың шешуші маңызы бар. Идеалды мемлекетте әйелдер құқықтары мен мүмкіндіктері ерлермен теңестірілген. Қарапайым түсінікте алғашқы екі – отбасы болмайды. Балаларды мемлекет тәрбиелейді. Платон үшінші жіктің некесі, тұрмысын, еңбек реттеу мәселелерін идеалды мемлекетбилігінің қарауына қалдырды. Бұл жіктің мүшелері мемлекеттік биліктен шектелседе, олар құлдар емес еркін адамдар болып саналады. Платон – байлық пен кедейшіліктің шектен шығуына қарсы, орта және ауқаттылықты қолдады. Идеалды мемлекеттің басқа мемлекеттерден негізгі әлеуметтік эканомикалық ерекшелігін басқа мемлекеттердегі байларжәне кедейлер деп бөлінудің мұнда болмауы, мұндай жағдай көптеген мемлекеттерде бар. Қалай болғанда да оларды мемлекет бір – біріне қарсы екіге – бірінші кедейлер, екінші – байлар болып бөлінуі бекітілген және олардың әр қайсысындай көптеген мемлекеттер.

Философтардың билеуі және әділетті заңдардың билеуі /мемлекетте/ Платон үшін бір идеалды жобаның өзара байланысқан екі саласы.

Идеалды мемлекет жақсылар мен тектілердің билігі ретінде аристократиялық мемлекеттік құрылым. Платон бойынша мемлекеттік құрылымның жақсы түрін екі жақты деп айтуға болады: егер билеушілер арасынан бір билеуші шықса, онда ол патшалық болады, ал егер бірнеше билеушілер шықса – онда ол аристократия болады. Платон «Мемлекет» еңбегінде өрлеу жобасының іске асырылу мүмкіндігіне сенеді және оның қиын екенін де мойындайды. Егер жерде идеалды мемлекет құрылғанымен, ол өмір бойы болмайды,адам табиғаты басқа басқару нысанымен алмасады. Платон әртүрлі қоғамдық мемлекеттік нысандардың алмасуымен өзгеруін белгілі бір циклішіндегі айналымретінде түсініп, осыған сәйкес мемлекеттік құрылымның 5 түрін атайды /аристократия, тимократия, олгархия, демократия, тирания/.

Идеалды мемлекеттік құрылымға Платон қалған төртеуін бұзылған мемлекеттің дамушы сипаттарын оған қарсы қояды. Платон саяси өмір мен оның нысандарының ауысуының диалектикалықкөрінісін салады. Идеалды аристократияның туындауынан жерге және үйге жеке меншіктің пайда болуына, адамдардың еркін және құлдарға бөлінуіне әкеледі. Мемлекетте саналы бастаудың орнына қатыгез жан билік етеді. Бұл – тимократия, Платон бұған криттік – спартандық мемлекеттік құрылым типін жатқызады. Мұндай мемлекет үнемі соғысады. Сонымен қатар Платон бойынша соғыс жеке және қоғамдық қиындықтардың басты көзі . оған әсіресе элинндер арасындағы соғыс жек көрінішті болды. Тимократиялық мемлекет жеке тұлғаларда байлықтың жинақталуы нәтижесі – олигархияға әкеледі. Бұл құрылыс мүліктік цензжіге негізделген, билік басында байлар тұрады, кедейлер басқаруға араласпайды. Мүліксіздерге байларға қарсы өшпенділік туындайды, ол мемлекеттегі төңкеріске және демократияның құрылуыа әкеледі.

Платон демократиясы толығымен ұнамды және әртүрлі құрылым. Бірақ қажетті басқаруы жоқ деп бағалады. Демократиялық теңдік теңдер мен тең еместерді теңестірді. Мемлекеттік құрылымдағы игілікпен ұмытылмайтын мақсат оны нақты құрылымды жоюшы болып табылады /тимократияда – әскери жауынгер, олигархияда – байлық, демократияда – еркіндік/. Бір сөзбен айтқанда әрбір мемлекет нысаны өз қағидаларына тән ішкі қайшылықтардан және қағидаларды теріс пайдаланудан жойылады.

Платон бойынша демократиядан оның жалғасы, қарама-қайшылығы тирания шығады. Шексіз еркіндік шексіз құлдыққа айналады. Тиран билікке халықтың қолдауымен қол жеткізеді. Тирания – заңсыздық, күштеу кең таралған мемлекеттік құрылымның нашар түрі.

Саяси – құқықтық мәселелердің бірқатары Платонның «Политик» атты диалогінде қарастырылған.

Саясат – Платон бойынша, бұл адамдарды басқара алуды және білімді талап ететін патшалық өнер. Платон басқарушылардың осындай мәліметтерінде олардың заңмен немесе заңсыз басқаруы қажет болмайды деп есептеді.

Шынайы басқарушылары жоқ барлық басқа мемлекеттерде билік заңмен жүзеге асырылуы керек. Платон басқарушысы шынайы білімді жетекшілік ететін үлгілік мемлекеттен басқа. Әрбір заңдылықтың болуы немесе болмауына байланысты екіге бөлінетін үш басқару түрін көрсетеді: монархия – аздардың және көпшіліктің билігі, заңды монархия – бұл патшалық билік, қарамақарсысы– тирания, азшылдардың заңды билігі – аристократия, заңсызы –алигархия, демократия заңды және заңсыз. Нәтижесінде шынайы басқаруды қосқанда 7 мемлекет нышаны бар.

Сонымен заңдылық қағидасы Платондық сызбада басшы болмаса да, көмекші рөлді алады.

Платон заң шығарушыға бірінші жағынан басқарушылардың билігін, екіншіден бағынушылардың еркіндігін шектеп, ұстамдылықта болуға кеңес береді. Есепке алуға жергілікті жердің географиясы, ауа райы, топырағы және т.б. жатады. Платон заңдарды жергілікті жағдайлармен келіспейтін етіп бекіту мүмкін емес деді. Ол заңдар туралы ғылымды игеруге зерттеуге үлкен маңыз береді. Адамдардың айналысатын барлық ғылымдардың ішінде барлығы жүзеге асыратын заң туралы ғылым.

Екінші жағымды қасиеті бойынша мемлекет жобасының ставкасы адамдардың жеке және жалпы өмірін күн мен түн тәртібін анықтай отырып қатаң реттеген деталды және қатыгез заңдар жасалады.

Платонның тағы да кейбір ойларын келтірейік:

  • Әрбір билік өзіне жағымды заңдарды орнатады: демократия – демократиялық заңдарды, тирания – тираниялық заңдарды… Сөйтіп өзі орнатқан заңдарды ең әділетті деп жариялайды да оларды бұзғандарды заңбұзушылар және әділетті жоюшылар деп жазалайды…
  • Мемлекет, менің пікірімше, былай пайда болады: адамдарға көп нәрселер керек бола тұрғанда, ал олар өздерін жеке-жеке қамтамасыз ете алмай, бір-біріне жәрдем беру үшін бірігеді; адамдардың сөйтіп бірігіп жасауы мемлекет дейіледі…
  • Жақсы мемлекетте елді қорғаушыларда жеке меншіктің болмауы тиіс; олардың басқа адам кіре алмайтын үйі де болмауы керек; ешқандай алтын дегенді олар білмесін (алтынды білсе олар бұзылады)…
  • Идеалды мемлекетте елдің үш бөлегінің әрқайсысы өзінің ісімен айналысады: билеушілер (олар философтар болуы тиіс, олардың саны әрдәйым өте аз болады) елді басқарады; қорғаушылар елді қорғайды; шаруалар материалдық жағдайды қамтамасыз етеді…
  • Барлық әйелдер мен балалар ерлерге ортақ болсын; балалар өздерінің жеке әке-шешесін білмейтін болсын…

Мемлекеттің төрт түрі бар: тимократия (билік менменділікке – честолюбие — негізделген), олигархия (билік байлыққа қарай құрастырылған, кедейлер басқаруда қатыспайды), демократия (кедейлердің билігі, басқарушылар жребий арқылы аусып тұрады), тирания (бұл демократиядан шығады, қатыгез құлдық пайда болады).

Аристотельдің саяси және құқықтық ойлары

Платоннан кейінгі антикалық саяси – құқықтық ілімнің дамуы және тереңдеуі, оның оқушысы және сыншысы Аристотель /б.э.д 384-321жж./ есімімен байланысты. Оның мынадай қанатты сөздері бар: «Платон маған – дос, бірақ онан үлкен дос – шындық». Аристотель жемісті автор болды, бірақ оны көптеген шығармалары жоғалып кетті. Саяси – құқықтық тақырыпта сақталып қалған еңбектері – «Саясат», «Афиндық полития» және «Этика» жарық көрді. Аристотель саясат туралы ғылымын жан – жақты игеруге ұмтылыс жасады. Аристотель бойынша ғылым ретінде этикамен нығыз байланысты. Ол бойынша саясаттың ғылыми түсінігі, адамгершілік туралы көзқарастардың дамуы және этика білімі деп біледі.

Этика саясаттың бастауы, оның кіріспесі ретінде саналады. Аристотель әділдіктің 2 түрін ажыратады: Теңестіруші және бөлуші. Теңестірші әділдік қағидасы – арифметикалық теңдік. Бұл қағиданың қолдану аясы – азаматтық құқықтық мәселе, зиянды өтеу, жаза және т.б. салалар. Бекітуші әділдік геометриялық теңсіздік қағидасынан туындайды және ортақ игілікті салым мен төлемнің құнына үйлесімді бөлуді білдіреді. Этикалық зерртеудің негізгі қорытындысы – саяси әділеттілік тек қана бір қоғамдылыққа жататын еркек және тең адамдар арасында болуы мүмкін және олардың мақсатының – өзек қанағаттандыруын негізге алуы деген ереже.

Мемлекет – табиғи дамудың өнімі. Бұлқатынасқа ол алғаш пайда болған отбасы және ауыл қатынастарына ұқсас. Бірақ мемлекет өзімен барлық қатынастарды қамтитын қатынастың жоғарғы нышаны. Саяси қатынаста барлық қатынас нысандары өз мақсатына жетеді және аяқталады. Адам табиғатын саяси тіршілік және мемлекетте де осы адамның саяси табиғаты, генезисі жүзеге асырылады. Бірақ барлық адамдар, барлық халықтар дамудың мұндай деңейіне жеткен емес. Аристотель варварларды дамымаған адам табиғатының адамдары, оларда өмірдің саяси нысанына дейін өспеді – деп есептеді. Варвар және құл өзінің табиғатына ұқсас ұғымдар.

Аристотель бойынша құл мен оның иесі арасындағы қатынас мемелкеттің емес, отбасының элементі болып табылады. Саяси билік әкенің балаларға билігінің, бастығының құлына билігінен қағидалық ерекшеленіп еркіндік және құлдық қатынастарынан туындайды.Платон секілді Аристотельде мемлекетті оны құрушы элементтердің бірлігі мен бүтіндігі ретінде қарайды, бірақ ол Платондық мемлекеттік шектен тыс бірлікте істеуге ұмтылысты сынға алады. Мемлекет көптеген элеметтерден тұрады, ал оларды біріктіруге ұмтылыс, мысалы Платонның ұсынған мүліктің, әйелдің, баланың ортақ болуы, мемлекеттің жойылуына әкеледі. Жеке меншікті, отбасының және жеке тұлға құқығын қорғау бағытында Аристотель Платондық мемлекеттің екі жағына сынға алады.

Жеке меншікАристотель бойынша адам табиғатында, оның өзіне деген табиғи сүйіспеншілігінде тұрақтанады.

Платон Академияны алғаш рет құрған болса, Аристотель бірінші Лицейді орнатқан. Аристотель бірталай саяси ойларын айта кеткен. Мысалы, ортақ меншіктің кемшіліктерін кµрсете тұра, қоғамға жеке меншіктің мањыздылығын дәлелдеген.

Адам ұғымына мынадай түсінік берген: адам дегеніміз – бұл саяси жануар; егер кімде-кім саясатқа қатыспаса, онда ол әлі де адам емес немесе адамнан жоғары тұратын құбылыс. Оның кейбір басқа ойлары:

Адамдар арасындағы ең кең және ең маңызды байланыс – ол саяси байланыс. Сол байланыс мемлекет деп аталады.

Меншік тек салыстырмалы турде ғана ортақ болуы мүмкін, ал жалпы айтқанда жеке меншік болуы тиіс. Себебі, меншік адамдар арасында бөлінгенде, олардың арасында наразылыққа орын қалмайды, бұл жағдай бєріне тек пайдалы болады; әркім өзінің меншігіне көбірек көңіл бөлетін болатын.

Мемлекеттердің түрлерін Аристотель алтыға бөліп былай жіктейді: олардың үшеуі дұрыстарына жатады, ал басқа үшеуі бұрыстарына жатар екен. Мемлекеттердің дұрыс түрлері — монархия, аристократия жєне полития. Олардың тиісті бұрыс түрлері – тирания, олигархия жєне демократия. Бұл орайда Аристотель мына түсіндірме береді: монархия мен тирания – бұл бір адамның билігі (біріншісі – жақсы, адал, әке сияқты адам, ал екіншісі- қатыгез деспот); аристократия мен олигархия бірнеше адамдардың, үлкен емес топтың билігі (бірақ аристократтар беделді, елдің қамын ойлайтын топ, ал олигархтар байлардың тобы бола тұра, тек өздерінің қамын ойлайтын екен); полития мен демократия көпшіліктің билігі екен, бірақ бірінші көпшілік жоғары саналы, мәдениетті болса, екіншісі білімсіз, қара көпшілік екен…

Цицеронның мемлекет және құқық туралы ілімі

Марк Туллий Цицерон /106 – 43 ж.ж. б.э.д./ белгілі Рим шешені, заңгер, мемлекеттік қызметкер және ойшыл. Оның кең шығармашылығында мемлекет және құқық мәселелеріне маңызды көңіл бөлінген. Цицерон мемлекетті халық игілігі ісі ретіндеанықтайды.

Сана – патшалық империя, жанның ең жоғарғы және ең жақсы бөлігі. Сондықтан данышпандық билігінде ашуға ойланбай жасалған іс — әрекеттерге орын жоқ – деп жазды Цицерон. Ежелгі грек ойшылдары арасында Цицерон жақсы нысанды іздеуде нысандар айналымындабір нысаннан басқа нысанның тұсындауына, мемелекеттік құрылымның әртүрлі нысандарын талқылауға үлкен көңіл береді.

Ол билеушілердің санына байланысты басқару нысанының үш қарапайым нысанын ажыратты: Патшалық билік, оптиматтар билігі және халық билігі. Егер жоғарғы билік бір адамның қолында шоғырланса ол адамды – патша, ал мемелекеттік құрылымды – патшалық билік – деп атаймыз. Ал билік таңдалғандардың қолында болса – бұл азаматтық қауымдастық оптиматтар еркімен басқарылады.

Халық билігінде барлығы халықтың қолында болады. Бұл нысандардың әрқайсысы өзінің кемшіліктерімен артықшылықтарды иеленді. Осылардың арасынан тауға жол берсек онда бірінші таңдау патшалық билікке түседі, ал демократия ең соңғы орынға қойылды. Бізді игілік еркімен – патшалар, тапқырлығымен оптиматтар, еркіндігімен халық өзіне тартады – деп жазды Цицерон.

Цицеронның ойынша басқарудың әртүрлі нысанның аталған артықшылықтары аралас мемелекет нысанында өзара байланысқан және билікке жинақталған болуы мүмкін және солай болады. Цицеронның ойынша үш қарапайым басқару нысандарының жақсы қасиеттерін теңдей араластыру жолымен құрылған мемлекеттік құрылым түрі жағдайында ғана мүмкін. Цицерон мұндай мемелкеттік құрылымның негізгі оң қасиеттері ретінде мемелекеттің тұрақтылығы және оның азаматтарының тең құқылығын атады. Аралас басқару нысаны жол ретінде Цицерон Рим мемелекетінің алғашқы патшалық билігін сипаттық республикаға дейінгі дамуын қарайды. Сонымен бірге ол ұқсастықты патша билігінде – магистраттар өкілеттілігінде, оптиматтар билігінде – сенат өкілеттілігінде, халық билігінде – халық жиналысы мен халық трибуналар өкілетігінде көрді. Платондық идеалды мемелекет жобаларынан Цицеронның мемелекетінің аралас нысаны концепциясының ерекшелігі ол тәжірбиедегі Рим республикалық мемелекетін есепке ала отырып, оны шынайы жүзеге асатын – деп есептеді.

Цицерон бойынша ақылды мемелекеттік қайраткер жағдайдың қолайсыз жағына қарсы жүру және жалпы құндылық тәртіп ретінде мемелекеттің ұзақтығы мен тұрақтылығына көмектесу үшін мемелекеттік істерде жолдарды және бетбұрыстарды көруі және ескіруі тиіс.

Мемлекеттік істі жүргізуші тұлға ақылды, әділетті, ұстамды, шешен болуы керек. Цицеронға сәйкес идеалды азаматтың міндеттері шындықты, әділеттікті, рухтың ұлылығын тану сияқты қайырымдылықты іздену қажеттілігіне негізделген.

Азаматтарды саяси белсенділігін дәріптей келе, Цицерон азаматтардың бостандығын қорғауда жеке тұлға жоқ деп атап көрсетті. Табиғатқа оның санасы мен заңдылықтарына апелляция Цицеронның құқықтық теориясына тән. Цицерон әділетті адам табиғатының, табиғаттың толығымен мәңгілік өзгермейтін, ажыратылмайтын қасиеті ретінде түсінеді. Оныңілімдерінде табиғатынан әділдіктің қайнар көзі ретінде бүкіл ғарыш, адамды қоршаған бүкіл физикалық және әлеуметтік әлем, адамның денесі мен жанын, ішкі және сыртқы өмірін қамтитын болмыс болып санлады. Барлық осы табиғатқа сана, заңдылық және белгілі тәртіп тән.

 Рим заңгерлерінің құқық туралы ілімдері. 

Ежелгі Римде құқықпен айналысу алғашында абыздар алқасының бірі понтификтердің ісі болды. Б.э.д. 300 ж. ша масында құқықтану понтификтері босатылды. Құқықтанудың зайырлы бастауы Гнея Флавия есімімен байланысты. Құқықтық мәселелердішешуі бойынша заңгерлердің қызметі төмендегілерден тұрады: жеке тұлғалардың заңды сұрағына жауап беру, мәселе бекіту қажетті формула мен көмектерді хабарлау, істі сотқа беру үшін формуланы сотқа хабарлау.

Қолданыстағы құқық формаларына сүйеніп заңгерлер мүндай істерді қарауда өмірден құқықтық нормаларға және оның әділеттік талаптарына сәйкестігіне түсінік берді және қарама – қайшылық жағдайында ескі нормалар әділдік және әділ құқық туралы жаңа ұсыныстар есебімен өзгертті.

Құқықтық тәжірибиемен қабылданған жаңа дәйектеме оның мазмұнын жаңа құық нормасы, оның ішінде цивильдік құқық нормаплары, сонымен қатар әділеттік құқық, претор құқығы ретінде мойындауынбілдіреді. Римдік заң ғылымдарының жиынтығы өзінің шарықтау шегіне республиканың соңғы кезеңінде және әсіресе Римнің алғашқы екі жарым ғасырында жетті. Императорлар заң жүйесінен қолдау алуға және мүмкіндігінше оны мүддесіне бағындыруға ұмтылды. Жауаптар үлкен беделмен қолданылды және ақырындап соттарға міндетті болып табылды, ал ІІІ ғ. Заңгер – классиктердің жеке ережелеріне заңның өз ретінде сілтеме жасалды. ІІІ ғ. 2жарт. бастап император заң билігіне өз қолына алды.

Диоклетиан кезінде императордан шектеусіз заң билігін алып, заңгерлерге jus respondendi беруді тоқтаты.

Классикалық кезеңнің белгілі заңгерлері Гай /ІІ ғ./, Папиниан /ІІ – ІІІ ғ. ғ./,Павел /ІІ – ІІІ ғ. ғ./, Ульпиан /ІІ – ғ. ғ./ және Модестин /ІІ – ІІІ ғ. ғ./болды.

Рим заңгерлерініңқызметі құқықтық тәжірибе қажеттіліктерін қамтамасыз етуге және құқықтық қатынастың өзгеруші қажеттіліктеріне құқық нормаларының бейімделуіне бағыттайды. Жалпықұқықтық қағидаларда және анықтаманы нақтылауға, шынында да Рим заңгерлері нақты құқықтық мәселелерді филигранды және бөлшекті әзірлеуге қолдау бере отырып және осы негізде ғана жинақтап қорыту жасап, оған абайлап қарайды. Мысалы, Ульпиан шындық әділеттік үзіліссіз және үнемі әрбірше өзінің құқығын беру еркі деп белгілейді. Осындай құқықтық әділеттіктің жалпы түсінігін Ульпиан келесі бөлшектік құқығының нұсқамасын шығарды: адал өмір сүру, ешкімге зиян келтірмеу, әркімге өзіне қажеттісін беру.

Рим заңгерлері жеке құқық, соның ішінде цивильді құқықтың мәселелеріне басты көңіл бөлді Заңгер Гай цивильдік құқықты халықтың бекіткен құқығы ретінде қарады. Рим заңгерлерінің түсінігі бойынша, халық құқығы мемлекетаралық қатынастар ережесінен, римдік еместермен қатынасты реттейтін мүліктік және басқа шарттық нормалардан тұрады. Рим заңгерлерінің шағармашылығы келесі құқықтық саяси ілімдердің дамуына үлкен ықпал етті. Бұл Рим құқықтанудың жоғары заңдық мәдениетімен құқық тарихында Рим құқығына тиген үлеспен жасақталған.

 Августинның саяси-құқықтық ілімі

Августин Аврелий (354 – 430 ж.) өзінің кµзқарастарын “Құдай қаласы жөнінде” деген еңбегінде айтып кеткен. Оның пікірінше “Құдай мемлекеті” мен “жердегі мемлекеттің” арасында үлкен айырмашылық бар: “жердегі мемлекетте” адамдар өздерін жақсы көріп, Құдайды менсінбейді, ал “Құдай мемлекетінде” адамдар Құдайды жақсы көріп, өздерін жерге ұрып, рухани бірлікте жасайды екен.

Аврелий Августин батыс патристикасы мен христиан идеологиясының көрнекті өкілі христиан дінін қабылдағанға дейін /387ж/ ол манихейлер қозғалысына одан кейін скептицизмге, Платонға жақын болды. Христиан дінін қабылдағаннан кейін ол еретиктердіқуғындауға белсенді іс-әрекет жасады. 395 ж өмірінің соңына дейін ол Гиппон епископы. Христиан философиясының негізгі жағдайларын қалыптастырған жемісті автор. Оның саяси және құқықтық көз қарастары “О граде Божии, о свободной воде” және де басқа шығармаларында көрініс тапқан.

Библия жағдайларына сүйенген Аврилиймен дамытылған адамдар тарихының христиандық концепциясына сай барлық әлеуметтік, мемлекеттік және құқықтық мекемелер адам күресінің салдары. “ О граде Божин” атты еңбегінде ол адамзат бастау алатын Адам мен Еваның ұлы қылмысына кейні адам табиғатының өзі жаман жаққа қарай өзгереді және күнәшілік пен өлімге душар болу әрбір ұрпаққа мұраға қалдырылады. Бұл күнәлік жаратушы құдайдың ниетімен алдын –ала болжанып қойылған, ол адамдарды құдайшаемес, өзіндік адамша өмір сүру қабілеттерінен еркін ерікпен үлестірілді.

Барлық заманға сай адамзат атаулының 2-ге бөледі: адамша және құдайша өмір сүрушілер. Бұл разрядты біз, рәмізді түрде екі град деп атадық, яғни біреулеріне құдаймен бірге мәңгі патшалық ету, ал екіншісіне шайтанмен бірге мәңгі жазаға тартылу жазылған екі қоғам адамдары. Жер грады адамзаттарын күнәмен бұзылған табиғат туады. Ал аспан грады азаматтарын күнәдан босататын береке туады, сол себепті біріншілері құдайдың ашу тамырлары да, екеіншілері қайырымдылық тамырлары атанды.

Мемлекеттік –құқықтық өмірдің күнәлілігі Аврелий бойынша адамның адам үстіне жүргізетін үстемдігімен, басқару мен бағыну, үстемдік ету мен құлдық қатынастарынан көрініс табады. Бұндай алғашқы күнә салдарынан және адам табиғаттының күнәлілігініңсақтану жағдайында қалыптасқан күйді Августин адам өмірінің табиғи тәртібі деп атайды. Бұл мағынада құлдық табиғаты бейімділік, ал шіркеу міндеттерін азаматтық ізгіліктерін уағыздауда және бауырмалдық рухын уағыздауда жетекші болып жүктелді.

Августиннің құқық туралы көзқарастарының бірқаттар сәттері Рим тарихшыларының, юристерінің және Цицеронның табиғи құқық жөніндегі көзқарастарымен ұқсас,. Мәңгілік заң құдай санасы мен еркінің көрінісі ретінде, табиғи құқықты анықтайды. Осыған орай Августин ілімінде табиғи құқық жалпы мінезге ие. “Құдайдан өзге адам жүрегіне табиғи құқықты кім жазар ”, — дейді Августин.