ҚОЛДАНБАЛЫ СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Қолданбалы социологиялық зерттеу бағдарламасы зерттеудің барлық кезеңдерін жүргізудің теориялық-методологиялық негізін – мәліметтер жинау, оларды өңдеу мен талдаудықамтиды. Бағдарлама ғылыми құжат ретінде  бірқатар талаптарға жауап  беруі тиіс. Бағдарлама методологиялық, әдістемелік және ұйымдастырушылық сипаттағы түрлі  қызмет атқарады.  Бағдарлама қарастырылатын проблеманы дәл айқындауға, зерттеудің мақсаты мен міндетін белгілеуі, зерттеу нысаны мен пәнің анықтап, алдын ала талдаулар жүргізуге,  болжамдар жасауға, негізгі ұғымдарды бөліп алуға, оларды түсіндіріп тексеруден  өткізуге мүмкіндік беруі қажет. Бұл – методологиялық қызметі болып табылады. Бағдарламаның мұндай қызметі осы зерттеу жұмысында бұрын осы іспеттес проблемалар бойынша жүргізілген істерге белгілі бір көзқарастың қалыптасуынан да көрінеді. Бағдарламанң методологиялық бөлігі не зерттелінеді деген сауалға толық жауап беруі керек.

Бағдарламаның бірінші әдіснамалық тарауында бірнеше құрамдас бөлімдер болады. Оларға:

  • проблеманы талдау мен проблемалық жағдайды анықтау;
  • зерттеу нысаның айқындап, оны алдын ала ой елегінен өткізу;
  • зерттеу пәнің анықтау, оны алдын ала сараптау;
  • зерттеудің мақсаты мен міндетін айқындау;
  • болжам жасау;
  • негізгі ұғымдарды іріктеп алып, оларды түсіндіру.

Социологиялық бағдарлама жасағанда алдымен ерттелуге тиісті проблема ой елегінен өткізіліп, талданады. Әдетте, проблемалық жағдайлар бірнешеу болады, бірақ олар өзара бір-бірімен терең байланысып жатады. Оның үстіне бұл  байланыстар  әртүрлі болып келеді. Ал проблема  проблемалық жағдайдан кең болуы мүмкін. Кейде, керісінше, проблемалық жағдайда бірнеше проблемалар болып немесе ол көптеген  проблемалардан туындауы мүмкін. Проблемалық жағдай бір проблеманың  аясында мүмкін, бірақ ол одан кіші, не кең бола береді. Проблема мен проблемалық жағдайдың арақатынасы әлеуметтік нысанды зерттеудің түріне, ауқымы мен тереңдігіне байланысты. Социологиялық зерттеудің бағдарламасын жасау барысында біз нені, қандай ауқымда  зерттейміз дегенді дәл анықтап алуымыз қажет. Егер проблема шешімін  таппаған абстрактылы түрдегі міндет болса, онда проблемалық жағдай империялық зерттеуге жататын  қайшылықты нақтылы  анықтайтын проблеманың квинтэссенциясы іспеттес.

Әлеуметтік және ғылыми прпоблеманы ажырата білу керек. Әлеуметтік проблема дегеніміз – оны шешуге бағытталған іс-әрекеттер ұйымдастыруды талап етіп  отыратын өмірдегі  әлеуметтік қайшылықтар. Ғылыми проблема дегеніміз – қоғамның белгілі бір іс-әрекеттерді қажет етуін білу мен оларды жүзеге асырудың тәсілдері  мен құралдарын білмеу  арасында туған қайшылықтар. Оның үстіне ғылыми пробламаның қойылуы зерттелгеннен зерттелінбеген ауқымға шығуды да білдіреді.

Әлеуметтік проблема әртүрлі маштапта болады. Бір шағын әлеуметтік топтарды, не шағын территорияны, екіншісі үлкен әлеуметтік топтарды, әлеуметтік институттарды, тұтас аймақтарды, үшіншісі бүкіл қоғамның қажеттліктері мен мүдделерін, төртіншісі бірнеше  елдерден толғандыратн  әлеуметтік проблемаларды  қамтиды.

Танымдық проблема өзінің күрделігіне, белгілі бір қайшылықтарды әлеуметтік қажеттіліктің пісіп етілу деңгейіне, осы сала бойынша ғылыми білімдердің дәрежесі мен социологтардың практикалық тәжірибелеріне келіп тіреледі. Бағдарламаны жүзеге асыру, зерттеу түріне байланысты. Шын түрін анықтағанда, зерттеу нысаны мен пәнін зерттеу  тереңдігі негізге алынады. Осы негізде зерттеулер, барламалық, сипаттамалық және талдамалық түрлерге бөлінеді. Бұлардың ішінде, талдамалық зерттеу ең күрделісі және тереңі саналатындықтан  да оның  бағдарламасы барынша жетілген әрі терең болуы керек.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!