ҚОЛДАНБАЛЫ СОЦИОЛОГИЯНЫҢ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН ТҮРЛЕРІ

Социология ғылымының пайда болуы мен дамуы өмірлік тәжірибеден алынған мағлұматтарды талдаумен тығыз байланысты. Социология зерттеулер дегеніміз – зерттеліп отырған нысан туралыобъективті мағлұматтар алу мақсатындағы бір-бірімен өзара байланыстыжүргізілетн логикалық, методологиялық, тәсіолік және ұйымдастырушылық-техникалық амаларжиынтығы. Нақтылы социологиялық зерттеулер:

  • қоғамдағы әлеуметтік құбылыстар мен процестердің шынайы сипатын білуге жағдай жасайды;
  • әлеуметтік байланыстарды дамытудағы қайшылықтар мен тенденцияларды айқындауға мүмкіндік береді;
  • экономикалық, саяси және әлеуметтік дамудың бағдарын айқындаға көмектеседі;
  • қоғамдық прогресс жолдарын анықтауға жағдай жасайды.

Социологиялық зерттеулер теориялық сипаттағыметодологиялықтұжырымдамаларды және нақтылы әлеуметтікқұбылыстарды немесе процестерді зерттеуге арналған әдістерді қамтитын бағдарламалар жасаудан бастау алады.

Социологиялық зерттеулер әлеуметтік процестер мен құбылыстардытанудың тек бір құралы ғана болыптабылады, сондықтан да оның нәтижесін асыра дәріптері болмайды. Бірақ ол басқа тәсілдердің жаннда біздің қоғамды танумүмкіндіктерімізді арттыра түсетін, объективті мағлұмат алудың маңызды құралы.

Социологиялық мониторингжүйесін екісалаға: әлеуметтік маниторинг және статистикалық маниторингдеп бөліп қарастыру қажет.

Әлеуметтік маниторинг қоғамда болып жатқанөзгерістердіқадағалап отырудың біртұтас жүйесі болып табылады. Оның басты міндеті – жаңа, қажетті және жүйеленген мәліметтерді бірден емес, белгілі бір уақыттарда жүйелі түрде алып тұру болып табылады.

Әдетте, аса зәру проблемаларбойынша әр айда,тоқсанда экспресс сауалнамалар өткізіліп тұрады.

Статистикалық маниторинг – сандық сипаттамалар, нақтырақ айтқандақоғам өмірінің түрлі жақтары туралы статистикалықкөрсеткіштер мен коэффициенттер алу жүйесі. Оның басты мақсаты саяси, экономикалық, әлеуметтік т.б. құбылыстардытиімді талдауға қажеттіәлеуметтік және экономикалық статистика көрсеткіштерінжинап беру болып табылады.

Әлеуметтік және статистикалық маниторингтертүрліше мағлұматтар береді: әлеуметтік моноторинг түрлі мәселелерге қатыстыадамдардың субъективтік пікірлерін білдірсе, статистикалық моноторинг объективті сандықкөрсеткіштердің көмегіментүрлі құбылыстарды сипаттайды. Бірақта әлеуметтік және статистикалық деректерсипатының түрліе болуынақарамастан әлеуметтік және статистикалқ моноторингтержүйесін ұйымдастыру принциптері бір-біріне сай келеді, бұл екеуібіріге келе әлеуметтік мониторингтік біртұтас жүйесін сұрайды.

Сонымен әлеуметтік мониторинг дегеніміз – қоғам өмірінің аса зәрі проблемалары жайлыәлеуметтік және статистикалық, мәліметтер алу, өңдеу және сақтаудыңтармақталған жүйесі.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!